в актогае 18
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
Мобильная версия

Ақтоғай ауданының әкімі Әбеуова Салтанат Мірәсілқызының 2018 жылғы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары және алда тұрған міндеттер туралы есебі

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршамыз үшін өткен жыл Тәуелсіздік жылнамасында ерекше із қалдырған оқиғаларға толы жыл болды. Алаш жұртының асқақ айбары Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы, ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуы сияқты айтулы даталармен есте қалары сөзсіз.

Есепті кезеңдегі барлық жүзеге асқан жұмыстарды біз, Cіздермен бірлесе атқардық. 

         Жыл бойы осы атқарылған жұмыстар – мемлекеттік бағдарламалар негізінде, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының міндеттерін, тапсырмаларын іске асыру мақсатында, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, сондай-ақ облыс әкімдігінің тапсырмаларын, «Ақтоғай ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму» бағдарламасын басшылыққа ала отырып жасалды.

         Өткен жылы да бюджеттің орындалуы, өнеркәсіп, ауылшаруашылық өнімі көлемінің өсуі, агроөнеркәсіп кешені мен шағын бизнесті дамыту, аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, жұмыссыз азаматтарды, жастарымызды жұмыспен қамту басты міндеттер болды.

 

Қадірменді  жерлестер!

         Соңғы жылдары аудан экономикасының тиімді дамуына оң импульс беріп, жүзеге асырылатын шаралардың әлеуметтік бағытталуын күшейтетін өзгерістер болды. Жалпы есепті жылдың қорытындысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты динамикасының сақталып отырғанын көрсетеді.

Осы орайда барлық әлеуметтік және экономикалық бағдарламалардың орындалуы бірінші кезекте бюджеттің сапалы орындалуына байланысты жүзеге асырылатыны белгілі.

2018 жылы бюджеттің кірістер жоспары 5 млрд 776 млн 319 мың теңге болса, орындалысы 5 млрд 909 млн 961 мың теңге немесе 102,3 %. Бұл жақсы көрсеткіш болып табылады.

Оның ішінде аудан бюджетінің таза түсімдерінің жоспары 1 млрд 557 млн 647 мың теңге, орындалысы 1 млрд 691 млн. 289 мың теңге, немесе 108,6 %. (133 642 мың теңге жоспардан артық түсті).       Бюджеттің шығыстар жоспары 5 млрд 822 млн 521  мың теңге, бүгінгі күнге орындалысы 5 млрд 770 млн 629,3 мың теңге немесе 99,1%.

        

Барлық кент, ауыл, ауылдық округтерде «Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында» 2019 жылдың  1 қаңтарына  құралған қалдық 25 517,9 мың теңге,   трансферт көлемі 13 757,0 мың теңге. 2018 жыл ішінде ауыл, кент, ауылдық округтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан 7 457,1 мың теңге жұмсалған.

  III деңгейлі бюджет шығыстары  5 млрд 478 млн 738 мың теңгеге жоспарланған, орындалысы 5 млрд 434 млн 469,8 мың теңге немесе 99,2%.

Ақтоғай ауданы бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 68 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. Барлық нысан саны 18514, баланстық құны – 3 млрд 465 млн 031 мың теңгені құрайды.

 

Экономикалық өсім қарқынына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – ауданға инвестиция тарту.

 Индустриаландыру картасы аясында ашылған «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіру кәсіпорыны республика бойынша іргелі ірі кәсіпорын болып табылады.  Аталған кәсіпорын  2018 жылы 2375 кг алтын шығарып, 21 млрд 734 млн.теңгенің өнімін өндірді немесе жалпы ауданның өнеркәсіп өндірісінің 82%-ын құрап отыр.

 Өнеркәсіп саласында 2018 жылы өнім өндіру көлемі 31 млрд. 974 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (34 млрд. 818,8 млн. теңге) салыстырғанда 91,8% құрады. Нақты көлем индексі 106,3%.

Өндіріске жаңа технологияны енгізуіне байланысты заттай түрі орындалмай тұр.

Аудан бойынша инвестиция көлемі 9 млрд 139 млн.теңгені құрап, 2017 жылмен  салыстырғанда 144,7%-ды құрады. Нақты көлем индексі 133,8% құрайды.

Экономиканың ең маңызды саласының бірі бұл ауыл шаруашылығы.  Аграрлық өнеркәсіптік саладағы экономикалық ахуал үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді.

Жалпы сала бойынша даму динамикасы бар, шартты мал басы 76 мыңды құрап, 113 %-ға  өсіп отыр.

Оның ішінде ірі қара – 46 509 бас (110.8%), қой-ешкі – 98 мың бас (112%), жылқы – 23 331 бас (116.2 %), түйе 553 бас (113,5 %), құс 15455 бас (101%) болып есептелді.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 13 млрд 771 млн теңгеге жетіп, 112 %-ға орындалды.

43 шаруа  қожалығы өз қаржысына (205 млн.теңге) асыл тұқымды 255 бас аналық  және 106 бас аталық ірі қара малын сатып әкелді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына cай тауар өндірушілер барлығы 92 млн 600 мың теңге субсидия алды.         

Ақтоғай несие серіктестігі арқылы барлығы 139 млн.тг несие берілді.

         «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына» қаралған 208 млн 700 мың теңге қаржы артығымен игерілді.

         Дегенмен инвестициялық жобалар тауып кәсіпкерлер санын арттыруда әкімдер тарапынан ұмтылыс жеткіліксіз.

         Алдағы уақытта инвест жоба ұсыну бағытында жүйелі жұмыстар ұйымдастыруды ауылдық округ әкімдеріне міндеттеймін.

         Ақтоғай селосы орталығынан жеке кәсіпкер «Бахтияр» шаруа қожалығы «FRESH MILK YOM S-200» ашық сүт салқындатқыш қондырғысын әкеліп қойды. Сүт қабылдау пункті және коммуналдық базар алаңын ашу жұмыстары 2019 жылға жоспарлануда және сүт өңдеу шағын цехын алып іске қосу міндеті тұр.

         2018 жылы аудан  бойынша 1800 га жерге дәнді – дақыл, 71 га картоп,  49 га жерге көкөніс егілді. Жыл сайын егістік көлемін 10 пайызға арттыруда жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

247 мың тонна мал азығы дайындалды.

Ауданда бос жатқан шаруа қожалықтары иелiктерiндегi 52 мың гектар көпжылдық шөп алқаптарын жаңғырту қажет. Биылғы жылға 1,5 мың га екпе шөп егу жоспарлануда. Үш елді мекеннің (Жидебай, Ақтоғай, Сарытерек) 1000 га жерлері бюджет есебінен өңделіп екпе шөп егілетін болады.

 Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын 7 негізгі индикативті көрсеткіштеріне тоқталсақ:

Бірінші көрсеткіш:

       1200 бас асыл тұқымды импорттық ірі қара аналығын алу бағытында Ресей федерациясынан 43 бас құнажын,  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 677 басқа 9 жоба бойынша 399 млн 837 мың теңге несие қаражаты алынды.

Айыртас а/о  «Бәйтерек Агро» ЖШС - 39,9 млн.тг – 77 бас

Айыртас а/о  «Ерасыл» ШҚ  - 40,0 млн.тг – 70 бас.

