в актогае 33
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
Мобильная версия

Ақтоғай ауданының құрылғанына 90 жыл толу мерейтойын атап өтілді

Ақтоғай ауданы бойынша «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізілуде.

Ақтоғайлықтар ауданның 90-жылдығын дүрілдетіп атап өтті.Биылғы тойдың жоғары дәрежеде ұйымдастырылуына тәнті боп қайтты.

Ағысы арманшыл Тоқырауын өзенінің құрметіне қойылған «Тоқырауын толқыны» вокалды ансамблі тоқсан жылдық тойдың беташары десе болғандай. Амантай Жұмашев бастаған өнерпаздар сахнаға көтерілгенде көрерменнің арасында қол соқпаған жан болмады. Бүкілодақтық байқауларда топ жарып, Арқа өнерін аспандатқан ұжым тойдың ажарын ашты. Ансамбль өнерпаздары «ұлы өнердің базары тарқамасын» дейді.

Бір үйдің баласындай Той жоғары деңгейде өтті. Сәтті жоспарланғаны қатар-қатар тізілген ақшаңқан киіз үйлерден, ауданға кіреберістегі менмұндалаған жалаулардан-ақ байқалды. Ауданның тізгінін ұстаған Салтанат Мірәсілқызы тойдың басы-қасында өзі болып, дұрыс өтуіне мұрындық болды. Әсіресе, аудан әкімінің бірінші орынбасары Абылай Аманжолов бастаған ұжымның 90 жылдық тойды лайықты ұйымшылдықпен өткізгенін атап өткен жөн. Бірдей 52 ақшаңқан киіз үй тігіп, алтыбақанын құрып, қазақылықтан айнымаған аудан халқы бұл тойды жоғары деңгейде атап өтті.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района