в актогае -3
USD 379.29
EUR 426.40
RUB 5.93
Мобильная версия

Аудан бойынша кәсіпкерлерге коммерциялық нысандар құрлысы үшін жер телімдері (23.10.2018)

Ағымдағы жыл басынан «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы, «Жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін беру туралы аудандық комиссияға» (бұдан әрі – Комиссия) жеке және заңды тұлғалардан 271 өтініш ұсынылды. Комиссия отырысының саны -13. Заңды тұлғалардан -40, шаруа қожалық жетекшілерінен -9, жеке тұлғалардан -222 өтініш. Нәтижесінде комиссия мүшелерінің қолдауымен 184 өтініштер мақұлданып,құжаттарын құзыретті органдарда рәсімдеуге ұсынылды, 5 өтініш иелерініңжер телімдерінің пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарға тиісті шешім қабылдауға ұсыныс жолданды, 2 өтініш иелеріне комиссияға жер телімін рәсімдеуге қажетті құжаттарды ұсыну жөнінде түсіндірілді.

Ақтоғай ауданының елді мекен орталықтарында кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында, кәсіпкерлерге коммерциялық нысандар құрылысы үшін анықталған жер телімдерінің тізімі мен көлемі.

Жалпы аудан бойынша – 66 жер телімі, 11,5 гектар.

  1. Ақтоғай ауылы – 12 жер телімі, 1,8 гектар.
  2. Жидебай ауылдық округі, Сәуле ауылы – 4 жер телімі, 1,0 гектар.
  3. Қараменде би ауылдық округі, Ақтас ауылы – 4 жер телімі,1,0 гектар.
  4. Қызыларай ауылдық округі, Ақжарық ауылы – 5 жер телімі, 1,0 гектар.
  5. Сарытерек ауылдық округі, Сарытерек ауылы – 6 жер телімі, 1,2 гектар.
  6. Қарабұлақ ауылдық округі, Нарманбет ауылы – 3 жер телімі, 1,5 гектар.
  7. Тораңғалық ауылдық округі, Тораңғалық ауылы – 15 жер телімі, 2,25 гектар.
  8. Шашубай кенті – 5 жер телімі, 0,75 гектар.
  9. Сарышыған кенті – 12 жер телімі, 1,0 гектар.

Аудан әкімдігі жанындағы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу мақсатындағы жерді жалға беру конкурстарын өткізу үшін құрылған комиссияның ұйымдастыруымен  2018 ж. 1 конкурс (12 участок, 16 738 гектар) өткізіліп, жеңімпаздарға жалға берілді.

2018 жылы ауыл шаруашылық жерлерін түгендеу барысында, пайдаланбай отырған 40 шаруа қожалық жерлері қайтарылып, аудандық жер қорына алынды

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района