в актогае 23
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
Мобильная версия

Ақтоғай ауданының әкімі Әбеуова Салтанат Мірәсілқызының 2019 жылғы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары және алда тұрған міндеттер туралы есебі

Ақтоғай ауданының әкімі Әбеуова Салтанат Мірәсілқызының 2019 жылғы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары және алда тұрған міндеттер туралы есебі

 

Құрметті аудан тұрғындары!

        Өткен жыл еліміз үшін де, ауданымыз үшін де мерейлі де табысты жыл болды. Елімізді одан әрі дамытуға тың серпін мен үлкен қуат беретін өте маңызды бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы баршамызға зор міндеттер жүктеді.  

       Біздің халқымызда «Бірлігі бекем ел мықты» деген қанатты сөз бар. Бірлігі мықты және ынтымағы жарасқан  халқымыз  қандай қиындықты да жеңе алатынын  Тәуелсіздігіміздің 28 жылы ішінде қол жеткізген  табыстарымыз көрсетіп берді.  Есепті кезеңдегі барлық жүзеге асқан жұмыстарды біз, Cіздермен бірлесе атқардық. 

        «Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды» - дегендей  халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикамызды дамытуға арналған шаралар жалғасын тапты.  Елбасының бастамашылық бағдарламаларын,    ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттарын басшылыққа  ала отырып біз барлық міндеттерді тиімді іске асырдық. 

       

Қадірменді  жерлестер!

Жалпы есепті жылдың қорытындысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты динамикасының сақталып отырғанын көрсетеді.

  Аудан бойынша 6 мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар  бойынша 2019 жылға қаралған қаржының жалпы көлемі  1 млрд 324 млн  402 мың теңге, 1 млрд 298 млн 729 мың теңгеге орындалды, 98,1%  құрады.

Оның ішінде: 3 мемлекеттік бағдарламалар бойынша  жоспар 878 896,0 мың теңге, орындалысы 878 895,7  мың теңге немесе 100 %.

3 үкіметтік бағдарламалар бойынша жоспар 445 506,0 мың теңге, орындалысы 419  833,5 мың теңге немесе 94,2%:

 

1. «Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдардағы білім және ғылымды дамыту туралы» бағдарламасы бойынша 719 238,0 мың теңге жоспарланып,   100% орындалды

2. «Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» бағдарламасы бойынша                   159 млн 142 мың теңге жоспарланып, 100% орындалды.

3. «2011-2019 жылдарда Қазақстан Республикасы бойынша тілдерді дамыту бағдарламасы» бойынша жоспарланған 516,0 мың теңге 100% орындалды.

4. «2020  жылға дейін аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 247 млн 755 мың теңге жоспарланған. 236 млн 942 мың теңге орындалды, яғни 95,6%.  (Мердігерлердің атқарылған жұмыстар актісін ұсынылмауынан)

- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 71 млн 759 мың теңге толық игеріліп бағдарлама 100%  орындалды.

5. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша 132 млн 170 мың теңгеге жоспарланып, орындалысы 119 млн 411 мың теңге 90%-ды құрады. (22 жастар тәжірибесі және 3 әлеуметтік жұмыс орнына  қатысушыларының тұрақты жұмысқа орналасуынан және үнемделген қаржы есебінен)

6. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша (Ақтоғай ауылына аз қамтылған көпбалалы отбасыларға  екі пәтерлі тұрғын үй құрылысын салу, 9 тұрғын үй сатып алу),  65 млн 581,0 мың теңгеге жоспарланып, бұл 63 млн 481 мың теңгеге 96,8%-ға орындалды. (үнемделген қаржы есебінен)   

           Сондай-ақ 2020 жылдан бастап «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы іске аспақ. Жоба аясында аудан бойынша 5 тірек елді-мекендер (Ақтоғай, Шашубай, Сарышаған, Торанғалық, Сәуле) және 1 спутниктік елді-мекен (Үшарал) іріктелген. Аталған елді-мекендер ішінен 2020 жылға Ақтоғай ауылы мен Шашубай кенті бойынша 518 млн 300 мың теңгеге 11 жоба мақұлданып қаржы қаралды. Сонымен қатар, қосымша 397 млн теңгеге 8 жобаның құжаттары қаралуда. Жалпы аудан бойынша 2021-2025 жылдарға 15 млрд 725 млн.теңгеге сұраныс берілді.

Барлық әлеуметтік және экономикалық бағдарламалардың орындалуы бірінші кезекте аудандық бюджеттің сапалы орындалуына байланысты жүзеге асырылады.

2019 жылы бюджеттің кірістер жоспары 5 млрд 443 млн 800 мың теңге болса, орындалысы 5 млрд 616 млн 100 мың теңге немесе 103,2 %. Бұл жақсы көрсеткіш болып табылады.

ауданның таза түсімдері – 1513,9 млн.теңге, субвенция көлемі – 2453,8 млн. теңге, нысаналы трансферттер көлемі – 1476,1 млн. теңге.

Бюджет шығыс бөлігі 6 млрд 131,2 млн теңгеге жоспарланған, орындалысы 6 млрд 106,6 мың теңге немесе 99,6% құрады.

2019 жылы ауылдық округтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына  түсетін трансферт жоспары 20767,0 мың теңгені құрап, 100% орындалды.

Аудан бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 2019 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 25517,9 мың теңге болса, жыл ішінде берілген трансферт көлемі 20767,0 мың теңге, жұмсалған қаржы 11411,7 мың теңге.

2020 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 34873,2 мың теңге.

 

Өнеркәсіп саласы

 Өнеркәсіп саласында 2019 жылы өнім өндіру көлемі 68 млрд. 380 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (31 млрд. 974,4 млн. теңге) салыстырғанда 213.8% құрады. Нақты көлем индексі 152,8%.

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 4 орта денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрайды. Есепті мерзімде аталған 4 кәсіпорынның өндірген өнімі 48 млрд 026  млн. теңгеге жетіп, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 70,2% құрады.

Аудан бойынша инвестиция көлемі 16 млрд 415 млн.теңгені құрап, 2018 жылмен  салыстырғанда 179,6%-ды құрады. Нақты көлем индексі 170,4%.

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 507,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (478,5 млн. теңге) 126,9%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 559,7 мың тонна немесе салыстырғанда (549,9 мың тонна) 101,8%.

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 39,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (142,8 млн. теңге) 28,5%. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда заттай түрде өндірілген сом еті 44,9%, мұздатылған балық 29,3%, балық ұны 2,3% орындалған, қақталған балық жоспары орындалмаған.

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 9,0 млн. теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9 млн. теңге) 100% құрады.

Жер қойнауын пайдаланушы «BAR NEO» (жадеитті барлау және өндіру жұмыстары), «Улы Тау К» (титан-магний кенін және мысты барлау және өндіру), «Golden Sky» (алтын барлау жұмыстары) ЖШС-тері бар. Сонымен бірге кезекте «Тау-Кен Самрук», «Бирюк Алтын», «Балқаш-Сарышаған», Керегетас, Қасқырқазқан кен орындарын зерттеу сияқты ірі жобалар тұр.  Бүгінгі күнге «Рио Тинто» компаниясы (австралиялық-британдық концерн) Балхаш-Сарышаған алқабында аэрогеофизикалық жұмыстарын  жүргізуде.

