в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

Шашубай кенті бойынша 2016 жылы 9 айда атқарылған жұмыстардың ақпары

 

Шашубай кентінде коммуналдық сала, құрылыс бойынша;

 Үстіміздегі жылы  коммуналдық сала, құрылыс бойынша бюджеттік қаржыға кенттегі емхананың стационарлық бөлімінде күрделі құрылыстық жөндеу жұмыстары жүргізілді, жаңа жылыту қазаны қойылып, жылу жүйесі тартылды. Ғимараттың төбесіндегі жұмсақ төсеніш бикрос материалымен толықтай жаңартылды, жалпы барлық осы жұмыстар бойынша –  22 млн.595 мың тенге бюджеттік қаржы игерілді. Сонымен қатар, кент әкімшілігі ғимаратының төбесін  жөндеуге 1 млн. 499 мың тенге бюджеттік қаржы игерілді.              

    Мамыр айында санитарлық тазалыққа бюджеттен  қаралған 500 мың  теңге қаражаттың 435 мың теңгесін тендер бойынша Балқаш қаласынан жеке кәсіпкер «Ежибаев А» жеңіп алып, жұмыс жүргізді, нәтижесінде 4 жердің ұйымдастырылмаған күл-қоқыс тазартылып –  450 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар мен құрылыс сынықтары аралас қоқыс  шығарылды.

   Сонымен қатар, тұрғындардың күшімен 1700 кв. м. Ж.Ақбергенұлы және Ихамбаев көшелері жолындағы шұңқырларға щебень аралас бетон төсеніш төселіп, тегістеліп жөнделді.    

     Кент бойынша жаппай халықты сенбіліктер мен тазалық бейсенбіліктеріне жұмылдыру мақсатында 5  жиналыс  өткізіліп, көрнекті жерлерге шақыртқылар ілініп отырды. Әр жұма сайынғы тазалық бейсенбіліктер мен  жарияланған аудандық, облыстық сенбіліктер міндетті түрде ұйымдастырылды.

Тұрақты қатысқан адамдар саны – 970-1000 аралығында болып отырды, яғни жұмысқа белсенді тұрғындардың – 58-67 пайызы.

Қатысқан ұжымдар саны  - 12

Қатысқан техникалар саны  - 5, оның ішінде 1 – жер қазатын, тиегіш трактор, 4 – автомашина самосвал.

Тазартылған аумақ – 13,7 гектар.

Шығарылған күл-қоқыс – 798 тонна.

Рұқсатсыз күл-қоқыс төгілген 4 жер орны  тазартылды

Әктелгенбардюр – 876 п. м.

Әктеліпбоялғанэлектрбағаналары – 27 дана

Жөнделгенқоршаулар – 280 п. м.

Отырғызылғанағаш – 230 түп

Отырғызылған бұталар – 124 түп

Түптелген, әктелген ағаш түбі – 720 түп

Қондырғыларыбоялғанбалаларойыналаңы  – 1 дана

Әктеліп, боялғанжолаушылараялдамасы – 1 дана

    Кент санитарлық жұмысы  күнделікті бақылауда, қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздар тізімінде тіркелген үш адам желтоқсан айына дейін жұмыс істейді.

   Абаттандыру, көріктендіру бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылға қаралған бюджеттік 7 млн. 147 мың тенге  қаржы қазан айының аяғында ғана есеп шотымызға түсті. Бұл қаржыны тұрғындардың сұранысы негізінде балалар ойын алаңын орнатуға тендерге хабарлама бердік, жеңіп алған мердігер 10-шы қарашаға дейін белгілі болып, жұмысқа кіріседі.

      Күздік санитарлық тазалыққа қаралған бюджеттік 350 мың тенге қаржыға күл-қоқыс салатын контейнерлерге тапсырыс берілді, оған «Балхашуниверсал» ЖШС арқылы 10 дана контейнер алмақшымыз. Кенттегі инженерлік коммуникация жүйелерін жөндеуге жыл басынан сұраныс «Тоқырауын су-жылу» ЖШС тарапынан бірнеше сұраныс берілді, алайда тек «Алтын» мөлтек ауданындағы кәріз жүйесіндегі сорғы станциясын күрделі жөндеуге  900 мың тенге қаралып, тендер жарияланды. 

