в актогае 5
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
Мобильная версия

Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

 

Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 3414 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі қаулы етеді:
      1. Қоса берілген:
      1) "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
      2) "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы 2 жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық рязрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) "Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентібекітілсін.
      2. Қарағанды облысының әкімдігінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 33/04 "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2706 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 шілдедегі № 137-138 (21782) "Орталық Қазақстан", 2014 жылғы 7 тамыздағы № 147-148 (21657-21658) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 19 тамызында жарияланған) күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкiмiнiң жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қарағанды облысының әкімі

Н. Әбдібеков


 

 

 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 12 тамыздағы
№ 45/08 қаулысымен 
бекітілді

"Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген) бекітілген "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес "Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет көрсетуші). 
      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады. 
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі спорттық разряд беру туралы куәлік, біліктілік санатты беру туралы куәлік немесе спорттық разрядты, біліктілік санатты (бұдан әрі – куәлік немесе бұйрықтың көшірмесі) беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсынудың нысаны: қағаз түрінде.
 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшiн қызметті алушы стандарттың  9-тармағында көрсетілген құжаттарды ХҚКО тапсырады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның нәтижесі, оны орындау ұзақтығы:
      1) жауапты орындаушының стандарттың 9-тармағына сәйкес келетін құжаттар қабылдауы және тіркеуі, 15 минут;
      нәтижесі – тіркелген құжаттар;
      2) құжаттарды тіркегеннен кейін жауапты орындаушы он төрт күнтізбелік күннің ішінде қызмет алушының құжаттарын спорттық разрядтар мен санаттарды беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) отырысына қарау үшін дайындауды жүзеге асырады;
      нәтижесі – стандарттың 9-тармағына сәйкес келетін құжаттар;
      3) құжаттар комиссия отырысына келіп түскен кезде, құжаттарды қарау және комиссия отырысы хаттамасына қол қою 1 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады; 
      нәтижесі – комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы; 
      4) комиссия отырысы хаттамасының негізінде спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарды беру туралы бұйрығын (бұдан әрі – бұйрық) дайындау, қол қою және тіркеу үш күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады;
      нәтижесі – бекітілген бұйрық;
      5) бекітілген бұйрықтың негізінде қызмет берушінің жауапты орындаушысы 1 күнтізбелік күннің ішінде спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарды беру туралы куәлікті және (немесе) жасауды жүзеге асырады; 
      нәтижесі – дайын куәліктер және (немесе) бұйрықтың көшірмесі; 
      6) қызмет берушінің жауапты орындаушысы 1 күнтізбелік күн ішінде куәлікті және (немесе) бұйрықтың көшірмесін қызмет берушінің кеңсесіне ХҚКО-ға тапсыру үшін жіберуді жүзеге асырады; 
      нәтижесі – сұрау салудың шығыс номері. 
 

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) қызмет берушінің жауапты орындаушысы;
      2) комиссия мүшелері;
      3) қызмет берушінің басшылығы; 
      4) қызмет берушінің кеңсесі.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдық) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің құжаттарды тапсырған күні қабылдау және тіркеуі, 15 минут;
      2) он төрт күнтізбелік күн ішінде жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын комиссия мүшелерінің қарауы үшін дайындауды жүзеге асыру;
      3) құжаттарды қарау және бір күнтізбелік күн ішінде комиссия мүшелерімен комиссия отырысының хаттамасына қол қою;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бұйрықтың жобасын дайындап бір күнтізбелік күн ішінде қызмет берушінің басқарма басшысына бұрыштама қоюға жібереді; 
      5) жауапты орындаушы бұйрық бір күнтізбелік күн ішінде тіркейді; 
      6) бір күнтізбелік күн ішінде қызметті берушінің жауапты қызметкерінің бұйрық негізінде куәлікті кеңсеге рәсімдеуі және тапсыруы; 
      7) жауапты орындаушы дайын куәлікті және (немесе) бұйрықтың көшірмесін қызмет берушінің кеңсесінен кейін ХҚКО жіберу үшін жібереді. 
 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. ХҚКО-на жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 
ХҚКО жүгінеді және қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Қажеттілігіне байланысты портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық кезекті "броньдауына" болады;
      2) ХҚКО қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толтыру дұрыстығын және толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады;
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш өзіне бергендегі қолхатын ұсына отырып, ХҚКО өтініш жасайды;
      2) 15 минут ішінде ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті және (немесе) бұйрықтың көшірмесін береді. 
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. 
 

