в актогае 23
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Аудан бойынша «агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017 -2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат

Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласы экономикасының негізгі бағыты.

2018 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 10 408,2  млн теңгені құрады.  Оның ішінде: мал шаруашылығы өнімі 6 467,9 млн тг, (102,9 %)өсімдік шаруашылығы 3 884,7 млн. тг, (98,2 %).

 Өткен жылдың мерзімді уақытымен салыстырғанда жалпы өнім көлемі 1 078,5 млн.тг. яғни  111,6 % пайызға артық. Оның ішінде: мал шаруашылығы өнімі 109,6 %,өсімдік шаруашылығы 113,3 %.

2018 жылдың  9 айына  облыс бойынша берілген тапсырмадағы жалпы өнім көлемі 9908,1 млн.теңге. Орындалысы 10 408,2 млн.теңге. 105,05 % пайызға артық. Нақты көлем индексі, өткен жылға тиісті кезеңмен салыстырғанда 101,0 % пайыз.

 

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі.

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлінісі бойынша 2018 жылдың тоғыз айына ауыл шаруашылығы саласына салынатын инвестиция көлемі 404 450,0 млн.теңгеге жоспарланған.

         Бүгінгі күнге орындалысы 404 850,0 млн. теңге. Өткен жылмен салыстырғанда (342,1 млн.тг) 118,3 % ға, тапсырмаға (404,0 млн.тг) салыстырғанда 100,2 пайызға орындалды.

         Оның ішінде ауданның құрлыс және жолаушылар көлігі, тұрғын үй инспекциясы бөліміне  ауыл шаруашылығы саласыбойынша өткізілген құжаттар арқылы ауыл шаруашылық техникалары бойынша 47,0  млн. тг, ауыл шаруашылығы кешендерінің құрылысы 53 млн. 500 мың. тг. салынған мал сою алаңына 4,080 мың. тг. және сатып әкелінген асыл тұқымды ірі қара малдарына 78,04 млн. теңге. Күн сәулесі қондырғыларына 226,3 млн. теңге.

 

Мал шаруашылығы саласы.

 

Аудан бойынша 2018 жылдың 1 қазанына «мал мен құс» басына шығарылған  статистикалық есеп бойынша  ірі қара – 51 000 бас өткен жылмен салыстырғанда 10,3 пайызға,  қой – 78 898 бас, 3,7 пайызға, ешкі – 32 279   бас, 27,9 пайызға, жылқы – 24  476 бас, 16,0 пайызға және құс -14 309 бас 10,4 пайызға арта есептеліп отыр.

         01.10.2018  жылға тірі салмақта өндірілген ет  5 502 тонна, өткен жыл- мен салыстырғанда 102,8%, тапсырмаға 100,4 пайыз. Барлық өндірлген сүт 23 121,6 тонна. Өткен жылмен салыстырғанда 102,8 % тапсырмаға 102,7 пайыз. Барлық алынған жұмыртқа 1 697,8  мың дана. Өткен жылмен салыстырғанда 108,9 % тапсырмаға 109,5 пайызға артық орындалды.

 

Өсімдік шаруашылығы саласы.

 

Аудан бойынша егілген дәнді – дақыл  көлемі барлығы 1800 гектар. Мұның 1710 гектары орылды.  Жалпы бункерлік салмақта барлығы 1582 тонна астық алынды. Әр гектарына 9,2 центнерден айналды. Оның  ішінде 500 гектары бидай, әр гектарынан 7,4 центнерден айналып бункерлік салмақта барлығы 372 тонна, 1110 гектар арпа дақылының, әр гектарынан 10,0 центнерден айналып бункерлік салмақта барлығы 1110 тонна, 100 га сұлы дақылының әр гектарынан 10,0 центнерден бункерлік салмақта барлығы 100 тонна өнім алынды.

         Сонымен қатар шаруа қожалықтары бойынша егілген барлығы 32 гектар картоп  толық жиналды. Әр гектарынан орта есеппен 222 центнерден 710 тонна және 26 гектар көкөністің әр гектарынан  250 центнерден айналып, 650 тонна өнім алынды. Жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша ауылдық округ әкімдіктері тапсырған статистикалық есеп бойынша шығарылады.

Биылғы жылға 247 мың тонна шөп дайындау жоспарланған болса, 247 мың тонна мал азығы дайындалды. (100%) Шабылған шөп толық тасылды.

