в актогае -1
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
Мобильная версия

«Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірудегі іс-шаралар жоспарының орындалысы туралы» жұмыс тобы отырысының мәжілісіне ақпар.

Жұмыс тобы отырысының күн тәртібінде:

1.Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірудегі атқарылатын жұмыстардың іс-шара жоспарының 3-тармағына сәйкес,  «Жалданбалы жұмысшылар санын, жалақы қорын азайтып көрсеткен, бірақ тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан ірі айналымы бар және еңбек ақыны "конвертпен" беретін салық төлеушілерді анықтау; құрылыс, ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм және спорт, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру, қоғамдық тамақтандыру салаларындағы бейресми жұмыспен қамтылуды анықтау».

         2.Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірудегі атқарылатын жұмыстардың іс-шара жоспарына  сәйкес жүргізілген жұмыстар туралы есеп беру кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы Ортадересін (әкімінің м.у.а. Б.Саданов), Торанғалық (әкімінің м.у.а.А.Толеугизов),  Тасарал(С.Смайлов)  ауылдық  округі әкімдерінің, аудандық аурухана директоры (Ш.Естеков), Ақтоғай ауданының әділет басқарма  басшысы  (Е.Әбеу)  есебі.

Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Тлеубергеновтың ақпары:

Үстіміздегі жылдың 12 маусымында  аудан әкімінің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте берілген тапсырмалардың 14 тармағында «Арнайы заңға сәйкес  қосымша салық көздерін анықтап, салық салу базасын ұлғайту» туралы тапсырма берілгенімен жұмыс баяу  жүргізілуде, жылға бекітілген 4589,0 мың теңгенің 1 шілдеге орындалғаны 1733,9 мың теңге немесе 37,8%.

Бекітілген 9 тармақтан тұратын іс-шара жоспары (2016ж.-15 тармақ) бойынша қаралған жоспардың 3 тармағы бойынша түсім таза түспеуде, атап айтқанда:

-3-тармақ «Жалданбалы жұмысшылар санын, жалақы қорын азайтып көрсеткен, бірақ тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан ірі айналымы бар және еңбек ақыны "конвертпен" беретін салық төлеушілерді анықтау;   құрылыс, ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм және спорт, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру, қоғамдық тамақтандыру салаларындағы бейресми жұмыспен қамтылуды анықтау» жоспары 200,0 мың теңге;

-6-тармақ «Жер учаскелерін мақсатты пайдаланбау фактілерін анықтау және оларды аудандық  жер қоры құрамына қайтару бойынша жұмыстар жүргізу»  жоспары 200,0 мың теңге;

-7 тармақ «Кәсіпкерліктің қызмет көрсету саласында жаңадан ашылған  шағын және орта бизнес өкілдерінен түсетін салықтар мен төлемдер» жоспары 19,0 мың теңге.

Іс-шараның 1-тармағы   «Мүлікті жалға беруден табыс табатын жеке тұлғаларды анықтау және оларды салық міндеттемелерін орындауға тарту». (10120,103101) Аталған тармаққа 10,0 мың теңге жоспарланған, 6 айдағы орындалысы 7,9 мың теңге немесе 79%.(11,0-100%)

Жауапты органдар: Ақтоғай ауданы бойынша кірістер басқармасы (келісім бойынша), жергілікті полиция бөлімі (келісім бойынша), кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері.

Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына:

-Жергілікті полиция бөлімі іс- шара жоспарына сәйкес жеке меншігіндегі тұрғын үйлерін жалға беріп отырған жеке тұлғаларды анықтап, кірістер басқармасына әр айдың 3-ші күніне тұрғын үйлерін жалға беріп отырған жеке тұлғалардың түсініктемесі қоса тіркелген анықтаманы ұсынады.

Миграциялық полиция, мемлекеттік кірістер басқармасына әр айдың 3-ші күніне тұрғын үйлеріне уақытша тіркеуге   алған жеке тұлғалар туралы мәліметті ұсынады.

Әрі қарай Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келіп түскен анықтамаларға талдау жүргізіп, тұрғын үйін жалға берушілерді жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге алуға немесе жыл соңында декларация тапсыруға жұмыс жүргізуеді. Келіп түскен анықтамаларға сәйкес  жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растау мақсатында Ақтоғай ауданы бойынша кірістер басқармасы тоқсан сайын  жергілікті полициямен салыстыру актісін жүргізеді.