Кежек а/о  «Qazaq Meat» ЖШС – 70 млн.тг. – 130 бас

Кежек а/о  «Global Beef Produkts» ЖШС -70 млн.тг – 120 бас

Нүркен а/о  «Сәбен» ШҚ – 30 млн.тг – 46 бас

Абай а/о  «Бірлік» ШҚ – 32 млн.тг 48 бас

Абай а/о  «Айнабұлақ» ШҚ 35,385 млн.тг – 53 бас

Абай а/о  «Едіге» ШҚ 35,0 млн.тг – 53 бас

          Қарабұлақ а/о  «Кенжебек» 52 млн.тг – 75 бас

 

Екінші көрсеткіш:

Жергілікті жерден 1200 бас ірі қара аналығын сатып алуда жыл басынан бері асыл тұқымды мал басының үлес салмағын арттыру мақсатында өз қаражаттары есебінен 4 ШҚ 71 бас, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша «АШҚҚ» АҚ арқылы 132 млн.теңгеге (36 жоба) 239 бас, «Ақтоғай» несие серіктестігі арқылы 41 млн.теңгеге (17 жоба) 214 бас мал алынды.

          Барлық әкімдер шаруашылықтармен нәтижелі жұмыс ұйымдастыруы қажет.

 Үшінші көрсеткіш:

       2250 бас ҰММ мал сатып алу: «Ақтоғай» несие серіктестігі арқылы Сыбаға бағдарламасы арқылы 33 млн.тг несие қаржыға 1300 бас ұсақ мүйізді мал алынбақ.

 

Төртінші көрсеткіш:

ІҚМ  аналығын тұқымдық түрлендіру бағдарламасына қатысуын 30 % жеткізу

      Жарты жылдық санақ қорытындысы бойынша барлық шаруашылық санаттарындағы ірі қара аналық мал басы  25 536 бас, тұқым түрлендіру бағдарламасы бойынша ақпараттық талдау жүйесіне тіркелген 155 шаруашылық бойынша енгізілгені 16 013 бас (62,7 %) оның ішінде субсидиялауға жататын аналық мал басы 8 631 (34 %) болды. Бұл жұмысты әрі қарай жалғастыра беру керек.

 

Бесінші көрсеткіш:

Асыл тұқымды аталық малдарды жалға алу бойынша тапсырма 46 бас болса, 164 басқа орындалды.

Бұқар-Жырау ауданындағы «Жаке» шаруа қожалығынан 62 бас, Ақмола облысындағы «Sc Food»ЖШС-нен 112 бас аталық мал жалға алынды.

         Бұл көрсеткіштің артықшылығы сол тегін сапалы аталық малдарды алып мал сапасын арттыруға болады. Жеке аула малдарына да ұйымдастыруға мүмкіндік бар.

 

Алтыншы көрсеткіш:

      Аудан бойынша 116,0 тонна ет экспортқа тапсыру тапсырмасы.

         Жоспар бойынша нақты тапсырылғаны 287 бас. Орта салмақта 70,9  тонна ет өткізілді. Яғни жоспардың орындалысы 61,1 %.

          Түркістан облысы «Қайып Ата» ШҚ – на барлығы 208 бас ірі қара малы тірідей орта салмағы –   49,9 тонна экспорттық ет тапсырылды. 

         Ақмола облысы «Agro Export LTD» ЖШС – не 79 бас орташа тірі салмақта 21 тонна ет өткізілді.

         «Арай КZ» ЖШС–не барлығы 1083 бас ұсақ малдан 21,6  тонна ет өткізілді.

 

         Жетінші көрсеткіш:

Мал бордақылау алаңдарына 2 786 бас аталық малдар тапсыруда 663 басқа орындалды.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 35 адам 147 млн 302 мың теңге несие алса, «Ақтоғай несие серіктестігі» арқылы 14 адам 69 млн 700 мың теңге несие алды. 

          Ауданымызда ауыл шаруашылығы өндірісінде жұмыс жасайтын барлығы 1458 ауыл шаруашылық техникасы бар.                 

2018 жылы жалпы 139 млн 600 мың теңге қаржыға барлығы 50 дана ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды. Барлық техникалардың 16%-ы.

7 доңғалақты трактор, 4 погрузщик 15 дана өзге ауылшаруашылық техникалары (7-рулон пресс, 4-шөпшабатын косилка, 1-КУН шөптиегіші, 3-тырма)

        

         Техникалардың 84%-ы ескі, көп шаруа иелері мемлекеттік бағдарламаға қатысуға енжар қимылдауда. Мүмкіндікті пайдаланғанымыз жөн.

         Аудан бойынша 283 қыстақтың 86-на ғана электр жүйесі тартылған. 2018 жылы 80 пайыздық жеңілдікпен күн сәулесімен энергия қондырғылары 151 шаруа қожалығына орнатылды.

Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу жоспары 53 000 га (112% артық) орындалды.

          Аудан әкімдігі жанынан  жер заңнамасын бұзған, тиімсіз, мақсатсыз пайдаланған жер көлемін анықтау мақсатында құрылған «Жұмыс тобы» арқылы жерлерін тиімсіз пайдаланған 36 жер пайдаланушы (45 539 гектар) анықталды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде бұл көрсеткіш 4-ге (18 000 гектар) азайды.

Айналымға енгізу, түгендеу жұмыстары алдағы жылдары белгіленген жоспар бойынша жалғаса беретін болады.

         Аудан экономикасының негізін қалаушы ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан ветеринариялық қауіпсіздікті сақтау міндеті де аса маңызды.

         Ауданға жергілікті бюджеттен 2018 жылы «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 121 млн теңге қаржы бөлінген.

Бруцеллез  ауруына серологиялық   зерттеуге   жылдық  жоспар толық орындалып отыр. Бруцеллез  5  елді  мекенде 354  ірі қарадан, 2 елді  мекенде  51 бас  қой-ешкіден  оң  нәтиже  берген. Барлығы ветеринариялық талапқа сәйкес уақытылы жойылды.

Орындалғаны  ІҚМ - 64 970  бас  100%,  ұсақ мал -140 909  бас, жоспар толық 100 пайызға, басқа мал  түліктері бойынша  да жоспар  толық  орындалды.

           

 Залалсыздандыру  жұмыстары   ауру шыққан  ошақтарға  толығымен   жүргізілді. 354 бас ірі қара малы 21 бас ұсақ мал ветеринариялық заңдылыққа сәйкес  жойылды. Бруцеллез малды жоюға байланысты, олардың  құнынының 30 пайызы мал иелеріне өтеу  бойынша 28 млн 662 мың теңге өтемақы төленді.

 

Алайда жүргізілген диагностикалық ветеринариялық іс-шараларға қарамастан әлі де болса ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы ауруларға шалдығуына жол беріліп келеді. Өз бетімен мал әкелу, одан уақытылы қан алмау, жасыру фактілері бар.

         Ауыл шаруашылығы  жануарларын  бірдейлендіру жұмыстары  толығымен орындалды.

аудан  бойынша  24 700  бас  ірі қара, 100 %,  56 900  бас  қой –ешкіге немесе 100 %, 148  бас түйеге немесе  100%, 65 бас шошқаға немесе 100%, 7706 бас  жылқыға немесе 105% орындалды.

 

Аудан бойынша  Ақтоғай ауылында және 10 ауылдық округте (Нүркен, Ортадересін, Қусақ, Шабанбай би-2, Қараменде би, Қызыларай, Сарытерек, Қарабұлақ-2, Тасарал11 мал сою алаңы бар.  6  ауылдық округте (Жидебай, Кежек, Айыртас, Абай, Тораңғалық және Шашубай, Сарышаған кенттерінде) барлығы 7 мал сою алаңдары болса, әлі 10 жерде  мал сою алаңдары қажет.  Биылғы жылы Абай ауылдық округінде және Ақтоғай ауылында модулді мал сою пункттерін іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Мал сою алаңдары жоқ ауылдық округ және кент әкімдеріне биылғы жылы нақты жұмыстар ұйымдастыруды және ветеринария бөлімі тарапынан бар мал сою алаңдарын уақыт талабына сай жабдықтауды міндеттеймін.  

