в актогае 9
USD 379.29
EUR 426.40
RUB 5.93
Мобильная версия

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 


 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 37/04 қаулысымен
бекітілген

 "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 1. Жалпы ережелер

      1. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      Мемлекеттік қызметті аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);
      3) мүгедектер және әлеуметтік жағынан маңызды аурулары бар адамдарға – www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама).
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
 

 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген сәйкес нысан бойынша өтініш немесе көрсетілетін қызметті алушының электронды сұранысы болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар) тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды - 30 (отыз) минут.
      Нәтижесі – тіркеу журналына жазу;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды - 1 (бір) жұмыс күн.
      Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды қарайды, хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді - 6 (алты) жұмыс күн.
      Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген не олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің қажетті құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайларда – 20 (жиырма) жұмыс күн.
      Нәтижесі – хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды - 1 (бір) жұмыс күн.
      Нәтижесі – қол қойылған хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді - 15 (он бес) минут.
      Нәтижесі – хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға береді.
      2) ауылдық округ әкіміне жүгінген кезде:
      ауылдық округ әкімі аппаратының маманы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап оларды қабылдауды және тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады -30 (отыз) минут.
      Нәтижесі – құжаттарды ауылдық округ әкіміне бұрыштама қоюға жолдайды;
      ауылдық округ әкімі ішінде құжаттармен танысады және ауылдық округ әкімінің жауапты орындаушысын анықтайды -1 (бір) жұмыс күн.
      Нәтижесі – құжаттарды ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты орындаушысына жолдайды;
      ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды ішінде қарайды және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен қоса көрсетілетін қызметті берушіге жолдау үшін ілеспе хатты дайындайды - 1 (бір) жұмыс күн.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушіге жолдау үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен қоса ілеспе хаттың жобасын ауылдық округ әкіміне қол қоюға жолдайды;
      ауылдық округ әкімі ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен қоса ілеспе хатқа қол қояды - 30 (отыз) минут.
      Нәтижесі – қол қойылған ілеспе хатты көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен қоса көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен қоса ілеспе хатты қабылдауды және тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады - 30 (отыз) минут.
      Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ішінде құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді - 1 (бір) жұмыс күн.
      Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды ішінде қарайды, хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды - 2 (екі) жұмыс күн.
      Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген не олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің қажетті құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайларда – 20 (жиырма) жұмыс күн.
      Нәтижесі – хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ішінде хабарламаға қол қояды - 1 (бір) жұмыс күн.
      Нәтижесі – қол қойылған хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері хабарламаны тіркеу журналына тіркейді және ауылдық округ әкіміне жолдайды - 30 (отыз) минут.
      Нәтижесі – хабарламаны ауылдық округ әкіміне жолдайды;
      ауылдық округ әкімі хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға береді - 30 (отыз) минут.
      Нәтижесі – хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға беру.
 

 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) ауылдық округ әкімі аппаратының маманы;
      5) ауылдық округ әкімі;
      6) ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттауы:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар) тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды - 30 (отыз) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды - 1 (бір) жұмыс күн;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды қарайды, хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді - 6 (алты) жұмыс күн.
      Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген не олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің қажетті құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайларда – 20 (жиырма) жұмыс күн;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды - 1 (бір) жұмыс күн;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді - 15 (он бес) минут;
      2) ауылдық округ әкіміне жүгінген кезде:
      ауылдық округ әкімі аппаратының маманы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап оларды қабылдауды және тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады -30 (отыз) минут;
      ауылдық округ әкімі ішінде құжаттармен танысады және ауылдық округ әкімінің жауапты орындаушысын анықтайды -1 (бір) жұмыс күн;
      ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды ішінде қарайды және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен қоса көрсетілетін қызметті берушіге жолдау үшін ілеспе хатты дайындайды - 1 (бір) жұмыс күн;
      ауылдық округ әкімі ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен қоса ілеспе хатқа қол қояды - 30 (отыз) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен қоса ілеспе хатты қабылдауды және тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады - 30 (отыз) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ішінде құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді - 1 (бір) жұмыс күн;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды ішінде қарайды, хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды - 2 (екі) жұмыс күн.
      Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген не олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің қажетті құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайларда – 20 (жиырма) жұмыс күн;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ішінде хабарламаға қол қояды - 1 (бір) жұмыс күн;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері хабарламаны тіркеу журналына тіркейді және ауылдық округ әкіміне жолдайды - 30 (отыз) минут;
      ауылдық округ әкімі хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға береді - 30 (отыз) минут.
 

 4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Жүгіну тәртібі портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) және сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталға тіркеледі;
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының ЖСН және паролін (авторизациялау процесі) енгізуі;
      3) 1-шарт – порталда ЖСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы дәлелді жауабы жөніндегі хабарламаның қалыптасуы;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушы осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау, қызметті көрсету үшін экранға сұраныстың нысанын шығару нысанды (мәліметтерді енгізу) және үлгі талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды (мәліметтерді енгізу) толтыру, қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде сұраныс нысанына жалғау, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;
      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ бірдейлендіру мәліметтерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы жауабы жөнінде хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеу үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушымен ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарын (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) ЭҮАШ АЖО-ға жолдауы;
      9) 3-шарт–көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының топтамасының сәйкестігін тексеруі;
      10) 6-процесс-көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алу. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) және (немесе) рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезекшілігінің толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің нақты сипаттамасы осы регламенттің 2– қосымшаға сәйкес көрсетілген.
 

 

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдер
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

 Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы

 

 


 

 Шарттық белгілерді толық жазу:

 

 


 

 

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

 "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     

 

 Шарттық белгілерді толық жазу:

    

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района