в актогае 16
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
Мобильная версия

Аудан бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылдың 4 айындағы көрсеткіштері туралы

Өнеркәсіп  

2017 жылдың 4 айында аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 11335,4 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (11751,3 млн. теңге) салыстырғанда 96,5% құрады. Нақты көлем индексі 108,1%.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім қаржылай есеппен 2017 жылдың қаңтар-сәуір айында 1240,4 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 110,3% құрады (1124,7 млн. теңге). Нақты көлем индексі 106,2%.

Ет өндірісінен мал мен құс түрлерінен сойыс және тірідей салмақта өткізу өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (994,9 тонна) 103,4% немесе 1029,1 тонна, сүт өндірісі 5361,1 тоннаны немесе (4705 тонна) 113,9%, тауық жұмыртқасы 448,2 мың дананы немесе (369,1 мың дана) 121,4% құрады.

2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мал басы түлік түрлері бойынша ірі қара 58666 бастан 63602 басқа немесе 108,4%, жылқы 23102 бастан 24927 басқа немесе 107,9% өсіп, ал қой-ешкі 153552 бастан 133702 басқа немесе 12,9%, құс 21818 бастан 19359 басқа немесе 11,3% төмендеген.

 

         Инвестиция

Есепті мерзімде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2160,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (541,3 млн. теңге) салыстырғанда 399% құрады. Нақты көлем индексі 383,7%.

 

Тұрғын үй құрылысы бойынша 2017 жылдың қаңтар-сәуір айында іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 3866 шаршы метр немесе жоспардың (1965 шаршы метр) 196,7% құрады.

Ал, жалпы құрылыс жұмыстарының көлемінің есепті мерзімдегі жоспары 318,0 млн. теңге, орындалысы 850,3 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (314,8 млн. теңге) 270,1%.

 

          Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен салық түсімдерінің көлемі 362,3 млн. теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (351,4 млн. теңге) салыстырғанда 10,9 млн. теңгеге артық түсіп, 103,1% құрады.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1104, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1113 субъекті) 99,2% құрады.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 335,5 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен (302,6 млн. теңге) салыстырғанда өсім 110,8% құрады. Нақты көлемі индексі 101,8%.

 

Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 42 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (144 адам) 29,2%.

Жұмысқа орналастырылғандар саны 113 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (66 адам) 171,2% құрады.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 50 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (50 адам) 100% құрады.

 

Денсаулық саласы

2017 жылдың қаңтар-сәуір айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 17,52 немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (16,92) 103,5% құрады.

Өлім коэффициенті 6,63 немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (8,3) 79,9%.

Нәресте өлімі  коэффициенті 19,42.

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 881. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 705 немесе аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 80% қамтылып отыр.

Білім саласы бойынша оқушылар саны 2896, компьютер паркі 698 компьютерді құрады. 1 компьютерге 4,0 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша есепті мерзімде тіркелген қылмыс саны 27, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен (43) салыстырғанда  37,2% төмендеген.

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 100%.  

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района