в актогае 20
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Мобильная версия

Ақтоғай ауылының К.Байсейітова көшесіне "Домбыра символы" монументі орнатылды

Ақтоғай ауданы бойынша «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізілуде.

Ақтоғай ауданының 90 жылдығына арналған игі бастамалар Алаш алаңынан бастау алды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қадірлі қонақтар мен жергілікті билік өкілдері әуелі үш арыстың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Бұл күні өлкедегі «Домбыра» монументінің сән- салтанаты келістіріліп ашылды. Биіктігі 8 метр бірегей белгіні орнатуға жергілікті қазынадан қаражат бөлінген.  Жобаның авторы Берік Секербеков.Ұлттық аспаптың пішіні таза металдан жасалынған.Оның басында бұлбұл құс бейнеленген.

Мерейтойлық мәдени шаралар ашық аспан астындағы театрландырылған қойылыммен жалғасты.Сахналанған туындыда кешегі баһадүр батыр бабалардың ерен ерлігі мен аңсаған ұлы арманы тарихтың тағлымымен сабақтасты.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района