в актогае 29
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
Мобильная версия

2017 жылдың 1 тоқсанына арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы

Өнеркәсіп  

2017 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 8420,7 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (8613,9 млн. теңге) салыстырғанда өсім 97,8% құрады. Нақты көлем индексі 114,9%.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім қаржылай есеппен 2017 жылдың 1 тоқсанында 924,3 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 110,2% құрады (838,8 млн. теңге). Нақты көлем индексі 105,4%.

Ет өндірісінен мал мен құс түрлерінен сойыс және тірідей салмақта өткізу 830,7 тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (806,8 тонна) 103%, сүт өндірісі 3751,8 тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3343,3 тонна) 112,2%, тауық жұмыртқасы 282 мың дананы немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (234,8 мың дана) 120,1% құрады.

2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мал басы түлік түрлері бойынша ірі қара 52113 бастан 55966 басқа немесе 107,4%, жылқы 19547 бастан 20900 басқа немесе 106,9%, құс 16136 бастан 16359 басқа немесе 101,4% өсіп, ал қой-ешкі 126066 бастан 109025 басқа немесе 86,5% құрады.

 

         Инвестиция

Есепті мерзімде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1539,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (315,3 млн. теңге) салыстырғанда 488,3% құрады. Нақты көлем индексі 469,5%.

 

Тұрғын үй құрылысы бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанында іске қосылған  тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1462 шаршы метр немесе жоспардың (1965 шаршы метр) 74,4% құрады. Нақты көлем индексі 171,6%. Жалпы құрылыс жұмыстарының қаржылай көлемі 231,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (129,5 млн. тенге) 179% құрады.

 

          Қаржы саласында аудан бюджетіне түскен салық түсімдерінің көлемі 319,9 млн. теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (302,5 млн. теңге) салыстырғанда 17,4 млн. теңгеге артық түсіп, 105,8% құрады.

        

         Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1099, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1128 субъекті) 97,4% құрады.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 250,4 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен (214,2 млн. теңге) салыстырғанда 116,9% құрады. Нақты көлемі индексі 103,3%.

 

Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 124 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (124 адам) 100%.

Жұмысқа орналастырылғандар саны 49 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (36 адам) 136,1% құрады.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 25 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (25 адам) 100% құрады.

 

Денсаулық саласы

2017 жылдың 1 тоқсанында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 10,75 немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен (14,76) салыстырғанда 72,8% құрады.

Өлім коэффициенті 7,28 немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4,81) 151,4% құрады.

Нәресте өлімі  тіркелмеген.

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 881. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 705 немесе аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 80% қамтылып отыр.

Білім саласы бойынша оқушылар саны 2896, компьютер паркі 698 компьютерді құрады. 1 компьютерге 4,0 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша есепті мерзімде тіркелген қылмыс саны 23, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен (39) салыстырғанда  41% төмендеген.

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 75%.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района