в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

«Жылдың Үздік меценаты» номинациясы табысталды

Ақтоғай ауданы бойынша «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізілуде.

Желтоқсан айының 13-і күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталып өтті. Шара барысында  ауданның дамуына зор үлестерін қосқан сала қызметкерлерін марапаттау мен қоса  туған жеріне қол созған меценаттардың үлгілі ісі көпшілікке кеңінен таныстырылды. Сол меценаттардың бірі Азамат Рамазанұлы Шабанбай би ауылының тумасы, Балқаш қаласындағы «Нұрасыл» ЖШС директоры. Аталған серіктестік аудан көлемінде демеушілік жасап атқарған  жұмысы жетерлік. Қарабұлақ, Қуаныш елді-мекендердің көпірлерін қайта қалпына келтіруге демеушілік жасаған. Сонымен қатар Ақтоғай ауылындағы Домбыра монументі, ҰОС қайтпаған боздақтарға арналған кешен, аудан шекарасының белгісі және аудан орталығындағы екі қабатты тұрғын үйлердің келбетін жаңартуда Азамат Рамазанұлы бастаған азаматтардың еңбегі ерекше.

Өңір тұрғындары атынан қайырымдылық пен әлеуметтік маңызы бар шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып, азаматтық белсенді ұстаным арқылы ақтоғайлықтардың бойында шынайы патриоттық сезім қалыптастыруда бұл азаматтың еңбегі өте зор. Төребеков Азамат Рамазанұлына аудан әкімінің «Жылдың Үздік меценаты» номинациясы табысталып, арнайы диплом мен сый-сияпаттар көрсетілді.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района