в актогае 15
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
Мобильная версия

Консультативтік-кеңесу органдарының тізімі

1

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссиясы

Төраға:
Ақтоғай ауданының әкімі С.М.Әбеуова

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы

Аудан әкімдігінің 15.05.2015ж.№16/08 қаулысы (27.05.2018ж. №29/01 қаулысымен өзгерістер енгізілген)

  Комиссия құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіреді, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің тиімділігін бағалайды, Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді, құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы құжаттарының іске асырылу барысын қарайды, адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды дайындау және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жібереді, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері басшыларының және лауазымды адамдарының жүргізген жұмыстары туралы есептерін тыңдайды және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға лауазымды адамдарды құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде шаралар қолданбағаны үшін тәртіптік және өзге де жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді.

2

Ақтоғай ауданы әкімі жанындағы кәмелетке  толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Төраға:
Ақтоғай ауданының әкімінің орынбасары А.Б.Аманжолов

"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы

Аудан әкімдігінің 15.05.2015ж.№16/06 қаулысы (28.08.2018ж. №29/01 қаулысымен өзгерістер енгізілген.

Комиссия балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы проблемалар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, оларды әлеуметтік оңалту жөнінде бағдарламалар әзірлейді, балалардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты мүдделі 
органдар ұсынған проблемалар бойынша ұсыныстар 
әзірлейді.

3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясы

Төраға:
Ақтоғай ауданының әкімі С.М.Әбеуова

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы

Аудан әкімдігінің 14.10.2014ж.№22/02 қаулысы (27.05.2018ж. №29/02 қаулысымен өзгерістер енгізілген.

Комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жұмыс пен ҚР 2015-2025 жылдарға арнлаған сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету жөніндегі стратегиясын іске асыру барысын талдайды, орындалатын іс-шаралардың нәтижелілігін бағалайды.

4

Мемлекеттік огандардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабы

Төраға:
Ақтоғай ауданының әкімінің орынбасары А.Б.Аманжолов

ҚР Премьер-министрінің 15.09.2011ж. № 129-ө өкімі

Аудан әкімдігінің 15.05.2017ж.№22/07 қаулысы

Комиссия нашақорлық және есірткі бизнесіне күрес саласындағы жұмыс пен аудан бойынша іс-шаралардың іске асыру барысын талдайды, орындалатын іс-шаралардың нәтижелілігін бағалайды.

5

Адамдарды саудалауға қатысты қылмыстармен күрес, алдын алу және жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия

Төраға:
Ақтоғай ауданының әкімінің орынбасары А.Б.Аманжолов

ҚР Үкіметінің 28.01.2015ж. №23 қаулысы

Аудан әкімдігінің 15.05.2015ж.№16/11 қаулысы

Комиссия адамдарды саудалауға қатысты қылмыстармен күрес, алдын алу және жол бермеу жөніндегі аудан бойынша іс-шаралардың іске асыру барысын талдайды, орындалатын іс-шаралардың нәтижелілігін бағалайды.

6

Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Ақтоғай ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган

Төраға:
Ақтоғай ауданының әкімінің орынбасары А.Б.Аманжолов

«ҚР ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңы

Аудан әкімдігінің 15.05.2015ж.№16/10 қаулысы

Комиссия қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудан бойынша іс-шаралардың іске асыру барысын талдайды, орындалатын іс-шаралардың нәтижелілігін бағалайды.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района