в актогае -7
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
Мобильная версия

Ақтоғай ауданы бойынша 2018 жылдың 9 айындағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы атқарылған жұмыстар

 

Өнеркәсіп

Аудан бойынша 2018 жылдың  9 айында өнеркәсіп  өндірісінің  өнім өндіру көлемі  25 438,0 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен        (27975,8 млн. теңге) салыстырғанда 90,9%-ға орындалды. Ал, нақты көлем индексі 103,5%-ды құрады.

-«Алтыналмас» АҚ-ның өнімінің көлемі 15 112,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 64,8% (23305,2 млн. теңге) орындалды. Заттай түрде алтын өндіру 1786 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (1848 кг) салыстырғанда 96,6% құрады.

Төмендеу себебі: Лондон биржасында алтын бағасының төмендеуіне байланысты өнім өндіру көлемі азайды. Өндіріске жаңа технологияны енгізуіне байланысты заттай түрі орындалмай тұр.

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 118,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 72,0% (164,1 млн. теңге) орындалды. Заттай түрде балық филесі 39,0%, кептірілген балық 61,1%, балық ұны 29,3% төмендеді. Себебі: Көл үстіндегі балық аулау үшін бөлінген бөлікте балық көлемінің азаюы, браконьерлік фактілерінің көбеюі, балық аулау үшін құрал-жабдықтар мен көлік құралдары ұзақ уақыт бойы жаңартылмаған және айтарлықтай моральдық және физикалық тозуына байланысты.

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен басқармасы» кәсіпорыны бойынша 405,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (343,4 млн. теңге) 118,1% болды.

-Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 7,2 млн. теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (6,9 млн. теңге) 104,3% құрады.

Инвестиция

2018 жылғы қаңтар-қазанда Ақтоғай ауданының негізгі капиталға салынған инвестициялар 8 698,1 млн. теңгеге игерілді, бұл өткен жылғы сәйкес кезең көлемінен 54,2%-ға артық.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымында машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарын сатып алу және оларды күрделі жөндеуге 51,4%-ы, ғимараттар мен имараттар салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстарына 11,9%-ы, өзге де шығындарға – 36,7%-ы келеді.

2018 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі шаруашылық етуші субъектілердің меншікті қаражаттары болып табылды. Олардың үлесіне жалпы көлемнің 99,7%-ы тиесілі. Бюджет қаражаттарының үлесі 0,2%-ды құрады. Басқа да қарыз қаражаттарына сәйкесінше 0,1% тиесілі.

Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымында негізгі көлемі өнеркәсіпке (89,4%) және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (5,4%) келеді. Экономикалық қызметтің қалған түрлеріне негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 0,2%-дан 5,0% -ға дейіні тиесілі

 

Кәсіпкерлікті қолдау картасы

2014 жылы  кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында ашылған «Алтыналмас АК»  АҚ-ы кен өндіретін тау-кен маталлургия саласындағы "Пустынное"  алтын өндіруші фабрикасын қайта жаңғырту және ұлғайту жобасы бүгінгі күнде ауданда жұмыс жасауда. Осы жоба арқылы кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 2,0 млн. тонна кен өндіруде. Кәсіпорынның өндірген өнім көлемі  жалпы ауданның өнеркәсіп өндірісінің өнім өндіру көлемінің 82,5%-ын құрайды. Кәсіпорын Доре құймасының бүкіл өнімін ішкі нарыққа, яғни  Астана қаласындағы «Тау-Кен Алтын» ЖШС-не өткізеді.

2017 жылы «Алтыналмас АК» АҚ-ны  «Пустынное» алтын өндіруші фабрикасы өндірісінің кеңейту жобасын Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізіліп, Қарағанды облысының Үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінен қолдау тапты. 2017-2018 жылдары фабрика құрылысына жалпы құны 12 114 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылып, 40 жаңа жұмыс орындары және жылдық өндіріс қуаттылығы 2900 кг доре құймасына жеткізілетін болады. Бүгінгі күнге кәсіпорын 1786 кг Доре қорытпасындағы алтын өнімін өндіріп, 15112,2 млн. теңгенің өнімін өндірді. Салынған инвестиция көлемі 6714,0 млн. теңге. Қазіргі уақытта кәсіпорында 603 адам, оның ішінде ауданнан 73 адам жұмыс істеуде.

Аудан бойынша кәсіпкерлікті қолдау картасына қосу үшін «Борлы кен орнында катодты мыс пен мысты-молибденді концентратты өндіру» «Azurit-TC» ЖШС-імен жұмыстар жүргізілуде.

