в актогае 25
USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Мобильная версия

Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру

 

жылғы 27 маусымдағы
N 41/07 қаулысымен
бекітілді

 

"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

   1. Жалпы ережелер

 

      1. Осы Регламент "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 2318 қаулысына сәйкес әзірленді.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкімінің аппараттары, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - ЖАО), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама (қағаз жеткізгіште) не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

 

   2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

 

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО және Орталықта алуға болады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері ЖАО өтініш берген кезде:
      мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
      өтініш беруші өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің ең жоғары шекті уақыты 10 (он) минуттан аспайды;
       көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғары шекті уақыты 10 (он) минуттан аспайды;
      Орталықтарға өтініш берген кезде:
      көрсетілетін қызметті алушы осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайды;
      өтініш беруші өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің ең жоғары шекті уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғары шекті уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      10. Мемлекеттік қызметті ЖАО демалыс және мереке күндерінен басқа, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетеді. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті Орталықпен демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері, дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз ұсынылады. Қабылдау тездетілген қызмет көрсетусіз "электронды" кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге мынадай жағдайларда:
      1) осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда;
      2) ЖАО шаруашылық кітабында жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы деректер жоқ болғанда;
      3) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 40-бабында көзделген негіздемелер бойынша бас тартылады.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ЖАО жүгінеді немесе Орталыққа өтініш береді;
      2) Орталықтың инспекторы өтінішті тіркеуді жүргізеді және Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына береді;
      3) Орталықты жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттардың тiзiлiмiн әзірлейді және ЖАО жолдайды;
      4) ЖАО маманы түскен құжаттарды тексереді, қызмет көрсету нәтижесін ресiмдейдi, дәлелді бас тартуды не анықтаманы дайындайды, ЖАО басшылығына қол қоюға ұсынады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа немесе көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
      5) Орталықтың инспекторы көрсетілетін қызметті алушыға анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды береді.
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды бір тұлға ЖАО және Орталықтың жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні бойы жүзеге асырады.

 

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін ЖАО өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы жеке куәлігінің түпнұсқасын және оның көшірмелерін (салыстырып тексергеннен кейін жеке куәліктің түпнұсқасы қайтарылады) ұсына отырып, ауызша нысанда жүгінеді.
      15. Мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) жеке өзі келген кезде ұсынылады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылады – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ЖАО және Орталықтың жауапты тұлғалары:
      1) Орталықтың инспекторы;
      2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;
      3) ЖАО басшысы;
      4) ЖАО маманы.
      17. Әр әкімшілік әрекеттің, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттер реттілігін және өзара әрекетінің мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің функционалдық өзара әрекетінің сызбасы осы Регламентке 3-қосымшада келтірілген.

 

   4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

      19. Мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтініш және жеке куәлігінің түпнұсқасын береді.
      20. Орталықта мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беріледі.
      21. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті орталық қызметкері уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Осы Регламенттің 19 тармақшасында көрсетілген құжаттарды қабылдаған кезде Орталықтың және уәкілетті органның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқасының түпнұсқалығын, сенімхаттарды мемлекеттік органдардың тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, осыдан кейін түпнұсқаларын алушыға қайтарады.
      22. Орталықтарда құжаттарды қабылдау "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      23. Орталықта мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беруді "терезелер" арқылы Орталық қызметкері жүзеге асырады.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы қызмет нәтижесі үшін белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды ЖАО тапсырады.

 

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

 

Нысан

 

   Өтiнiш

 

      Мен, __________________________________________________________
      (Т.А.Ә., төлқұжат деректерi (жеке куәлiк деректерi
____________________________________________________________________
      және жеке тұлғаның тұрғылықты жерi)
____________________________________________________________________
_______________________________________________________ атынан әрекет
      (уәкiлеттi өкiл толтырады)
ететiн ____________________________________________________ негiзiнде
      (өкiлеттiлiктi куәландыратын құжаттың деректемесі)

 

      маған жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама берудi сұраймын

 

      Мына құжаттарды қоса беремiн:
____________________________________________________________________

 

Күнi _______,______________________________________________/_________
      (өтiнiш берушiнiң/уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә. және қолы)
____________________________________________________________/________
      (сұранымды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
      Сұранымды орындау/қарау нәтижесi: _____________________________
____________________________________________________________________

 

      тексерiлдi: күнi ______________ 20__ жыл
____________________________________________________________________
      (маманның Т.А.Ә. және қолы)

 

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

 

   Әр әкімшілік әрекеттің, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттер реттілігінің және өзара әрекетінің мәтінді кестелік сипаттамасы

 

      1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы

 

 

Негізгі процестің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны)

1.

Іс-қимылдың (барысы, жұмыстар ағыны) N

1

2

3

4

2.

ҚФБ атауы

Орталық инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы

ЖАО маманы

Орталықтың инспекторы

3.

Іс-қимылдың (процестің, операцияның, рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарау және жинақтау

Құжаттарды қарау және анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды әзірлеу

Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды тіркеу

4.

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiм)

Орталық жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну

ЖАО жолдау

Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды Орталыққа не көрсетілетін қызметті алушыға жолдау

Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды беру

 

      2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама берілген жағдайда

 

 

Негізгі процесс (барысы, жұмыстар ағыны)

Орталық инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы

ЖАО маманы

ЖАО басшысы

1. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

3. Құжаттарды қарау және жинақтау

5. Құжаттарды қарау және анықтама әзірлеу

7. Анықтамаға қол қою

2. Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну

4. ЖАО жолдау

6. ЖАО басшысына қол қоюға ұсыну

-

9. Көрсетілетін қызметті алушыға беру

-

8. Анықтаманы орталыққа немесе көрсетілетін қызметті алушыға жолдау

-

 

      3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беруден бас тартқан жағдайда

 

 

Баламалы процесс (барысы, жұмыстар ағыны)

Орталық инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы

ЖАО маманы

ЖАО басшылығы

1. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

3. Құжаттарды қарау және жинақтау

5. Құжаттарды қарау және дәлелді бас тартуды әзірлеу

7. Дәлелді бас тартуға қол қою

2. Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну

4. ЖАО жолдау

6. ЖАО басшылығына қол қоюға ұсыну


 

9. Көрсетілетін қызметті алушыға беру

-

8. Дәлелді бас тартуды Орталыққа немесе көрсетілетін қызметті алушыға жолдау

-

 

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

 

   Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік әрекеттердің функционалдық өзара әрекетінің сызбасы

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района