         Ауданның  17  кент, ауылдық  округінің  6-да  мал  қорымдары  бар. Нүркен, Қусақ, Қызыларай, Ақтоғай, Жидебай, Қарабұлақ  ауылдық  округтерінде типтік   негізде  салынған. 2018 жылы 9 млн теңге қаржыға Сарытерек ауылдық  округтерінде  типтік негізде  мал  қорымы  салынды.         2019 жылы Жалаңаш елді мекенінде, Кежек ауылдық округінде салынбақ.

Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі екені белгілі. Қазіргі  таңда аудандағы  шағын  және  орта  бизнес субъектілерінің 88 пайызы белсенді жұмыс жасайтындар қатарында.

Өткен жылы шағын және орта бизнес саласында жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1 296-ны құрап, 2017 жылдың сәйкес мерзімімен  (1225) салыстырғанда 105,8% өсіп отыр.

Жалпы кәсіпкерлік саласындағы адамдар саны – 3133,  бұл аудандағы экономикалық белсенді халықтың 32% құрайды.   

Өндірілген өнім көлемі – 4 млрд 947 млн.теңге, өткен жылмен (4411,8 млн. теңге) салыстырғанда  105%.

Бюджетке түскен ақша қаражат 564,8 млн.теңге, өткен жылмен (527,0 млн.теңге) салыстырғанда 107,2%. 

Бөлшек сауда айналымының көлемі 1 млрд 231 млн.теңгені құрап, өткен жылмен (1054,2 млн. теңге) салыстырғанда 107,7% кұрады. Нақты  көлем индексі 100,3%.

 

         Ауданда жыл басынан 11 әлеуметтік нысан ашылып, жұмсалған қаражат 74 млн 600 мың теңгені құрады. Осы әлеуметтік нысандар бойынша 21 жаңа жұмыс орыны құрылды. 

Шашубай кентінен 1-автотұрақ, 1-демалу кешені, Сарышыған кентінен 1-дүкен, 1 көлік жуу орталығы, Ақтоғай ауылынан 1 сауда орталығы, 1 дәмхана, 1 жиһаз орталығы, 1 ауылшаруашылық кешені, Қараменде би а/о 1-шағын наубайхана, Тасарал ауылынан 1-дүкен, Сарытерек ауылынан 1 жылыжай ашылып халыққа қызмет көрсетуде

Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында «Алтыналмас АК» АҚ-ның «Пустынное» алтын өндіруші фабрикасы өндірісінің кеңейту жобасы қолдау тапты. Бүгінгі күнде кәсіпорын құрылыс жұмыстарын жүргізуде, салынған инвестиция көлемі 12 млрд 114 млн. теңге.  Қазіргі уақытта кәсіпорында 603 адам, оның ішіндегі ауданнан 73 адам жұмыс жасауда.

Ауданнан кәсіпорынға сұранысқа лайық мамандарды дайындау бүгінде күн тәртібінде тұрған мәселе.

Аудан көлемінде жер қойнауын пайдаланушы «BAR NEO» (жадеитті барлау және өндіру жұмыстары), «Улы Тау К» (титан-магний кенін және мысты барлау және өндіру), «Golden Sky» (алтын барлау жұмыстары) ЖШС-тері бар. Сонымен бірге кезекте «Тау-Кен Самрук», «Бирюк Алтын», «Балқаш-Сарышаған», Керегетас, Қасқырқазқан кен орындарын зерттеу сияқты ірі жобалар тұр.  Бүгінгі күнге «Рио Тинто» компаниясы (австралиялық-британдық концерн) Балхаш-Сарышаған алқабында аэрогеофизикалық жұмыстар жүргізуде.

Бұл жобаларды алдағы жылдары индустриаландыру картасы  арқылы іске қосу бағытында жұмыстар ұйымдастырылуда.

2018 жылы аудан бойынша нарықтың 91 субъектісімен инфляцияны    ауыздықтау, әлеуметтік  маңызы бар аса қажетті азық-түлік  тауарларының  негізгі  түрлеріне қосылатын  үстемені 10%- дан асырмау мақсатында кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, жеке кәсіпкер болып үш жақты  меморандум жасалды.

 Әлеуметтік бұрыш, коммуналдық базар ашу халық тұтынатын тауарларды қолжетімді бағамен қамтамасыз ету бірінші кезекте тұр.  

  Аудан халқын азық-түлік тауарларымен, ауыл шаруашылық өнімдерімен  қамтамасыз ету мақсатында нарықтық бағадан  15-20 % төмендетілген бағада аудан басында 24  жәрмеңке өткізіліп 23 млн 700 мың теңгенің  азық-түлік, ауыл шаруашылық өнімдері сатылды.  

    Негізгі қолға алатын басты міндеттің бірі туризмді дамыту. Бектауата, Ақсораң орманды оазисін жатқызуға болады. Ақсораң баурайындағы бұрынғы «Арай» лагерінің құрылысын қайта жөндеуден өткізіп, экотуризм орталығына айналдыру  міндеті тұр. Бүгінгі күнге бұрынғы «Арай» лагерінің құжаттары дайындалып, ауданға туризм саласы бойынша инвестиция тартуға және қандай бағытта жұмыс ұйымдастыру үшін тұжырымдама дайындауды кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне нақты шаралар қабылдап, нәтижелі жұмыс ұйымдастыруды тапсырамын.

     Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі тұрғындардың жұмыспен қамтылуына жағдай туғызу, тұрмыс сапасын арттыру, әл-ауқатын жақсарту, сондықтан әлеуметтік саясат үнемі басты назарда болмақ.

    2018 жылы жалпы аудан бойынша 858 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, 560-ы  жұмысқа орналастырылды.

 Өз ісін ашып өзін-өзі жұмыспен қамтуға ниет білдірген 30 жұмыссызға 90 мың теңгеден 2 млн 886 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.                

Қоғамдық жұмыстарға 193 жұмыссыз жолданды.

          Аз қамтылған 9 отбасының 26 адамына 1 млн 370 мың теңге төленді.

Кедейшілік деңгейі 0,7% құрап отыр. (Облыстық кедейшілік деңгейі 0,7%). 2018 жылы 30 отбасы 174 адам.

Барлығы 45 отбасы 1 млн теңге көлемінде  тұрғын үй көмегін алды.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы аясында 20 мүгедекке жеке көмекші тағайындалып 6 млн 093 мың теңге қаражат төленді.

 Арнаулы жүріп тұру құралдары бойынша 5 адам серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтылды. 

           Сурдотехникалық құралдар бойынша мәтінді хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефонмен 2 мүгедек, саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағатпен 2 мүгедек, есту аппаратымен 1 мүгедек қамтылды.

          Тифлотехникалық құралдар бойынша 2 мүгедек дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондармен, 3 мүгедек нашар көретін адамдарға арналған сағатпен қамтылды.

          Протездік-ортопедиялық құралдар бойынша 5 мүгедекке таяқ, 2 мүгедекке балдақ таратылды.

         Басқа тараптан көмек қажет ететін жалғызілікті І, ІІ топтағы 6 мүгедекке 151 мың 460 теңге төленді.

         Қарағанды қаласындағы №2 медициналық әлеуметтік мекемесінде 25 ардагер демалды.

         Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында орналасқан оңалту орталығына 7 мүгедек жолданды.

         Щучинск қаласындағы «Алмаз» шипажайында 9 мүгедек, 1 мүгедек бала Саран қаласындағы «Санаторий Березняки» шипажайында тегін демалды.

          Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне бүгінгі күнде 52 жалғызілікті қария, 29 мүгедек тартылып оларға 15 әлеуметтік қызметкер, 1 кеңесші қызмет көрсетуде.

 

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2018 жылы  ауданға жалпы 371 млн 602 мың теңге қаржы бөлінді.

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға барлығы 10 млн 123 мың теңге қаржы қаралып, бағдарлама арқылы 65 адам түрлі мамандықтарды игерді.

Екінші бағыт: кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бағыты бойынша барлығы 73 адам 342 млн 602 мың теңге несие алды. Орындалысы 108%.( жоспар 30 адамға 314 млн 484 мың теңге). Бұл бағыт бойынша кәсібін дамыту бойынша 6, өз ісін ашқан 67 адам.

Бастау Бизнес жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға  кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы арқылы 159 адам жіберілді.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы несие алуға 49 адам 211 млн 702 мың теңге несие алды. «Ақтоғай несие» серіктестігі арқылы  24 адам 130 млн 900 мың теңге несие алды.

 

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша жалпы 560 жұмыссыз тұрақты және уақытша жұмыстармен қамтылды.

- құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына 27 адам қамтылды.           

- Жалпы қаралған қаржы 4 млн 452 мың теңге,

жастар тәжірибиесіне жалпы 25 орынға 9 млн 019 мың қаралып жалпы 36 жас түлек жолданды.

- қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен 9 млн 370 мың теңге қаралды. 193 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылды. 

 

  Сондай-ақ үшінші бағыт бойынша инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша 2 жобаға 16 млн 418 мың теңге қаржы қаралған.  Бүгінде жоба бойынша уақытша 7 жұмыс орны ашылды.

Қызыларай а/о Клуб үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстары.

 

Сонымен бірге биылғы жылдың жағымды жаңалығы аталған бағдарлама арқылы «Жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру» тәртібі қолданысқа енді. 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әр жоба үшін мемлекеттік грант беріліп, жеке кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыруда уақыт талабына сай әкімдерден салалық мәселелермен шұғылдануда әлі де жан-жақты ізденіс қажет.

Әр кент, селода жасалатын жұмыстардың жобалау сметалық құжаттарын (ЖСҚ) алдын ала дайындау тікелей әкімнің міндеті. Әрине салалық бөлімдермен бірлесіп сол жобалардың нақты жүзеге асуына әкім мүдделі болуы тиіс. Кент ауылдардың келбеті, абаттандырылуы мен сәулеттенуіне кірісетін уақыт жетті. Сондықтан әр ауылда бұл бағытта кем дегенде 2-3 жоба болуы керек. Туған жер бағдарламасы аясында бұл жобалар іске асуы тиіс.    

 Біздің барлық жұмыстарымыздың  алғы шарты ол білімді сауатты  ұрпақ тәрбиелеп, оқытумен байланысты.

        Елбасы биылғы Жолдауында білім саласына баса назар аударып, жаһандық әлемде өмір сүру үшін қажетті міндеттерді айқындап берді.

 Жалпы аудандық бюджеттің 57 пайызын білім беру саласы құрайды. (2 млрд 209 млн 525 мың теңге).

        Білім беру мазмұнын жаңартудың табыстылығы педагогтарға, олардың кәсібилігі мен құзыреттілігіне байланысты. Аудан бойынша жалпы 675 мұғалім болса, оның 320-сы, яғни 47 %-дан астамы жаңартылған блім беру мазмұны  бойынша курстық дайындықтан өтті.

 2018-2019 жылғы оқу  жылында аудан бойынша  2 857  оқушы білім алуда. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 700. Қамту көрсеткіші 80% (облыстық көрсеткіш 87%).

Аудан бойынша 56 млн теңгеге білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базалары жаңартылды. 

49 интер белсенді тақтамен, 8 мультимедиялық, 18 физика, 11 химия, 14 биология кабинеттерімен жабдықталып, жаңа компьютерлермен толықтырылып отыр. Сонымен қатар білім беру ұйымдары 3 млн 181 мыңға 10 ПИК-пен қамтамасыз етілді. 2018-2019 жаңа оқу жылына  жергілікті бюджеттен  40 млн қаржы қаралып, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 3, 6, 8 сыныптарға, мектеп алды даярлық сыныптарына және үштілділікке дайындық ретінде билингвалды оқулықтар алынды.

        Білім беру ұйымдарындағы компьютер паркі 811 компьютерді құрады. 1 компьютерге 4,1 оқушыдан келеді.

 Білім беру жүйесін цифрландыруға байланысты 11 жаңа модификациялық кабинет алынды.

 Өткен жылы Ә.Бөкейхан мектебінің спорт залы, интернат үйі және К.Байсейітова мектебі спорт залына 35 млн 975 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жасалды.

         Мектеп оқушыларының  жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында 1-10 сынып аралығындағы 2 690 оқушы яғни 73% түрлі сауықтандыру шараларына қамтылды. Сонымен қатар Бектауата шатқалында "Факел" балалар лагерінде 4 ауысымда 525 оқушы демалды.

Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша ашылған «Жас турист» туристік-шатырлы лагеріне 90 оқушы қамтылды.  

Өткен оқу жылында 166 оқушы бітірді. 127 түлек (76,5%) Ұлттық бірыңғай тест тапсырса, 44 түлек бітіру емтиханын тапсырды. 

«Алтын белгіге» үміткер 4 оқушы   өз білімін дәлелдеп, «Алтын белгі» иегері атанды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы  аясында білім беру саласына келген 6 жас маман 20 млн 893 мың теңгеге тұрғын үй несиесін, 15 жас маман 2 млн 525 мың теңге көтерме жәрдемақы алды. 

Өткен жылы Ә.Бөкейхан, К.Байсейтова, Н.Әбдіров, Ж.Ақбай, Т.Ақышұлы, Шашубай, Қ.Нұржанов, Ә.Болғайбайұлы мектептері 12 жас маманмен толықтырылды.   

«Жыл мұғалімі» байқауында өткен оқу жылындағы жетістік тағы қайталанып, 2018 жылғы облыстық «Жыл мұғалімі» байқауында біліктіліктің озық үлгісін көрсеткен Ә.Бөкейхан мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жексенбаева Перизат гран-при иегері атанды.

Жақсы жетістік, дегенмен мұғалімдердің жоғары біліктілігі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші екенін мойындау қажет. 

Білім саласында атқаратын істер мен алға қойылған міндет жылма жыл артып келеді. Білім бөлімі тарапынан бірқатар білім беру сапасын арттыру, мектептердегі оқушы санының кемуіне жол бермеу бағытында бірқатар жұмыстар ұйымдастыру қажет. Сонымен бірге бөлім мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы мектепке дейінгі тәрбие беруде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын.       

Білім бөліміне қарасты Өнер мектебі де өткен жылы республикалық, халықаралық шараларға қатысып  көптеген жоғары нәтижелерге қол жеткізді. 

- Мәдениет және өнер  саласы қызметкерлеріне  жыл сайынғы  сыйақы  тапсыру  рәсіміне қатысқан «Әуен»  вокалды  ансамблі  жоғары  дәрежеде  өнер  көрсеткені үшін  Алғыс  хатпен  және  150 000 тенге  сертификатпен   марапатталды.

- Астана  қаласында  II  Халықаралық  «Шашу»   фестиваль  байқауына қатысып дәстүрлі  ән, вокал  сыныбының   оқушылары  Арыстанбекова  Диляра  Бас  жүлде, Сейфолла Бақтияр, Сейдіғазы Бекжан  жүлделі  I  орынды  иеленді.

