в актогае 25
USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Мобильная версия

Халқымыздың мақтанышына айналған хас талант иесі, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ақтоғай елінің, Тоқырауын топырағының тумасы, Күләш Жасынқызы Байсейітова

 

Күләш (шын есімі Гулбаһрам) Жасынқызы Байсейітова (02.05.1912 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Нарманбет елді мекенінде дүниеге келген) (06.06.1957 жылы 45 жасқа қараған шағында дүниеден озды) – аса көрнекті қазақ әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1934 жыл), КСРО Халық артисі (1936 жыл), КСРО мемлекеттік силығының лауреаты (1948 жыл).
1925-1928 жылдары мектепте, Қазақ педагогикалық техникумында оқып жүрген кезінде көркенөнерпаз үйірмесіне қатысып, қала жастары көркемөнерпаздарының байқауында әншілік дарынымен көзге түседі. 1930 жылы Күләш Бейісова (қыз күніндегі фамилиясы) Қазақ драма театырының группасына қабылданып, мұнда Агафья Тихонова (Н.В.Гогольдің «Үйленуінде»), Пүліш (Б.Майлиннің «Майданында»), Зәуре (Қ.Байсейітов пен А.Шаниннің «Зәуресінде»), Еңілік (М.Әуезовтың «Еңілік-Кебегіндегі») тәрізді бейнелерді сомдады.К. Байсейітова халық өнерпаздар қатарында 1933 жылы ұйымдастырылған Қазақ музыка студиясына (Қазіргі Қазақ опера балет театры) қабылданады. Онда Күләш әншілік-орындаушылық таланты бар болмысымен жарқырай ашылады. М.Әуезов пен И.В.Коцыктің «Айман-Шолпандағы» Айман, Б.Майлин мен И.Коцыктің «Шұғасындағы» Шұға рөлдері К.Байсейітованың әншілік-актерлік шеберлігінің жоғары екенін көрсетеді. Күләш бейнелеген Жібек образы қазақ опера өнері тарихындағы ерекше есте қаларлық образ болып табылады. Жібек бейнесі Күләштің бойында тұнып жатқан әншілік, артистік өнердің шексіз мүмкіндігін танытып, оны даңққа бөлейді.
К.Байсейітова қайталанбас дауысымен, асқан артистік дарынымен ұлттық опера өнері тарихының төрінен орын алып, халық сүйіспешілігіне бөленіп, «Қазақтың бұлбұлы» атанады. Күләш өз шығармашылығында шеберліктің шырқау шыңына көтеріледі. Өзі қатысқан әрбір спектакльдер ұлттық опера мәдениетінің озық үлгілері ретінде Қазақстан музыка тарихының дамуындағы маңызды кезеңдерді айқындайды. Қазақ опера және балет театры сахнасында Күләш тұңғыш рет классикалық спектакльдердегі басты партияларды ойнады. Ұлттық театр сахнасында қойылған қазақтың төл операларымен қатар орыс, басқа да шетел композиторларының операларындағы басты кейіпкерлердің образдарын тұңғыш тұлғаланған әншілік, артистік, орындаушылық диапазоны ерекше кең суреттеледі. Ол концерттік әнші ретінде танымал болған.
К.Байсейітованың жеке концерттік репертуарынан қазақ, орыс т.б. шетел халық әндері мен композиторларының әндері, музыкалық шығармалары және операларынан үзінділер орын алды.
Содай-ақ қазақтың ұлттық өнерін дамытуда сан салалы ісімен көрінген белгілі қоғам қайраткері. Бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі (1951 жыл), Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің (1-3 сайланған) депутаты болды. Республикалық музыка коллдежіне т.б. өнер ордаларына, көшелерге,  К.Байсейітованың есімі берілген. Туған ауылы Ақтоғай ауданы орталығында К.Байсейітова атындағы орта мектеп бар.  К.Байсейітова Еңбек Қызыл Ту т.б. ордендермен, медалдармен марапатталған.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района