в актогае 0
USD 379.36
EUR 428.94
RUB 5.93
Мобильная версия

І тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар

Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша – 43 мәдени объекті бар: 20 клуб үйі; 19 кітапхана; 2 «Зерде» бейнемобилі;1 мұражай; 1 саябақ.

2018 жылы ауданның мәдениет саласына жергілікті бюджеттен                       231 млн 652 мың теңге қаржы қаралды. Оның ішінде бөлімге – 23 млн 966 мың теңге, мәдени бос уақыт өткізу орталығына – 143 млн 188 мың теңге, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне – 50 млн 122 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу және осы кәсіпорынға қарасты ауылдық клуб үйлерінің жандарында жұмыс жасайтын түрлі үйірмелердің жалпы саны-96, қатысушылар саны 2314. Халыққа мәдени қызмет көрсету барысында жыл басынан598 шара өткізіліп,  69 мың көрермен қамтылды. Жалпы жыл басынан бірқатар іс-шаралар атқарылып,  өз жалғасын тауып келеді.

2018 жылы ақпан айында аудандық мәдениет үйінде  ақын Бағдат Мүбарактың «Алтын күрек» атты кітабының тұсау кесері өткізіліп, осы шарада жер-жерден келген ақындар, өнер адамдарымен бірге «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі жоғары деңгейде өнер көрсетті. Наурыз айында күйші Күлмара Рахымбекованың 80 жасқа толуына орай  шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Сондай-ақ аудандық«Жас қанат», «Асыл әже», «Еркетай» байқаулары өткізілді.

Мәдениет саласының бір тармағы көшпелі «Зерде» бейнемобилі. Бұл саланың жұмысын жандандыру мақсатында  биылғы жылы жаңа концерттік бағдарламамен мамыр айынан бастап гастрольдік сапарға шығатын болады. Сонымен бірге, ауылдық округтерден жас таланттарды анықтап, жарыққа шығару бағытында маусым-тамыз айларында аудан орталығында есептік шығармашылық кештер өткізу жоспарлануда.

Биылғы жылы да мектеп, мекеме ұжымдары арасында ұйымдастырылатын аудандық сенбілік  кештер өз жалғасын табуда.

19 ақпан күні мектеп, мекеме ұжымдары арасындағы «Әңгімесі ауылдың» тақырыбындағы демалу кеші өз көрермендеріне ұсынылды. Сонымен қатар, Астана қаласының 20 жылдығына және Ақтоғай ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған ауылдық округ өнерпаздарының «Өнерім туған өлкеге» атты фесивалін Жидебай селолық округ өнерпаздары бастады. Аталған шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Ағымдағы жылы ауыл клуб үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен   бөлінген 6 млн теңгеге 3 дыбыс күшейткіш аппартура, 10 компьютер және 4 генератор алу жоспарланған болатын. Бүгінгі күні дыбыс күшейткіш аппаратуралары алынып, клуб үйлеріне таратылды.

2018 жылы аудандық мәдениет үйіне 5 млн 749 мың теңгеге және Шабанбай би клуб үйіне 14 млн 428 мың теңге қаржы ағымдағы жөндеу жұмыстарынақаралған болатын. Аталған жөндеу жұмыстарымемлекеттік сатып алудың ашық конкурсына беріліп, қазіргі кезде келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.

Ақтоғай ауданы бойынша кітапханалар саны - 19. Оның ішінде 1 аудандық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, 5 үлгілі кітапхана, 12 ауылдық кітапханалар халыққа қызмет көрсетеді.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша кітап қоры 263314 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі кітаптар саны 154 846 дана. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша осы уақытқа дейін 98 843 кітап берілімі, 4 117 оқырман тіркелді. Жыл басынан 208 ауқымды іс-шара өткізіліп, 6 210 оқырман қамтылды. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі барлық әлеуметтік желілерге тіркелген және атқарылған жұмыстарды үнемі жариялап отыратын өздерінің жеке сайты жұмыс жасайды. Сайт бойынша  барлығы 1 274 қаралым.

Аудандық және Шашубай кент кітапханаларында  ҚР Президенті Қазақстан халқына арнаған кезекті  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы оқырмандар мен кітапханашылар арасында таныстырлып насихатталды. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынов – ұлт көсемі» атты тарихи сағат өткізілді. Ал, аудандық   балалар  кітапханасында  Сталинград   шайқасындағы   Жеңіске 75  жыл  толуына   орай  «Ұрпақтар  ұмытпайтын  - Ұлы  Жеңіс»  атты  еске алу  кеші өткізілді.Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша  атаулы күндер мен барлық мерекелік шараларға орай әр түрлі тақырыптарда дөңгелек үстел, тыңдау сағаты, музыкалық кеш секілді көпшілік шаралар тұрақты ұйымдастырылып отырады.

Биылғы жылы орталықтандырылған кітапхана жүйесіне жергілікті бюджеттен 2 млн теңге кітап сатып алуға және мерзімді басылымдарға жазылуға  3 млн тенге қаржы қарастырылды.

Кітапханалардың материалдық техникалық базаны нығайтуға  3 млн 750 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде: кітапханалық  жиһаз алуға – 3 млн 250 мың теңге, ал, компьютерлер алуға – 500 мың теңге қаралды.

Аудандық археологиялық – этнографиялық  музей қорында барлығы 94жәдігер бар. Оның30негізгі қорда болса, 64қосымша қорда. Жалпы музейдежыл басынан барлығы 15 экскурсия, 17 көрме, 14 танымдық дәріс өткізіліп, 1353 адам қамтылды.

Ағымдағы жылы аналар күні мен Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамдарына және тағы басқа атаулы мерекелерге орай ауыл тұрғындарына жайма көрме ұсынылды. Сонымен қатар, Астана қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ археологиялық университетінің профессор оқытушылары ауданға жұмыс барысымен келіп, музеймен танысып қайтты және Қарағанды қаласынан арнайы келген маман «Бастау Бизнес» жобасы туралы музейде тренинг сабақ өткізді. Жалпы музейде барлық мереке күндері аясында әр түрлі тақырыптарда көрмелер мен іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ең маңызды міндеттерінің бірі аудан көлемінде тіл саясатын жүзеге асыру болып табылады. Осыған орай «Ақтоғай ауданының Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» 2017 жылдың 28 ақпанында №10/01 аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілді.

Бөлім тарапынан аудан  әкімі аппаратының және оның құрылымдық бөлімдерінің құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне ай сайын тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады.

2018 жылы ағылшын тілін оқытуға 1 млн 370 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда ағылшын курсы бойынша 40 қызметкер оқытылуда.

Аудан бойынша жыл сайын мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеуден өткізу жұмыстары жүргізіліп келеді. 2018 жылы «Қазтест» жүйесі бойынша 130 қызметкерді диагностикалық, 20 қызметкерді сертификаттық тестпен қамту жоспарланып отыр.

Аудандық «Тоқырауын тынысы» газетіне мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеріп, насихаттау мақсатында «Тіл тағдыры-ұлт тағдыры» айдарымен  мақалалар тұрақты жарияланып отырады. 2018 жылы  тіл саясатын жүзеге асыру, үш тұғырлы тіл саясаты және латын әліпбиіне көшу тақырыптарында барлығы 20 мақала жарық көрді.

Жалпы  мәдени мекемелер алдында ақылы қызмет көрсету жұмыстарын жандандыру, жас мамандарды тарту, халықтық ұжымдардың гастрольдік сапарының аясын кеңейту және мәдениет саласынның қызметін одан әрі жандандыру міндеттері  тұр.

 

 

 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района