- Түркия  Республикасының  Анталья  қаласында өткен «IAF»   VI  Халықаралық  өнер  фестиваліне  жолдама алған  Арыстанбекова  Диляра 10-12  жас аралығында  жүлделі II  орын  иеленіп  күміс  медаль  иеленді.

       - Қарағанды  қаласында  өткен I Халықаралық «Каraganda  Music Fectival» байқауында «Дала  сазы»  фольклорлық  ансамблі  ГРАН-ПРИ  иегері   атанды.  (Ансамбль  жетекшісі   С.Сәрсенқұлов) Аталған ансамбліне 23.03-01.04.2019 жылы Дубайда өтетін  III Халықаралық  «Dubai Music Festival» байқауына қатысуға жолдама иеленді.

 

Мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі - денсаулық сақтау.  

Аудан тұрғындарына медициналық көмекті 29  төсек-орындық  аудандық орталық аурухана,  180-сырқатты 1 сменада  қарауға арналған аудандық клиникалық- диагностикалық емхана, 6 - отбасылық емхана, 1- фельдшерлік-акушерлік пункт,  16- медициналық пункт,  барлығы  13 төсек  орынға арналған  күндізгі аурухана, 1-әлеуметтік дәріхана  көрсетеді.

Ақтоғай ауданының тумасы, кәсіпкер Бекболат Өмірсерікұлы ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орталық ауруханаға медициналық құралдармен жабдықталған «LADA Largus» автокөлігін табыс етті.

        Аудан көлемінде 22 жоғары білімді дәрігер  маманы,  118  орта буындағы  медицина  мамандары қызмет атқарады. 10 мың тұрғынға  есептегенде  дәрігерлермен қамту көрсеткіші - 19,4% орта буындағы медицина қызметкерлерімен қамту - 104,2% құрайды.

       Табиғи өсім – 7,5%.

2018 жылы аудан  бойынша 165  бала  туды (2017 жылы  - 154).

 

Аудан  бойынша есепте тұратын халық саны – 11 479 адам, (Сарышаған кенті тұрғындары Приозерск қаласы ауруханасына бекітілген) оның ішінде; бала - 3075,  жасөспірімдер - 650, ерлер – 5549, әйелдер  – 5930,  бала  туу  жасындағы әйелдер - 2443.

 

Әлеуметтік маңызы бар науқас түрлері  туберкулез ауруына жалпы науқастыққа шалдыққандар саны төмендеген.

(2018 жылы 9 адам, 2017 жылы 11 адам).

         Скринингтік  тексеріс қорытындысы бойынша ауру түрлерін анықтау жоспары барлық түрлерінен 100 пайызға орындалды.

Денсаулық саласындағы өзекті мәселенің бірі - кадр.

 Бүгінгі күнге жетіспейтін дәрігер мамандары: рентгенолог, онколог, балалар дәрігері,  фтизиатр.

  Өткен жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жоғарғы білімді 6 дәрігер (3 жалпы тәжірибедегі дәрігер, 1 терапевт, 1 статист-дәрігер, 1 оташы) келісім шарт бойынша жұмысқа орналасып, мамандарға тиісті әлеуметтік қолдау пакеттері ұсынылды.       

Сондай-ақ аудандық орталық аурухана есебінен 1 отоларинголог дәрігер маманы оқытылуда. Медициналық оқу орындарында өтетін жәрмеңкелерге қатысып, қажетті мамандары тарту бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Биылғы жылы ауданға 4 дәрігер әкелу жоспарлануда және жас мамандар ғана емес тәжірибелі дәрігер мамандарды тарту бағытында жұмыстар ұйымдастырылуда.

        Халықтың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын іске асыру дене шынықтыруды және спортты дамытумен тығыз байланысты.

Аудан бойынша жалпы 50-ге тарта спорттық нысандар жұмыс жасауда.

18 гимнастикалық спорт залдар, 6 бейімделген спорт залдар, 21 спорттық алаңдар, 3 хоккей корты, 1 спорт кешені, 1 стадион.

        Өткен жылы Сарышаған мектебіне 1 спорт зал, 1 спорттық алаң,  Жалаңаш ауылына 1 спорттық алаң пайдалануға берілді.

Халықтың спорттың бұқаралық түрлерімен жүйелі  шұғылданушылар  саны  5265 адам,  бұл  көрсеткіш  аудан   тұрғындарының 29,7 пайызын құрайды.

Аудан көлемінде өткізілетін аудандық спорттық іс-шараларға, облыстық, республикалық жарыстарға аудан құрамасын дайындап қатыстыруға 17 млн 991 мың теңге қаржы бөлінді.

         Аудандық деңгейде әр түрлі спорт түрлері бойынша 60-қа тарта жарыстар өткізілді. Бүгінде аудан құрамасының спортшылары облыстық, республикалық  жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Тоғызқұмалақ ойынынан аудан құрамасы облыс деңгейінде жоғары деңгейде тұр.

         Ақтоғай ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бүгінгі таңда Қазақ күресі, Тоғызқұмалақ, Волейбол, Футбол, Үстел теннисі, Дзю-до күресімен 690 жасөспірім шұғылданады. 

         Аудан спортшылары облыстық жарыстардан 18 алтын медаль, 20 күміс медаль, 14 қола медальдарын, Республикалық жарыстардан 5 алтын, 4 күміс, 4 қола медальға ие болды.

Тоғызқұмалақтан аудан командасы наурыз айында өткен облыс чемпионатының, қараша айында өткен облыс Кубогінің және оқушылар спартакиадасының жеңімпаздары атанды, 5 спортшы Республикалық жарыстардан жүлделі орындарға ие болды, тамыз айында Монғолия мемлекетінде өткен Азия чемпионатына қатысты.

       

2018 жылы Бұқар жырау ауданында өткен  Сарыарқа-2018 спартакиадасында аудан спортшылары спорттың 18 түрінен  толық құрамда қатысып,  Волейболдан 2 орын, Тоғызқұмалақтан 1-орын, футболдан 3-орынды, Көкпардан 3-орынды, Теңге алудан 1 орын, тай, құнан жарысынан 1 орынды иеленіп жалпы командалық есепте 4 орынды иеленді

 

         Мәдениет саласы

         Мәдениет пен руханият сақталған жағдайда ғана халықтың елдік қасиеттері өшпей, ұлт ретінде асқақтай береді. Ауданымыздағы мәдениет мекемелерінің жұмысын жандандыру және  инфрақұрылымын оңтайландыру басты назарда.

          2018 жылы жергілікті бюджет есебінен 14 млн 400 мың теңге қаржыға Шабанбай би ауылдық клуб үйіне және 5 млн 800 мың теңге қаржыға Ақтоғай аудандық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

   Сонымен қатар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 6 млн 800 мың теңгеге Қызыларай ауылдық клуб үйіне және 10 млн теңгеге Тораңғалық ауылдық клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.

         Аудан бойынша былтырғы жылы 1813 мәдени-көпшілік, тарихи-танымдық шаралар өткізілді.

«Балбырауын» халықтық би ұжымының 30 жылдығы, «Ардагерлер» ансамблінің 20 жылдығы, «Тоқырауын тынысы» газетінің  80 жылдық, Ақтоғай ауданының 90 жылдық мерейтойлары ауданымызда кең көлемде  аталып өтті.

 

Жергілікті бюджеттен бөлінген 7 млн теңге қаржыға материалдық база толықтырылды. 

Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 2018 жыл бойынша  кітап берілімі 241 653 болып, оқырмандар саны – 11 235 адамды құрады. Кітапхана жүйесінің материалдық техикалық базасын  нығайтуға 3 млн 752 мың теңге бөлінді.