Жоба мақсаты: Борлы кен орнында катодты мыс пен мысты-молибденді концентрат -    тауарлы өнімдерін алу мен кенді қайта өңдеуін жүзеге асыру.

Жоба бастамашысы:  «Azurit-TC» ЖШС

Жүзеге асыру орны: «Борлы» кен орны Балқаш қаласынан солтүстік-батысқа қарай           

 50 км, Балқаш-Мойынты темір жолы орамынан 4 км қашықтықта (Ақтоғай          

 ауданының жер қоры).

Жүзеге асыру кезеңі: 2021-2037 жж.

Жобаның жалпы құны:  45000,0 млн. теңге (150,0 млн. доллар).         

Аудан көлемінде жер қойнауын пайдаланушы «BAR NEO» (жадеитті барлау және өндіру жұмыстары), «Улы Тау К» (титан-магний кенін және мысты барлау және өндіру), «Golden Sky» (алтын барлау жұмыстары) ЖШС-тері бар. Сонымен бірге кезекте «Тау-Кен Самрук», «Бирюк Алтын», «Балқаш-Сарышаған», Керегетас, Қасқырқазқан кен орындарын зерттеу сияқты ірі жобалар тұр.  Бүгінгі күнге «Рио Тинто» компаниясы (австралиялық-британдық концерн) Балхаш-Сарышаған алқабында аэрогеофизикалық жұмыстарын  жүргізуде.

     Кәсіпкерлікті дамыту

Аудан бойынша 1 қазанға тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 1398, оның ішінде жеке кәсіпкерлер-572, шаруа қожалықтары – 767, заңды тұлғалар (кәсіпорындар) – 59.

Аудан бойынша  1 қазандағы шағын және орта бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 1296 (оның ішіндегі:  493 - жеке кәсіпкерлер, 751-шаруа қожалықтары,  52-заңды тұлғалар), өткен жылдың сәйкес мерзімімен  (1239) салыстырғанда 104,6%-ға өсті.

Жалпы кәсіпкерлік саласындағы адамдар саны – 3117, Аудандағы экономикалық белсенді халықтың 31,5%.   

Өндірілген өнім көлемі – 3741,6 млн. теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (3561,0 млн. теңге) салыстырғанда  105,0%.

Бюджетке түскен ақша қаражаты 444,3 млн. теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен  (360,9 млн. теңге) салыстырғанда 123,1%.

Жыл басынан аудан бойынша 1 демалу кешені, 1 жылыжай, 2 дүкен,           1 автотұрақ, 1 көлік жуу орталығы  ашылып, жұмсалған қаражат  44,6 млн. теңгені құрады, 13 жаңа жұмыс орыны ашылды.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 850,5 млн. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес мерзіммен салыстырғанда 108,2%. Нақты көлемі индексі 101,3% болды.

2018 жылы «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтушы және бизнес өкілдерінің жобаларын іске асыру мақсатында «Ауылшауашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жалпы 36 жоба үшін 132,3 млн. теңге қаржы игерілді.

 «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытуларды ұйымдастыру бойынша  ағымдағы жылда 4 кезең аяқталып, 129 адам оқуды аяқтады.

 «Ақтоғай» несие серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен         «Құлан», «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша 83,7 млн. теңге несие 2 шаруа қожалығына және 15 жеке кәсіпкерлерге берілді. Осы берілген несие ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, мал басын көбейтуге, ауылдағы жұмыссыздықты жоюға мүмкіндіктер туғызды. Алдағы уақыттада  жалғасын табады. 

   Алайда, жобалар мемлекеттік грантқа үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілердің өтінімдерін іріктеу бойынша Конкурстық комиссия отырысында түрлі себептермен қолдау таппады.  

2017 жылға Тораңғалық ауылдық округінен «ДосStar» демалу кешенінің 3-ші тұрғын үй  құрылысының жобасы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартына енгізіліп, өңірлік Үйлестіру кеңесінен қолдау тапты. Бүгінгі күнге демалу кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы құны: 21 млн. 151 мың. теңге, осының ішінде, 13 млн. 651 мың. теңге өз қаражаты, 7 млн. 500 мың. теңге несие қаражаты.

Пайыздық мөлшерлеме:  15% жылдық, оның ішінде 10% мемлекет, 5% жеке кәсіпкер төлейді.

Іске асыру кезеңі: маусым 2018 жыл.

Жобаның куаттылығына шығуы: маусым 2019 жыл.

Ашылатын жұмыс орыны: 2 адам.

Ауданның шағын және орта бизнес субъектілерімен семинарлар, кездесулер, үгіт – насихат жұмыстары ұйымдастырыла береді

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района