в актогае 28
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

9 айда атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы ақпар

Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша – 43 мәдени объекті бар: 20 клуб үйі; 19 кітапхана; 2 «Зерде» бейнемобилі;1 мұражай; 1 саябақ.

2018 жылы ауданның мәдениет саласына жергілікті бюджеттен                       231 млн 652 мың теңге қаржы қаралды. Оның ішінде бөлімге – 23 млн 966 мың теңге, мәдени бос уақыт өткізу орталығына – 143 млн 188 мың теңге, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне – 50 млн 122 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу және осы кәсіпорынға қарасты ауылдық клуб үйлерінің жандарында жұмыс жасайтын түрлі үйірмелердің жалпы саны-96, қатысушылар саны 2314. Халыққа мәдени қызмет көрсету барысында жыл басынан1 376 шара өткізіліп,  166 мың көрермен қамтылды. Жалпы жыл басынан бірқатар іс-шаралар атқарылып,  өз жалғасын тауып келеді.

2018 жылы ақпан айында аудандық мәдениет үйінде  ақын Бағдат Мүбарактың «Алтын күрек» атты кітабының тұсау кесері өткізіліп, осы шарада жер-жерден келген ақындар, өнер адамдарымен бірге «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі жоғары деңгейде өнер көрсетті. Наурыз айында күйші Күлмара Рахымбекованың 80 жасқа толуына орай  шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Сондай-ақ аудандық«Жас қанат», «Асыл әже», «Еркетай» байқаулары өткізілді.

Мәдениет саласының бір тармағы көшпелі «Зерде» бейнемобилі. Бұл саланың жұмысын жандандыру мақсатында аудан өнерпаздары«Ақтоғай ауданының  90 жылдығы» және «Астана қаласының 20 жылдығы» бағдарламасы аясында жаңа жылдық бағдарламамен қаңтар айында біраз ауылдық округтерде гастрольдік іс сапарда болып қайтты.

Биылғы жылы да мектеп, мекеме ұжымдары арасында ұйымдастырылатын аудандық сенбілік  кештер өз жалғасын табуда.Ақпан айында «Әңгімесі ауылдың» тақырыбындағы демалу кеші өз көрермендеріне ұсынылды және маусым айнда аудан мекеме мектеп ұжымдарының арасында жарияланған байқауға сәйкес білім бөлімі мен өнер мектебі ұжымдарының концерті өткізілді. Сонымен қатар, Астана қаласының 20 жылдығына және Ақтоғай ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған ауылдық округ өнерпаздарының «Өнерім туған өлкеге» атты фесивалін Жидебай селолық округ өнерпаздары бастады.Маусым айының 10 күні Сарытерек ауылында Нарманбет және Сарытерек ауылдық округ өнерпаздарының концерті өтсе, 14 маусым күні Шашубай кентінде Шашубай, Ортадересін, Тораңғалық ауылдық округ өнерпаздырының концерті болды. 20 маусым күні Қараменде би округ өнерпаздарының концерті өз көрермендеріне ұсынылды.Алдағы уақытта аталған шаралар өз жалғасын табады.

22 мамыр күні селолық клуб үйі қызметкерлерімен «Көпшіліктің бос уақытын тиімді өткізуіне жұмыс жасау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға 19 клуб үйінің меңгерушілері, кәсіпорынның әдіскерлері, мәдениет бөлімінің басшысы қатысты. Семинар барысында клуб меңгерушілері көпшілікпен жасаған жұмыстары жөнінде тәжірибе алмастып, атқарған жұмыстар туралы есептерін берді.

23 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік жиын өтіп, соңынан эстраданың танымал әншілерінің мереке иелеріне арналған концертіне ұласты.

27 маусым күні Ардагерлер ансамблінің 20 жылдықмерейтойы атап өтілді. Аталған шараға «Ардагерлер» ансамблінің көне-көз қария мүшелерімен қатар қазіргі мүшелері шақырылып, арнайы мерекелік грамоталар мен алғыс хаттар және сыйлықтар табысталды.