    Кент бойынша қысқа дайындық жұмысы бекітілген іс-шараға байланысты кестеге сәйкес жүргізілді. Орталық қазандықта үш Е1/9 және екі ТОМ-1 маркалы қазандары  ағымдағы жөндеуден өткізілді. ТОМ-1 қазанының біреуінің  оттығы дәнекерленіп жөнделді,  қазандықта екі желдеткіш, жылыту құбыры секциялары жөнделді, ашып-жабатын тетіктерге ревизия жасалды.   Қолдағы қаражат мөлшеріне қарай   «Тоқырауын Су-Жылу» ЖШС  Қарағанды қаласы «Диқан» ЖШС  разърезімен 700 тонна көмірге келісім жасап, тасылып жатыр.  Тұрғын үйлердің жертөлесіндегі жылу жүйелері кестеге сәйкес 100 пайыз жөндеуден өтті.    

     Мектеп балабақша кешеніндегі екі қазанның оттығы ауыстырылып, жөнделді,   315 тонна көмір қоры қоймаға түсірілді.

   «Жеңіс» мәдениет үйінің жылу жүйесіндегі  резервтік айдамалау насосы  ауыстырылды, қазандық тұрақты жұмыс үстінде, бүгінгі күнге қажетті 180 тонна көмір  түсірілді. 

   Кенттегі емхананың амбулатория бөлімін жылытатын қазан ағымдағы жөндеуден өтті,  жылу беріп тұр, қажетті 40 тонна көмір қоры түсірілді.

   Кент бойынша  қысқы маусымға дайындық 100 пайыз орындалды, жылу беру нысандарының жұмысы үнемі кент әкімі аппараты мамандарының бақылауында.

 

Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласы бойынша;

        Шашубай кентінде мал ұстайтын 81 аулада, 210 бас МІҚМ, 75 бас қой-ешкі, 4 бас түйе, 15 бас жылқы, 70 бас шошқа малы, 1000 бас үй құстары бағып өсірілуде.

Бағымдағы ауылшаруашылығы жануарларына тән  жұқпалы аурулардың  алдын алу, болдырмау, сақтандыру мақсатында ветеринариялық профилактикалық-эпизоотиялық жұмыстары   орындалуда, МІҚ 182 бас, МҰМ 68 бас, түйеден 4 бас, шошқадан 49 бастан  қан сынамалары алынып,  барлық ветеринариялық санитариялық  лабараториялық зерттеу нәтижелері толықтай жүргізілді, зерттеу нәтижесінде жұқпалы ауруға шалдыққан  мал басы анықталған жоқ. Жоспар 100% орындалды.

Көрші Дересін ауылдық округіне қарасты мүйізді ірі қара малдары жаппай аса қауіпті жұқпалы ауруына шалдығынуына байланысты, кентімізге қарасты барлық МІҚМ басы осы пастереллез ауруына қарсы вакцинацияланды о.і. 110 бас аналық сиыр, 5 бас бұқа, 44 бас әр түрлі жастағы торпақ, тайынша, құнажын, өгізшелер, 48 бас быйылғы туылған төл, барлығы 207 бас.

      Бірдейлендіру жоспарға сай толық орындалуда,  112 бас МІҚ малы, 69 бас МҰМ, жылқы 13 бас, түйе 1 бас, шошқа 49 бас есепке алынып, орталық   дерек қорына енгізілді. Ветеринариялық паспорттар беріліп, толық қаржы аудандық орталық есепшотқа аударылды, мал басының дәлдігі аудандық статистика басқармасымен сәйкестендірілді.