Мемлекет тарапынан жеңілдікпен күзгі егін орағын жүргізуге бөлінген 55 тонна жанар-жағар майдан  шілде, тамыз айларына берілген 55 тоннасы толық алынды.

         2014 жылы  «Ақтоғай мал өнімдері» ЖШС-і 400 га жерге, 2016 жылы Қараменде би а/о «Қуандық» ШҚ 100га, Кежек а/о «Кежек» ШҚ 100га барлығы 200 гектарға көпжылдық шөп тұқымын септі. Өткен жылы күзгі науқанмен Нүркен ауылдық округіне қарасты «Қояншоқы» ШҚ 120 гектар, Жидебай ауылдық округіне қарасты «Кеңпейіл» ШҚ 221 гектар, барлығы 341 га көпжылдық шөп егілді.Бүгінгі күні сапалы мал азығын дайындауда.

Биылғы күзде тұқымдарын дайындап көпжылдық шөп егуге ниеттенген Қараменде би а/о «Ескендір» Ш/Қ-400 га, Абай а/о «Нұр» Ш/Қ-200 га, Нүркен а/о «Ата-жолы» Ш/Қ-200 га, «Ынталы» Ш/Қ-100 гектар жерді игеруде ауылдық округ әкімдері қозғау салып, ұйымдастыру жұмысын жасамай отыр.

 

Ауыл шаруашылығы техникалары саласы

 

            2018 жылы облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бекітілген жоспары бойынша 48 дана ауыл шаруашылық техникасын алу жоспарланған.

9 айлық жоспар  26 дана, бүгінгі күнге 34 ауыл шаруашылық  техникасы алынып 8 айлық жоспарды 127 % пайызға орындалды.

         Атап айтқанда  5 – дана МТЗ доңғалақты тракторлары, 28 – данасы мал азығын дайындауға арналған қондырғылар.     Қалған 15 дана техниканың 8 данасы бүгінгі күні құжаттарын дайындап отырған Торанғалық ауылдық оуругіне қарасты «Али» ШҚ - 3 дана, Айыртас а/о қарасты «Қаһарман» ШҚ – 2 дана, Нүркен а/о қарасты «Қарашілік» ШҚ -2 дана, «Доңғал» ШҚ – 1 дана шаруашылықтар есебінен сонымен қатар «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие қаражатын алушылар есебінен 7 техника алады. Осы бойынша жылдық жоспарды толығымен орындау мүмкіндігіміз бар.

         Ауылдық округтер бойынша ауылшаруашылық техникасын жаңарту

мақсатында казіргі кездегі мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мол мүмкіндіктерді толыққанды түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз. Жаңартылған ауыл шаруашылық техникаларының жұмысы еңбек өнімділігін арттырудың басты факт осы екені белгілі. Осыған қарамастан мүміндіктері бар Жидебай а/о жоспар 6 дана орындалысы 1 дана,  Қарабұлақ а/о жоспар 5 дана орындалысы 1 дана, Қараменде би а/о жоспар 4 дана орындалысы 1 дана, Сарытерек а/о жоспар 5 дана орындалысы 3 дана, Шабанбай би а/о жоспар 2 дана орындалысы 1 дана. Ал, Тасарал а/о - 1,Торанғалық – 1, Саршыған -1, Шашубай - 1 дана техника алу жоспары мүлде қозғаусыз.

         2018 жылдың 9 айында барлығы  284 өтініш түсті. Мемлекеттік көрсету бағыттарына қарай белгіленген талапқа сай, түгелдей қанағаттандырылды.

 

Ауыл шаруашылығы саласының инфрақұрылымын дамыту.

 

Аудандық мал шаруашылығын дамытудағы  тағы бір шара ол, жайылымдарды суландыру жұмыстары. Бүгінгі күнге ауданның шаруа қожалықтарында 451 құдық бар осы құдықтардың бәрі күрделі жөндеуді талап етеді. Биылғы жылы 2 құдық (ұнғыма) «Гидрогеология» ЖШС-і арқылы Кежек ауылдық округіне қарасты «Саяхат» ШҚ – 1, Нүркен ауылдық округіне қарасты «Қарашоқы» шаруа қожалығына 1 құдық қазылды.  Бүгінгі күнге  жеке кәсіпкер Е.Нуртазин және Ақтоғай селосы «Алаш» АШӨК ұңғыма су көзін қаздыруда. Сонымен қатар Абай ауылдық округінен 7 , Нүркен - 2, Караменде би – 2, Шабанбай би, -2 , Қызыларай – 2, барлығы 15 құдыққа құжат ұсынылып отыр.

