в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

Аудан бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылдың қаңтар-ақпан айының көрсеткіштері туралы

Өнеркәсіп 

2017 жылдың қаңтар-ақпан айында аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 5564,3 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (6001,4 млн. теңге) салыстырғанда өсім 92,7% құрады. Нақты көлем индексі 114,5%.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім қаржылай есеппен 2017 жылдың қаңтар-ақпан айында 404,9 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 69,5% құрады (582,3 млн. теңге). Нақты көлем индексі 102,8%.

Ет өндірісінен мал мен құс түрлерінен сойыс және тірідей салмақта өткізу өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (458,6 тонна) 101,6% немесе 465,8 тонна, сүт өндірісі 960,2 тоннаны немесе (921,9 тонна) 104,2%, тауық жұмыртқасы 123,9 мың дананы немесе (100,3 мың дана) 123,5% құрады.

2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мал басы түлік түрлері бойынша ірі қара 45610 бастан 48735 басқа немесе 106,9%, жылқы 17985 бастан 19473 басқа немесе 108,3%, құс 15771 бастан 17457 басқа немесе 110,7% өсіп, ал қой-ешкі 107298 бастан 94579 басқа немесе 11,9% азайды.

 

         Инвестиция

Есепті мерзімде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 519,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (142,7 млн. теңге) салыстырғанда 363,7% құрады. Нақты көлем индексі 350,7%.

 

Тұрғын үй құрылысы бойынша 2017 жылдың қаңтар-ақпан айында іске қосылған  тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1462 шаршы метр немесе жоспардың (700 шаршы метр) 208,8% құрады.

Ал, жалпы құрылыс жұмыстарының көлемінің есепті мерзімдегі жоспары 94,2 млн. теңге, орындалысы 140,2 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (93,3 млн. теңге) 150,3%.

 

          Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен салық түсімдерінің көлемі 284,7 млн. теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (272,1 млн. теңге) салыстырғанда 12,6 млн. теңгеге артық түсіп, 104,6% құрады.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1042, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1132 субъекті) 92% құрады.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 161,4 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен (142,6 млн. теңге) салыстырғанда 113,1% құрады. Нақты көлемі индексі 103,8%.

 

Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 43 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (112 адам) 38,4%.

Жұмысқа орналастырылғандар саны 26 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (7 адам) 371,4% құрады.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 8 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (6 адам) 133,3% құрады.

 

Денсаулық саласы

2017 жылдың қаңтар-ақпан айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 1,9 немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 86,4% құрады.

Өлім коэффициенті 1,2 немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (0,6) 200%.

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 881. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 705 немесе аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 80% қамтылып отыр.

Білім саласы бойынша оқушылар саны 2896, компьютер паркі 698 компьютерді құрады. 1 компьютерге 4,0 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша есепті мерзімде тіркелген қылмыс саны 21, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен (23) салыстырғанда  91,3% төмендеген.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района