в актогае 28
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау
үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізімі:  

     1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
      2) 2008 жылға дейін туылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      3) дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/е нысан;
      4) 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосурет;
      5) педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (болған жағдайда).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - қолхат алу үшін бес жұмыс күні;
      бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:
      оқудың күндізгі және кешкі нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей;
      бірінші сыныпқа – 1 маусым мен 30 тамыз аралығында;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

 

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін ұсыну: дүйсенбі - жұма күндері сағат 09.00 – 18.30 дейін, түскі үзіліс 13.00 – 14.30 дейін.

Демалыс күндері: жексенбі, мереке күндері.

Ақтоғай өңірінің жалпы білім беру мектептерінен.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района