Аудан бойынша 283 қыстақтың 86-на ғана электр жүйесі тартылған. Биылғы жылы «күн сәулесі қондырығысын» барлығы 123  шаруашылық орнатты. Оның ішінде Ақтоғай ауылынан-1 Ш/Қ, Абай а/о-10, Айыртас а/о-2, Қараменде би а/о-7, Қарабұлақ а/о-27, Қызыларай а/о-19, Қусақ а/о-7, Кежек а/о-2, Жидебай а/о-17, Шабанбай би а/о-7, Нүркен а/о-16, Сарытерек а/о-6, Ортадересін а/о-2. Бұл ауыл шаруашылығы саласына техникалық қондырғылар алу көзі бойынша 398,0 млн.теңгеге инвестиция салу  мүмкіндігін беріп отыр. Бүгінгі күнге 226,3 млн.теңгесі статистикалық басқармаға тапсырылды.

         Бұлардан тысқары 47 шаруа қожалықтары баламалы тоқ көздерін орнатуға ниет білдіріп құжаттарын ұсынып отыр.

Аудан бойынша етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының орындалу барысы және 7 индикативтік көрсеткештердің орындалысы жөнінде  ақпар.

 

1

 

1200 бас асыл тұқымды импорттық ірі қара аналығын алу.

          Аудан бойынша  импорттық ірі қара мал аналығын алу жоспары екіге бөлінген «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қарағанды облыстық филиалы арқылы  600 бас, 360,0 млн.теңге. және «Аграрлық несиелік корпарациясы» АҚ Қарағанды филиалы бойынша 600 бас, 360,0 млн.теңгеге.

         Казіргі кезде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қарағанды облыстық филиалына аудан бойынша  9 жоба 677 басқа 399 836,8 млн.теңгеге несие қаражатын алуға құжаттар ұсынылды. Жоспар мен салыстырғанда мал басы 12,8 пайызға, несие қаражатын алу 11,1 пайыға артығымен орындалды.

 

  1. Айыртас а/о «Бәйтерек Агро» ЖШС - 39,9 млн.тг – 77 бас
  2. Айыртас а/о «Ерасыл» ШҚ  - 40,0 млн.тг – 70 бас.
  3. Кежек а/о «QazaqMeat» ЖШС – 70 млн.тг. – 130 бас
  4. Кежек а/о «Global Beef Produkts» ЖШС -70 млн.тг – 120 бас
  5. Нүркен а/о «Сәбен» ШҚ – 30 млн.тг – 46 бас
  6. Абай а/о «Бірлік» ШҚ – 32 млн.тг 48 бас
  7. Абай а/о «Айнабұлақ» ШҚ 35,385 млн.тг – 53 бас
  8. Абай а/о «Едіге» ШҚ 35,0 млн.тг – 53 бас
  9. Қарабұлақ а/о «Кенжебек» 52 млн.тг – 75 бас

         Бүгінгі күнге 6 жоба мақұлданып 281,9 млн.теңге қаражат алынды. 491 бас импорттық ірі қара малын әкелуге жұмыстар жасалуда.Өткен аптада Айыртас ауылдық округіне қарасты «Бәйтерек Агро» ЖШС – 77 бас және Абай  ауылдық округіне қарасты «Ерасыл» ШҚ – 75 бас барлығы 152 бас импорттық малды Ресей федерациясы, Татарыстан республикасынаншаруашылықтарға әкелініп карантинге қойылды.5 шаруашылықтың 347 бас малы импорттау бойынша карантинде тұр. Қалған 2 шаруашылық мал іздестіруде.

         Сонымен қатар Ресей федерациясының Алтай өңіріненНүркен ауылдық округінен «Дидар» шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен 41 бас құнажын, 2 бас аталық мал әкелді. Карантиге қойылып, АШБ дерекқорына жән АТЖ бағдарламасына енгізілді.