 

"Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне
кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және 
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты 
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi 
санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты
әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты 
нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi 
біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет регламентіне 
қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы 

http://adilet.zan.kz/files/0674/00/0.jpg
 

http://adilet.zan.kz/files/0674/00/1.jpg
 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 12 тамыздағы
№ 45/08 қаулысымен 
бекітілді

"2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №№ 11276 тіркелген) "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Қарағанды облысы аудандарының, қалаларының дене шынықтыру және спорт бөлімдерімен көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет көрсетуші). 
      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті өабылдау және нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады. 
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі спорттық разряд беру туралы куәлік, біліктілік санатты беру туралы куәлік немесе спорттық разрядты, біліктілік санатты (бұдан әрі – куәлік немесе бұйрықтың көшірмесі) беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсынудың нысаны: қағаз түрінде.
 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшiн қызметті алушы стандарттың  9-тармағында көрсетілген құжаттарды ХҚКО тапсырады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның нәтижесі, оны орындау ұзақтығы:
      1) жауапты орындаушының стандарттың 9-тармағына сәйкес келетін құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, 15 минут;
      нәтижесі – тіркелген құжаттар;
      2) құжаттарды тіркегеннен кейін жауапты орындаушы он төрт күнтізбелік күннің ішінде қызмет алушының құжаттарын спорттық разрядтар мен санаттарды беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) отырысына қарау үшін дайындауды жүзеге асырады;
      нәтижесі – стандарттың 9-тармағына сәйкес келетін құжаттар;
      3) құжаттар комиссия отырысына келіп түскен кезде, құжаттарды қарау және комиссия отырысы хаттамасын қол қою 1 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады; 
      нәтижесі – комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы; 
      4) комиссия отырысы хаттамасының негізінде спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарды беру туралы бұйрығын (бұдан әрі – бұйрық) дайындау, қол қою және тіркеу үш жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады;
      нәтижесі – бекітілген бұйрық;
      5) бекітілген бұйрықтың негізінде қызмет берушінің жауапты орындаушысы 1 күнтізбелік күннің ішінде спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарды беру туралы куәлікті жасауды жүзеге асырады; 
      нәтижесі – дайын куәліктер және (немесе) бұйрықтың көшірмесі; 
      6) қызмет берушінің жауапты орындаушысы 1 күнтізбелік күн ішінде куәлікті және (немесе) бұйрықтың көшірмесін қызмет берушінің кеңсеханасына ХҚКО-ға тапсыру үшін жіберуді жүзеге асырады; 
      нәтижесі – сұрау салудың шығыс номері. 
 

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) қызмет берушінің жауапты орындаушысы;
      2) комиссия мүшелері;
      3) қызмет берушінің басшылығы; 
      4) қызмет берушінің кеңсесі.
      7. Әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды н тапсырған күні қабылдауы және тіркеуі, 15 минут;
      2) құжаттарды тіркеген соң он төрт күнтізбелік күн ішінде жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын комиссия мүшелерінің отырысына қарауы үшін дайындауды жүзеге асыру;
      3) комиссия мүшелерімен құжаттарды қарау және бір күнтізбелік күн ішінде комиссия отырысының хаттамасына қол қою;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бұйрықтың жобасын дайындап бір күнтізбелік күн ішінде қызмет берушінің басқарма басшысына бұрыштама қоюға (қол қоюға) жібереді; 
      5) жауапты орындаушы бұйрықты бір күнтізбелік күн ішінде тіркейді;
      6) бір күнтізбелік күн ішінде қызметті берушінің жауапты қызметкерінің бұйрық негізінде куәлікті рәсімдеуі және кеңсеге тапсыруы; 
      7) жауапты орындаушы дайын куәлікті және (немесе) бұйрықтың көшірмесін қызмет берушінің кеңсесіне кейін ХҚКО жіберу үшін жібереді. 
 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. ХҚКО жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 
ХҚКО жүгінеді және қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Қажеттілігіне байланысты портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық кезекті "броньдауына" болады;
      2) кеңсе қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толтыру дұрыстығын және толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кездегі қолхатын ұсына отырып, ХҚКО өтініш жасайды;
      2) ХҚКО қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті және (немесе) бұйрықтың көшірмесін береді.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
 

 

"2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы,
2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық 
разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта 
деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты 
әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi 
екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района