в актогае 20
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Мобильная версия

2018 жылға жұмыс жоспары

- тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын әзірлеуге, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

- жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастыру;

- бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

- бюджетке түсетін түсімдердің болжамын жасау;

- міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын құрастыру, бекіту және жүргізу;

- жергілікті бюджеттің қолма-қол ақшаның бақылау шоттарында ақша қозғалысына мониторинг жүргізу;

- Қазакстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте аудан әкімдігі резервінен қаражатты бөлу туралы өтініштерін қарау;

- Ақтоғай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасын әзірлеу;

- мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік кұкықтық актілерді әзірлеу;

- аудандық коммуналдық мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;

- аудандық коммуналдық мүлікті есепке алуын ұйымдастыру, оны тиімді пайдалануын қамтамасыз ету, белгіленген тәртіпте мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу;

- мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқаға тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

- аудан бойынша тауарларды, жұмыстарды және кызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша мониторингті жүзеге асыру;

- "Дипломмен ауылға" жобасының аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешен мамандарына берілетін әлеуметтік қолдау шаралырын алуға үміткер мамандардың құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асыру, ұсынылған құжаттардың зандылығын тексеру, ақша қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізу және бағдарламаның іске асуын қадағалау.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района