в актогае 0
USD 379.36
EUR 428.94
RUB 5.93
Мобильная версия

"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 07 шілдедегі
№ 37/01 қаулысымен бекітілген

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 27.06.2017 № 37/09 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      Мемлекеттік қызмет жеке, заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту актісі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік корсетілетін қызметтердін стандарттарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қоса берілген өтініш болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) құжаттарды қабылдау Стандарттың 9 тармағына сәйкес жүзеге асырылады,он бес минуттан аспайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қабылдау күні екі сағат ішінде өтінішке қарар қояды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету кезінде екі жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасының толықтығын және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісінің дұрыстығын тексереді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы үш сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды;

      5) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға он бес минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.

      7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) қабылдау, тіркеу, тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беру не тапсырылатын құжаттардың тізілімінде құжаттарды алу туралы белгі жасау (кеңсе қызметкері);

      2) қарар қою, жауапты орындаушыға өтініш пен құжаттар топтамасын жолдау (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы);

      3) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және дұрыстығын тексеру (жауапты орындаушы);

      4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою және жауапты орындаушыға жіберу (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы);

      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) қабылдау, тіркеу, талон беру не берілетін құжаттар тізілімінде құжаттарды алу туралы белгі жасау (кеңсе қызметкері) – он бес минуттан аспайды;

      2) қарар қою (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) – екі сағат ішінде;

      3) құжаттар топтамасының толықтығын және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісінің дұрыстығын тексереді (жауапты орындаушы) – екі жұмыс күні ішінде;

      4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) – үш сағат ішінде;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (жауапты орындаушысы) - он бес минут ішінде.

      Әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттегі қосымшада келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға негіздеме Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын қабылдау болып табылады.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір іс-қимылдың мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтініштің дұрыс толтырылуын және көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді (5 минуттан аспайды);

      Қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері Стандарттағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Құжаттар топтамасын толық тапсырған кезде Мемлекеттік корпорациясының қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы талонды береді (бес минуттан аспайды);

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады (бес минуттан аспайды);

      3) Мемлекеттік корпорациясының қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіреді, көрсетілетін қызметті алушы жайында тиісті ақпаратты және берілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға енгізеді, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді (бес минуттан аспайды);

      4) Мемлекеттік корпорациясының қызметкері құжаттарды дайындайды және оларды көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік немесе осыған уәкілетті өзге де байланыс арқылы жібереді (бір жұмыс күнінен аспайды);

      5) Мемлекеттік корпорациясының қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы талонда көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді (бес минуттан аспайды);

      6) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап (үш жұмыс күні).

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін алуға жүгінбеген жағдайда, Мемлекеттік корпорация оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің алынбай қалған дайын нәтижесін, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде өтініште көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті алушыға, пошта байланысы арқылы жолдайды.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылын сипаттау, осы регламенттегі қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсету кезінде

Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района