       Ноутбук, темір стеллаждар, кеңсе жиһаздары (балалар кітапханасына балаларға арналған үстел орындық және көрме стелажы, каталог жәшігі) және көрме сөресі алынды.

 «Нұр Отан»  партиясының «Қазақстан кітапханалары-заманауи білім орталығы» атты  жобасын  қолдау мақсатында аудандық кітапхана жүйесінде «Коворкинг орталығы» ашылды және интернет желісінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін «Радиомост» интернет желісі орнатылды.

Жалпы кітапхана жүйесі бойынша 692 ауқымды іс-шара өткізіліп, 19 120  қатысушы қамтылды.

Ақтоғай археологиялық – этнографиялық  музейі қорына 325 жәдігер қабылданды.

          Былтырғы жылы барлығы 75 экскурсия, 58 көрме өткізіліп, 49 танымдық дәріс өткізілді, оған 5 025 адам қамтылды.

         Республикалық «Көкжиегі кемел музейлер» фестивалінде Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі, «Тың идеяларды іске асырушы» номинациясы бойынша марапатталды.

Алдағы уақытта  мәдени мекемелер алдында өнер ұжымын білікті маман кадрлармен толықтыру, балаларға арналған музыкалық шағын орталық құру, әр ауылдық клуб үйінің жұмыстарын жандандыру,   кітапханаларда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып  тұрғындарға сапалы қызмет көрсету міндеттері  тұр.   

Жоғарыда айтылған  ауқымды  жұмыстар  мен Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерді халыққа жеткізіп, оны насихаттауды дұрыс ұйымдастыра білу, ауданда жұмыс жасайтын ақпараттық насихат топтарының  тұрғындармен тиімді пәрменді және жүйелі түрде қарым-қатынас орнатуы бүгінгі заман талабы. Бұл ішкі саясат бөлімінің басты міндеті.

Елбасы Жолдауын халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттау топтары жыл басынан 17 кент, ауылдық округтерде тұрғындармен  174 кездесу өткізіліп, барлығы 11 714  адам қамтылды. 

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының орындалысы туралы.

         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру тапсырылған болатын. Осы бағдарламаны қолдау мақсатында аудан көлемінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

«Туған жер» бағдарламасы бойынша  2017-2022 жылдарға арналған  жалпы құны 320 млн. 300 мың теңгені құрайтын 24 жоба облыстық реестрге енгізілген. Олардың ішінде демеушілер есебінен 143 млн 500 мың теңгеге 17 жоба жүзеге асырылады.

 2018 жылы аудан бойынша 5 жоба жүзеге асырылды.

- Ақтоғай ауылынан 150 млн теңге қаржыға 200 адамдық мешіт құрылысы жүргізілуде.

- Шабанбай би ауылдық округінен  құны 11 млн.теңге қаржыға "Жас турист" палаталық лагерь ашылды.

11 млн теңгеге Қарағанды қаласынан Ақтоғай ауылына кіре берістегі шекара белгісі жаңартылып, «Ақтоғай» жазуы латын тілінде жазылып, «Домбыра» композициясы орнатылды.

- Қусақ, Қызыларай, Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғындарын ұялы байланыс жүйесімен қамтамасыз етілуде.

- Коммуналдық базар құрылысы басталды, аяқталуы 2019 жыл.

         - Ақтоғай  ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай Ақтоғай ауданының энциклопедиясы жарыққа шықты.

         2018 жылдың қорытындысы бойынша баспасөзге жазылу (114%) артығымен орындалды.

           Елбасымыздың әрқашанда сенімді тірегі «НұрОтан» партиясы екенін бәріміз жақсы білеміз. «НұрОтан» партиясы шын мәнінде халықтың сеніміне ие болған саяси ұйым. Аудан бойынша өткен жылы партия құрамына 138 адам қабылданып, 24 семинар,  2 саяси кеңес, 4 саяси бюро отырыстары өткізілді. "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы аталған барлық жұмыстарға белсене ат салысып, партиялық жіті бақылау орнатып, билік пен халықтың арасындағы дәнекер болып, елдің ынтымақ бірлігін сақтауда көп жұмыс атқаруы керек.

Қоғамдағы қауіпсіздікті cақтау, діни ахуалмен тікелей байланысты.

Аудан көлемінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 11 мешіт жұмыс жасайды. Теріс ой-пікірлердің, діни экстремизмнің алдын алу және болдырмау мақсатында жоспарлы, нәтижелі жұмыстар ұйымдастырылуда.

Қоғамдық және Діни тұрақтылықтың сақталуында қоғамдық ұйымдардың оның ішінде қоғамдық кеңес, Ардагерлер кеңесі, аналар кеңесінің өзіндік орыны, ықпалы барын айту керек.

          Ауданымыздағы қоғамдық тәртіп мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл салада аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан біраз  жұмыстар атқарылуда.

          Аудан бойынша жалпы қылмыс саны сәйкес кезеңмен салыстырғанда 122-тен 121-ге, яғни; -0,8 % төмендеген.

2018 жылы ауыр қылмыс түрлерінің тіркелуі 7, ашылуы 72  % , аса ауыр қылмыстар тіркелген жоқ.

Учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерімен 2018 жылы 927 құқық бұзушылық анықтаған. Салынған айыппұл 7 млн 921 мың теңге, оның ішінде өндірілгені 5 млн 830 мың теңге,  яғни 73% құрайды  (2017 жылы 74%).

Кәмелетке толмағандар тарапынан қылмыстылық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2018 жылы кәмелетке толмағандар істер жөніндегі  учаскелік полиция инспекторларымен  басқа да қызмет салаларымен бірлесе отырып жоспарлы түрде  «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Кальян» атты жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді. Жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралар барысында 56 құқық бұзушылық фактісі анықталды.                  

Жыл басынан барлығы 1 жасөспірім,  3 «жайсыз отбасы», қылмыс санатымен 2 жасөспірім аудандық ІІБ  есебіне қойылды.  Есептегілер тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстарды құқық қорғау органдары ғана емес, қоғам, жұртшылық болып атқару басты міндет.

Қай кезді алып қарасаңда қоғамның қозғаушы күші жастар болып табылады.

Жастар мәселесі еш уақытта Елбасы назарынан тыс қалған емес. Өз Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялап, оларды қай салада болсын қолдап, түрлі жұмыстар атқару керектігін және жастар мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиістігін айтты.

Аудан бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны 3420 адам.

Оның ішінде Мемлекеттік қызметтегі жастар саны-32, әскер қатарындағы жастар саны-125, тұрақты жұмыс істейтіндер саны-812 қоғамдық жұмыстағы жастар саны-39, жұмыссыз жастар саны-70, оқушылар-948, студенттер-829, мүгедек жастар саны-40, кәсіпкер жастар саны-37, мұғалімдер саны-107, дәрігерлер саны-27.

Жастар саясатын жүзеге асыруға жалпы 13 млн 571 мың теңге қаржы бөлінді.

 «Дипломмен ауылға»  бағдарламасы аясында өткен жылы 20 жас маманға 3 млн 366 мың теңге көтерме жәрдемақы берілсе, тұрғын үй жәрдемақысына 25 маманға 83 млн 810 мың теңгеге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді.

Жастардың атсалысуымен 89 спорттық, мәдени, дін тақырыптарында түрлі іс шаралары өткізіліп, оған 3 560 жас қамтылды.

