в актогае 9
USD 379.29
EUR 426.40
RUB 5.93
Мобильная версия

"Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 37/04 қаулысымен
бекітілген

 "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 1. Жалпы ережелер

      1. "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      Мемлекеттік қызметті аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.
      2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар беру мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама).
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
 

 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен (бұдан әрі - құжаттар) қоса өтініш беруі мемлекеттік қызметті көрсету рәсімдерін (іс-қимыл) бастауға негіз болады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды қабылдауды және тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды.
      Нәтижесі – тіркеу журналына жазу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді.
      Нәтижесі – жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 8 жұмыс күні ішінде құжаттардың толық және дұрыс ресімделгенін тексереді, хабарламаны дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді.
      Нәтижесі - хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді.
      Нәтижесі – хабарламаны көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жібереді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 минут ішінде хабарламаны тіркеу журналына тіркейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді.
      Нәтижесі - тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алғандығы туралы қолы.
 

 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттауы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды қабылдауды және тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 8 жұмыс күні ішінде құжаттардың толық және дұрыс ресімделгенін тексереді, хабарламаны дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 минут ішінде хабарламаны тіркеу журналына тіркейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді.
 

 4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен көрсетілмейді.
 

 

Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және
міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз
ету" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

 "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес процестерінің анықтамалығы

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района