Ағымдағы жылы тартылатын инвестициялық жобалар бойынша «KenSai» ЖШС-і арқылы құны 10 млн теңгеге жартылай фабрикатты ет өнімдерін өндіру цехы іске қосу жобасы бар.

Тораңғалық ауылында құны 15 млн теңгеге ЖК Нурханова демалу кешенінің құрылысы жүргізіледі.

 Айыртас ауылдық округінде тұқымдық түрлендіру бойынша «Байтерек Агро» ЖШС және «Ерасыл» ш/қ базасында 88 млн теңгеге іске асырылатын жоба бар.

Сондай-ақ аталған шаруашылықтар бастамасымен жалпы құны 81,9 млн теңгені құрайтын еттік бағытта жылқы шаруашылығы құрылмақ.

Қызыларай ауылдық округінде «Ерасыл» ш/қ тарапынан 300 бас ірі қара 50 дас жылқы малына арналған бордақылау алаңы құрылады.

«Алаш Агро» СПК базасында 300 бас ірі қараға бордақылау алаңы құру секілді бірқатар инвестициялық жобалар бар.

 

Ауылшаруашылық саласы бойынша

Ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын, жарқын болашағын қалыптастырып, елді мекендердің  әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартатын Агроөнеркәсіп саласын жан-жақты қарауға тиіспіз.

Ауылшаруашалық саласын дамытуда оң динамика бар, шартты мал басы 110,3 %-ға өсіп отыр. (83,7 мың)

Оның ішінде ірі қара – 51 120 бас (109%), қой-ешкі – 102 190 бас (109,2%), жылқы – 27 057 бас (116 %), түйе 624 бас (104,2 %), құс 15 835 бас (102,5%) болып есептелді.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 102,2%-ға орындалды.  (18 млрд 018 млн теңге)

22 шаруа  қожалығы өз қаржысына (39 млн.теңге) асыл тұқымды ірі қара малын сатып әкелді.  (25 бас аналық  және 80 бас аталық)

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына cай тауар өндірушілер 208 млн 261 мың теңге субсидия алды. Қорда сақталған өтінімдер бойынша 113 млн 507 мың теңгеге субсидия беру жалғасуда.          

Ақтоғай несие серіктестігі арқылы 253 млн теңге несие берілді.

«КазАгро» институттары арқылы ауыл шаруашылық саласын микрокредиттеу мемлекеттік бағдарламалары аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қарағанды облыстық филиалы арқылы 99 жоба 440 млн 100 мың теңгеге қаржыландырылды.

        Дегенмен де инвестициялық жобалар тауып кәсіпкерлер санын арттыруда әкімдер тарапынан белсенділік төмендігін атап өтемін.

        Алдағы уақытта инвест жоба ұсыну бағытында жүйелі жұмыстар ұйымдастыруды ауылдық округ әкімдеріне міндеттеймін.

        Ақтоғай селосы орталығынан жеке кәсіпкер «Бахтияр» шаруа қожалығы «FRESH MILK YOM S-200» ашық сүт салқындатқыш қондырғысын әкеліп қойылған. 30 млн теңге қаржыға сүт қабылдау цехы қондырғысы әкелініп қойылды. Алдағы айда өз ісін бастап тұрғындарды сүт өнімдерімен қамтамасыз етпек.

        Қуаттылығы тәулігіне  3000 литр сүтке дейін өңдеп дайын ірімшік, қаймақ, айран өнімдерін жасап пакеттеп шығарады. Пунктіде 1500 литр сүтке арналған жинақтаушы бак, қуаттылығы  сағатына 1000 литр пастеризатор, қаймақ өнімдеріне арналған 200 литрлік ванна, пастерленген сүтке арналған бак,  200 литрге арналған су жылытқыш, сүт өнімдерін пакеттеуге арналған құрылғы,  қаймақ өнімдерін салатын пласмас стакандарға салатын құрылғы, сүтке арналған насос және филтр, Қуаттылығы 1000 литр/сағатына сеператор.

        2019 жылы аудан  бойынша 1800 га жерге дәнді – дақыл, 66 га картоп,  47 га жерге көкөніс егілді. Егістік көлемін 10 пайызға арттыруда жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

240 мың тонна мал азығы дайындалды. Мал шаруашылығының тұрақты дамуының шешуші факторы – сапалы азықпен қамтамасыз ету. Сондықтан, көпжылдық шөп егістігін жаңартып, өнімі аз ескірген егістіктен бас тартып, көпжылдық шөптер және басқа да  азық  түрлері  үлесін көбейте отыра, өнімділігі көп сұрыптарды субсидиялау жем шөп өндіру жоспарына сәйкес іске асырылады.  

 Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 6 негізгі индикативті көрсеткіштеріне тоқталар болсақ:

 Бірінші көрсеткіш:

       1200 бас асыл тұқымды импорттық ірі қара аналығын алу бағытында  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 219 басқа 4 жоба бойынша 233 млн несие қаражаты алынды. (Орындалысы-17%).

Жидебай а/о  «Тәуекел» ШҚ– 60 бас герефорд 49,5 млн теңге;

Нүркен а/о  «Нығымет» ШҚ –54 бас абердин ангус 31,5 млн теңге;

Қарабұлақ а/о «Мырзабек» 40 бас -25 млн теңге;

Ортадересін а/о 65 «Олжабек» бас -40 млн теңге;

       Екінші көрсеткіш:

       2250 бас ҰММ мал сатып алу:  «Ақтоғай» несие серіктестігі арқылы Сыбаға бағдарламасы арқылы 5  жобаға 40,9 млн теңге несие қаржыға 1367 бас ұсақ мал, «Іскер», «Якорлық кооперация» арқылы 3 жобаға 26 млн теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 73 басқа 3 млн теңге барлығы 2069 мал басына 69 млн 800 мың теңге несие берілді. Орындалысы 92%-ды құрады.

        

Үшінші көрсеткіш:

       ІҚМаналығын тұқымдық түрлендіру бағдарламасына қатысуын 30 % жеткізу.

         Жарты жылдық санақ қорытындысы бойынша барлық шаруашылық санаттарындағы ірі қара аналық мал басы  28 797 бас, тұқым түрлендіру бағдарламасы бойынша ақпараттық талдау жүйесіне тіркелгені 9808 бас (34,06 %) орындалды.

Төртінші көрсеткіш:

Асыл тұқымды аталық малдарды жалға алу бойынша тапсырма 165 бас болса, 380 басқа артығымен орындалды.  

 

    Бесінші көрсеткіш:

     Аудан бойынша 163 тонна ет экспортқа тапсыру бойынша аудандық жоспар толық орындалды.

         

Алтыншы көрсеткіш:

Мал бордақылау алаңдарына 2 939 бас аталық малдар тапсыруда 716 бас, яғни 24,3%-ке ғана орындалды.

Ақтоғай, Абай, Кежек, Нүркен, Қызыларай, Сарытерек, Шабанбай би, Ортадересін, Қараменде би селолық округтері берілген жоспарды орындауда шаруа иелерімен жанды жұмыс жасай алмады.

         Ауданымызда ауыл шаруашылығы өндірісінде жұмыс жасайтын барлығы 973 ауыл шаруашылық техникасы бар.                 

2019 жылы жалпы 198 млн 8 мың теңге қаржыға барлығы 57 дана ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды. Бұл барлық техникалардың 6%-ы.