         2016 жылдың 25 тамызында Ақтоғай ауданы Жидебай ауылдық округіндегі мүйізді ірі қара малынан аса қауіпті жұқпалы сібір жарасы ауруы тіркелуіне байланысты, осы аурудың алдын алу және болдырмау үшін кентімізге қарасты барлық ауыл шаруашылығы жануарларын сібір  жарасына екінші мәрте вакцинациямен егілді, о.і: 210 бас МІҚ, 75 бас МҰМ, 15 бас  жылқы, 4 бас түйе, 70 бас шошқа.

 2016 жылдың ІІ жарты жылдығында бруцеллез ауруын анықтау үшін МІҚ жоспар 120 бас, 120 бастан (100%), МҰМ жоспар 18 бас, 18 бас (100%) қан сынамалары алынып Балқаш қалалық ветеринариялық зертханасына тексеруге жіберілді.

     Былтыр, яғни 2015 жылдың көктемінде кент тұрғыны А.Копылованың өтініші бойынша қосалқы шаруашылығын дамыту үшін, «Даму» қорынан 2 500  000 тг қаражат бөлінді.  Осы қаражатқа  50 бас шошқа малына арналған қора-жай тұрғызып, мал басын әрі қарай көбейтуді көздеп отыр.     

         Биыл 2016 жылы кентіміздің тұрғыны С.Кусаимов қаз балапандарын өсіруге ниеттеніп отыр, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» бойынша мемлекет тарапынан  10000 бас қаз балапанын асырап бағу үшін барлық құжаттарын дайындап, қажетті 2 000 000 теңге қаражатты күту үстінде.

       Кентімізде мүйізді ірі қара малын асылдандыру жұмысы екі жылдан бері  тұрақты қолға алынып келеді, 2015 жылы 6 бас жергілікті ірі қара малы «қазақтың ақ бас» асыл тұқымды ұрығымен 2 мәрте қолдан ұрықтандырылған болатын, осы жақсы бастаманың нәтижесінде биыл көктемде аман-есен 4 бұзау алынды.    Биыл 9 бас күйленген МІҚ малы қолдан ұрықтанрылды, осы жаңа бастаманың арқасында және жұмсалған жұмыстан  оң нәтиже күтудеміз.

Жыл басынан бері Балқаш қаласында апта сайын «Ауыл-Береке» жәрмеңкесіне қатысып, кент тұрғындары қосалқы шаруашылығындағы ет, сүт, балық, балық өнімдерін және көк өніс өнімдерін қол жетімді бағамен сатып, қала тұрғындарына оңтайлы қызмет көрсетуде. Жыл басынан бері 20 тонна балық және балық өнімдері, 1450 кг сйыр еті, 190 кг қой еті, 10500 кг көкөніс сатылды. 

  Тұрғындардың өтініштері бойынша жыл басынан бері кент көшелеріндегі қараусыз бос жүрген қаңғыбас 21бас ит пен 3 бас мысық ауланып жойылды.

2016 жылдың 12 қыркүйегінде аталып өткен Мұсылман қауымының басты  Құрбан айт мерекесіне 1 бас мүйізді ірі қара малы, 15 бас мүйізді ұсақ мал  ауыл ақсақалы және ауыл имамы Төлеген қажының басшылығымен құрбандыққа  халал үлгісімен шалынып, мұқтаж жандарға үлестірілді.

Шашубай  кенті Әкімі аппараты» ММ және  кент тұрғындарын алаңдатып отырған мәселелер:

1.      Мал қорымын стандартқа сәйкес салу;

2.      Мал сою алаңын салу;

3.      Қаңғыбас ит пен  мысықтарды аулау.

Шашубай кенті бойынша атқарылған мәдени іс-шаралар бойынша.

