в актогае 16
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
Мобильная версия

Аудан бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылдың 1 жартыжылдығындағы көрсеткіштері туралы

Өнеркәсіп 

2017 жылдың 1 жартыжылдығында аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 16693,2 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (15217,1 млн. теңге) салыстырғанда 109,7% құрады. Нақты көлем индексі 108%.

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 1 ірі  және   3 орта денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрайды. Есепті мерзімде аталған 4 кәсіпорынның өндірген өнімі 15020,6 млн. теңге болып, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімі көлемінің 90% құрады.   

Оның ішінде:

- «Алтыналмас» АҚ-ы 14695,1 млн. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (14798,7 млн. теңге) 99,3%. Заттай түрде 1214 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (1171 кг) салыстырғанда өсім 103,7% құрады.

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 215,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (247,1 млн. теңге) 87,1% құрады. Төмендеу себебі:  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы тарапынан өнімге сұраныстың аз болуына байланысты.

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 105,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 93,8% (112,5 млн. теңге). Заттай түрде мұздатылған балық 68,7% төмендеген.

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 4,8 млн. теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4,5 млн. теңге) өсім 106,7% құрады.  

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім қаржылай есеппен 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 3506,5 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 110% құрады (3187,1 млн. теңге). Нақты көлем индексі 107%.

Ет өндірісінен мал мен құс түрлерінен сойыс және тірідей салмақта өткізу өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (2893,4 тонна) 103% немесе 2980,4 тонна, сүт өндірісі 14484,1 тоннаны немесе (12425,7 тонна) 116,6%, тауық жұмыртқасы 868,3 мың дананы немесе (751,4 мың дана) 115,6% құрады.

2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мал басы түлік түрлері бойынша ірі қара 60522 бастан 65895 басқа немесе 108,9%, жылқы 24923 бастан 26955 басқа немесе 108,2% өсіп, ал қой-ешкі 161533 бастан 143131 басқа немесе 11,4%, құс 43217 бастан 28090 басқа немесе 35% төмендеген. Оған негізгі себеп өткен жылғы қыс мезгілінің ұзаққа созылуы және ауа-райының құбылмалы болуына байланысты. Сонымен қатар, шикізат өнімдеріне бағаның төмен болуына және кететін шығындардың орнын жаба алмауына байланысты ауыл шаруашылығы субъектілерінің ұсақ мүйізді мал басын дамытуға қызығушылық танытпауынан.

      Инвестиция

Есепті мерзімде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3120,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (1662,3 млн. теңге) салыстырғанда 187,7% құрады. Нақты көлем индексі 180,5%. Өсім себебі: Алтыналмас кәсіпорынан пайдалы қазбалардың барлау жұмыстарына салынған қаржы есебінен.

 

Тұрғын үй құрылысы бойынша 2017 жылдың 1 жартыжылдығында іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 4934 шаршы метр немесе жоспардың (3300 шаршы метр) 149,5% құрады.

Ал, жалпы құрылыс жұмыстарының көлемінің есепті мерзімдегі жоспары 586,0 млн. теңге, орындалысы 1185,7 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (580,2 млн. теңге) 204,4%.

 Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен салық түсімдерінің көлемі 620,8 млн. теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (619,7 млн. теңге) салыстырғанда 1,1 млн. теңгеге артық түсіп, 100,2% құрады.

Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1177, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1095 субъекті) 107,5% құрады.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 504,4 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен (472,7 млн. теңге) салыстырғанда өсім 106,7% құрады. Нақты көлемі индексі 100,5%.

 

Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 71 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (170 адам) 41,8%.

Жұмысқа орналастырылғандар саны 139 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (94 адам) 147,9% құрады.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 109 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (105 адам) 103,8% құрады.

 

Денсаулық саласы

2017 жылдың 1 жартыжылдығында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 6,2 немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (6,8) 91,2% құрады.

Өлім коэффициенті 3,5 немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3,7) 94,6%.

Нәресте өлімі  коэффициенті 13,8 немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (11,7) 117,9% құрады.

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 881. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 705 немесе аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 80% қамтылып отыр.

Білім саласы бойынша оқушылар саны 2896, компьютер паркі 698 компьютерді құрады. 1 компьютерге 4,0 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша есепті мерзімде тіркелген қылмыс саны 48, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен (74) салыстырғанда 35,1% төмендеген.

Аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 100%. 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района