11 доңғалақты трактор, 2 погрузщик (16-рулон пресс, 9-шөпшабатын косилка, 9-КУН шөптиегіші, 7-тырма) 15 дана өзге ауылшаруашылық техникалары

        37 техника жарамсыз ретінде есептен шығарылды.

        Техникалардың 80%-ы ескі, мемлекет жасап отырған қолдауды шаруашылықтар тиімді пайдалану керек.

        2019 жылы жеңілдікпен 582 млн теңге қаржыға күн сәулесімен энергия қондырғылары 188 шаруа қожалығына орнатылды.

Ауданда тиімсіз пайдаланатын немесе жылдар бойы пайдаланбайтын шаруашылық маңыздағы жерлер бар.  Алдымызда тұрған мәселе тиімсіз немесе пайдаланбай жатқан жерлерді  ауыл шаруашылығы  айналымына  еңгізу.

Аудан бойынша барлық категориядағы жер телімдерін электронды картаға орналастыру жұмыстары жалғасуда (жайылымдықтар 79,4 %, шабындық 56,7 %). Әлі де болса жекелеген ауылдық округтар бойынша жайылымдық және шабындық жерлерді базаға енгізуде кемшіліктер бар.

Ауылдық округтар бойынша ауылшаруашылығы жерлерін тиімсіз пайдаланып отырғандар тізімі:

Нүркен ауылдық округі бойынша

Жер көлемі га

1

«Саукеле» шаруа қожалығы жетекшісі Рахымжанов Е.

5460 га

2

«Ақсеңгір» шаруа қожалығы жетекшісі Ошанов Н.

924 га

3

«Үміт» шаруа қожалығы жетекшісі Омарбаев Б.

636 га

4

«Нұрсұлтан» шаруа қожалығы жетекшісі Оспанов А.

2100 га

Ортадересін ауылдық округі бойынша

 

1

«Дархан» шаруа қожалығы жетекшісі Жантулақов Т.

2000 га

2

«Абдурахман» шаруа қожалығы жетекшісі Шыбынтаев  О.  

3700 га

3

«Бекмұрат» шаруа  қожалығы жетекшісі Мушурбекова Ж. «Байжомарт» ш/қ, жетекшісі Қысанов Б

13969 га

4

ЖШС «Айтас-2002» ауылшаруашылық жері

2328га

5

ЖШС «Азамат-К» ауылшаруашылық жері

52000 га

Қараменде би ауылдық округі бойынша

 

1

Ынтымақ» шаруа қожалығы жетекшісі Омарбеков С.

1045 га

2

ЖШС «Әділет-Агро» ауылшаруашылық жері

3770 га

Тасарал ауылдық округ жер қоры

 

1

«Нұрбол» ш/қ, жетекшісі Қысанов Т

5197 га

Қызыларай ауылдық окургі бойынша

 

1

ЖШС «Әділет-Агро»  ауылшаруашылық жері –

4838 га

Айыртас ауылдық округі бойынша

 

1

Қуаныш» шаруа қожалығы Аманкулова Г

8000 га

2

«Беркат шаруа қожалығы Гажмурадов Я

8000 га

       

Есепті жылы 2 конкурс өткізілді. Конкурстар арқылы 133 мың гектар жер учаскелері берілді.

Аудан көлеміндегі 7 елді мекенің шекара белгілері орнатылып (9 млн тг), 10 елді мекеннің даму және құрылыс салу схемалары (кіші бас жоспарлары) – (30 млн теңге) әзірленіп аяқталды. 

Жалпы аудан бойынша 719 жер пайдаланушы бар. Осының ішінде 16 жер пайдаланушы (136 мың га.) жер учаскелерін тиімді игермей отыр.

Жерлерін тиімсіз пайдаланып отырған субьектілер бойынша аудандық жер бөлімі тарапынан 9 участок (Жидебай-1, Айыртас-3, Қараменде би-3, Ортадересін -1, жер қоры-1 барлығы -40 197 га жер) бойынша тиісті шара қолдануға ұсыныс берілді. Жергілікті жер инспекторы тарапынан 31 495 га жер көлемі бойынша 6 нұсқама берілді.                       

Өткен жылы жерлерін тиімді пайдаланбаған 27 шаруашылық иелері 30 710 га жерді мемлекеттік қорға тапсырды.

 

Ветеринария саласы Ветеринариялық қауіпсіздікті сақтауда белгіленген барлық профилактикалық-диагностикалық іс-шаралар жоспары орындалды.        

          Ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар:

 Сібір жарасы: ірі қара мал 52 700 бас, ұсақ мүйізді мал 103 950 бас, жылқы 25 800 бас, түйе 330 бас, ірі қара қарасаны 25 000 бас; құтыру:  ірі қара мал 2000 бас, ұсақ мүйізді мал 1000, жылқы 100 бас, ит  200; диарея-ринотрахеит ірі қара малы 800, туберкелезге: ірі қара мал 23 200 бас,  түйе 220 бас; жылқы маңқасы 400, жылқы сақауы 6000 бас егіліп, жоспар толығымен орындалды.

          Диагностикалық зерттеулер:

          Ірі қара мал жоспары   63 774, ұсақ мүйізді мал жоспары 131 845, түйе 553, 4-6 айлық төл ИФА 50, ит 447, жылқы 310 бастан қан алу жоспары орындалды.             

           Бруцеллез ауруына оң нәтиже берген малдарды санитарлық жою жұмыстарын жүргізу үшін (дезинфекция) 1 млн 998 мың қаржы, жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуге республикалық бюджеттен 13 млн 438 мың  қаржы төленді.

           Бірдейлендіру. Аудан бойынша 2019 жылдық жоспар бойынша:  ІҚМ 21 250 бас жоспарланып, 23 758 орындалды,  ҰММ 49 410 бас жоспарланып, 53 775 бас орындалды, жылқы  7 495 бас жоспарланып, 7 902 бас орындалды, түйе 96 бас жоспарланып, 111 бас орындалды, шошқа 60 бас жоспарланып, 100 бас бірдейлендіріп орындалды. Ауыл шаруашылық жануарлары бірдейлендіруге республикалық бюджеттен 19 млн. 296 мың теңге және ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру  жөніндегі іс шараларды жүргізуге (техникалық сүйемелдеуге) - жергілікті бюджеттен- 1 млн. 673 мың теңге қаржы игерілді.

 

 Өткен жылдың басындағы  ауыл тұрғындарымен кездесулерде   мен ветеринария қауіпсіздігі туралы нақтылап айтқан едім.  Тоқсан сайын ветеринария  мамандары  тұрғындарымен кездесу өткізіп, есеп берумен қатар малдарды уақыты вакцинациялау, есепке тіркеу т.б. мәселелер туралы диалог болу керек. Сонымен қатар, сырттан мал әкелу, ветеринария дәрігерінің рұқсатымен  белгіленген жерде мал сою, сыртқа шығару сұрақтары да үнемі бақылауда болу керек.  Осы талаптарға әлі де құлақ түрмей келеміз. Аудан бойынша жүйесіз мал ауысуы, сыртқа кетуі және ең жаманы басқа ауданнан мал әкелініп, карантинге қойылмай табынға қосу әлі де орын алып жатыр.      