30 маусым күні Нүркен ауылының 45 жылдығына арналған                    «Тоқырауын толқыны» халықтық ән-би  ансамблінің концертік бағдарламасы ұсынылды. Сонымен қатар тамыз айында Қазақстан Республикасының Конституция күні аталып өтті.

4 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы халқы  тілдері күні мерекесіне және Ақтоғай ауданының 90 жылдық мерейтойына орай «Жырым саған, Ақтоғай» атты аудандық жыр мүшәйрасы өткізілді.

Қыркүйек айының 7-8 күндері ауданымыздың 90 жылдық  мерейтойы аталып өтті.  Аталған шарада ат жарысы, аламан бәйге, спорттық жарыстар және тағыда басқа шаралар ұйымдастырылып, алыс-жақыннан келген қонақтарға  «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблінің мерекелік концерті ұсынылды.

19 қыркүйек күні алдағы «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тест тапсыратын қызметкерлерге «ҚАЗТЕСТ» құрылым жүйесімен және бөліктерімен таныстыру  мақсатында Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері дайындық оқыту дәрісін өткізіп қайтты.

Ағымдағы жылы ауыл клуб үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен6 млн теңге бөлінді. Аталған қаржыға ауылдық клуб үйлеріне  дыбыс күшейткіш аппартуралар, компьютерлер мен бензогенераторлар жәнетоқ кернеуінің күшін реттегіштер алынып, тиісті клуб үйлеріне таратылып берілді.

2018 жылы аудандық мәдениет үйіне 5 млн 749 мың теңгеге және 14 млн 428 мың теңгегеШабанбай би клуб үйіне  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Қызыларай ауылдық клуб үйінің  ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6 млн 466 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде және жалпы соммасы9 млн 988 мың теңгеге Тораңғалық ауылдық клуб үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстарының мемлекеттік сатып алуконкурсы өткізілуде.

Ақтоғай ауданы бойынша кітапханалар саны - 19. Оның ішінде 1 аудандық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, 5 үлгілі кітапхана, 12 ауылдық кітапханалар халыққа қызмет көрсетеді.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша кітап қоры 264 142 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі кітаптар саны 155 596 дана, осы уақытқа дейінгікітап берілімі 183 931 дана.  Жыл басынан 498 ауқымды іс-шара өткізіліп, 9 539 оқырман қамтылды. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі барлық әлеуметтік желілерге тіркелген және атқарылған жұмыстарды үнемі жариялап отыратын өздерінің жеке сайты жұмыс жасайды. Сайт бойынша  барлығы 3 913 қаралым.

Аудандық және Шашубай кент кітапханаларында  ҚР Президенті Қазақстан халқына арнаған кезекті  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы оқырмандар мен кітапханашылар арасында таныстырлып насихатталды. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынов – ұлт көсемі» атты тарихи сағат өткізілді. Ал, аудандық   балалар  кітапханасында  Сталинград   шайқасындағы   Жеңіске 75  жыл  толуына   орай  «Ұрпақтар  ұмытпайтын  - Ұлы  Жеңіс»  атты  еске алу  кеші өткізілді.Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша  атаулы күндер мен барлық мерекелік шараларға орай әр түрлі тақырыптарда дөңгелек үстел, тыңдау сағаты, музыкалық кеш секілді көпшілік шаралар тұрақты ұйымдастырылып отырады.

2018 жылы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің материалдық техикалық базасын  нығайтуға 3 млн 752 мың теңге бөлінді. Оның ішінде  240  мыңға ноутбук,  1 млн 751 мың теңгеге темір стеллаждар, 987 мың теңгеге  кеңсе жиһаздары (балалар кітапханасына балаларға арналған үстел орындық және көрме стелажы, каталог ящигі, қызметкерлерге  арналған жиһаз) және 66 мың теңгеге көрме сөресі алынды. Ал, 708 мың теңгеге жұмсақ жиһаздар алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар мерзімді  басылымдарға  3 млн теңге  қаржы қаралып, аталған қаржыға                   газет-журналдар алынды.

