в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2018 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары жөнінде ақпар

Ауыл шаруашылығы ауданымыздың экономикасының негізгі бағыты.

2018 жылдын 8 айында ауыл шаруашылығында

жалпы өнім көлемі 7783,4  млн теңгені құрады. 

Нақты көлем индексі 101,2

Оның ішінде: мал шаруашылығы өнімі 5216,2 млн тг, (102,2%)

                   өсімдік шаруашылығы 2,519 млн тг, (101,2%)

2018 жылдың 9 айында  жалпы өнім көлемі 9908,0 млн.теңгені құрап нақты көлем индексі 101,4 % болады деп болжануда.

Ауданның экономика бөлімімен бірге отырып 2018 жылға арналған ауылшаруашылық саласының экономикалық даму жоспары жасалып облыстық ауылшаруашылық басқармасында бекітілді. 2018 жылға нақты көлем индексін 102,3% аяқтау жоспарланды. Оның ішінде: мал шаруашылығы өнімі 9989,0 млн.тг, (103,5 %), өсімдік шаруашылығы 4695,5 млн.тг, (103,5). Барлығы 14684,5 млн.тг.

 

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі.

 

  • 2018 жылға 9   айына жоспар 40400,0 мың.тг.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлінісі бойынша 2018 жылдың тоғыз айына ауыл шаруашылығы саласына салынатын инвестиция көлемі 404 450,0 млн.теңгеге жоспарланған. Бүгінгі күнге орындалысы 100,2%.

Оның ішінде ауданның құрлыс және жолаушылар көлігі, тұрғын үй инспекциясы бөліміне  ауыл шаруашылығы саласыбойынша өткізілген құжаттар арқылы ауыл шаруашылық техникалары бойынша 47 млн.мың.тг, ауыл шаруашылығы кешендерінің құрылысы 53млн. 500 мың тг, салынған мал сою алаңына 4,080 мың. тг. және сатып әкелінген асыл тұқымды ірі қара малдарына 78,04 млн. теңге. Күн сәулесі қондырғыларына 221,5 млн. теңге.Барлығы ауыл шаруашылығы саласына  404 450,0 млн. теңге инвестициялық салымдар түсті.

Мал шаруашылығы саласы.

 

Аудан бойынша 2018 жылдың 1 қыркүйегіне есептелген жалпы шартты мал басы 86,0 мың бас. Бұл өткенжылмен салыстырғанда 115,4 пайыз, яғни 15,4 пайызға артқан.

            Мал мен құс басының 2018 жылдың қыркүйек айына ірі қара-53 303 бас өткен жылмен салыстырғанда 102,7 пайыз,  қой -ешкі 118 998   бас 102,1 пайыз, жылқы – 25 476 бас 115,0пайыз және құс-16726 бас 102,5 пайызға есептеліп отыр.

         01.09.2018  жылға тірі салмақта өдірілген ет  4 144 тонна,өткен жыл мен салыстырғанда 101,8% пайыз. Барлық өндірлген сүт20 387,7 тонна. Өткен жыл мен салыстырғанда 102,4% пайыз. 2,4 пайызға артқан.Барлық алынған жұмыртқа 1535,5 мың дана. Өткен жыл мен салыстырғанда 110,2 % пайыз. Яғни 10,2 пайызға артық орындалған.

01.10.2018 жылға тірі салмақта өндірілетін ет 5480 тонна 102,5, сүт 23180 тонна 103,0%, жұмыртқа 1,55 млндана 111,0 %-ға орындалуы жоспарлануда.