Эпизоотиялық шараларды атқару барысында 430 бас ірі қара малынан бруцелез ауру анықталып тиісті талаптарға сәйкес жойылды. Сарытерек ауылы- 119 бас, Қараменде би а/о- 95 бас, Қарабұлақ а/о- 82 бас, Қызыларай а/о- 41 бас, Жидебай а/о- 36, Нүркен а/о-26, Шабанбай би а/о- 15 бас, Ақтоғай ауылы- 13 бас, Абай а/о- 3 бас. 

Қауіпті мал ауруы,   ветеринариялық қауіпсіздік күн тәртібінен ешқашан түспейтініне көзімізді жеткізді.  Жоғарыда айтылған мәселелердің ең бастысы мал иелерінің жауапсыздығынан да орын алды.

Аудан бойынша  11 ауылдық округте (Нүркен, Ортадересін, Қусақ, Шабанбай би-2, Қараменде би, Қызыларай, Сарытерек, Қарабұлақ-2, Тасарал) 12 мал сою алаңы бар.  

Әлі 6 ауылдық округте (Жидебай, Кежек, Айыртас, Тораңғалық және Шашубай, Сарышаған кенттерінде) мал сою алаңдары қажет.

2019 жылы Абай ауылдық округінде және Ақтоғай ауылында модулді мал сою пункттерін іске қосылды.

Ауданның  17  кент, ауылдық  округінің  8-да  мал  қорымдары  бар. Нүркен, Қусақ, Қызыларай, Ақтоғай, Жидебай, Қарабұлақ, Шабанбай би, Сарытерек  ауылдық  округтерінде типтік   негізде  салынған. Әлі де 9 ауылдық округте мал қорымын салуды қажет етеді.

Жалаңаш елді-мекенінде, Кежек ауылдық округінің жобалау сметалық құжаттары жасалды.

Елдің тұрақтылығын және экономикалық өсуін анықтайтын басты фактордың бірі – инвестиция тарту.

Индустриаландыру картасы аясында ашылған республика бойынша іргелі ірі кәсіпорын болып табылатын «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіру кәсіпорыны 2019 жылы 2 976 кг алтын шығарып, 47 млрд 471 млн.теңгенің өнімін өндірді немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (21734,3 млн. теңге) 206,4 % орындалды.

2019 жылы «Balqash Resources» ЖШС-гі  «Қаратас 2» кен орны темір және түсті метал өңдеу өндірістік кен-байыту комплексінің құрылысы жобасы Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді.

Ауданда кәсіпорындар қатарына таяу болашақта жаңадан өндіріс ошақтары қосылады деген үмітіміз бар.

Жер қойнауын пайдаланушы «BAR NEO» (жадеитті барлау және өндіру жұмыстары), «Улы Тау К» (титан-магний кенін және мысты барлау және өндіру), «Golden Sky» (алтын барлау жұмыстары) ЖШС-i, «Тау-Кен Самрук», «Бирюк Алтын», «Балқаш-Сарышаған», Керегетас, Қасқырқазқан кен орындарын зерттеу сияқты ірі жобалар тұр.  Бүгінгі күнге «Рио Тинто» компаниясы (австралиялық-британдық концерн) Балхаш-Сарышаған алқабында аэрогеофизикалық жұмыстар жүргізуде.

Бұл жобаларды алдағы жылдары индустриаландыру картасы  арқылы іске қосу бағытында жұмыстар ұйымдастырылуда.

 

        Кәсіпкерлік саласы

           Қазір шағын бизнес экономиканың қозғаушы күші екені белгілі. Ең бастысы ауылдық жерлерде шағын және орта бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр.

Қазіргі  таңда аудандағы  шағын  және  орта  бизнес субъектілерінің 86 пайызы белсенді жұмыс жасайтындар қатарында.

Өткен жылы шағын және орта бизнес саласында жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1 339-ды құрап, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен  (1296) салыстырғанда 103,3% өсті.

Жалпы кәсіпкерлік саласындағы адамдар саны – 2047,  бұл аудандағы экономикалық белсенді халықтың 31% құрайды.   

Өндірілген өнім көлемі – 8 млрд 947 млн.теңге, өткен жылмен (8,2 млрд теңге) салыстырғанда  102,4%.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 1 млрд 333 млн.теңгені құрап, өткен жылмен (1181,7 млн. теңге) салыстырғанда 111,9% кұрады. Нақты  көлем индексі 106%.

 

Ауданда жыл басынан 18 әлеуметтік нысан ашылып, жұмсалған қаржы 233 млн 066 мың теңгені құраса, жаңадан 32 жұмыс орыны құрылды. 

1 автокөлік кешені, 1 екі қабатты шағын маркет, 1 жылыжай - Шашубай кентінен, 2 дүкен - Сарышаған кентінен, 2 дүкен, 1 мал сою пункті, 1 балалар ойын-сауық орталығы, 1 коммунальдық базар, 2 сұлулық салоны - Ақтоғай ауылынан, 1 тойхана - Нүркен, 2 демалу кешені - Тораңғалық, 1 тігін шеберханасы - Сарытерек, 1 сервис орталығы (фотолар, көшірмелер шығару т.б.) Жидебай, 1 шаштараз - Кежек ауылдық округтерінен ашылып, халыққа қызмет көрсетуде

        Сонымен қатар өткен жылы аудан орталығында  «Айтуған» коммуналдық базары ресми түрде ашылып тұрғындардың игілігі жұмыс жасауда. Бүгінде әрбір жұма сайын ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Шаруашылық иелері, кәсіпкерлер ауылшарушылығы өнімдерін қолжетімді бағамен саудаға шығарып тұрғындарды ет, сүт, көкөніс өнімдермен қамтамасыз етуде.

Әлеуметтік  маңызы бар аса қажетті азық-түлік  тауарларының  негізгі  түрлеріне қосылатын  үстемені 10%-дан асырмау мақсатында нарықтың 91 субъектісімен кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, кент, ауылдық округ әкімдері болып үш жақты  меморандум жасалды.

Аудан халқын азық-түлік тауарларымен, ауыл шаруашылық өнімдерімен  қамтамасыз ету мақсатында нарықтық бағадан  15-20 % төмендетілген бағада аудан басында 39  жәрмеңке өткізіліп 44 млн 700 мың теңгенің  азық-түлік, ауыл шаруашылық өнімдері сатылды.  

  Өкінішке орай, ауданның  кейбір сауда орындарында күнделікті қажетті тауарлар бағасы  тым жоғары ұстайтындығы байқалды. Сол себепті     аудан және ауыл тұрғындары  Қарағанды, Балқаш қаласынан қажетті нәрселерін алуға тырысады. Олардың бағалары біздің сауда орындарының ұсынысына қарағанда көп төмен! Осы жағдай кәсіпкерлерімізді   ойландыру керек! Тұрғындардың ақшасы сыртқа кетіп қалуда. Есепсіз бағаны шарықтата берген халыққа да, өздеріне де пайда жоғын түсінетін уақыт келді. Аудандық кәсіпкерлер қауымдастығының жұмысы көрінбейді, аудандық кәсіпкерлерлік бөлімімен табанды түсіндіру, сауда туралы  қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс жасау, көтерме бөлшек дүкендер санын көбейту, коммуналдық сауда жүйесін жетілдіру сияқты міндеттерді жеткіліксіз екенін айтпасқа болмайды.

