в актогае -1
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
Мобильная версия

"Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 37/04 қаулысымен
бекітілген

 "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 1. Жалпы ережелер

      1. "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      Мемлекеттік қызметті аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – МК);
      2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде:
      Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім (бұдан әрі - тану туралы шешім);
      куәлікті немесе оның телнұсқасын беру;
      2) МК:
      Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім;
      куәлікті немесе оның телнұсқасын беру;
      көрсетілетін қызметті алушының дербес шотына аудару арқылы өтемақы төлеу;
      бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетілетін қызметті алушыларға жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтіалушы) ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару арқылы өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу болып табылады.
 

 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушіге және МК-ға жүгінген кезде Стандарттың 1 және (немесе) 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі-құжаттар) тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды – 30 (отыз) минут.
      Нәтижесі – тіркеу журналына жазу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 1 (бір) жұмыс күн.
      Нәтижесі-құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды рәсімдейді:
      17 (он жеті) жұмыс күні ішінде тану туралы шешімді;
      3 (үш) жұмыс күні ішінде куәлік немесе оның телнұсқасын беруді;
      Қарағанды облысы бөлінісінде өтемақы төлеу кестесіне сәйкес өтемақы төлеу туралы шешімді.
      Нәтижесі – ресімделген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ресімделген құжаттарға қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні.
      Нәтижесі – қол қойылған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде қол қойылған құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, МК-на өтемақы төлеу туралы құжаттарды жолдайды.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
 

 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттауы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі-құжаттар) тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды–1 (бір) жұмыс күн;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды рәсімдейді:
      17 (он жеті) жұмыс күні ішінде тану туралы шешімді;
      3 (үш) жұмыс күні ішінде куәлік немесе оның телнұсқасын беруді;
      Қарағанды облысы бөлінісінде өтемақы төлеу кестесіне сәйкес өтемақы төлеу туралы шешімді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ресімделген құжаттарға қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде қол қойылған құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, МК-на өтемақы төлеу туралы құжаттарды жолдайды.
 

 4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. МК-на жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттар топтамасын және өтінішті МК қызметкеріне береді, ол "электрондық кезек" ретімен жүзеге асырылады;
      2) 1-процесс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін МК-ның қызметкері МК Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логинді және парольді (авторландыру процесі) енгізуі;
      3) 2-процесс – МК-ның қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығару және МК қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін енгізуі;
      4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі–ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы сұрау жолдауы;
      5) 1 шарт - ЖТ МДҚ-нда көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің болуын тексеруі;
      6) 4-процесс–ЖТ МДҚ-нда көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алуға мүмкіндіктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      7) 5-процесс – электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) ЭҮШ арқылы МК операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар топтамасын (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдауы;
      8) 6-процесс – электрондық құжат топтамасын ЭҮАШ АЖО-да тіркеуі;
      9) 2 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
      10) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасында кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту жөніндегі хабарламаны қалыптастыруы;
      11) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушы МК қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО-нда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуы.
      МК арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары диаграммасы осы регламентінің 1-қосымшасында берілген.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) МК өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің нақты сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
 

 

"Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу,
біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
1- қосымша

 МК арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы

 

 


 

 Шарттық белгілерді толық жазу:

 

 


 

 

"Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу,
 біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

 "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 

 

 Шарттық белгілерді толық жазу:

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района