           Ауданға  биылғы  2018 жылы етті мал шаруашылығын дамыту салалық бағдарламасының  индикативтік көрсеткіштері бойынша биылғы жылға ет экспортының жоспары 116 тонна, яғни мал семірту алаңдарына 1175 бас бұқашықтар өткізу керек, жоспар 2018 жылға ірі қара малдарының аналық басымен селекциялық жұмыс жүргізген шаруашылықтар бойынша есептеліп ауылдық округтерге бөлініп таратылып облыстық ауылшаруашылық басқармасына тапсырылды. Осы уақытқа Өзбекистан Республикасына Түркістан облысындағы ЖШС «Қайып-Ата» арқылы Абай ауылдық округінен 73 бас бұқашықтар салмағы 14,6 тонна өткізілді, бұл көрсеткіш жаспардың 7,9 пайызын құрайды. Алдағы уақытта «Қайып-Ата» ЖШС-не округтар бойынша өткізетін мал басы анықталып, жіберіліп келіп әкетілуі күтілуде.  Бұхар- Жырау ауданындағы  «Жаке» және Абай ауданындағы «Сарыарқа»   мал семірту алаңына ауылдық округ әкімдері арнайы  барып мал семірту алаңының басшыларымен кездесіп , алдағы уақытта ет экспортын орындауға бірлесіп жұмыс ұйымдастыруға Айыртас а/о «Қахарман» ш/қ 16 бас бұқашыққа келісіп қайтып. Бүгінгі күнге ауданның  шаруа қожалықтары «Жаке» шаруашылығынан селекциялық жұмыс жүргізуге пайдалануға жалға 35 бас аталық мал  әкелді, қосымша етке өткізетін малдарға келісім шартқа отырды. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасуда. Жалпы биылғы жылға Ақмола облысындағы  ЖШС «SC Food» мал семірту алаңынан 61 бас аталық  мал  жалға алынды. Ауданға берілген тапсырма 46 болса бүгінгі күнге 96 басартығымен жалға әкелінді. СПК «Сарыарқа»-ға Айыртас а/о «Қахарман» ш/қ 16 бас өткізді, алдағы уақытта  «Қуаныш» ш/қ 14 бас және Айыртас ауылдық округінен және тұрғындарға қосымша мал өткізуге келісті.

Ірі қара малдарын асыл тұқымды аналығын импорттау(несиелендіру жолымен) 2018 жылға жоспар 1200 бас бұл бағытта Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау АҚК  қоры арқылы 577 басқа 7 жоба 333,9 млн.теңгеге несие қаражатын алуға құжаттар ұсынылды.

1.Айыртас а/о «Ерасыл» ШҚ  - 40,0 млн.тг – 75 бас.

2.Айыртас а/о «Байтерк-Агро» ЖШС -39,9 млн.тг – 77 бас

3.Кежек а/о «QazaqMeat» ЖШС – 70 млн.тг. – 125 бас

4.Кежек а/о «Global Beef Produkts» ЖШС -70 млн.тг – 125 бас

5.Нүркен а/о «Сәбен» ШҚ – 30 млн.тг – 50 бас

6.Абай а/о «Бірлік» ШҚ – 32 млн.тг 45 бас

7.Қарабұлақ а/о «Кенжебек» 52 млн.тг – 80 бас

«Сыбаға» бағдарламасы арқылы шетелден асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып әкелуге «Байтерек-Агро» ЖШС-ға несие соммасы 39,9 млн тн. сатып әкелетін 77 бас,  «Ерасыл» шаруа қожалығы несие соммасы  40 млн тн.  сатып әкелетін 73 бас барлығы 150 ірі қара малдарына ұсынған нұсқасы мақұлданды тақау күндері әкелінуі күтілуде. 

Фермерлік шаруашылықтардың аналық ірі қара малын сатып алу бойынша биылғы жылға берілген 1200 бас, кәзіргі күнге 17 шаруашылық «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламысы арқылы алынған несиеге 210 бас ірі қара малдарын сатып алса,  4 шаруа қожалығы өз қаржыларына  105 бас ақ бас тұқымды ұрғашы тайыншалар сатып әкелді .

Мал бордақылау алаңдарын бұқашықтар тапсыру тапсырма 1175 бас.