Уақыт талабы жастардың білімділігі мен белсенділігін талап етеді. Аудан көлемінде жұмыс жасап жатқан және енді іске қосылатын тау-кен кәсіпорындарына білікті кәсіби мамандар, жұмыс күші жетіспейді. Олар тау-кен инженері, техникалық, геолог т.с.с. мамандықтар. Аталған сала мамандарын тегін оқытып беруде кәсіпорындармен келісім бар, бұл жөнінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мен жастар ресурстық орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізуі қажет. Сонымен бірге биыл аудан әкімнің жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 3 млн 500 мың теңге көлемінде гранты берілмек. Өз кәсібін жаңадан ашамын немесе одан әрі дамытамын деген жас кәсіпкерлер бұл мүмкіндікті жіберіп алмаулары тиіс.

 

Кадр мәселесі.

  Біздің басты мақсатымыз білімді де білікті жастарды қызметке кеңінен тарту. Ауданның келешегі үшін, білімді жастардан кадр резервін дайындау басты міндеттердің бірі.

 Ақтоғай ауданы әкіміне қарасты 155 мемлекеттік қызмет штат бірлігінің 134 нақты жұмыс жасауда. Жыл басынан өткізілген конкурстар негізінде 32 бос орын толықтырылды.

 Кейінгі үш жылда 78 жас маман жұмысқа алынып, 22 жас маман басшылық лауазымға тағайындалды.

 Коммуналдық шаруашылық саласына келер болсақ ағымдағы жылу беру маусымы барлық нысандарда қалыпты өтуде.

Аудан бойынша 3 жергілікті орталықтандырылған қазандықтар 48 АЖЖ (автономды жылыту жүйесі), нысандар қалыпты жұмыс жасауда.

білім ұйымдары (22 нысан) балабақшалар (2 нысан), денсаулық сақтау (4 нысан) мәдениет үйлері (10 нысан),  барлық бюджеттік мекемелер (9 нысан) іске қосылған.

 

Автомобиль жолдарына келетін болсақ жалпы бюджет есебінен 360 млн теңге қаржы қаралып, келесі жөндеу жұмыстары жүргізілді:

Жолдардың  ұзындығы  1 052 км құрайды, оның  179 км республикалық маңыздағы автомобиль жолдары, 389 км облыстық маңыздағы автожолдар, 457 км  аудандық маңыздағы автожолдар және ауыл, кент ішіндегі көше жолдары.

 

         Облыстық бюджеттен бөлінген жалпы құны 28 млн теңгеге облыстық маңыздағы Просторный-Ақсу-Аюлы-Ақтоғай-Балқаш (184,-194,195-ші шақырымына) су өткізгіш құбырлар орнатылды  және 158 млн 960 мың теңге қаржыға аталған жолдың 226-244 шақырымдарына 18 км асфальт төселіп орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         300 млн теңге қаржыға Просторный-Жарық-Ақсу-Аюлы-Ақтоғай-Балқаш жолының 2 шақырымына (351-353) күрделі жөндеу жүргізілді;

Аудандық маңыздағы Нарманбет – Айыртас бағытындағы жолдың 30 шақырымына бөлінген 30 млн теңге қаржыға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталды.

110 млн теңге қаржыға Ақтоғай-Шылым-Ақжарық бағытындағы аудандық маңыздағы 63 шақырым жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бектауата елді-мекеніне баратын 12 шақырым жолға 16 млн теңге қаржыға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ақтоғай ауылының Жидебай, Еркін ел, Қ.Нұржанов көшелері, Шашубай кентінің Ихамбаев, Ақбергенов көшелері, Сарышыған кентіндегі Теміржол көшесінің кентішілік жолдары ағымдағы және орташа жөндеуден өткізілді.

         Ауданның 36 елді мекенінің  бүгінгі күні 14 елді мекенінде 78 шақырым орталықтандырылған су жүйелері бар.

Тасарал, Тораңғалық елді-мекеніндегі ауыз су жүйесінің құрылысы жұмыстары аяқталу үстінде.

       Аудандық бюджеттен Ақтоғай ауылындағы кәріз жүйесінің құрылысына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 31,9 млн теңге және 4-кезекті су желісінің құрылысына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 11,2 млн теңге.

      Облыстық бюджеттен Қуаныш (380 млн.тг), Жалаңаш (420 млн.тг), Жетімшоқы (306 млн.тг) елді мекендеріне ауыз су жүйесі құрылысын салуға 15 млн 456 мың теңге ЖСҚ жасауға бөлінген. ЖСҚ сараптамасымен дайындалуда.

      Ақши ауылындағы су желісінің құрылысына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 6,95 млн теңге бөлінді.

      Аудан бойынша су жүйесінің қалыпты жұмыс жасауына аудандық бюджеттен 23,4 млн теңге қарастырылды. 

        

         Санитарлық тазалау және абаттандыру, көгалдандыру

Аудандағы 17 ауылдық округтердің қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигонның құқық беруші құжаттары мен мемлекеттік актісі жасалынған. 2 ауылдық округте эмиссияға рұқсат алынған. Биылғы жылы Сарышыған кенті, Сарытерек, Жидебай ауылдық округтеріне бюджеттен 12 млн 158 мың теңге қаржы бөлініп эмиссияға рұқсат алуға құжаттар әзірленуде. 

11 млн теңгеге Қарағанды қаласынан Ақтоғай ауылына кіре берістегі шекара белгісі жаңартылып, «Ақтоғай» жазуы латын тілінде жазылып, «Домбыра» композициясы орнатылды.

К.Байсейітова көшесіндегі екі қабатты үш тұрғын үйдің қасбетіне, Ержанов көшесіндегі екі қабатты 24 пәтер мен 8 пәтерлі екі тұрғын үйлердің шатырлары жаңартылып, қасбетіне демеушілер арқылы жөндеу жұмыстары жасалды.

Шабанбай би, Тасарал, Жидебай, Қарабұлақ, Сарытерек ауылдық округтерінің және Ақтоғай ауылы әкімдіктерінің ғимараттарына 49 млн 940 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Ақтоғай ауылының орталығына 8,5 млн теңгеге 65 дана жарық көздерін орнату жұмыстары жүргізілді. 

Жергілікті бюджеттен 19 млн теңге қаржы қаралып ауыл орталығындағы қуғын-сүргін  мен ашаршылық құрбандарына арналған «Тарих тағылымы» саябағын абаттандыру, оның ішінде Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтарға арналған мемориалды тақта орнату жұмыстары жүргізілді.

Ақтоғай, Жалаңаш, Нүркен ауылдарына 6 млн теңгеге балалар ойын алаңдары орнатылып, пайдалануға берілді.

Құрылыс жұмыстарына келсек «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 1 млрд 494 млн теңгеге Сарышаған кентінде 464 балаға арналған жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

Аудандық бюджеттен бөлінген 30 млн 600 мың теңге қаржыға Ақтоғай ауылында жүргізіліп жатқан екі қоспәтерлі бірқабатты тұрғын үй құрылысы 2019 жылы аяқталады.

Сондай-ақ облыстық бюджеттен Ақтоғай ауылында 12-пәтерлі екі қабатты тұрғын үй құрылысына 2018-жылға 15 млн тенге қаралса, биылғы жылға 2019 жылға 156 млн 610 мың теңге бөлініп құрылыс жұмыстары сәуір айында басталады.

Солтүстік-батыс мөлтек ауданындағы 10 бірпәтерлі тұрғын үйлердің, сметалық құрылысына – 220 млн.тенге, 16 пәтерлі 4 тұрғын үй сметалық құрылыс құны 440 млн және 3 бір қабатты тұрғын үй сметалық құрылысына – 80 млн.тенге ЖСҚ дайындалды.