         Ал, «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ Қарағанды филиалы бойынша жоспарға қойылған 600 бас импорттық ірі қара аналық мал басын алуға ешқандай жоба ұсынылмай отыр. Жоғарыда айтылған Абай, Айыртас, Кежек, Нүркен және Қарабұлақ ауылдық округтерінен басқа округтер бұл бағытта ешқандай жұмыс жүргізіп отырған жоқ.

 

 

2

        

  1. жергілікті жерден ірі қара аналығын сатып алу

         Аудан бойынша  ірі қара малы аналығының үлес салмағын арттыру мақсатында фермерлік шаруашылықтарға 1200 бас аналық алу жоспары бекітіліп. Бұл да екіге бөлінген «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қарағанды облыстық филиалы арқылы  600 бас, 150,0 млн.теңге және «Аграрлық несиелік корпарациясы» АҚ Қарағанды филиалы бойынша 600 бас, 150,0 млн.теңгеге.

         Қазіргі кезде «нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында  «АШҚҚ» АҚ – Қарағанды филиалына 36 жоба ұсынылып 132,3 млн.тг. қаржыландырылды. Мұның  75,0 млн. теңгесі 239 бас аналық мал басын алуға берілген. Яғни жоспардың (600 бас) орындалысы 39,8 пайыз. Ал, «Ақтоғай» НС арқылы 17 жоба мақұлданып 41,0 млн.тг қаржы берілді. Бұған 214 бас аналық мал алынады.Яғни жоспардың (600 бас) орындалысы 34 пайыз.

         Жыл басынан бері асыл тұқымды мал басының үлес салмағын арттыру мақсатында өз қаражаттары есебінен  Айыртас ауылдық округіне қарасты «Бәйтерек-Агро» ЖШС-і «Алабота» асыл тұқымды зауытынан 35  құнажын Қызыларай а/о қарасты «Қасымбек» ШҚ-ы Шет ауданына қарасты «Ауғанбай» асыл тұқымды шаруашылықтан 25 бас, ауданға қарасты «Кәрім» ШҚ – нан  Жидебай а/о қарасты «Сарыөзек» ШҚ – 1 бас, «Бақыт» ШҚ – 10 бас, Кежек а/о қарсты «Жігер» ШҚ – 39 бас барлығы 110 бас алынды.

         Жалпы мал басын қосқанда 553 басты құрайды. Яғни (1200 бас) жоспардың орындалысы  46 % пайыз. Бұл бағытта шаруашылықтар мен жеке кәсіпкерлерді тарту   Тасарал, Торанғалық ауылдық округтері бойынша қолға алынбай отыр.

 

3

 


ҰММ малды сатып алу тапсырмасы 2250 бас.

         Бүгінгі күнге «Ақтоғай» несиелік серіктестігінен Ақтоғай селосының тұрғыны жеке кәсіпкер Н.Метжанов 96 бас тұсақ қой малын сатып алуға 5,9 млн.теңгеге несие қаражатын алды. Казіргі кезде «Ақтоғай» НС арқылы ұсақ малбасына арналған «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Нүркен а/о «Медеу» ШҚ – 125 бас, - 3,75 млн.тг,«Руслан» ШҚ – 6,0 млн.тг – 200 бас, Жидебай а/о «Нұрсұлтан» ШҚ – 217 бас, - 6,5 млн.тг,«Самал» ШҚ – 324 бас, - 9,7 млн.тг, «Азамат» ШҚ – 237 бас, - 7,1 млн.тгқұжаттары рәсімделуде. Барлығы 33,05 млн.тг несие қаражатына 1199 бас ұсақ мүйізді мал алынбақ. Бұл жоспар орындалысының 53,3 % пайызы. Бүгінгі күні 2 жоба мақұлданған.

 

 

 

 

4

 

ІҚМ  аналығын тұқымдық түрлендіру бағдарламасына қатысуын 30 % пайыздан асыру.

 

         Жарты жылдық санақ қорытындысы бойынша барлық шаруашылық санаттарындағы ірі қара аналық мал басы  25536 бас мониторинг бойынша тұқым түрлендіру бағдарламасы бойынша ақпараттық талдау жүйесіне тіркелген 155 шаруашылық бойынша енгізілгені 16 069 бас (70 %) оның ішінде субсидиялауға жататын аналық мал басы 8955(35,07 %)

 

5

 

Асыл тұқымды бұқаларды жалға алу

 

         Асыл тұқымды аталық малдарды жалға алу тапсырмасы 46 бас, орындалысы  164 бас. (2 есе %) Атап айтқанда Бұқар-Жырау ауданындағы «Жаке» шаруа қожалығынан  62 бас, Ақмола облысындағы «Sc Food»ЖШС-нен 2017 жылы 66 бас, 2018 жылы 36 бас аталық мал жалға алынды.