Үстіміздегі жылдың шілде айында ауылдық округ әкімдері және АШТӨ жетекшілері 2 реттен  СПК «Сары арқа» және «Жәке» шаруа қожалығында болды. Барлық талаптар мен түсінісіп кеңесті. 10- 11 тамыз аралығында СПК «Сары арқа» өкілдері келіп 7 ауылдық округтің шаруашылықтарын аралап малды көріп алдын-ала келісім жасасты. Бүгінгі күні Айыртас ауылдық округіне қарасты «Қаһарман» шаруа қожалығы жетекшісі Б.Жапенов тірі салмағы 6,6 тонна 16 бас бұқашық тапсырды. Және осы округке қарасты «Қуаныш» шаруа қожалығы жетекшісі Аманкулова Ғ. 14 бас бұқашықты өткізуге СПК «Сары арқа» -мен шарт жасасып әкететін көлікті күтуде.

Қарағанды облысындағы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалынан алынған мәлімет бойынша, бүгінгі күнге  «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламысы арқылы Ақтоғай ауданынан  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алуға 40 қатысушыдан 151,09 млн тг. өтінім түскен яғни жарты жылдық жоспардың  орындалысы 85%.

Ауданда апта сайын ауылшаруашылық өнімдері жәрменкесі ұйымдастырылып өтуде.

Жалпы, жыл басынан аудан бойынша 34 рет  жәрменке өтіп, 42 млн.50 мың теңгеге  АШТӨ-лері өнімдерін тиімді бағада село тұрғындарына саудалады.

 

 

 

 

 

Өсімдік шаруашылығы саласы.

 

Аудан бойынша күзгі жиын – терін жұмыс жоспары бекітіліп, науқандық жұмыстың ауылдық округтер бойынша қортынды мәліметтері жинақталып облысқа жолданды. Аудан бойынша егілген дәнді – дақыл  көлемі барлығы 1800 гектар.

         Мұның 1710 гектары орылды.  Оның500 гектары бидай, әр гектарынан 7,4 центнерден айналып бункерлік салмақта барлығы 372 тонна, 1110гектар арпа дақылының, әр гектарынан 10,0 центнерден айналып бункерлік салмақта барлығы 1110 тонна, 100 га сұлы дақылының әр гектарынан 10,0 центнерден бункерлік салмақта барлығы 100 тонна өнім алынды. Бункерлік салмақта барлығы 1582 тонна астық алынды. Әр гектарына 9,2 центнерден айналды.

         Сонымен қатар шаруа қожалықтары бойынша егілген барлығы 32 гектар картоп  толық жиналды. Әр гектарынан орта есеппен 222 центнерден 710 тонна және 26 гектар көкөністің әр гектарынан250 центнерден айналып, 650 тонна өнім алынды.

Биылғы жылға 247 мың тонна шөп дайындау жоспарланған болса 247 мың тонна мал азығы дайындалды. (100%)Шабылған шөп толық тасылды.

Мемлекет тарапынан жеңілдікпен күзгі егін орағын жүргізуге бөлінген 55 тонна жанар-жағар майдан  шілде, тамыз айларына берілген 55 тоннасы толық алынды.

         2017 жылы мемлекет тарапынан өсімдік шаруашылығын қолдауға оның ішінде  сапалы тұқым  алған 3 шаруашылық 437,7 мың теңге, әр гектарына төленетін субсидияға 2 шаруашылық өтінім беріп, 3 410,0 мың.теңге алды.