2-тармақ  «Жеке көліктерімен жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау».    (101202,103101)  Жоспары 10,0 мың теңге орындалысы 3,2 мың теңге, 32 %. (4,6-139,4%)

Жауапты органдар: Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (келісім бойынша), жергілікті полиция бөлімі (келісім бойынша), кент, ауыл,ауылдық округ әкімдері.

Жеке көліктерімен жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жеке тұлғаларды анықтау және жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге алу. Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, жергілікті полиция бөлімімен бірлесе отырып   апта сайын жүрмелі шаралар жүргізу. Жүрмелі шаралар барысында таксиге немесе жүк тасымалдаушы жеке тұлғаларға  тапсырыс беру арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс бойынша келген таксиден жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы құжаттарын талап ету арқылы  анықталады. Әрі қарай Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге алады.

3-тармақ «Әкімдік тарапынан құрылған жұмыс тобымен келесі материалдарды қарау:                                                                         

-жалданбалы жұмысшылар санын, жалақы қорын азайтып көрсеткен, бірақ тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан ірі айналымы бар және еңбек ақыны "конвертпен" беретін салық төлеушілерді анықтау;                                                                                                                  

 -құрылыс, ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм және спорт, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру, қоғамдық тамақтандыру салаларындағы бейресми жұмыспен қамтылуды анықтау». (101201,101202,103101)   200,0 мың теңге жоспарланған түсім түспеуде. (46,3 -112,7%)

Жауапты орындаушылар: Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (келісім бойынша), ауданның кәсіпкерлік  және өнеркәсіп бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауданның  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі, ауданның ветеринария бөлімі, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтоғай аудандық   аумақтық  инспекциясы (келісім бойынша), Ақтоғай аудандық орталық аурухана (келісім бойынша), кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері.

1.Ірі шаруашылық жүргізуші субъектілерінің  басшыларымен  еңбекақыны көтеру  және «конвертпен еңбекақы төлеу» мәселесі бойынша жұмыс жүргізу.

Мемлекеттік кірістер басқармасы ірі айналымы бар шаруашылық субъектілерінің, қызмет көрсетулердің  аз көлемде еңбекақы төлеп отырған немесе салық есептілігінде  жалдамалы жұмыскерлер  санын көрсетпеген салық төлеушілер тізімін жасайды.  Жасақталған тізімді жұмыс тобының отырысына қарауға ұсынады. Жұмыс тобы  салық төлеушімен еңбекақыны көтеруге немесе   жалдамалы жұмыскерлер санын салық есептілігінде көрсетуге түсіндірме жұмысын жүргізеді. Әрі қарай Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушінің қосымша есептілік тапсыруын және салықтардың төленуін қадағалайды.

 2.Құрылыс жұмысымен айналысатын ұйымдардағы  тіркелмеген жалдамалы жұмысшыларды және төленген жалақыдан бюджетке салықтардың аударылмауын анықтау.

Ауданның экономика және қаржы бөлімі  және барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлері 2016 жылғы  және тоқсан сайын  мемлекеттік кірістер басқармасына заңды тұлғаларға тендер жеңімпаздары ретінде жіберілген қаржы туралы және басқада бағдарламалардан мемлекеттік сатып алулар, жұмыстар  мен қызмет көрсетулер тізілімін тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3 күніне жолдайды.

 Бюджеттік бағдарлама әкімгерлері тізілімде жеңімпаз заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауын, ЖСН,  бюджеттен мердігердің есеп шотына түскен қаржы көлемін, қаржының түскен күнін, орындалу мерзімі көрсетілген келісім-шарт нөмерін, еңбекақы қорын, жалдамалы жұмыскерлер саны туралы мәліметтерді көрсетеді.

 Ауданның экономика және қаржы бөлімі  бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне қаралған қаржы көлемі туралы ақпаратты жолдайды.

Әрі қарай Мемлекеттік кірістер басқармасы  құрылыс жұмысын жүргізген  салық төлемшінің салық есептілігін және еңбекақы қорын тапсырылған мәліметтермен салыстырады. Айырмашылық анықталған жағдайда салық төлемшіні Жұмыс тобының отырысына шақырып  салық төлеушімен еңбекақыны көтеруге немесе   жалдамалы жұмыскерлер санын салық есептілігінде көрсетуге түсіндірме жұмысын жүргізіп, отырыс қорытындысының хаттамасын Мемлекеттік кірістер басқармасына жолдайды. Әрі қарай Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушінің қосымша есептілік тапсыруын және салықтардың төленуін қадағалайды.

3. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін заңды тұлғалар мен шаруа қожалықтарындағы тіркелмеген  жалдамалы жұмыскерлерді   тапсырылған  мәліметтерінмен салық есептілігін салыстыру.

Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері сәуір айынан бастап шаруа қожалықтарындағы және ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретіндер қажеттілігіне қарай жалдамалы жұмыскерлер санын, мал басының санын түрлеріне қарай ( ірі қара, ұсақ малдар,жылқы, шошқа, түйе) және егілетін өнім көлемін  жұмыс тобының отырысына  ұсынады. Жұмыс тобы нақты жұмыс көлеміне қарай жалдамалы жұмыскерлер санын анықтап ай сайын  15 шілдеден бастап Мемлекеттік кірістер басқармасына ұсынады. Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлемші есептілігімен салыстырады, айырмашылық анықталған жағдайда  жұмыс тобының отырысына ұсынады. Салық төлемшіні Жұмыс тобының отырысына шақырып  салық төлеушімен еңбекақыны көтеруге немесе   жалдамалы жұмыскерлер санын салық есептілігінде көрсетуге түсіндірме жұмысын жүргізіп, отырыс қорытындысының хаттамасын Мемлекеттік кірістер басқармасына жолдайды. Әрі қарай Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушінің қосымша есептілік тапсыруын және салықтардың төленуін қадағалайды.

4. Мәдениет, туризм және спорт, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту орталығы тіркелмеген жалдамалы жұмысшыларды  анықтау.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Ақтоғай аудандық  орталық аурухана  Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3 күніне  шетелден келген жұмыскерлер, әртістер  және уақытша бос жұмыс орынына сұраныс берген мекемелер туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер басқармасы жолдайды. Мәліметте заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауын, ЖСН,    келісім бойынша қаржы көлемі, орындалу мерзімі көрсетілген келісім-шарт нөмерін, еңбекақы қорын, жалдамалы жұмыскерлер саны туралы мәліметтерді көрсетіледі. Мемлекеттік кірістер басқармасы келісім шартпен жалдамалы жұмыскер қабылдаған мекеменің салық есептілігімен салыстырады, айырмашылық анықталған жағдайда  жұмыс тобының отырысына ұсынады. Салық төлемшіні Жұмыс тобының отырысына шақырып  салық төлеушімен еңбекақыны көтеруге немесе жалдамалы жұмыскерлер санын салық есептілігінде көрсетуге түсіндірме жұмысын жүргізіп, отырыс қорытындысының хаттамасын Мемлекеттік кірістер басқармасына жолдайды. Әрі қарай Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушінің қосымша есептілік тапсыруын және салықтардың төленуін қадағалайды.

4-тармақ «Қоршаған ортаны қорғау  эмиссиясына  рұқсат ету құжаттарынсыз жүзеге асыратын (табиғатты пайдалану) немесе салық салу базасының көлемін кеміткен (жасырып қалған)  кәсіпкерлік субъектілерін анықтау».(105316) жоспары 300,0 мың теңге, 7,7 мың теңге, немесе 2,6%. (21118,5-102,5%)

Жауапты орындаушылар: Бюджеттік бағдарлама әкімгерлері, Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, кент, ауыл,ауылдық округ әкімдері.

Эмиссияға салық төлеушілердің салықтық базасында ескерілмеген және салық декларациясында көрсетілмегендерді  анықтау, жаңадан енгізілген құрылыс  объектілеріне эмиссия бойынша рұқсат алушылармен жұмыс жүргізу және камералдық бақылау бойынша  қоршаған ортаға эмиссияның салық салу базасын есептеу үшін төлемақының  сәйкессіздіктерін анықтау.

5-тармақ «Мемлекеттік бюджеттің барлық деңгейдегі трансферттер қаржысын көрсете отырып инвестициялық жобалар бойынша тендер жеңімпаздарының мәліметтерін беру  және тендерлік өтінімдерінің көшірмелерін ұсыну (тіркеу нөмірін көрсете отырып, ЖСН-салық төлеушінің салық, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен алынған сомасы туралы)».  (101202,103101) 350,0 мың теңге жоспарланып 742,6 мың теңгеге, немесе 212,2% орындалды.    (233,0-233 %)                                                 

Жауапты орындаушылар:Ауданның барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлері, Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы, Ақтоғай ауданының білім бөлімі, Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер  басқармасы (келісім бойынша), ауданның экономика және қаржы бөлімі.