 

6 666

 

Мал бордақылау алаңдарын бұқашықтар тапсырутапсырма 1175 бас.

         Аудан бойынша бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу тапсырмасы 1175 бас, бүгінгі күнге тапсырылғаны 204 бас.Орындалысы 8,8 %.Мониторин бойынша өтіп тұрғаны 74 бас, орындалысы 6,3 %.

 

  1. АПХ «Сарыарқа» ЖШС – не тапсырылғаны

 а) Айыртас а/о «Қаһарман» ШҚ – 38 бас, орта салмағы – 9,880 тонна

      б) Айыртас а/о «Қуаныш» ШҚ – 14 бас, орта салмағы – 3,640 тонна

      в) Қусақ а/о «Рахат» ШҚ – 30 бас, орта салмағы – 7,8 тонна

      г) Қусақ а/о «Екпін» ШҚ – 22 бас, орта салмағы – 5,720 тонна

      д) Шабанбай би а/о «К- Мадияр» ШҚ – 100 бас, орта салмағы 22,0 тонна

АШБД (ИСЖ), АТЖ (ИАС) бағдарламалары бойынша шығаруға құжаты рәсімделуде.

 

7

 

Аудан бойынша 116,0 тонна ет экспортқа тапсыру тапсырмасы.

         Ақтоғай ауданы бойынша ірі қара етін экспортқа шығару жоспары 116 тонна бүгнігі күні төмендегі шаруашылықтар бойынша 168 бас ірі қара малдары орта салмақта 37,1 тонна және 508 бас ұсақ мал орта салмағы 10,2 тонна  барлығы  47,3 тоннает өткізіліп отыр. Орындалысы 41 %.

  1. Оңтүстік Қазақстан облысы «Қайып Ата» ШҚ – на

а) Абай  а/о «Айнабұлақ» ШҚ - 16 бас, орташа салмағы 3,2 тонна

б) Абай а/о «Жапекен» ШҚ – 30 бас, орташа салмағы – 6,0 тонна

г)  Абай а/о «Алаш Агро» АШӨК – 27 бас, орташа салмағы – 5,4 тонна

АШБД (ИСЖ), АТЖ (ИАС) бағдарламалары бойынша шығарылған құжаты берілген.

2. Ақмола облысы «Agro Export LTD» ЖШС – не

а) Жидебай а/о «Жарас» ШҚ – 36 бас, ората салмағы – 9,7 тонна

б) Жидебай а/о «Балауса» ШҚ – 19 бас, ората салмағы – 4,8 тонна

АШБД (ИСЖ), АТЖ (ИАС) бағдарламалары бойынша құжаттары толық рәсімделген.

3. Ақмола облысы «Астана Агро Продукт» ЖШС – не

г) Қызыларай а/о «Қасымбек» ШҚ – 20 бас, ората салмағы – 4,0 тонна

д) Қызыларай а/о «Жанболат» ШҚ – 10 бас, ората салмағы – 2,0 тонна

ж) Қызыларай а/о «Шұғыла» ШҚ – 10 бас, ората салмағы – 2,0 тонна

АШБД (ИСЖ), АТЖ (ИАС) бағдарламалары бойынша шығарылған құжаты тіркеулі.

 4. Қарағанды облысы «Арай КZ»ЖШС – не

     А) Қарабұлақ  а/о «Азамат - Қарасу» ШҚ – 403 бас, ората  салмағы – 4,5 тонна

Б)  Қарабұлақ а/о «Айнур» ШҚ –  105 бас, ората салмағы – 2,1 тоннаБарлығы 508 бас орта салмақта 10,2 тонна қой еті экспортқа шығарыллды.

     Казіргі кезде АШБД (ИСЖ), АТЖ (ИАС) бағдарламалары бойынша шығаруға құжаты рәсімделуде.

         Осы аптада Қарабұлақ а/о «азамат - Қарасу» ШҚ - нан 200 бас, Шабанбай би а/о «Ордабек» ШҚ – 100 бас, барлығы 300 бас мал салынбақ.

 

   Басшы                                                            Н.К.Жанабергенов

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района