1-2 қаңтар  күні  балалар  күніне   арналған «Жасыл шырша маңында» атты жаңа жылдық  балалар  ертеңгілігін өткізілді. Ертеңгілікке  арнайы  дайындаған  кеіпкерлер : «Аяз ата » - Ғ.Қожамбаев, «Ақшақар» -Есімхан Маржан-ай , Жүргізуші – Бөкен Дина , «Ескі жыл»- Дархан, «Жаңа жыл» - Дастан, Сиқыршы қыз- Жұлдыз , «Мыстан» - Әйгерім , «Боран»- Мерей, «Аяз »- Жансая. Барлығы да өздеріне  берілген рольдерін  тамаша  ойнап, көрермен көңілінен  шықты. Ертеңгілік  кешінде балалар  тақпақтарын , әндерін  айтып, билерін билеп, яғни өз өнерлерін көрсетті.Балалар үшін , ойындар өткізіліп , жарыстар ұйымдастырылды .Әкімшілік  тарапынан  балаларға  арнайы сыйлықтар берілді. Жаңа- жылдық ертеңгілігін  көңілді өткіздік.Осы  күндері  бүлдіршіндерге арналған мерекелік  «Балдәурен » дискокешін өткіздік.

  07 қаңтар Рождество күні «Здравствуй , Матушка Зима» атты  тақырыбында «Славянка » ән- би тобының және  ауыл  тұрғындарының  қатысуымен «Вечера русской песни» кешін өткіздік.

13 қаңтар «Ескі жаңа  жыл»   кент  тұрғындарының  сұрауы  бойынша дискокеш ұйымдастырылды. Дискокеште 80- шы жылғы  музыка қойылды.

03 ақпан Балқаш  қаласының «Шежіре»  фольклорлық  ансамблінің  концерті

19 ақпан  кенттік«Жас қанат» ән байқауы  өтті. Жас қанат байқауы өз  деңгейінде  өтті.Бас  жүлде  Мұхтар Дияр , 1-орын Тілеуғабыл Ажар,2орын Ақниет Қайрат  3 орын Ахаеева Елмира иеленді. Шоу  жүоргізушілер  байқауынан Елдос Болат  Аудандық  байқауға  жолдама  алды.

 28 ақпан  ауыл тұрғындарына белгілі Асхат пен Бауыржан құрған реперлердің «Менің  Отаным – Қазақстан » атты тақырыбында  ән кешін өткізеді.Соңынан жастарға   араналған  дискокеш ұйымдастырылады.

01 наурыз  Қ Р Тәуелсіздігінің  25  жылдық  мерейлі  жылымен  қоса  келген  тұңғыш  «Алғыс  айту»  мерекесі алғаш рет   өткізілді.  Кенттің  8  ұлт  өкілдерімен  ұйымдастырылған  мерекелік  концерт  өткізілді. 

04 наурыз  Аудандық  «Ақтоғай  аруы - 2016»  байқауына  қатысып, Есімхан  Маржанай  Бас  жүлдені  жеңіп  алды.

07  наурыз  Халықаралық  әйелдер  мерекесіне  арналған  мерекелік  концерт.  Аналарды  қабылдау   күніне   арналған  мерекелік   шара  әкімшілік ғимаратында өтті.

08 наурыз.«Аруларасылжандар»Мерекелік  концерт.  Мерекелікдискокештер.

12 наурыз.«Көктемшақырады»   Балқашқаласыныңжасәншілерініңмерекелікконцерті.

20  наурызК.Р. Парламент  мәжілісі  мен  маслихатттардепутаттарыныңкезектентыссайлауынаарналғанмерекелікшаралар.

22 наурыз  «АрмысыңәзНаурыз»  ШашубайкентініңНаурызмерекелікшерубағдарламасы.  Салт -дәстүрлікқойылымдар мен ойынсауық: «Қолкүрес», «Алтыбақантебу», «асықойнаудан »жарыстарұйымдастырылып «Әжелербайқауы» өткізілді. 1-орын мектеп бала- бақшакешенініңұстазыНарымбековаБақытиеленсе ,екіншіорындыТабиеваМұхтарима,үшіншіорынНұрғайшаКалиеважеңіпалды. Мерекелік  концертдискокештерұйымдастырылды.

27 наурыз театр күнінеарналған «Қуыршақ» драмалыққойылым.

30 наурызОблыстық«Жасқанат»  байқауынаауданғақатысқанжеңімпаздаржолдамаменМұхтарДиар, шоу жүргізушілерденЕлдосБолаталғысхатпенмарапатталыпкелді.

