в актогае -3
USD 379.29
EUR 426.40
RUB 5.93
Мобильная версия

№3Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірудегі жұмыстарды жүргізетін аудан әкімдігі жанындағы жұмыс тобының селектрлік режимдегі отырыс ХАТТАМАСЫ

Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірудегі жұмыстарды жүргізетін аудан әкімдігі жанындағы жұмыс тобының селектрлік режимдегі отырыс ХАТТАМАСЫ

Ақтоғай ауылы                                                         2018 жыл  2 наурыз

сағат 11-00-де

                             № 3

Өткізу орны: Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі, 4 үй, Ақтоғай ауданының әкімі аппараты

Төрағалық етті:  Қошантаев Қайрат Жақыпбайұлы  -  жұмыс тобының басшысы,  Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары

Қатысқандар: үәкілетті орган басшылары, бөлім басшылары, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері (селектрлік режимде), Ақтоғай ауданы бойыша мемлекеттік кірістер басқармасы, жеке кәсіпкерлер (тізім бойынша).

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірудегі атқарылатын жұмыстардың іс-шара жоспарының «Жалданбалы жұмысшылар санын, жалақы қорыназайтып көрсеткен, бірақ тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан ірі айналымы бар және еңбек ақыны «конвертпен» беретін салық төлеушілерді анықтау; құрылыс, ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм және спорт, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру, қоғамдық тамақтандыру салаларындағы бейресми жұмыспен қамтылуды анықтау» 3 тармағының талаптарын орындау мақсатында  Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан жүргізілген жұмыстар нәтижесіндегі келіп түскен хаттарға орай тізімдегі салық төлеушілермен жұмыстар жүргізу  (А.Тусупбеков).

ОТЫРЫС ШЕШІМІ:

Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірудегі атқарылатын жұмыстардың іс-шара жоспарының  2,3,4,5,8 тармақтарына, Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан келіп түскен хаттарға сәйкес салық төлеушілердің салық органына тапсырылған салық есептілігі (декларация), жалақы қоры мөлшерін төмен көрсеткен салық төлеушілермен (жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының жетекшілері) түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, келесі салық төлеушілерге қосымша салық есептілігі ұсынылуы және есептелген қосымша салықтарды бюджетке төлеу тапсырылды:

  1. Пункт бойынша төменде көрсетілген салық төлеушілер:

1. Смагулова А. ЖСН 530801402146

     2.  Сулеймбеков И. ЖСН 651127300593

     3.  Толеубеков Б. ЖСН 910804350592

     4. Нарымбекова О. ЖСН 450917450239

     5.  Дюсенбекова У. ЖСН 591022450254

  1. Аталған салық төлеушілермен қосымша салық есептілігі тапсырылуын және тиісті салықтарын төленуін қадағалау Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Тусупбековке тапсырылсын.
  2. Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс түсіру бойынша жоспардағы іс-шаралардың орындалысы үнемі бақылауда болсын.

 

   Жұмыс тобының басшысы                         Қ.Ж.Қошантаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района