 

         Жобалау сметалық құжаттамалар дайындау бойынша:

Ж.Шайдаров атындағы саябағын қайта жаңарту үшін 4 млн 400 мың теңгеге ЖСҚ әзірленді.

Ақтоғай ауылының стадионын қайта жаңартуға ЖСҚ  үшін жобалау сметалық құжаттама дайын.

         Ақтоғай ауылы, Сана би көшесіндегі 2 қоспәтерлі тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымына ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Биылғы жылы құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Солтүстік-батыс мөлтек ауданындағы 16 көппәтерлі және 30 бірпәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымына (электр жүйесіне) ЖСҚ, солтүстік-батыс мөлтек ауданындағы 16 көппәтерлі және 30 бірпәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымына (су жүйесі, телефонизация, кәріз құбыры, жылу жүйесі, абаттандыру) құны 425 млн.теңге қаржыға  жобалау сметалық құжаттама дайындалды.

Су жүйелері бойынша:

Аудандық бюджеттен Ақтоғай ауылындағы кәріз жүйесінің құрылысына сомасы- 16 млн 800 мың тенге құрайтын  жобалау сметалық құжаттама сметалық құрылыс құны-3 670млн.тенге, Ақтоғай ауылының  4-кезекті су желісінің құрылысына сомасы –4 млн 928 мың тенге құрайтын, сметалық құрылыс құны-1 млрд 167 млн.тенге, жобалау сметалық құжаттама, Кежек ауылындағы су желісінің құрылысына сомасы –5 млн 454 мың тенге, сметалық құрылыс құны-240 млн.тенге жобалау сметалық құжаттама Жетімшокы, сметалық құрылыс құны-306 млн.тенге, Қуаныш, сметалық құрылыс құны-383 млн.тенге Жалаңаш, сметалық құрылыс құны-420 млн.тенге құрайтын. ауылындарындағы су желісінің құрылысына сомасы- 15456,0 мың теңге жобалау сметалық құжаттама дайындалды.

 

         Төтенше жағдайлардың алдын алу күн тәртібінен түспейтін мәселе. Оқиғалардың басым бөлігі  дала өрттері, өткен 2018 жылдың өрт қауіпті маусымында дала өрті бойынша 24 дерек тіркелген. (2017 жылы 30 дала өрті тіркелді.) Ауыл әкімдеріне төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында  арнайы органдармен бірлесіп, тығыз байланыста жұмыс жасауды тапсырамын.

Әлеуметтік ахуалдың көрсеткіші –ол елдің өтініштері мен талап тілектері.

          2018 жылы аудан әкімі аппаратына 374 өтініш қабылданды, оның ішінде жеке тұлғадан-303, заңды тұлғадан-71.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,6%-ға төмендеген.

Өтініштердің басым көпшілігі жер мәселесі, тұрғын үй беру, жұмыс мәселелеріне байланысты түсіп, тиісті Заң талаптарына сәйкес жауаптары берілген.

Өткен жылы аудан әкімінде-51 адам, орынбасарларда-38 адам, аппарат басшысында -9 адам қабылдауда болып, мәселелері шешіліп,  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 Облыс әкімдігінен 272 хаттамалық тапсырма келіп, оның 239 орындалып, 33 бақылауда тұр.

         Өткен жылы аудан әкімі 294 тапсырма беріп, оның 267 орындалды, 27 орындалу мерзіміне сәйкес бақылауда.

 

Халыққа қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру - мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігінің көрсеткіші болып табылады.

 Ауданның жергілікті атқарушы органдары арқылы 94 мемлекеттік қызмет түрінен 2018 жылдың  қорытындысы бойынша барлығы 17 643 мемлекеттік  қызмет көрсетілді.

  • мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы жеке тұлғаға - 1946, заңды тұлғаға – 568;
  • мемлекеттік мекеме арқылы қағаз жүзінде баламалы түрде жеке тұлғаға -9692, заңды тұлғаға -74; 
  • қағаз жүзінде баламасыз түрде жеке тұлғаға -1217; 
  • электрондық үкімет порталы арқылы жеке тұлғаға -270, заңды тұлғаға-1;
  •  мекеменің ақпараттық жүйесі арқылы-3799 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.

«Электрондық Үкімет порталы» «E-gov» жүйесі арқылы алудың тиімділігін арттыру мақсатында барлық кент, ауыл, ауылдық округтерде және дербес бөлімдерде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылған. Яғни, ауыл тұрғындары өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен ауыл әкімдігіне келіп, Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында аталған жүйе арқылы өзіне қажетті құжатын алуға мүмкіншілік жасалған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ашық, айқын әрі қолжетімді болуы  керек.

 

 Жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы жылы атқаратын алда тұрған негізгі міндеттеріне қысқаша тоқталып өтсем:

Құрылыс жұмыстары          

- Ақтоғай ауылынан 2018 жылы басталған 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйді аяқтау (156 млн 610 мың теңге);

- Ақтоғай ауылынан қоспәтерлі 3 тұрғын үйлердің құрылысын салу (66 млн 825 мың теңге);

- Ақтоғай ауылынан салынатын қоспәтерлі  тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамыту (21 млн 860 мың теңге);

 

Абаттандыру

- Ақтоғай ауылындағы Сәтбаев (46 млн теңге), Оразалин (35 млн теңге), Ержанов (14 939 млн теңге) көшелері жөнделеді, ойын алаңы орнатылады (5 млн 800 мың теңге);

- Ақтоғай ауылындағы қуғын - сүргін құрбандары аумағына Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арнап мемориалдық тақта орнату және абаттандыру (25 млн 516 мың теңге);

- Ардагерлер үйі жөнделеді (15 млн теңге).

 

Білім саласы

Тораңғалық мектебін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі (34 млн 313 мың теңге);

  • Ақши мектебін ағымдағы жөндеу (4 млн теңге)

     - Ә.Бөкейхан мектебінің жөндеу жұмыстарына (ішкі жөндеу жұмыстары, санузел)  (12 млн теңге);

      - Байсейітова мектебінің жөндеу жұмыстарына (спортзал, ішкі жөндеулер, санузел) (10 млн теңге);

      - М.Ержанов атындағы мектебінің жөндеу жұмыстары жүргізіледі. (4 млн теңге);

      - Қ.Нұржанов атындағы мектебінің жөндеу жұмыстарына жүргізіледі.

(3 млн теңге);

- Қошқар, Н.Әбдіров, Ә.Бөкейхан; К.Байсейітова, Сарышаған, Абай, Т.Ақышұлы, Шашубай мектептерінің жөндеу жұмыстарының ЖСҚ сараптамадан өткізуге (8 млн 575 мың теңге) қаржы бөлінді.

- Қ.Нұржанов атындағы және К.Байсеиітова мектебіне IT сыныптарын ашылады. (11 млн теңге).

119 млн 340 мың теңге қаржыға білім беру ұйымдары материалдық техникалық базасы жаңартылады.  

 

Құрметті ағайын!

Елімізді әлемдегі  дамыған 30 мемлекеттің құрамына енгізу мақсат-мұратына жетуде 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

         «Бірлік түбі – береке» дейді ежелден дана халқымыз. Өткен жылдың еншісінде аудан көлемінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл біздің ортақ іске жұдырықтай жұмылып, бірлескен еселі еңбегіміздің нәтижесі.

Дегенмен, өткен жылда жеткен жетістіктерімізбен тоқталып қана қоймай, ауданымыздың одан әрі өркендеуі жолында алдымызда бірқатар мақсат-міндеттер тұр. 

Ендеше, ел игілігі жолындағы еселі еңбектеріңізге жарқын жетістіктер мен табыс тілеймін! 

 

           Назарларыңызға рахмет!

 
E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района