в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

Аудан әкiмдiгiнiң жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалысы турал

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің әр Жолдауында  мемлекеттiк басқару жүйесiндегi сыбайлас жемқорлық көрiнiстермен күрес Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiн нығайту iсiндегi негiзгi мiндеттердiң бiрi екендігін атап өтеді.

Аудан әкiмдiгiмен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Аудан әкiмдiгiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрылды және жұмыс iстейдi, комиссияның ережесі бекiтiлген.

2018 жылға бекiтiлген отырыс өткiзу жоспарымен көзделген мәселелер қаралған Комиссияның 4 отырысы өткiзiлдi. Өткiзiлген отырыстар нәтижелерi бойынша ұсыныстар мен нақты тапсырмалар берiлдi.

Комсиссия отырыстарында Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалысы туралы, жер телімдерін бөлу кезінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету, Аудандық комиссиялардың (тәртіптік, конкурстық, еңбек өтілін есептеу) қызметі туралы, кадр қызметінің мемлекеттік тәртіпті және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қағидаларының сақтаудағы қызметі туралы, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы, тоқсандық мониторинг қорытындысы, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы, Аудан бойынша арыз-шағымдардың тіркелуі мен қаралу мерзімдерінің қолданыстағы заңнамалық актілердің талаптарының орындалысы туралы, Ақтоғай аудандық білім бөлімінің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар туралы, Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерді болдырмау және алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар туралы және басқа да мәселелер талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша жұмыс аудан әкiмдiгiнде жалғасатын болады.

 

 

 

«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Е.О.Жумабеков

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района