в актогае 20
USD 386.91
EUR 428.81
RUB 5.79
Мобильная версия

Бөлімнің 9 айда атқарған жұмыстары

 

Автокөлік жолдары бойынша:

2016 жылы облыстық бюджет арқылы 149 млн. 368 мың теңге Просторный-Жарық-Ақсу-Аюлы-Ақтоғай-Балқаш жолына 1 шақырым күрделі жөндеу (351-352), бүгінде конкурс жеңімпазы «Тастемір» ЖШС-і. Құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде.

         Облыстық бюджет арқылы 34 млн. 384 мың теңгеге Ақтоғай ауылы Ж.Ақбай көшесінің орташа жөндеу  жұмыстарына бөлінді. Конкурс жеңімпазы «Казтрансэнерго» ЖШС-і. Жұмыстар толығымен аяқталды.

Сонымен қатар Нарманбет-Айыртас бағытындағы жолдың ағымдағы жөндеуіне 10 млн теңге бөлінген. Конкурсты7 840 мың теңгегежеңімпаз «Берер» ЖШС-і.Жұмыстар толығымен аяқталды.

2016 жылға Облыстық жолдарды күтіп ұстауға 69 млн 400 мың теңге 373  шақырымға бөлінді. Конкурс жеңімпаздары Берер ЖШС және Тастемір ЖШС-і.

Аудандық бюджеттен Ақтоғай-Шылым-Ақжарық бағытында ағымдағы жөндеуге 9,2 млн теңге бөлінді. Конкурсты 8 175 мың теңгеге жеңімпазТастемір ЖШС-і.

Ақтоғай ауылының Абай-Ержанов көшелерінің орташа жөндеуіне 10 млн 864 мың теңге бөлініп,жөндеу жұмыстары толығымен орындалды. Конкурс жеңімпазы «Казтрансэнерго» ЖШС-і.

 

Жылу жүйелері бойынша:

Ақтоғай ауданы төңірегінде 3 дана орталықтандырылған жылу қазандықтары бар, оның ішінде  Шашубай кентінде – 1, Сарышаған кентінде 2 жылу орталықтары. Аталған қазандықтар «Тоқырауын Су Жылу» ЖШС-нің тенгерімінде жұмыс атқарады. Бүгінгі таңда аталған серіктестікпен дайындық шаралары ұйымдасқан түрде жүргізілген.

 Жоғарыда аталған қазандықтардың ішінен бүгінгі күні Сарышаған кентінің №1 қазандығы жылыту маусымына 100% және №2 қазандық бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 6,087 млн.тг қаржы бөлінген болатын.  Бұл қаржыға  жылыту орталығына қосымша ТОМ-1 маркалы жылу қазандығы орнатылып, қазіргі қолданыстағы бар қазандықтарға су жіберу насостары, ысырмалардың, істен шыққан электр сымдарының жөндеу жұмыстары сияқты жұмыстар іске асырылған. Бүгінде конкурстық рәсімдері өтіп, бір көзден «ProTOM»ЖШС-мен келісім шартқа отырылды,  жөндеу жұмыстары аяқталып, қазандықтар іске қосылып қалыпты жұмыс жасап тұр.

Және Шашубай кентінің  жылу қазандығы  бойынша да жұмыстар толығымен жүргізіліп, көпқабатты үйлермен мекемелерді жылумен қамтамасыз етіп отыр .

Алдағы жылу маусымына аудан бойынша орталықтандырылған жылу жүйелері мәдениет, спорт объектілері және де әлеуметтік салалар бойынша жалпы 8407 тонна көмір керек. Бүгінгі күні аталмыш мекемелер көмірмен толығымен қамтамасыз етілген.

 

Электр желілері бойынша:

       Электр желілері бойынша айта кететін болсақ, биыл жергелікті басқару органдарымен желілерді иесіз деп танып ауданның коммуналдық меншікке алынып. Бүгінгі күні аумағы 433,98 км болатын ауылішілік электр желілерінің сот шешімі шықты. Ендігі кезекте мүлікті сенімгерлік басқаруға Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің16қаңтар 2015жылғы №1 бұйрығымен бекітілген,яғни тендірлік негізде берілетін болады.

            Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 25,88 млн.тг бөлінген. Конкурс рәсімдері өтіп жеңімпаз «ЭнергоПромСтройСервис» ЖШС-і. Бүгінгі күнде жөндеу жұмыстары басталды.

Ауыз су мәселесі бойынша:

Биылғы жылға 3 шақырым су және кәріз жүйелерінің ағымдағы жөндеуден өткізу «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 7,8 млн.тг бөлінген. Бұған Сауле ауылына-2 млн.тг және Ақтоғай ауылы бойынша-5,8 млн.тг су жүйесінің ағымдағы жөндеуден өткізу қарастырылған.

Сонымен қатар «Сумен жабдықтау» бағдарламасы арқылы Нүркен, Караменде селолық округтерінде жалпы соммасы 2,586 млн.тг болатын су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған елді-мекендері бойынша бір көзден «Нұрасыл» ЖШС-і келісім шартқа отырылды. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Ауданындағы құрылыс нысандарының өту барысы:

Ақтоғай ауданында дәрігерлік стационарлық амбулатория құрылыстары жүргізілуде атап айтсақ Сарышаған кентінде, құрылыс жұмыстарының жалпы соммасы 89 933 545 тенге құраса, Сауле ауылында дәрігерлік стационарлық амбулаториясы салынып, қолданысқа қабылданып,құрылыс жұмыстарының жалпы соммасы 110 237 477 тенге бөлінген болатын.Құрылыс жұмыстары аяқталды.

 

Жалпы 2016 жылдың 9 ай бойынша  тұрғын үй салу жоспары 4210 шаршы метр, орындалысы 4742 шаршы метр. Өткен жылмен салыстырғанда 114 пайызға артық орындалып отыр. Барлық көрсеткіш бюджет қаржысынан тыс орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемінің 9 айлықтағы жоспары 2032,3 мың теңге. Жоспар1304,3 млн.теңгеге орындалып, өткен жылмен салыстырғанда 65,4 пайызды құрап отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1994 млн.болған.Құрылыс жұмыстарының көлемі төмендеуі, құрылыс жүргізетін қаражат бөлінбеуіне байланысты және ЖШС кәсіпорындар салған нысандардың құжаттарын мекемелер статистика басқармасына уақытында тапсырмаудан болып отыр. Біз өзіміздің саладан маусым айында статистика басқармасына салынған нысандардың құжаттары тапсырылды, бірақ статистика басқармасы салынған нысандардың құжаттарын құрылыс түрінде қабылдап, салынған жалпы сомасын қосымша құрылыс жүргізген ірі ЖШС кәсіпорындары тапсыру керек деп  қабылдамады. Бірақ бұған қарамастан жоспарды орындау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

 

                                       «Ақбұлақ» бағдарламасы жөнінде ақпар

 

          «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылы 5 елді мекенге, жалпы құны 891 млн 491 мың тенгеге жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалды. Олар:

1. Торанғалық ауылындағы су құбырлар желілерінің құрылысы. Жалпы құны 122 068 мың теңге. Ұзындығы  6,3 шақырым.

2. Тасарал ауылындағы су құбырлар желілерінің құрылысы. Жалпы құны 83 817 мың теңге. Ұзындығы  4,438 шақырым.

3. Нарманбет ауылындағы су құбырлар желілерінің құрылысы. Жалпы құны 299 771 мың теңге. Ұзындығы  12,108 шақырым.

4. Ортадересін ауылындағы су құбырлар желілерінің құрылысы. Жалпы құны 260 157 мың теңге. Ұзындығы  11,54 шақырым.

5. Кежек елді мекенінің су құбыры желілерінің құрылысы. Жалпы құны 125 678 мың теңге. Ұзындығы  7,8 шақырым жобалау сметалық құжаттары 2012 жылы дайындалған, бүгінде уақыты өтіп кетуіне байланысты түзету енгізу керек. (корректировка).

 

                        Бюджеттік өтінімдер өткен жобалар

 

 Бүгінде 2017 жылға Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына жоғарыдағы жобалау-сметалық құжаттары дайындалған 4 елді мекеннің  республикалық бюджетке Ортадересін,Торанғалық және Нарманбет елді мекендерінің құжаттары, ал облыстық бюджетке Тасарал  елді мекенінің бюджеттік сұраныстары өткізілген.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района