в актогае -17
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
Мобильная версия

Мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару

 

Ақтоғай ауданы бойынша 2017  жылға мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 66 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген.

31 - мемлекеттік мекеме;

26– коммуналдық мемлекеттік мекеме;

4 - коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

2 – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын;

3 – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

2016 жылғы есеп бойынша коммуналдық меншіктегі негізгі құралдардың барлық нысан саны – 16371, баланстық құны –  2 621 598,12 мың теңгені құрайды.

       Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер жеке және заңды тұлғалармен 2017 жылдың 7 айында отырылған 68 келісім-шарт негізінде мемлекеттік мүлікті жалға беруден түскен түсімдер 912,3 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес Сарытерек ауылдық округі әкімдігінің балансындағы коммуналдық меншіктегі Парасат көшесі, 20 үйде орналасқан дүкен ғимаратының бір бөлігі 233 ш.м.,  Парасат көшесі, 23 үйде орналасқан орталық қазандық ғимараты,  Парасат көшесі, 27 үйде орналасқан  МТМ ғимаратын аукцион арқылы сату бойынша мемлекеттік мүлік тізілім сайтына  орналастырылып,  Парасат көшесі, 20 үйде орналасқан дүкен ғимаратының бір бөлігі 233 ш.м. 795 000 теңгеге,  Парасат көшесі, 23 үйде орналасқан орталық қазандық ғимараты 149 741 теңгеге, Парасат көшесі, 27 үйде орналасқан  МТМ ғимараты 10 635 теңгегесатылды.

Ақтоғай ауданы бойынша 6 елді мекеннің Ақтоғай ауылы, Қусақ ауылдық округі, Айыртас ауылдық округі, Абай ауылдық округі, Ортадерсін ауылдық округі, Қаработа станциясы, Қарабұлақ ауылдық округі, Нарманбет, Қарасу ауылдарының  электр желілерінің тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісін жасату үшін бөлім арқылы мемлекеттік сатып алудың веб-порталына 06.04.2017 жылы 5499.0 мың теңгеге хабарландыру берілді. 13.04.2017 жылы жеке кәсіпкер 190,0 мың теңгеге ұтып, жеңімпаз болып танылды. Алайда, бірінші жеңімпаз келісім шартқа қол қоюдан бас тартқандықтан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес келесі кезектегі екінші жеңімпазбен «Орталық Жер» ЖШС-мен 02.05.2017 жылы 1999,9 мың теңгеге келісім шарт жасалынды.

«Ақтоғай ауданы әкімі аппараты» ММ-нің балансындағы Chevrolet Captiva маркалы автокөлігін аукцион арқылы сату бойынша «2017 жылы жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүлік объектісін бекіту туралы» құжаттары түгенделіп, аудан әкімдігінің «2017 жылы жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүлік объектісін бекіту туралы» қаулысы дайындалды. Мемлекеттік реестр сайтына орналастырылды. Аукцион арқылы сатуға жұмыстар жүргізілуде.

Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданы білім бөлімі «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының теңгеріміндегі Lada 21214 автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 339AS09, шығарылған жылы 2012 жыл, шанақ №ХТА212140С2047437, түсі – ақ автокөлігін Ақтоғай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтоғай ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының  теңгеріміне берілді.

Сарытерек ауылдық округіндегі сот шешімімен иесіз деп танылған 15 нысан коммуналдық меншікке алынды. 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ж.Дүйсебаевтың бекіткен іс-шаралар жоспарының 1, 2 тармақтарына сәйкес Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері тарапынан ұсынылған ақпар негізінде аудандық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тіркеуден өтпеген жалпы объектілер саны – 135, жеке меншік обьектілерінен мемлекеттік тіркеуден өтпегендер саны саны – 176. Бүгінгі күнге  13 жер учаскесі және 1 ғимарат әділет басқармасына тіркелді. 

Жергілікті өзін - өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі іс шараларға сәйкес коммуналдық мүлікті түгендей отырып (оның тіркеу нысанын растайтын құқық белгілеуші құжаттармен қоса)  мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда тіркету жұмыстары ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері тарапынан әліде толық аяқталмай отыр.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района