в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

Мемлекет қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есепке жария талқылау

 

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есепке

жария талқылаудың

 

Х а т т а м а с ы

 

Ақтоғай ауылы                              № 1                                       14.02.2017 жыл

 

Төрағалық еткен: Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы

Қатысқандар: аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік қызметке жауапты лауазым иелері және тұрғындар (барлығы 270 адам)

 

       К Ү Н  Т Ә Р Т І Б І Н Д Е

 

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет

туралы 2016 жылдың есебі

_____________________________________________________

(Қошантаев, Сайды, Тілеубергенов, Бейсембаев, Жунусов, Оңғарқұлов, Нұрахмет, Кішкентаев, Изақов, Жолдасов, Аманжолов, Аубакиров, Жунусбекова, Ерғалиев)

 

Тыңдалды:

         Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес  Ақтоғай ауданының әкімдігіне бағынысты 11 бөлімнің ішінде 8 бөлім және аудан әкімі аппаратының АХАТ қызметі 75  мемлекеттік  қызмет түрін көрсетеді.

   2016 жыл бойынша Ақтоғай ауданы әкімдігінде жеке және заңды тұлғаларға Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы 75 қызмет түрі бойынша барлығы 12996 мемлекеттік  қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 2195, мемлекеттік мекеме арқылы баламалы түрде және баламасыз түрде 10771 қызмет түрі және электрондық үкімет порталы арқылы 30 қызмет  түрі көрсетілген.       

         Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын барлық мекемелердің стендыларында, инетернет-ресурста қызмет алушыға қол жетімді болу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері ілініп жарияланған.

         2016 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет алушыларға көрсетілетін қызмет тәртібін түсіндіру бойынша Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 19 семинар кеңестер, дөңгелек столдар, өткізілді.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, мерзім бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік  қызмет көрсетуге қатысатын мекеме басшыларына аппараттық жиындарды түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 04 мамырдағы № 06-7/63 бұйрығына және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына байланысты Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінінің Қарағанды облысы бойынша Депаратменті Қарағанды облысы әкімі аппараты мен Ақтоғай ауданы әкім аппаратымен қоса мемлекеттік қызмет көрсету стандартының нормаларын сақтау, соның ішінде үлгілерге сәйкес өтініштер қосымшаларын беру және қызмет алушыларға соңғы нәтижелерін  (анықтама, көшірме) тарату бойынша  ішкі бақылау жұмыстары өткізілген.

          2016 жылдың қорытындысы бойынша 12 мерзім бұзушылық тіркелген. Мемлекеттік қызмет  көрсету саласы бойынша 13 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарылату және электрондық форматқа өту туралы атап тапсырды.

      Бұл барлық уақытта даму векторының бюрократия мен жемқорлықты жою, «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.

       Бұл біздің көзқарасымызда шенеуніктермен тікелей байланысуды шектеуге жол береді және бұл үкімет құрылымдарында жемқорлықтың пайда болу жағдайларын қысқартады.

Сұрақ қойғандар:

       1. Б.Шаймерденова (ауыл тұрғыны) - 2014 жылы шетел азаматы  ҚР келіп босанып баласының тууын  тіркетіп, одан кейін асырап алуға туысқандарына тастап кетеді.  Соттың заңды күшіне енген шешіміне сәйкес бала асырап алуды тіркейтін кезде АХАТ қызметі баланың ЖСН сұрайды.  Балада ЖСН жоқ. Осы ЖСН ді қайдан алуға болады? Баланы қалай тіркетемін.

