в актогае 0
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
Мобильная версия

Мемлекеттік сатып алу бойынша атқарылған жұмыстар (26.07.2018)

2018 жылдың 13 маусымында "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қағидалардың тұжырымдамалық түзетулері:

бірінші, мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы рәсімделетін Консорциалдық келісімнің Үлгілік нысанын бекіту;

екінші, құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде жұмыс тәжірибесін есептеуді нақты регламенті;

үшінші, тапсырыс берушілердің міндетіне техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің ұлттық стандартын (бар болса) көрсетуді енгізу. Олар болмаған жағдайда мемлекет аралық стандарттарды көрсету.

төртінші, өнім берушілердің міндетіне тауарларды жеткізу және жұмыстарды орындау кезінде, оларға Тауардың шығарылғаны туралы сертификатты ұсынуды енгізу болып табылады.

Егер тауар Қазақстанда шығарылған болса, онда өнім беруші
СТ-КZ Сертификатын ұсынуға міндетті. Егер тауар импорттық өнім болса, онда шығарылған елдің тиісті уәкілетті органымен берілген, тауардың шығарылғаны туралы сертификатты ұсынады.

            2018  жылдың  1 шілдесінен  бастап   Мемлекеттік  сатып алуды жүзеге  асыру  қағидаларына енгізілген өзгерістер (Қазақстан Республикасының Қаржы  министрінің  13.06.2018 жылғы №562 бұйрығы)  күшіне енді.   Қағидаларға  өзгерістер енгізу  туралы бұйрық және енгізілетін  өзгерістердің салыстырмалы кестесі  мемлекеттік  сатып алудың  веб-порталында  орналастырылды.

Аудан бойынша 2018 жылғы нақтыланған бюджет бойынша  тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға бағытталған бюджет қаржысы 3 млрд 023 млн 453,0 мың теңге.

Бүгінгі   күнге  мемлекеттік сатып алудың   веб  порталына  орналастырылған мемлекеттік  сатып  алу   2  млрд 533  млн 149  мың теңге. Яғни:

- ашық  конкурстар  тәсілі бойынша саны  - 111 конкурс,  897 млн  318 мың теңге;

- баға ұсыныстарын сұрату  тәсілі бойынша -  277 млн  453  мың теңге,

- бір көзден тікелей келісім шартқа отыру тәсілі бойынша - 519 млн 501 мың теңге;

- мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  арқылы - 1 млн 943 мың теңге;

- тауар биржасы арқылы - 1(көмір) - 11 млн 480 мың теңге.

 

            Бюджеттік бағдарлама  әкімгерлері  бойынша  

            - баға  ұсыныстарын сұрату бойынша тәсілімен  430  шарт, 119 млн 533  мың теңгеге келісім шартқа отырды.

            - бір көзден тікелей сатып алу тәсілімен  998 шарт 448 млн 141 мың  теңгеге  келісім   шартқа отырды. 

            - өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу тәсілімен 158  шарт,  863  млн  455  мың теңгеге келісім шартқа отырды.

            - тауар биржасы арқылы - 1(көмір) - 11 млн 480 мың теңгеге келісім шартқа отырды.

            - мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  арқылы - 1 млн 600 мың теңгеге келісім шартқа отырды;

Мемлекеттік сатып алудың негізгі тәсілі – ашық конкурстар.

Жалпы  жарияланған конкурстар саны – 97, сомасы 816 млн 954 мың теңге, қалыптасқан  шартты  үнем  98  млн 847  мың теңге.

Оның ішінде:

- ББӘ  бойынша 80  ашық конкурс  572 млн 173 мың теңгеге жарияланды.  59 конкурс бойынша келісім шартқа отырылды. Қалыптасқан шартты үнем 57 млн 601 мың теңге.

