в актогае -1
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
Мобильная версия

Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

 

 

Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру  бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

v өтініш;

v  көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

v  баланың тууы туралы куәлігінің көшірмелері (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

v мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан мемлекеттік қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

v табысы туралы мәлімет (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы адамдардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар табыстары)

v  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі.

v  отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау негізінде, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттар негізінде қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуға тегін жодама беру туралы білім беру ұйымдары алқалы басқару органдарының шешімінің көшірмесі;

v  даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультациялардың медициналық қорытындысының көшірмелері;

v көрсетілетін қызметті алушының флюросуретімен қоса денсаулық жағдайы туралы (медициналық паспорты) анықтама (болған жағдайда).
 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру:

Ақтоғай селосы, Нарманбет көшесі, 6А мекенжайы бойынша 1 қабатта орналасқан «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ № 3 кабинетіне  дүйсенбі - жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00 – 14.30 дейін.

Жұмыс телефоны: (871037) 30144.

2) Ақтоғай өңірінің жалпы білім беру мектептерінен.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района