Аудандық археологиялық – этнографиялық  музей қорында барлығы 227жәдігер бар. Оның80негізгі қорда болса, 147қосымша қорда, 66 жәдігерге жаңғырту жұмыстары жүргізілді.  Жалпы музейдежыл басынан барлығы 58 экскурсия, 45 көрме, 20 танымдық дәріс өткізіліп, 3 460 адам қамтылды.

Ағымдағы жылы аналар күні мен Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамдарына және тағы басқа атаулы мерекелерге орай ауыл тұрғындарына жайма көрме ұсынылды. Сонымен қатар, Астана қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ археологиялық университетінің профессор оқытушылары ауданға жұмыс барысымен келіп, музеймен танысып қайтты және Қарағанды қаласынан арнайы келген маман «Бастау Бизнес» жобасы туралы музейде тренинг сабақ өткізді.

14-15 мамыр Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің 40-жылдық мерейтойы аясында өткен Республикалық «Көкжиегі кемел музейлер» фестиваліне Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі қатысып қайтты. «Тың идеяларды іске асырушы» номинациясы бойынша аудандық музейі арнайы диплом және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

26 мамыр Гонког политехникалық университетінің прфессорлары Халықаралық туризим экономикалық ассоциясының мүшелері Стефан Пратт және Тиффани Ченг музейге қонақ болып қайтты.

 21-23  маусымда Ауданымызға «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық жобасы аясында «Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясы 21 маусым күні Ақтоғай ауданына келіп, Ақтоғайдың киелі жерлері: Ақсораң шыңы, Сана би мазары, Желтау, Талды бейіт, Жекежал қыстауларына экспедиция жасады.

 7-8 қыркүйек Ақтоғай ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай Бәйгетөбе баурайында «Ақтоғай тәуелсіздік жылдарында», «Өткен дәуір белестері», «Кеңестік дәуір кезеңдері» тақырыптарына арналған көрме аудан тұрғындарына таныстырылды.Жалпы музейде барлық мереке күндері аясында әр түрлі тақырыптарда көрмелер мен іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ең маңызды міндеттерінің бірі аудан көлемінде тіл саясатын жүзеге асыру болып табылады. Осыған орай «Ақтоғай ауданының Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» 2017 жылдың 28 ақпанында №10/01 аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілді.

Бөлім тарапынан аудан  әкімі аппаратының және оның құрылымдық бөлімдерінің құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне ай сайын тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады.

2018 жылы ағылшын тілін оқытуға 1 млн 370 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда ағылшын курсы бойынша 41 қызметкер оқытылып, сертификаттарға ие болды.

Аудан бойынша жыл сайын мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеуден өткізу жұмыстары жүргізіліп келеді. 2018 жылы «Қазтест» жүйесі бойынша 130 қызметкерді диагностикалық, 20 қызметкерді сертификаттық тестпен қамту жоспарланып отыр.

Аудандық «Тоқырауын тынысы» газетіне мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеріп, насихаттау мақсатында «Тіл тағдыры-ұлт тағдыры» айдарымен  мақалалар тұрақты жарияланып отырады. 2018 жылы  тіл саясатын жүзеге асыру, үш тұғырлы тіл саясаты және латын әліпбиіне көшу тақырыптарында барлығы 55мақала жарық көрді.

Жалпы  мәдени мекемелер алдында ақылы қызмет көрсету жұмыстарын жандандыру, жас мамандарды тарту, халықтық ұжымдардың гастрольдік сапарының аясын кеңейту және мәдениет саласынның қызметін одан әрі жандандыру, сонымен қатар, кітапхан жүйесіндеэлектронды қор қалыптастыру, үлгілі кітапханалар қатарын көбейту міндеттері  тұр.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района