в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

2018 жылғы мемлекеттік сатып алудың жоспары

Ақтоғай ауданы бойынша 2018 жылғы  бекітілген бюджет  бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға жоспарланған қаражат  көлемі 2 млрд 053 млн 016 мың теңгеге  жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алудың веб-порталына енгізілген жоспар 1 млдр 262 млн 510 мың теңгеге орналастырылды.  Оның ішінде:

  • 78  ашық конкурс жалпы сомасы 726 млн 369 мың теңге;
  • 1 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу - 1 млн 786 мың тг;
  • 934 баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша - 160 млн 047 мың теңге;
  • 1297 бір көзден сатып алу тәсілі бойынша -374 млн 308 мың теңге.

 2018 жылға Ақтоғай  ауданы  бойынша  мемлекеттік  сатып  алудың  және өткізудің бірыңғай  ұйымдастырушысы арқылы өткізілетін 17 конкурс 172 млн 301 мың теңгеге жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып  алудың  веб порталына 7  ашық   конкурс    69 млн 317 мың   теңгеге жарияланып, түскен өтінімдер қаралу үстінде.

Бюджеттік бағдарлама  әкімгерлері  бойынша 

- баға  ұсыныстарын сұрату бойынша тәсілімен  97 шарт, 41 млн 258  мың теңгеге келісім шартқа отырды.

- бір көзден тікелей сатып алу тәсілімен  425 шарт 331 млн 894 мың  теңгеге  келісім   шартқа отырды. 

- өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу тәсілімен  33 шарт,  612 млн 813 мың теңгеге келісім шартқа отырды.

- мемлекеттік  сатып  алудың  веб порталына  40  ашық  конкурс                450 млн 728  мың  теңгеге жарияланды. 

2018 жылы күрделі жөндеу жұмыстары 5 мектеп, 1 интернат 35 млн 975 мың теңгеге және 7 ауыл әкімдіктерінің ғимараттарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 49 млн 942 мың теңгеге, 2 мәдениет ошақтарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 20 млн 177 мың теңгеге  жоспарланып отыр.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района