         2014 жылы  «Ақтоғай мал өнімдері» ЖШС-і 400 га жерге, 2016 жылы Қараменде би а/о «Қуандық» ШҚ 100га, Кежек а/о «Кежек» ШҚ 100га барлығы 200 гектарға көпжылдық шөп тұқымын септі. Бүгінгі күні сапалы мал азығын дайындауда

Күзгі науқанмен Нүркен ауылдық округіне қарасты «Қояншоқы» ШҚ 120 гектар, Жидебай ауылдық округіне қарасты «Кеңпейіл» ШҚ 221 гектар, барлығы 341 га көпжылдық шөп егілді.Биылғы күзде Қараменде би а/о «Ескендір» Ш/Қ-400 га, Абай а/о «Нұр» Ш/Қ-200 га, Нүркен а/о «Ата-жолы» Ш/Қ-200 га, «Ынталы» Ш/Қ-100 гектар жерге көпжылдық шөп егуге тұқымдарын дайындап отыр.

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы техникалары саласы

                     Аудан бойынша 2017 жылы лизинг және өз қаражаттары есебінен 7 дана доңғалақты трактор және 15 дана өзге ауыл шаруашылық техникалары алынды. Жалпы соммасы 79,4 млн. теңге. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық техникасының субсидялау бойынша 33,6 млн.тг қайтарылып алынды. Яғни 42,3 пайызды құрайды. 2018 жылы облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бекітілген жоспары бойынша 48 дана ауыл шаруашылық техникасын алу жоспарланды.

          Бүгінгі күнге аудандық шаруашылықтары 5-трактор, 28-ауылшаруашылық техникасын жаңадан алды. Аудан бойынша ауылшаруашылық техникасын жаңарту мақсаты бойынша облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бекітілген жоспары бойынша 8 айда  22 ауыл шаруашылық техникасын алу керекболса бүгінгі күнге 33 ауылшаруашылық  техникасы алынып 8 айлық жоспарды 136 % пайызға орындалды. Техниканы сатып алу жоспарын орындау мақсатында жыл аяғына дайін шаруа қожалық жетекшілерімен жылдық жоспарды орындау мақсатында жұмыстар ұйымдастырылатын болады. 2018 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке жыл бойына барлығы 284 өтініш түсіп түгелдей қанағаттандырылды.Биылғы жылы осы жұмыс жалғасын табуда.

 

Ауыл шаруашылығы саласының инфрақұрылымын дамыту.

 

Аудандық мал шаруашылығын дамытудағы  тағы бір шара ол, жайылымдарды суландыру жұмыстары. Бүгінгі күнге ауданның шаруа қожалықтарында 451 құдық бар осы құдықтардың бәрі күрделі жөндеуді талап етеді. 2017 жылы 7 құдық (ұнғыма) «Гидрогеология» ЖШС-і арқылы қазылып, бұрғыланып пайдалануға берілді. Биылғы жылы 6 750,0 мың.теңгеге 4 құдық қазылды.

Аудан бойынша 283 қыстақтың 86-на ғана электр жүйесі тартылған. Өткен жылы 50% - дық жеңілдікпен күн сәулесімен энергия қондырғылары 8 шаруа қожалығы орнатылды. Қалған шалғайдағы 197 қыстақ тоқ беретін генераторларды пайдалануда.

 Биылғы жылы «күн сәулесі қондырығысын» барлығы 124 шаруашылық орнатты, оның ішінде Ақтоғай ауылынан-1Ш/Қ, Абай а/о-10, Айыртас а/о-2, Қараменде би а/о-7, Қарабұлақ а/о-27, Қызыларай а/о-19, Қусақ а/о-7, Кежек а/о-2, Жидебай а/о-17, Шабанбай би а/о-7, Нүркен а/о-16, Сарытерек а/о-6, Ортадересін а/о-2. Барлығы тоқ көзін орнатудан ауыл шаруашылығы саласына барлығы 398,0млн.теңге инвестиция салынбақшы.

Бұлардан тысқары 47 шаруа қожалықтары баламалы тоқ көздерін орнатуға ниет білдіріп отыр.

2018 жылдың 1 қазан айына ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынатын инвестиция көлемі 357,2 млн теңге болады деп күтілуде.

 

 

 Басшы                                                                                               Н.Жанабергенов

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района