1 сәуір«Көңілдікүлкі-денсаулықмүлкі»аттыкөркемөнерпаздардыңқатысуыменәзіл-сықақкешіөтті.  

20 сәуірӘлиханБөкейханұлының 150-жылдығына және Қ.Р Тәуелсіздігінің 25 жылдығынабайланыстыселолықокругтердің: Тасарал, Тораңғалық, Дересін ,Шашубайөнерпаздарыныңбайқауғаарналғанқойылымдары мен концерттікбағдарламасыөткіздік. 25 сәуір«Жаңаесімдер»байқауынаән,бикөркемсөзжанрларынанөткенбайқауғақатысыпалдыңғыорындарғаиеболдық.

1 мамыр -Қазақстанхалықтарыныңбірлігікүні, ҚазақстанРеспубликасыТәуелсіздігініңмерейлі 25 жылдықаясындаүлкенмерекелікшеруменбасталды. «Ұлттардостығы»фестивалін  «Самалжел»  би  тобыәрұлттыңбиіненөзөнерлерінкөрсетті. Мектеп  бала-бақшакешенініңконцерттікбағдарламасы, «Жеңіс»мәдениетүйініңөнерпаздарыныңжәнемекемелердіңконцерттеріөтті. Шашубайкентіндетұратын8  әрұлтөкілдерініңдәстүрлерікөрсетіліп, әндерішырқалып, ойындарыойнатылды. Кешкісағат 18.00-  мерекелік концерт соңы ,мерекелікдискокешкеұласты.

5 мамыр «Жігітсұлтаны» Шашубайкентіжастарыныңарасындағыбайқау.     «Жеңіс»  клубүйініңспорттықкешензалындаөтті. Қатысқаны  4адам,  барлығынада,арнайысыйлықтар , алғысхатпенмарапатталды

7 мамыр «Көгілдір от»кешікенттікардагерлер, мекемелер  ер  азаматтарыныңОтанқорғаушылармерекесінеарналғанкешөтті.  концерттікбағдарламма.

9 Мамыр–  Қ.РТәуелсіздігініңмерейлі  25 жылдықмерекесіменқосакеліпотырған,   ҰлыЖеңісмерекесінеарналған«Ерлігіңмәңгіесімде»мерекелікшаралар.  Мерекебасынорталықалаңдағыескерткішкегүлшоқтарынқойып, 1  минут  үнсіздікпенескеалуменбасталды. Мерекелікшерубасын«Самалжел»  би  тобыкомпозициялықбиіменбастапберді. Әрмекемеден  5-6  адамнанқұрылғаншеруортағамекемежетістіктерінайтаотырып,  ортағашақырылыпотырды.Әрмекемеден 1  әншіденсоғысжылдарындағыәндеріменсахнадаәндерінайтты. Мектеп-балабақшакешеніөнерпаздарыжәнеБалқашқаласыныңәншілері,  Кент  өнерпаздары, «Самалжел»  би  тобыбишілеріөзөнерлерінкөрсетті.  Мерекелікконцерт  жастардың би  кешіменжалғасынтапты.

20 мамырМәдениетқызметкерлерініңкүні.  ӘрселолықокругтенкелгенмәдениетқызметкерлерімерекекүніналғашқыретШашубайкентінде «Жеңіс» клуб  үйіндеатапөтті. Селолық  клубүйлерініңмеңгерушілеріжетістіктеріүшіналғысхатпенмарапатталып,  концерттікбағдарламамендөңгелек  стол  маңындамерекелерінжалғастырды.

25 мамырМектепбітірушілердіңМектеп-балабақшакешеніндесоңғықоңыраумерекесінеқатысып  4-5  нөмерконцерттікбағдарламаберілді. Мектепөнерпаздарыменбірігіпоркестрмен «Әлқисса» Н.ТілендиевТүркештің «Көнілашар»  күйлеріорындалды.