    Ауданымыздың туризм саласы да осы кәсіпкерлік саласында жүрген азаматтарға өзінің кәсібін ашуға, одан әрі кеңейтуге көптеген мүмкіндіктер бере алады. Бұл бағыттағы үздік жобаларды жүзеге асыру, инвестиция тартуда бірқатар жобалар бар. Бұл бағытта Бектауата, Ақсораң орманды оазисін жатқызуға болады. Ақсораң баурайындағы бұрынғы «Арай» лагерінің құрылысын қайта жөндеуден өткізіп, экотуризм және медициналық сауықтыру, қайта оңалту орталығына айналдыру міндеті тұр.

 

Экономиканың үлкен саласының бірі құрылыс саласы бойынша құрылыс жұмыстары көлемі 8 млрд 167 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (3 934,9 млн. теңге) салыстырғанда 207,5%. Нақты көлем индексі 211%.

Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 5696 шаршы метр, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (5859 ш.м.) салыстырғанда  97,2%  құрады.

Аудан бойынша ағымдағы жылдың 01 қаңтарында 2019 жылдың кезектілік тізіміндегі тұрғындардың саны 523 адам болса, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сай тізімдерге жүргізілген түгендеуге сай  кезектілік тізіміндегі адамдардың саны 94 адамға азайды, яғни тізімде заң талаптарының бұзушылықтарымен тізімде тұрған азаматтар кезектен шығарылды. 

2019 жылы республикалық бюджет есебінен «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында аудан бойынша 9 тұрғын үй сатып алынып көп балалы отбасыларға қолданысқа берілген, оның ішінде Сарышаған -4 пәтер, Ақтоғай -4 пәтер, Шашубай – 1 пәтер. 

Сонымен қатар Ақтоғай ауылында  12 пәтерлі 1 тұрғын үй, қос пәтерлі 1 тұрғын үй құрылысы аяқталып, К.Байсейітова көшесіндегі  2 қабатты тұрғын үйдің 6 пәтері ағымдағы жөндеуден өткізіліп қолданысқа берілді. 

Жалпы ағымдағы жылы  баспанамен 31 отбасы қамтамасыз етілді. Аталған бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасын табады.

Бекітілген қаржыландыру жоспарына сай «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында Ақтоғай ауданында 17  бірінші деңгейлі тұрғын үйді сатып алу мақсатында бюджеттік өтінім тапсырылып, облыстық құрылыс басқармасы тарапынан мақұлданып  2020 жылға 126 млн.тенге қаражат республикалық бюджет есебінен қарастырылды.  

Сонымен қатар аудан орталығанда Оразалин көшесінен бекітілген бас жоспарға сай 3 қос пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге  облыстық және аудандық бюджет есебінен 116 млн.теңге  қаржы қаралып отыр.

Бүгінгі күні К.Байсейітова көшесінде 4 пәтерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық бюджет есебінен 8,1 млн.тенге қаражат бөлініп ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Жалпы жоспар бойынша 2020 жылы қолданысқа 20 пәтер кілті кезектілік тізіміндегі азаматтарға тапсырылады. 

Аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету де күнделікті бақылауда болатын мәселелердің бірі.

Аудан көлеміндегі 36 елді-мекеннің 16 ауылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Оның ішінде кепілдік мерзімі өтпеген 4 елді мекен, яғни Тасарал, Торанғалық, Нарманбет, Ортадересін ауылдарының су құбыры.

2019 жылы ауыз су құбырының құрылысын жүргізу мақсатында  Жалаңаш, Қуаныш, Жетімшоқы, Ақши ауылдарының және аудан орталығы Ақтоғай ауылының ауыз су құбырының  4 кезектегі құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамалар әзірлеу мақсатында қаражат бөлініп, жобалар сараптамаға жолданған. Сараптаманың оң қорытындысы алынған соң жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім ұсынылады. 

Сонымен қатар қолданыстағы ауыз су құбырымен кәріз жүйелерінің, олардың қосалқы құрылғыларын тиісті деңгейде күтіп ұстау, сапалы жұмысын ұйымдастыру мақсатында аудандық бюджет есебінен жалпы соммасы 47 млн.тенге қаржы қаралып аталған қаржыға құбырлардың апаттық жағдайдағы учаскелері мен осал тұстары ағымдағы жөндеуден өткізілді. 

Ақтоғай ауылы:

  1. Ағымдағы жылы аудандық бюджет есебінен  2019 жылдың су тасқыны мерзімінде  істен шыққан  Тоқырауын өзенінің арнасынан өтетін ауыз су құбыры мердігер «Нұрасыл и К» серіктестігімен  жүзеге асырылды, келісім  шарт соммасы 2016,0 мың теңге, қаражат толық игерілген.  
  2. Ақтоғай ауылының  жалпы сыйымдылығы 160 м3 құрайтын су мұнарасы ағымдағы жөндеуден өткізілді, мердігер «Медиа-құрылыс» серіктестігі, келісім шарт соммасы 1677.0 мың теңге.  Су мұнарасының  жарылған аумақтары  қалыпқа келітіріліп, 4 дана  диметрі  100 мм  ысырма, 2 дана  бетон  құдықтардың  жапқыштары  ауыстырылды.  
  3. Ақтоғай ауылы Ибраев көшесінің  ауыз су жүйесі ағымдағы жөндеуден өтті, оның ішінде 5 құдық (комплектіде), ұзындығы 360 метр  диаметрі 100 мм-лік су құбыры ауыстырылып, 6 дана 100 мм ысырма ортатылды.  Мердігер «Исаин» жеке кәсіпкерлігі, шарт соммасы 4000,0 мың теңге.  
  4. «Қоза» су сорғы станциясында 2 дана  ЭЦВ 6-10-110 маркалы  су сорғы құрылғысы (насос), 24 дана ысырма және 10 дана помимерлі су құдықтарының жапқыштары және  8  дана су беру шүмектері орнатылды. 
  5. Сонымен қатар стратегиялық нысан қатарына енетін  «Қоза» су сорғы станцияларына және Ақтоғай су серіктестігінің қоймасына  16 дана  бейнебақылау камералары орнатылған. 

Жидебай ауылы:

  1. Сәуле ауылы тұрғындарының тарапынан  ауыз су беру шүмектерін орнату мәселесі  көтерілген  болатын, ағымдағы  жылы  2 дана  су беру шүмегі  және жылу маусымына дайындық мақсатында 1 дана ЭЦВ 6-10-140 маркалы су сорғы құрылғысы  орнатылды. 
  2.  Қошқар ауылы: Ағымдағы жылы істен шыққан ЭЦВ 6-10-85 маркалы 1 дана су сорғы құрылғысы ауыстырылды. 

Абай ауылы:

  1. 2018жылы  есептік кездесу барысында тұрғындар тарапынан  ауыз су мұнарасының ағымдағы  жөндеу  жұмыстары көтерілген болатын, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер «Азимбай Рыстай» жеке кәсіпкерлігімен су мұнарасы және су сорғы станциясының ішкі құрылғылары  ағымдағы  жөндеуден өтті. Жалпы  1 дана ЭЦВ 6-10-85 маркалы  су сорғы құрылғысы,  су мұнарасының  жарықтары қалыпқа келтірілді, манометрлер, жылыту құрылғысы және қысымдық автоматты датчиктер, 2дана су тазарту құрылғысы  орнатылды. Келісім шарт көлемі  2540,0 мың.теңге, жұмыс 100 пайыз орындалды. 