 Түсіндірілді: Ж.Жунусбекова – АХАТ қызметінің бас маманы - ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 199 бабына сәйкес  шетелдіктердің балаларының  тууын мемлекеттік тіркеу  ол жөнінде Жеке адамдар туралы  мемлекеттік дерекқорға  мәліметтер енгізілместен  және балаға ЖСН  берілместен, олардың тұрақты немесе  уақытша тұратын жеріндегі АХАТ органында жүргізіледі.  ҚР 12.01.2007 жылғы № 223 «Сәйкестендіру нөмірінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңының 3 бап 4 тармағына сәйкес  сәйкестендіру нөмірі азаматтық хал актілерін тіркеу, сондай – ақ салық  міндеттемелерін орындау жағдайларында қолданылады және  осы Заңның 9 бабына сәйкес  жеке сәйкестендіру нөмірін қамтитын интегралдық микросхема жеке басты  куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамадар үшін тіркеу куәлігі болып табылады, шетелдік азамат үшін шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ытиярхат беру немесе тіркеу куәлігін беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастырады, сонымен қатар ҚР тұрақты тұратын немесе уақытша тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін келген жері бойынша ЖСН беруге  өтініш құзыретті органдармен қабылданады. Яғни  балаға ЖСН –ді алып беруге баланың құқығын қорғайтын заңды өкілі, қорғаншы – қамқоршы бөлімінің міндетін атқарушы аудандық білім бөлімінің жауапты тұлғасы   баланың тұрғылықты жері бойынша  кірістерді есептеу басқармасына өтініш білдіріп балаға ЖСН  алып беру  қажет.

        2. С.Қалияқпаров (ауыл тұрғыны) - Жергілікті жерлерде  ауылдық әкімідіктерде  бұрынғыдай неге туу, қайтыс болу, неке тіркелмейді? Бізге ауылдан ХҚКО-ға баруға кейде мүмкіндіктер болмайды.

Түсіндірілді: Ж.Жунусбекова – АХАТ қызметінің бас маманы - АХАТ қызметі  2007 жылдан бері  орталықтандырылған «АХАЖ АЖ» бағдарламасымен жұмыс жасайды. АХАЖ ақпараттық жүйесі «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған «электрондық үкіметті» қалыптастару туралы 2004 жылғы 10 қарашасындағы № 1471  ҚР  Президентінің  Қаулысын іске асыру  шеңберінде   құрылған  және халықтың азаматтық хал ахуалы мен қызмет беру азаматтық хал актілерін тіркеудің заманауи сервистерімен қамтамасыз ету мақсатында  АХАТ бөлімдерінің  бизнес үрдістерін автоматизациялау, сондай –ақ жеке сәйкестендіру  нөмірлерінің ұлттық тізілімін қалыптастыру үшін арналған.  Сондықтан да ауылдық әімдіктерден бұл функция алынып тасталған. ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 179 бабының 2 тармағына сәйкес бөлімдер жоқ жерлерде ауыл (село), кент, ауылдық (селолық) округ әкімі  өздерінің аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін (тууын, неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын), қайтыс болуын) тіркеуге арналған құжаттарды қабылдауды және азаматтық хал актілерінмемлекеттік тіркеу және осы Кодексте көзделген мерзімде Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін АХАТ органына беруге және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді тапсыруды жүргізеді.

Ұсыныс-пікірлер:

       1. А.Оңдасынова (ауыл тұрғыны) – Ұсынылған мемлекеттік қызметтің сапасына көңілім толады. Алдағы уақытта да сенімімізден шығады деп есептеймін.

2.      Ш.Қалиев (ауыл тұрғыны) – Бізге  аудан орталығына келу қыс мезгілі

болғандықтан қиындықтар туғызады, сол себепті «мобильді ЦОН» қызметі жұмыс жасаса екен деген ұсынысымыз бар.

3.      Т.Сағындықова (ауыл тұрғыны) – «электронды үкімет» порталы

арқылы қызмет алу тәртібін үйретсе деген ұсынысым бар.

Жиналыс қаулы етті:

1.      «Азаматтарға арналған үкімет» МК басшысы Мобильді Цон қызметінің жұмыс жасауын қарастырсын;

2.      «Электронды үкімет» порталы арқылы қызмет алу тәртібі туралы ақпараттық жұмыстар жүргізілсін.

 

                 Жиналыс төрағасы                                         Б.Әмірғасым

                  Жиналыс хатшысы                                         А.Мукашева

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района