Атап айтқанда,  жөндеу жұмыстары бойынша ауылдық округтер  Жидебай, Шабанбай би ауылдық округтерінің әкімшілік ғимараттарына,  Тасарал ауылдық округінің  әкімшілік ғимаратының шатырына және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары  аяқталса,  Қарабұлақ, Сарытерек ауылдық округтерінің әкімшілік ғимараттарына жөндеу жұмыстары  жүргізіліп жатыр. Мәдени ошақтар Ақтоғай ауылының мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, Шабанбай би ауылдық округі, Сарышыған кентіндегі  клуб үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, ал Қызыларай  ауылдық округы Ақжарық ауылының клуб үйіне конкурс жарияланып,  әлеуетті өнім берушілермен келісім шартқа отыру үстінде.  Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектеп  және мектеп интернатының  шатырларын  күрделі жөндеуге конкурс жарияланды. Ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу арқылы 5 автокөлік  алынды.

            2018 жылға Ақтоғай  ауданы  бойынша  мемлекеттік  сатып  алудың  және өткізудің бірыңғай  ұйымдастырушысы арқылы өткізілетін 18 конкурс 256 млн  380 мың  теңгеге жоспарланып, оның ішінде 17 ашық конкурс 244 млн 781 мың теңгеге  жарияланып, 15 конкурс толығымен аяқталып, әлеуетті өнім берушілермен келісім шартқа отырылды. Жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда:

            9  конкурс жобалау -сметалық құжаттама дайындау - 96 млн 668 мың теңге

- «Ақтоғай ауылының су құбыры желісінің құрылысын жобалау сметалық құжаттама әзірлеу (4 кезек)»;

- «Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы солтүстік-батыс мөлтек ауданына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыруға (35 кВт электр желісін қосалқы станциясымен, 16 көп пәтерлі 30 бір пәтерлі жалдамалы тұрғын үйлерге 10 және 0,4 кВт электр желісі) жобалау сметалық құжаттама әзірлеу» ;

- «Ақтоғай ауылындағы Ж.Шайдаров атындағы мәдениет және демалу паркін қайта жаңғырту үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлеу» ;

- «Ақтоғай ауылы солтүстік-батыс мөлтек ауданына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыруға (су құбыры, кәріз құбыры, абаттандыру, жылу желісі қазандығымен, байланыс желісі) жобалау сметалық құжаттама әзірлеу» ;

- «Кежек ауылдық округі, Ақши ауылының су құбыры желісінің құрылысы үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлеу»;

- «Ақтоғай ауылының кәріз құбыры желісінің құрылысы үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлеу»; 

- «Ақтоғай ауылы Сана би көшесі 1Б, 2Б тұрғын үйлерінің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыру үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлеу»; 

-«Ақтоғай ауылының  стадионын қайта құрылымдауға жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу»;

- «Су құбыры желілерінің құрылысы үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлеу (Жалаңаш, Қуаныш,Жетімшоқы ауылдары)»;

            3 конкурс  құрылыс жұмыстары - 52 млн 400 мың теңге;

- «Ақтоғай ауылындағы  Сана би көшесіне  бір  қабатты  екі пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысын салу»;

-  «Сарытерек ауылында мал қорымының  құрылысы»;

- «Шабанбай би ауылында мал моласының  құрылысы»;

            3  конкурс техникалық қадағалау қызметі  - 708,0 мың теңге

 - «Сарытерек ауылында мал қорымының құрылысы кезінде техникалық қадағалау қызметін көрсету»;

- «Ақтоғай ауылындағы  Сана би көшесіне  бір  қабатты  екі пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысын салуға жұмыс жобасының техникалық қадағалауға»;

- «Шабанбай би ауылында  мал қорымының құрылысын салу кезіндегі техникалық қадағалау».

Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алу  жоспары бойынша 14  ашық   конкурс 80  млн  364  мың теңгеге беріледі.

Оның ішінде ББӘ бойынша 13 конкурс -  68  млн 765  мың теңге.

Бірыңғай ұйымдастырушы бойынша 1 конкурс - 11 млн 599 мың теңге.

 

 

 

 

 Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің

 мемлекеттік активтер және сатып алулар секторының

 жеткші маманы   Б.Б.Шакижанова

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района