в актогае 16
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
Мобильная версия

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

          2015 жылғы « 17 »  сәуіріндегі

№ 219  бұйрығына

 1-қосымша

 

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1.     Жалпы ережелер

 

1. «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)  Астана және Алматы қалаларының, аудандардың  және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың   және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО,  кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық);

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4.     Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1)    құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

         көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа – 2 (екі) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

баланың туған күнінен бастап екі ай мерзім өткеннен кейін, баланың тууын тіркеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының                                           9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз)  күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

порталда – өтінішті қабылдағанын растау бөлігінде хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күн;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілген ең ұзақ күту уақыты:

көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут;

Орталықта – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін  ең ұзақ уақыты:

көрсетілетін қызметті берушіде – 20 (жиырма) минут;

Орталықта – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:

жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен туу туралы  қайталама куәлік.

Порталда көрсетілетін қызметті алушының «Жеке  кабинетіне» қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің берілу күнінің белгіленуі туралы хабарлама жолданады. 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

1)тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.

2)туу туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде  мемлекеттік баж алынады.

Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес, мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар  іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.

Орталықта мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде  - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат  13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

2) Орталықта – Еңбек заңнамасына сәйкес және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз, сағат 9.00-ден  20.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық» кезек тәртібімен, ата-анасының біреуінің тұрғылықты жері бойынша немесе баланың туған жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.

3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9.  Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа жүгінген кезде тууды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы тууды тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);

2)  ата-анасының немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынылмайды);

4) туу туралы медициналық куәлігі немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі;

5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат;

шетелдіктер қосымша ұсынады:

6)  Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басты куәландыратын құжаттарын  ұсынады. Жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған мемлекеттік тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады.

Порталға жүгінген кезде (тууды тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін):

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;

2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген құжаттар ұсынылмайды). 

Көрсетілетін  қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, туу туралы медициналық куәлік туралы, сондай-ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөнінде мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Баланың туған күнінен бастап екі ай мерзім өткеннен кейін, баланың тууын тіркеген жағдайда қосымша ұсынылады:

1) ата-анасының түсініктемесі;

2) баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы тіркеуші органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балалардан басқа);

3) баланың тұратын жері бойынша, оның денсаулығы туралы анықтама (жүгінген кезден бастап 7 (жеті) күннен кешіктірілмей берілген);

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта  куәландырылған сенімхат.

Құжаттарды қабылдау кезінде Астана және Алматы қалаларының, аудандардың   және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО,  кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері немесе Орталықтың қызметкері құжаттардың көшірмелерін тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге түпнұсқасын қайтарады.

Көрсетілетін  қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөнінде мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші және Орталық қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

 

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

3) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу туралы анықтама;

4) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудің қажеттігін растайтын құжаттар;

5) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат;

6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат.

Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi арқылы бастапқы жазбаның сақталған орны бойынша тіркеуші органға беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті алушы,  егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе,  ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін  қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін  қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың  электронды көшірмелер түрінде табысталады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыстау кезінде, өтініштің қабылданғанын растайтын: 

1)           Астана және Алматы қалаларының, аудандардың   және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО,  кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінде қағаз түрінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі;

2)       портал арқылы - көрсетілетін  қызметті алушының «жеке кабинетінде» сұратылымның қабылданғаны туралы мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу тәртібі көрсетіледі.

3)        Орталықта:  сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күні, уақыты және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Орталықта дайын құжаттарды беру көрсетілетін  қызметті алушының жеке басын куәландыратын  құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) қолхат  негізінде жүзеге асырылады.

Орталық нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, содан соң көрсетілетін қызметті берушіге  одан әрі сақтау үшін жолдайды. Көрсетілетін  қызметті алушы бір ай өткеннен соң өтініш жасаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші  Орталықтың сұрауы бойынша  бір жұмыс күн ішінде дайын құжаттарды  Орталыққа көрсетілетін  қызметті алушыға табыс ету үшін жолдайды.  

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес  құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда Орталық қызметкері  өтінішті қабылдап алудан  бас  тартады және  осы  мемлекеттік  көрсетілетін    қызмет     стандартына  3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша  құжаттарды қабылдаудан бас  тарту туралы қолхат береді.

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету Орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің  әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның  лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) басшыларының атына немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне  (бұдан әрі –ҚР ӘМ) беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекен-жайы көрсетiледі.

Шағымдар жұмыс кестесі бойынша пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың немесе ҚР ӘМ  кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ҚР ӘМ кеңсесінде  қабылдап алған адамның  тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып,  шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

        

         Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Орталықтың  атына келіп түскен  шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың  нәтижелері туралы  дәлелді жауап  пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не  көрсетілетін қызметті берушінің  кеңсесінде қолма-қол беріледі.

         Портал арқылы жүгінген кезде  шағым жасаудың тәртібі  туралы  ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады.

         Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті  берушінің  өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету Орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің  ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

13. Заңнамамен белгіленген тәртіпте көрсетілетін қызметті алушы өзіне- өзі қызмет көрсету қабілетін немесе  мүмкіндігін, өз бетімен қозғалу, бағдарлау қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, мемлекеттік қызмет көрсету үшін «1414» Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы өтініш жасаған кезде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші немесе Орталықтың қызметкері тұрғылықты жеріне шығумен жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік қызмет берушінің және www.con.gov.kz Орталықтың  интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті  ЭЦҚ болған жағдайда  портал арқылы электрондық  нысанда алу мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты  мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі «1414» Бірыңғай байланыс-орталығы  арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

 

Нысан                   
______________________________
(тіркеуші орган атауы) 
______________________________

                                                             (өтініш берушінің аты, әкесінің аты

                                                              (бар болғанда) тегі) мекен-жайы:                                                                  ______________________________
                                                                         Тел. № _______________________

 

Тууды мемлекеттік тіркеу туралы
Өтініш

 

Бала туралы мәлімет:
Аты___________________Әкесінің аты (бар болғанда) _____________________ Тегі________________________________________________________________   

Туған күні 20____жылғы «____»______________ Жынысы _________________
Баланың туған жері __________________________________________________
Саны бойынша анасының нешінші баласы _______________________________
Баланың туу фактін растайтын құжат туралы мәлімет
____________________________________________________________________
Баланың заңды мекенжайы ____________________________________________

Анасы туралы мәлімет:
Аты ___________________ Әкесінің аты (бар болғанда) ___________________
Тегі ________________________________________________________________

Туған күні 20____жылғы «____»____________ Ұлты_______________________
Жасы ______________________________________________________________
Азаматтығы _________________________________________________________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы __________________________________________
Отбасылық жағдайы __________________________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны_________________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі _____________________
Заңды мекенжайы ____________________________________________________

Әкесі туралы мәлімет:
Аты ____________________ Әкесінің аты (бар болғанда) ___________________
Тегі ________________________________________________________________
Туған күні 20____жылғы «____»_____________ Ұлты______________________
Жасы ______________________________________________________________
Азаматтығы _________________________________________________________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы __________________________________________
Отбасылық жағдайы __________________________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны ________________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі _____________________

Заңды мекенжайы ____________________________________________________

 

20____жылғы «____»_____________   Қолы _____________________

 

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұмат берген үшін әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдім

20__ жылы «___» _____________

         Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін

  __________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)

____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаушы лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

Журнал бойынша № ____

 

------------------------------------------------------------------------------------------------------
      (жыртып алу сызығы)

 

20___ жылы «___»__________ қарауға қабылданған туу тіркеу туралы өтініш

 

Қарау нәтижелері 20___ жылы «___»___________  хабарланатын болады

Маман __________________________________
              (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

 

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет  стандартына

2-қосымша

 

                                                                 Нысан     

______________________________________
______________________________________
(тіркеуші органның атауы)
______________________________________
                  (өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)  мекенжайы:
______________________________________ 
______________________________________ 
Тел. № _______________________________

 

Өзгерістерді, қосымшаларды және түзетулерді енгізу туралы
(керегінің астын сызу)

 Өтініш

 

__________________ туралы № ________ «___» ________ жылы акт жазбасына келесі өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді ______________________
______________________________________________ енгізуіңізді сұраймын.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

1 Аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі ___________________________
2. Туылған күні _____________________________________________________
3. Туылған жері_____________________________________________________
4. Ұлты_____________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі және туылған жерлері ____________________________________________________
8. Жеке басын куәландыратын құжат _________________________________
9. Қайда және кім болып жұмыс істейді _______________________________
10. Әскери міндетке қатысы:     әскери борышты немесе әскери борышты емес

                                                                        (керегінің астын сызу)

а) қайда тіркеуде тұр _________________________________________________
б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы ___________________________
____________________________________________________________________
11. Өмір сүрген жерлердің нақты атаулары және уақыты ___________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
12. Тергеуде, сот қаралуында болу немесе өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіпте шешілмеген сотталуының болуы жағдайында, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы мемлекетітк органға тиісті сұрау салу жіберу үшін, ол туралы көрсету
13. Бұрын өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілді ме__________________________________________________________________
14. Өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу себебі___________________________________________________________________________________________________________________________________
 

Өтінішке өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу қажеттілігін растайтын мынадай құжаттарды қосып баремін:

1) ______________________________ 4) _______________________________

2) ______________________________ 5) _______________________________

3) ______________________________ 6) _______________________________

 

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің         491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім

20__ жылғы «______» _______________________

         Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін

  __________ «__» ____ __ 20 жыл

(қолы)

____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаушының лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

 

Журнал бойынша № ____

 

------------------------------------------------------------------------------------------------------
                                            (жыртып алу сызығы)

 

20____ жылғы «_____» ____________ қарауға қабылданған өтініш туу тіркеу туралы
 

Қарау нәтижелері 20____ жылғы «_____» _______________ хабарланатын болады

Маман _________________________________
            (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

 

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандартына

3-қосымша

 

Нысан

________________________________

(Т.А.Ә (бар болса). не көрсетілетін

қызметті алушының атауы)

_________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

 

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат

 

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  Қазақстан Республикасының  2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының  20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының № __ бөлімі  (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

жоқ құжаттардың атаулары:

1)    ________________________________________;

2)    ________________________________________;

3)    ________________________________________.

ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін)  көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден.

_________________________________________________________________

(ХҚО қызметкерінің Т.А.Ә(бар болған жағдайда) қолы)

Орындаушы: Т.А.Ә(бар болса)._____________

Телефоны __________

Алдым: Т.А.Ә(бар болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы______________________

20__ жылғы «___» _________ 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района