         Сарышаған кенті:

  1.  2019 жылы наурыз айында істен шыққан  Абай көшесінің  ұзындығы 20 метрді құрайтын диаметрі 200 мм  кәріз құбыры  мердігер «Смагулова А» кәсіпкерлігімен жүзеге асырылды, жалпы  келісім шарт көлемі 294,0 мың теңге. 
  2. Сарышаған кентінің ауыз су мұнарасының ағымдағы жөндеу жұмыстары   жүргізілді,  жалпы  8  терезе, 40 метрлік диаметрі  100 мм  су мұнарасындағы темір  құбыр, 2 дана ысырма  ауыстырылып, су сақтау  аумағының  жарықтары  қалыпқа келтіріліп жөндеуден өтті.  Мердігер «Смагулова А» кәсіпкерлігі, келісім шарт көлемі  2697,0 мың теңге. 
  3.  2018 жылы істен шыққан  «Дельфин» контейнерлерін  қалыпқа келтіру және ағымдағы  жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін  мердігер «Кошанов Р»  жалпы соммасы 5000,0 млн.тенгеге келісім шарт жасалған.  Жалпы  аталған  су тазарту контейнерлерінің шатыры ауыстырылып,  темір  профлистпен жабылды, 3 дана есік,  қосалқы (амиат, тұз раствор  және т.б) ауыстырылды. 

            Ағымдағы жылы Сарышаған кенті аумағында «Ақтоғай энерго»  серіктестігі іске қосылып, электр қуатының келісім шарты «Теміржол энерго» серіктестігімен жасалды, «Теміржол энерго» тарапынан қойылған талап  электр тоғының есептеуіш құралдарын жаңа  «Электронды» құралға ауыстыру  болды. Аталған мақсатта  келісім шарт  «QAZAQ IMPEX» серіктестігімен 688,0 мың теңгеге жасалған. Жалпы  8 дана  электронды есептеуіш құрал,  25 метр  су сорғы станциясының  СИП 16 мм  кабель,  8 дана  тоқ жіберу  пускателі ауыстырылып, 8 дана резервке алынды. 

  1. Ағымдағы жылы «Zhanek» кәсіпкерлігімен  жалпы соммасы  700,0 мың теңгеге   4 дана су алу шүмектері, 8 дана ысырма, 4 құдықтардың жапқыштары сатып алынып «Ақтоғай Энерго» серіктестігімен орнатылды.
  2. Сарышаған  кентінің су сорғы станциясына 3 дана насос қондырғылары резервке сатып алынған.   
  3. Шашубай кенті: Ағымдағы  жылы  Шашубай кентінң Ғарышкер және Сейфуллин көшелерінің  көп қабатты  тұрғын үйлерінің  кәріз жүйесінің  жиі істен шығуы  тұрғындар тарапынан және «Тоқырауын Су Жылу»серіктестігі тарапынан көтерілген болатын, аудандық бюджет есебінен аталған мақсатқа жалпы соммасы  4400,0 мың теңгеге «Матрикс» серіктестігімен  жалпы ұзындығы  250 метрді құрайтын диаметрі 200 мм кәріз жүйесі, 6 дана арнайы құдықтар орнатылып ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді

 

2020 жылы бюджет есебінен бөлінген қаржыға елді мекендердің ауыз су құбырының осал учаскелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, оның ішінде Шабанбай би ауылының  резервтік су құбыры, Ақтоғай ауылының Сана би көшесінің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 16 тұрғын үйдің диаметрі 32 мм су құбырын 50 мм диаметрлі құбырға ауыстыру және 2 дана жаңа құдық орнату, Байсейітова көшесінің  2 қабатты тұрғын үйлеріне баратын су құбырын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда. 

Сарышаған кентінің кәріз жүйесінің сорғы станциясын ағымдағы жөндеуден өткізу,  су тұщыландыру қондырғысын іске қосу және  «Дельфин» су қондырғыларын күтіп ұстау мақсатында  жұмсалады.

Аудан бойынша 2019-2020 жылғы жылу беру маусымының дайындық жұмыстарының сапалы өткеніне байланысты барлық нысандарда жылытуды уақытында бастауға мүмкіндік  берді.

Ағымдағы жылу беру маусымы барлық нысандарда қалыпты өтуде.

Аудан бойынша 3 жергілікті орталықтандырылған қазандықтар 48 АЖЖ (автономды жылыту жүйесі), нысандар қалыпты жұмыс жасауда.

білім ұйымдары (22 нысан) балабақшалар (2 нысан), денсаулық сақтау (4 нысан) мәдениет үйлері (10 нысан),  барлық бюджеттік мекемелер (9 нысан) іске қосылған.

 

Автомобиль жолдарына келетін болсақ жалпы бюджет есебінен 171 млн теңге қаржы қаралып, келесі жөндеу жұмыстары жүргізілді:

Жолдардың  ұзындығы  1 052 км құрайды, оның  179 км республикалық маңыздағы автомобиль жолдары, 389 км облыстық маңыздағы автожолдар, 457 км  аудандық маңыздағы автожолдар және ауыл, кент ішіндегі көше жолдары.

 

        Облыстық бюджеттен жалпы құны 125 млн теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде: 75 млн теңгеге жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайтын Балқаш-Саяқ бағытындағы жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Ақтоғай ауылы бойынша 35 млн теңге қаржыға Оразалин көшесіндегі жолдары, 15 млн теңгеге Ержанов көшесінің жолы жөнделді.

         Аудандық бюджет есебінен аудандық маңыздағы жолдарға ағымдық және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 46,0 млн тенге қаралды. 

      Аудандық маңыздағы Нарманбет – Айыртас бағытындағы жолдың 10 шақырымына бөлінген 16 млн теңге қаржыға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталды.

30 млн теңге қаржыға Ақтоғай-Шылым-Ақжарық бағытындағы аудандық маңыздағы жолдың 21 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2020 жылы республикалық, облыстық және аудандық бюджет есебінен автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында  жалпы соммасы 605 млн.теңге қаражат қарастырылған.

Оның ішінде: 455 млн теңгеге  Ақтоғай ауылының Сәтпаев, Шорин, Найманбай, Шәкәрім, Жосалы  көшелеріне орташа жөндеу  жұмыстары жасалады.

 100 млн теңге қаржыға «Нарманбет -Айыртас» бағытындағы автомобиль жолының 50 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қысқы және жазғы күтіп ұстау 50 млн.теңге бөлінді.

Сонымен қатар «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасының аясында Шашубай және Сарышаган кенттерінің кент ішілік жолдарын орташа жөндеуден өткізу мақсатында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім 2020 жылға қаржыландыру мақсатында жолданған, қолдау тапқан жағдайда ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары және қолданысқа беру жұмыстары ұйымдастырылатын болады.  

               

         Санитарлық тазалық және абаттандыру, көгалдандыру

Аудандағы 17 ауылдық округтердің қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигонның құқық беруші құжаттары мен мемлекеттік актісі жасалып 2 ауылдық округте эмиссияға рұқсат алынған.