31 мамыр  1932 жылғықуғын-сүргінгеұшырағанқұрбандардыескеалумитингісінөткізілді. Музыкалықдыбысаппаратурасыменқобызәуеніндегікүйлерқойылып,  ас  берілді.    

1 маусым –Халықаралықбалалардықорғаукүнімерекесінетаңертеңгісағат 10.00-ден бастап, кешкісағат 18.00-ге дейінкентбалаларына,қонақтарғаарналғанмерекелікшараларөтіпбалаларғаұйымдастырылғанойындаройнатылып,тәттілертаратылды.  Сағат  12.00-ден сағат 13.00-ге дейінспорттықшараларөтті.

4 маусым – Рәміздеркүніөткенсалтанаттышарағақатысып, «Қазақстанымалға»аттымерекелік  концерт қойдық.

21 маусымҚарағандыоблысыныңмәдениетмұрағаттаржәнеқұжаттамабасқармасы  «Облыстықмәдениетсауықжәнехалықшығармасыныңәдістемелікорталығы» жанынанқұралған«Зерде»бейнемобилініңшығармашылығыныңконцертіөтті.

3-5 шілде аралығында «Жеңіс» Мәдениетүйініңэстрадалықәнайтуүйірмесімүшелерімен  өнерпаздары «Жұлдыздар –ұл-қыздар»атты шоу-бағдарламалықконцертпен  САРЫТЕРЕК  және НАРМАНБЕТ  селолықокругтеріндегастролдіксапармен концерт берді. БұлконцертттікбағдарламаҚазақстанРеспубликасыныңТәуелсіздігінің 25 жылдығыменәсемқалаАстанамыздыңмерекесінеарналды.

6 шілде  Астанакүнінеарналғанмерекелікшараларөтті. Салтанаттыжиынныңсоңы«Ару қалам – Астанам» аттымерекелікконцерткеұласты. Спорттықжарыстарөткізіліп,шарасоңымерекелікдискокешпенаяқталды.

15 шілде Қазақстанныңхалықәртісі, композитор ЛатифХамидидің 110 жасқатолуынаарналғанаттымузыкалықкешөтті. КештеЛ.Хамидидіңәндерішырқалды.

23-24 шілдеБалқашқаласындаөткенМеталлургтеркүнінеарналғанмерекелікконцерттікбағдарламаға «Жеңіс»  клуб  үйінінөнерпаздарықатысты. Концерткеқатысқанөнерпаздаркәсіподақұйымыныңбағалысыйлықтарыменмарапатталды.

20 тамыз«Сағындырғанәндер-ай» әнкешіөтті.Кенттұрғындары  мен  өнерпазоқушылардыңқатысуыменескіәндерденбағдарламажасалды.

23 тамызкүні Абай  әндерінен және қарасөздерінен қалалы қкітапханад абайқау өтті.

25 тамызкүні«Болашақтыңкілтіжастарда»мерекелік концертін өткіздік.

28  тамыз  «Атазаңымайбыным»С.Сейфуллин кітапханасында кеш өтті.

30 тамыз«Атазаңым- айбыным» арналған салтанатты жиын және кент өнерпаздарының мерекелік концерт  өтті.

1 қыркүйек«Алғашқықоңырау» мектеп балабақша кешенінде мектеп оқушыларының,  өнерпаздарының концерті болды.

14 қыркуйек  «Самалжел» би тобының концерті.

17 қыркүйекБалқаш  калакүнінебайланыстыжасақындардыңмүшайрасынақатысып  Дина Бөкенмақтауқағазыменмарапатталды.

22 қыркүйеккітапхананыңулкензалында  «Тілелдіктіңайнасы» аттыкешкетілдермерекесінеораймузыкалық номер берілді.

28 қыркуйек«Ауыл кун»мерекесі. «Аққайың»дәстүрліәнбайқауы.Мерекелік концерт. Мерекелік дискокеш өткізіліп бұрынғы сот ғимаратынан спорт комплекс ашылды.

Шашубай кентіне 2016 жылдың 9 айына берілген бюджет толық яғни 100% игерілді.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района