в актогае -7
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
Мобильная версия

Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірудегі жұмыстарды жүргізетін аудан әкімдігі жанындағы жұмыс тобының селектрлік режимдегі отырыс ХАТТАМАСЫ (10.08.2017)

Ақтоғай ауылы                                 №3                        2017 жыл    31  шілде

сағат 16-00-да

 

Өткізу орны: Ақтоғай  ауданы, Ақтоғай  ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі, 4 үй, Ақтоғай  ауданының әкімі аппараты.

 

             Төрағалық етті:               Қошантаев Қайрат Жақыпбайұлы – жұмыс тобының  басшысы, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары

 

Қатысқандар: уәкілетті орган басшылары, бөлім басшылары, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері (тізім бойынша)

                                                                      

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1.Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан келіп түскен хаттарға орай, Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірудегі атқарылатын жұмыстардың іс-шара жоспарының 3-тармағына сәйкес,  «Жалданбалы жұмысшылар санын, жалақы қорын азайтып көрсеткен, бірақ тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан ірі айналымы бар және еңбек ақыны "конвертпен" беретін салық төлеушілерді анықтау; құрылыс, ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм және спорт, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру, қоғамдық тамақтандыру салаларындағы бейресми жұмыспен қамтылуды анықтау.» (Б.Тлеубергенов)

         2.Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірудегі атқарылатын жұмыстардың іс-шара жоспарының жүргізілген жұмыстар туралы есеп беру кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы Ортадересін (әкімінің м.у.а. Б.Саданов), Торанғалық (әкімінің м.у.а.А.Толеугизов),  Тасарал(С.Смайлов)  ауылдық  округі әкімдерінің,    аудандық аурухана директоры (Ш.Естеков), Ақтоғай ауданының әділет басқарма  басшысы  (Е.Әбеу) есебі.

 

 Отырыс шешімі:

1.Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша  Ақтоғай ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Тлеубергеновтің, Ортадересін ауылдық округінің әкімі  м.у.а. Б.Садановтың, Торанғалық ауылдық округінің әкімі  м.у.а.А.Толеугизовтің,  Тасарал ауылдық округінің әкімі  м.у.а. С.Смайловтың, аудандық аурухана директоры  Ш.Естековтің, Ақтоғай ауданының әділет басқарма  басшысы   Е.Әбеудің жасаған есебі ескерілсін.

2. Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері, уәкілетті органдар:

2017 жылдың 30 наурызында №43 өкіммен бекітілген «Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірудегі жұмыстар туралы»  іс-шаралар Жоспарының тармақтары бойынша мәліметтерді әр айдың 3-күнінен кешіктірмей Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына  тапсырсын.

3. Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс түсіру бойынша жоспардағы  іс-шаралардың орындалысы үнемі бақылауда болсын.

 

 

                           

        Жұмыс тобының басшысы                    Қ.Ж. Қошантаев

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района