          18 млн 481 мың теңгеге аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мен хабарсыз кеткен жауынгерлерге арналған аллеяның аумағын кеңейтіліп ауған соғысына қатысқан  интернационалист  жауынгерлерге арналған мемориалды тақта орнатылды. «Тарих тағылымы» саябағына, «Алаш» алаңына және «Батырлар» саябағына абаттандырылып гүлдер егіліп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

         Кеңес одағының батырлары Қ.Нұржанов пен Н.Әбдіровтың 100 жылдық мерейтойларының қарсаңында аталған тұлғаларға мемориалдық тақта орнатылып, «Батырлар» саябақ ресми түрде ашылды.

5 млн теңге қаржыға Сарышаған кентінен 2 балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

5 млн 800 мың теңге  Қусақ ауылдық округінің әкімдік ғимараты ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арқылы 2 млн 822,9 мың теңге қаржыға елді мекендерде көшелерді жарықтандыру жұмыстары жасалды. (Қарабұлақ -802,2,0; Қараменде би -200,0;  Жидебай -1042,7, Қызыларай-200,0, Сарытерек-200,0; Қусақ-378,0).

- 6 млн 754,6 мың теңгеге елді мекендерге абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. (Тасарал-2347,6; Шабанбай -100,0; Қызыларай- 300,0; Сарытерек-530,0;  Нуркен-3252,0; Қараменде би-225,0).

Төтенше жағдайлардың алдын алу күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Төтенше жағдайлардың алдын алу, қыс маусымында, көктемгі су тасқыны кезеңінде, сондай-ақ ауа райы қолайсыз жағдайда төтенше жағдайлар кезінде және шалғай елді мекендердегі науқастарға жету үшін арнайы «Трэкол» маркалы вездеход (снегоболотоход) 8 адамдық автотехникасы сатып алынды және аудандық төтенше жағдайлар бөліміне 1 дана Нива автокөлігі берілді.

Дала өрттеріне келетін болсақ өткен 2019 жылдың өрт қауіпті маусымында дала өрті бойынша 56 дерек тіркелген. (2018 жылы 24 дала өрті тіркелді.) Ауыл әкімдеріне төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында  арнайы органдармен бірлесіп, тығыз байланыста жұмыс жасауды тапсырамын.

         Әлеуметтік сала

     Еліміздің дамуына әлеуметтік сала бойынша жүргізіліп жатқан  жұмыстар мен қолға алынып жатқан жобалардың да қосатын үлесі бар. Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 1113 адам, жұмысқа орналастырылғандар cаны - 880 адам.  

 Әлеуметтік жұмыс орынына 25 адам қамтылды.             

 Қоғамдық жұмыстарға 193 жұмыссыз жолданды.

         Аз қамтылған 9 отбасының 26 адамына 1 млн 370 мың теңге материалдық көмек төленді.

Кедейшілік деңгейі 0,7% құрап отыр. (Облыстық кедейшілік деңгейі 2,8%). 2019 жылы 250 отбасы 1374 адам.

Барлығы 40 отбасы 599 мың теңге көлемінде  тұрғын үй көмегін алды.

1366 адамға 36 млн 798 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы аясында 29 мүгедекке жеке көмекші тағайындалып 9 млн 443 мың теңге қаржы төленді.

       Протездік-ортопедиялық құралдар бойынша 3 мүгедек таяқпен, 6 мүгедекке жетек арбамен, 1 мүгедек корсетпен, 1 мүгедек ортопедиялық аяқ киіммен   қамтылды.

       Сурдотехникалық құралдар бойынша 1 мүгедек есту аппаратымен, 1 мүгедек дауыс шығаратын аппаратпен қамтылды.

       Тифлотехникалық құралдар бойынша 2 мүгедекке нашар көретін адамдарға арналған сағат, 2 мүгедекке дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар, 4 мүгедекке тифлотаяқ, 4 мүгедекке тифлоплейер таратылды.

      Қарағанды қаласындағы №2 медициналық – әлеуметтік мекемесінде 20 ардагер демалды. Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында орналасқан оңалту орталығында 2 мүгедек жолданды. Қарағанды қаласындағы №1 медициналық – әлеуметтік мекемесіне 1 қарт орналастырылды.

      10 мүгедек және 2 мүгедек бала Щучинск қаласындағы «Алмаз» шипажайында тегін демалды.

        Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне бүгінгі күнде 78 жалғызілікті қария, 29 мүгедек тартылып оларға 20 әлеуметтік қызметкер, 1 кеңесші, 1 бөлімше меңгерушісі қызмет көрсетуде.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына ерекше назар аударылып келе жатқанын айтуымыз керек. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу тәртібіне сәйкес 251 отбасыға 157 млн 455 мың теңге тағайындалып төленді.

оның ішінде: 228 отбасы шартты ақшалай көмек, 23 отбасы шартсыз ақшалай көмек жасауға өтініш білдіріп 11 млн 877 мың теңге   тағайындалды.

-  74 адам тұрақты жұмыспен, 12 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

- 3 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылды. - 6 жас жастар тәжірибесіне жолданып 15 адам кәсіби қайта даярлау курсына қамтылды. Бастау Бизнес жобасы бойынша 10 адам оқыды. Жаңа бизнес - идеяларды іске асыруға 11 адамға мемлекеттік грант 5 млн 555 мың теңге берілді.

 

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруда 2019 жылы  бағдарламаның бағыттары бойынша жоспар толығымен орындалды.

Бағдарламаның басты  бағыты – жаппай білім бере отырып, адамдардың нақты дағдыларын дамыту. Алған білімді  болашақта тұрақты жұмыс табуға немесе өзінің жеке ісін бастауға көмектеседі. Жаңа бағдарламаның атауы оның мақсатын толық ашып тұр. Яғни нәтижелі жұмыспен қамту арқылы өзін өзі жұмыспен қамтыған халық елдің экономикасын ұйымдастыруға үлес қосады. Халықтың 25 пайыздан астамы өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандықтан олардың экономикаға қосып отырған үлесін анықтау маңызды. Мысалы ауылдағы халық өзінің жеке шаруашылығымен айналысады, өз қажетінен қалғаны,   артылғаны ауылда қалып қояды. Сондықтан неге сол артық өнімді басқа аймақтарға сатып, халыққа да, кәсіпкерге де пайда түсірмеске?! Яғни жеке кәсіпкер ретінде, шаруа қожалығы ретінде, тіпті серіктестік немесе ауыл шаруашылығы кооперативі ретінде болсын, өнім экономиканың нақты саласына пайда түсіру керек.

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бағыты бойынша 20 млн 684 мың теңге қаржы қаралып қысқа мерзімді кәсіптік оқуға барлығы 98 адам жолданды. (Электро-газдәнекерлеуші-15 адам, жылу қазандығы машинисі-от жағушы-64 адам, кулинар-аспазшы-10 адам, маникюр-педикюр-9 адам).

 Бағдарламаның негізгі көрсеткіштерінің бірі – оқудан кейін жұмысқа орналасу. Аудан бойынша оқуды аяқтаған 75 адам (76,5%) тұрақты жұмысқа орналасты.

Екінші бағыт: кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру өз ісін ашу кәсібін дамытуға барлығы 99 адам 440 млн 040 мың теңге несие алды. Орындалысы 106%.

Бастау Бизнес жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға  кәсіпкерлер палатасы арқылы 188 адам, Жас кәсіпкер жобасы бойынша 83 үміткер оқу курсын толық аяқтады.         