Ауданның экономика және қаржы бөлімі  және барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлері 2016 жылғы  және тоқсан сайын  мемлекеттік кірістер басқармасына заңды тұлғаларға тендер жеңімпаздары ретінде жіберілген қаржы туралы және басқада бағдарламалардан мемлекеттік сатып алулар, жұмыстар  мен қызмет көрсетулер тізілімін тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3 күніне жолдайды.

 Бюджеттік бағдарлама әкімгерлері тізілімде жеңімпаз заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауын, ЖСН,  бюджеттен мердігердің есеп шотына түскен қаржы көлемін, қаржының түскен күнін, орындалу мерзімі көрсетілген келісім-шарт нөмерін, еңбекақы қорын, жалдамалы жұмыскерлер саны туралы мәліметтерді көрсетеді.

 Ауданның экономика және қаржы бөлімі  бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне қаралған қаржы көлемі туралы ақпаратты жолдайды.

Мемлекеттік кірістер басқармасы алынған мәліметтерді  салық есептілігімен салыстырады айырмашылық анықталған  жағдайда салық төлемшіге  кемшілікті қалпына келтіруге хабарлама жібереді.

 

6-тармақ  «Жер учаскелерін мақсатты пайдаланбау фактілерін анықтау және оларды аудандық  жер қоры құрамына қайтару бойынша жұмыстар жүргізу». (105315, 104309) Аталған тармақ бойынша 200,0 мың теңге жоспарланған, түсім түспеуде.(10289,2-122,5%)

Жауапты орындаушылар:  Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  (келісім бойынша), Ақтоғай ауданының  жер қатынастары,  сәулет   және қала құрылысы бөлімі, кент, ауыл, ауылдық  округ әкімдері.

Кент, ауыл, ауылдық  округтер бойынша ауданының  жер қатынастары,  сәулет   және қала құрылысы бөлімі  жер телімдерін мақсатқа  сай емес қолдану фактілерін анықтайды, жер телімін заңсыз қосып алулар бойынша анықталған мәліметтерді әр айдың 3 -күніне мемлекеттік кірістер басқармасына жолдайды. Мемлекеттік кірістер басқармасы алынған мәліметтерді  салық есептілігімен салыстырады айырмашылық анықталған  жағдайда салық төлемшіге  кемшілікті қалпына келтіруге хабарлама жібереді. Кемшілік қалпына келтірілмеген жағдайда Ақтоғай ауданының  жер қатынастары,  сәулет   және қала құрылысы бөлімі тарапынан жерді пайдаланушылардан жер телімдерін қайтарып алу жұмыстары жүргізіледі.

                                                                                                   

7-тармақ «Кәсіпкерліктің қызмет көрсету саласында жаңадан ашылған  шағын және орта бизнес өкілдерінен түсетін салықтар мен төлемдер».  (101201,101202,103101) 7 тармаққа 19,0 мың теңге жоспарланған түсім түспеуде. Ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің мәліметі бойынша  Шашубай кентінен  жылыжай, Сарышаған кентінен аптека ашылып, жұмыс жасап отыр. Шашубай кентіндегі  жылыжай иесі қосымша жер алған Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер  басқармасына шілде айының соңында ғана тіркелуге келген, Сарышаған кентіндегі аптека иесі Архабаева Приозерск қаласына тіркелгендіктен бізге түсім түспейді.

Жауапты орындаушылар: Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер  басқармасы (келісім бойынша),  ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі,  кент, ауыл,ауылдық округ әкімдері.

Ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі  Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жаңадан ашылған кәсіпорындар мен кәсіпкерлер туралы мәліметті  (атауы, ЖСН, кәсіпкерлік түрі, салық салу түрі және мекен жайы)  әр айдың 3-күніне ұсынады.

Мемлекеттік кірістер басқармасы ұсынылған мәлімет бойынша салық төлеушілердің салық есептілігі мен салық төлемдеріне салыстыру актісін жүргізеді. Айырмашылық анықталған жағдайда салық төлемшіге кемшілікті қалпына келтіруге хабарлама жібереді.

