в актогае 16
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
Мобильная версия

2016 жыл бойынша Ақтоғай ауданының жергілікті атқару органдарының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есебі

 

2016 жыл бойынша Ақтоғай ауданының жергілікті атқару органдарының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есебі

1.    Жалпы ережелер
 

         Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес  Ақтоғай ауданының әкімдігіне бағынысты 11 бөлімнің ішінде 8 бөлім және аудан әкімі аппаратының АХАТ қызметі 75  мемлекеттік  қызмет түрін көрсетеді.

№ п/п

Мекеменің атауы

Мемлекеттік қызметтер саны

Тегін көрсететін мемлекеттік қызметтердің саны

Қағаз жүзінде көрсететін мемлекеттік қызметтер саны

Электрондық түрде көрсететін мемлекеттік қызметтер саны

1.       

 «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ

24

23

19

4

2.       

 «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

18

18

18

10

3.       

 «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

8

7

8

8

4.       

 «Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

8

5

8

7

5.       

«Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімі» ММ

4

3

4

3

6.       

«Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

1

1

1

0

7.       

«Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және  тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ

2

2

2

2

8.

«Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

1

1

1

0

9.

«Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының АХАТ қызметі»

9

7

9

7

 

Барлығы

75

67

70

41

         2016 жыл бойынша Ақтоғай ауданы әкімдігінде жеке және заңды тұлғаларға Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы 75 қызмет түрі бойынша барлығы 12996 мемлекеттік  қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 2195, мемлекеттік мекеме арқылы баламалы түрде және баламасыз түрде 10771 қызмет түрі және электрондық үкімет порталы арқылы 30 қызмет  түрі көрсетілген.

          

Анықтама түрде:

•  «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ-сі 1416 қызмет көрсеткен, оның ішінде ХҚКО арқылы 244 қызмет, ал мемлекеттік мекеме арқылы баламалы және баламасыз түрде 1172 қызмет көрсеткен.

•  «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі 2277 қызмет көрсеткен, оның ішінде ХҚКО арқылы 187 қызмет,ал мемлекеттік мекеме арқылы баламасыз түрде 101, баламалы түрде 1973 және ЭҮП арқылы 16 қызмет көрсеткен.

• «Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі 3383 қызмет көрсеткен, оның ішінде ХҚКО арқылы 0 қызмет, ал мемлекеттік мекеме арқылы баламалы түрде 3383 қызмет көрсеткен.

• «Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және  тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі 77қызмет көрсеткен, оның ішінде ХҚКО арқылы 77 қызмет көрсеткен.

• «Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі 3762 қызмет көрсеткен, оның ішінде ХҚКО арқылы 0 қызмет, ал мемлекеттік мекеме арқылы баламалы түрде 3762 қызмет көрсеткен.

• «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі барлығы мемлекеттік мекеме арқылы 39 қызмет көрсеткен.

• «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі  барлығы 888 қызмет, ХҚКО арқылы 623, мемлекеттік мекеме арқылы баламалы түрде 265 қызмет көрсеткен.         

 • «Ақтоғай ауданының әкімі аппаратының АХАТ қызметі» ММ-сі 1008 қызмет, оның ішінде ХҚКО арқылы 389 қызмет, ал мемлекеттік мекеме арқылы баламасыз түрде 84, баламалы түрде 521 қызмет, «Электронды үкімет» порталы арқылы 14 қызмет көрсетілген.

 • «Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сі өтініш түспегендіктен қызмет көрсетпеген.

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
 

         Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын барлық мекемелердің стендыларында, инетернет-ресурста қызмет алушыға қол жетімді болу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері ілініп жарияланған.

          2016 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет алушыларға көрсетілетін қызмет тәртібін түсіндіру бойынша Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 19 семинар кеңестер, дөңгелек столдар, бирфингтер өткізілді.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, мерзім бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік  қызмет көрсетуге қатысатын мекеме басшыларына аппараттық жиындарды түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 04 мамырдағы № 06-7/63 бұйрығына және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына байланысты Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінінің Қарағанды облысы бойынша Депаратменті Қарағанды облысы әкімі аппараты мен Ақтоғай ауданы әкім аппаратымен қоса мемлекеттік қызмет көрсету стандартының нормаларын сақтау, соның ішінде үлгілерге сәйкес өтініштер қосымшаларын беру және қызмет алушыларға соңғы нәтижелерін  (анықтама, көшірме) тарату бойынша  ішкі бақылау жұмыстары өткізілген. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 11 мерзім бұзушылық тіркелген. Мемлекеттік қызмет  көрсету саласы бойынша 12 қызметкер тәртіптік жаупкершілікке тартылды.

        Сонымен қатар  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті» ММ және «Қарағанды облысы әкімі аппараты» ММ-сі қызметкерлері семинар өткізді, оның басты міндеті Ақтоғай ауданының жергілікті атқару органдарының сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының нормаларын сақтау болды, яғни:

-  қызмет көрсетуге түсетін өтініштерді тіркеу журналдарын тәртіпке келтіру;

-  ақпараттық стендтерде Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері бойынша өтініштердің нысандарын орналастыру;

-  мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын ведомстволық бағынысты ұйымдарда, кәсіпорындарда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталу-сақталмауына және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарында көрсетілген соңғы нәтижелерді (анықтама, жазбаша хабарлама) беру мерзімдерінің сақталуына ішкі бақылау жүргізу;

-  жергілікті атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін қосымша қызмет түрлерін анықтау үшін талдау жасау, ол қызмет түрлерін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізуге ұсыныстар беру;

-  үй-жайлардың материалдық және техникалық құралдармен жабдықталуын қамтамасыз ету, қызметтерді алу талаптарының қолайлылығын арттыру, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасының стандарттарына және құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігін анықтау үшін  мемлекеттік қызметтер көрсетілетін үй-жайларға түгендеу жүргізу;

-  мемлекеттік қызметтер көрсететін субъектілер үшін мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерінің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу;

-  мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер түсіру барысында тұрғындардың қанағаттануына талдау жасау және қызмет көрсету сапасын бағалай отырып, карточкалардың толтырылуын ұйымдастыру;

-  «мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге берілетін өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылу деректерін анықтау және әкім рейтингісіне теріс әсер ететін айыппұл баллдарын алмау үшін есептік ақпаратта көрсету;

 

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
 

    Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарлату және электрондық үкіметті дамыту сұрақтарына көп көңіл бөлген.

      Бұл барлық уақытта даму векторының бюрократия мен жемқорлықты жою, «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.

         Бұл біздің көзқарасымызда шенеуніктермен тікелей байланысуды шектеуге жол береді және бұл өкімет құрылымдарында жемқорлықтың пайда болуға жағдайларын қысқартады.

 

     4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың,

 республикалық маңызы бар қалалардың,   астананың, аудандардың,

облыстық маңызы бар  қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, 
қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар,  кенттер, ауылдар,

ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысанына 

қосымша

 Нысан 

2016 жыл бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Өтініш беруші туралы мәлімет

Шағымның мазмұны

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарастырған күні

Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

Өтініш келіп түскен жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района