8-тармақ «Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық бойынша салықтық базасында ескерілмеген және көрсетілмеген, салық рәсімінен өтпеген салық төлеушілерді анықтау, сондай-ақ тұрғын үй қорын қоса алғанда, жеке тұрғын үй құрылыстарын кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын тұрғын үй  қорынан шығарылмаған тұрғын үй қорын анықтау. Салық салынатын базаны төмендетуге жол берген салық төлеушілермен жұмыс».(104101) Аталған тармақ бойынша 3500,0 мың теңге жоспарланған, орындалысы 17,5 мың теңге, немесе 0,5%. (108,5-100%.)

Жауапты орындаушылар: Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  (келісім бойынша), Ақтоғай ауданының әділет басқармасы (келісім бойынша), Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль  жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы, ауданның кәсіпкерлік  және өнеркәсіп бөлімі,  кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері.

Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша салық декларациясында  салықтық базасында ескерілмеген және көрсетілмеген  мүлік салығын анықтау.

Мемлекеттік кірістер басқармасында  мүлік салығының төлемшісі ретінде тіркелмеген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді анықтау.

 Камералдық тексеріс жүргізу арқылы заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығының есептілігі мен салық салу базасының сәйкессіздігін анықтау.

Ақтоғай ауданының әділет басқармасы Мемлекеттік кірістер басқармасына тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3 күніне  заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырған мәмілелер бойынша жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу  бағаларын көрсете отырып мәліметті жолдайды. Мемлекеттік кірістер басқармасы ұсынылған мәлімет бойынша салық төлеушілердің салық есептілігі мен салық төлемдеріне салыстыру актісін жүргізеді. Айырмашылық анықталған жағдайда салық төлемшіге кемшілікті қалпына келтіруге хабарлама жібереді.

 Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша салықтық базасының төмендетіліп тапсырылуын анықтау (негізгі мүліктерді қайта бағалау). Мемлекеттік кірістер басқармасы тапсырылған салық есептілігімен  өткен жылғы салық есептілігін салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Нысан бағасының төмендеуі анықталған жағдайда, салық төлемшінің  салық салу базасын төмендеткені жөнінде жұмыс тобына мәлімет жолдайды. Жұмыс тобының  салық төлеушімен әңгімелесудің оң  нәтижесі болған жағдайда, салық төлемші мүліктеріне қайта бағалау жүргізеді.

 Жеке тұрғын үй құрылыстарын тұрғын үй қорынан шығармай кәсіпкерлік мақсатқа пайдаланғандарды анықтау.

Ақтоғай ауданының  жер қатынастары,  сәулет   және қала құрылысы бөлімі Мемлекеттік кірістер басқармасына тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3 күніне  заңды және жеке тұлғалардың тұрғын үй қорынан кәсіпкерлік мақсатқа қайта жаңғыртылған және жаңадан іске қосылған жылжымайтын нысандар туралы мәліметті ұсынады.

Мемлекеттік кірістер басқармасы ұсынылған мәлімет бойынша салық төлеушілердің салық есептілігін тексереді, айырмашылық анықталған жағдайда салық төлемшіге кемшілікті қалпына келтіруге хабарлама жібереді.

9-тармақ «Коммуналдық меншіктегі кәсіпорындарды бәсекелестік ортаға беруден түсетін түсімдер (жекешелендіру)».(301102)

 Кент, ауыл, ауылдық округтердегі коммуналдық меншіктегі нысандарды  бәсекелестік ортаға беру (жеке кәсіпкерлерге сату).

9 тармақ бойынша жоспар қаралмаған, алайда  үстіміздегі жылдың 1 жартыжылдығында  ауданның коммуналдық меншігіндегі мүліктерді сатудан 955,0 мың теңге түсті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ж.Дүйсебаевтың бекіткен іс-шаралар жоспарының 1, 2 тармақтарына сәйкес ауылдық округі әкімдігінің тарапынан ұсынылған ақпар негізінде жеке меншік иелерінің  саны – 176, атап айтқанда Қарабұлақ ауылдық округінен 63, Ортадересін ауылдық округінен 35, Тасарал ауылдық округінен 29,  Жидебай ауылдық округінен 29, Шабанбай би ауылдық округінен 6, Шашубай кентінен 7, Сарышаған кентінен 7.

Тапсырманы орындау мақсатында бөлім тарапынан ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне  2 рет хат жолданды.(4.06.2017 ж.№2-3/375;  04.07.2017 ж.№2-3/423)

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района