Сонымен бірге өткен жылдың жағымды жаңалығы аталған бағдарлама арқылы «Жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру» тәртібі қолданысқа енгентін. 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әр жоба үшін 95 адамға 46 млн 712 мың теңге қаржы қайтарамсыз мемлекеттік грант берілді.

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша жалпы 560 жұмыссыз тұрақты және уақытша жұмыстармен қамтылды.

Жастар тәжірибиесіне 17 млн 173 мың теңге қаралып 69  жас түлек жолданып, оның ішінде 28 жас тұрақты жұмысқа орналасты.

Биыл да бағдарлама аясында жоспарлы жұмыстар жалғасын табады. Алдағы міндет берілген жоспардың сапалы орындалысын қамтамасыз ету. Әлі де болса аудан тұрғындары осы бағдарлама туралы, ондағы бағыттар туралы толық білулері керек.

 

Әлеуметтік саланың тағы бір басты бағыттарының бірі – білім  беру жүйесі болып табылады.

 Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиясында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы  жоғары елге айналуымыз керек.  Қазіргі әлемде  жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз. Біздің  азаматтарымыз ең озық   жабдықтармен және ең заманауи  өндірістерде жұмыс жасауға дайын  болуы тиіс» дегені мәлім. Осыған орай,  ауданымыздың білім беру жүйесін жетілдіру үшін  жергілікті атқарушы органдары тарапынан  жіті көңіл бөлініп, қаржылық  қолдау көрсетілуде.  

 Аудандық бюджеттің 60 пайызын білім беру саласы құрайды.

                                                                  (2 млрд 710 млн теңге).

Білім беру мазмұнын жаңартудың табыстылығы педагогтарға, олардың кәсібилігі мен құзыреттілігіне байланысты. Аудан бойынша жалпы 660 мұғалім болса, оның 420-сы, яғни 63,6%-дан астамы аттестаттау ережесіне сәйкес тестілеуден өтті.  

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 594 мұғалім 90 % курстан өтті. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдары 15 жас маманмен толықтырылды. Алайда әлі де болса физика, математика, биология, география пәндерінің мамандары қажет.

2019-2020 жылғы оқу  жылында аудан бойынша  2 913  оқушы білім алуда.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 590. Қамту көрсеткіші 63,4% (облыстық көрсеткіш 87%).

Аудан бойынша 139 млн 389 теңгеге білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базалары жаңартылды. 

23 білім беру ұйымы интерактивтік құрал – жабдықтармен,  ПИК -80, подиум -5,   Компьютер паркі 847 компьютерді құрады. 1 компьютерге 3,4 оқушыдан келеді.  Даму бойынша 4,1

          Жалпы мектептердің 80 пайызында пандустар орнатылып, инклюзивтік білім беруге жағдай жасалған.

 «Нұр Отан» партиясының «Цифрландыру» жобасы аясында өткен жылы 11 млн теңге қаржыға Қ.Нұржанов атындағы және К.Байсейітова мектептерінде IT сыныптары ашылды. 3 млн 500 теңге қаржыға Ж.Кеңесбаев мектебіне гидрпоника жобасы жүзеге асырылуда.

Білім беру ұйымдары бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 18 мектепке 278 бейнебақылау камералары қойылған. Осы жылы 4 млн 700 теңге қаржыға Шашубай, Қарағой, С.Ибраев, Т.Ақышұлы, Д.Стамбеков атындағы білім беру ұйымдарына бейнебақылау орнатылатын болады.

Заман талабына сай бірнеше жылдан соң мектептерде үш тілді бірге меңгерген мұғалімдер ғана жұмыс істейтін болады. Ұстаз бәсекеге қабілетті, әрі табысты болуы үшін еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет. Ол үшін ауданымыздың әрбір мұғалімі жаңартылған білім мазмұнына көшу бағдарламасын меңгеріп, біліктіліктерін көтеріп отыруы керек.

          2019 жылы Ақтоғай ауданы бойынша облыстық бюджеттен  жөндеу жұмыстарына 38 млн 313 мың теңге қаржыға бөлініп, Тораңғалық, Ақши мектептерінің шатыры жөнделді. Аудандық бюджеттен  18 млн 840 мың  теңге қаржыға К.Байсейітова, Ә.Бөкейхан, Қ.Нұржанов, М.Ержанов атындағы және, Қызыларай мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары (спорт зал жөндеу, қоршау салу, брусчатка төсеу, ішкі жөндеу жұмыстары)  жүргізілді.

         Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға Тасарал, Абай, Д.Стамбеков атындағы Шашубай, Ж.Кеңесбаев, Ә.Болғанбайұлы атындағы мектептерге жаңадан жылу қазандықтары орнатылды.

Мектеп оқушыларының  жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында 1-10 сынып аралығындағы 2 510 оқушы яғни 73% түрлі сауықтандыру шараларына қамтылды. Мектеп жанындағы лагерьлерге аз қамтылған және көп балалы отбасылардан 620 оқушы, Бектауата шатқалында орналасқан «Факел» қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне 400 оқушы,  еңбек және көгалдандыру бригадаларына 1400 оқушы, «Жас турист» туристік-шатырлы лагеріне 15-16 жас аралығындағы 90 жасөспірім қамтылды.  

Өткен оқу жылында 162 оқушы мектеп бітірді. 107 түлек (66,5%) Ұлттық бірыңғай тест тапсырды.  Аудан бойынша орташа көрсеткіш 62,39% құрады

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы  аясында білім беру саласына келген 5 жас маман 18 млн теңгеге тұрғын үй несиесін, 21 жас маман 5 млн 302 мың теңге көтерме жәрдемақы алды. 

Сайып келгенде бұл жұмыстардың бәрі мектептің білім сапасының жақсаруына, балаларымыздың тиянақты білім алуларына жағдай жасау. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастыруды білім бөліміне, осы салаға жауапты орынбасарыма тапсырамын.

Білім саласын қорытындылай келе, аудан бойынша оқушылар санының жылдан жылға азайып бара жатқандығы қатты алаңдатып отырғанын айтуымыз керек. Егер мектеп жабылса, онда ауылдық округ те жабылып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан бірінші кезекте мектептегі бала санының азаймауына ауыл әкімдігі, мектептен бастап, сол ауылдың тумалары, әр азаматы ойлану керек.

Қосымша білім бөліміне қарасты Өнер мектебі де өткен жылы бірқатар республикалық, халықаралық шараларға қатысып  көптеген жоғары нәтижелерге қол жеткізді. 

      - Қарағанды  қаласында өткен I Халықаралық «Karaganda Music Fectial» байқауына жас ерекшеліктеріне байланысты  вокал, дәстүрлі ән, домбыра сыныптарынан оқушылар  қатысып  жүлделі 1 орынды вокалдан 3 оқушы  дәстүрлі әннен 1 оқушы, домбырадан 1 оқушы иеленіп лауреат атанса  «Дала сазы» фольклорлық  ансамблі  де қатысып  Бас жүлдені алып лауреат атанды.

     - Халықаралық  «Гармония»  фестиваліне 3 оқушы қатысып жас ерекшелігіне байланысты  вокалдан 2оқушы 1орын,домбырадан 1оқушы 2 орын иеленді.

     - Қарағандыда өткен II  Республикалық «Ұлы  дала  ұрпағы» байқауынан  Б.Сейфолла Бас жүлде иеленіп Грузияда өтетін байқауға  жолдама  алды.

      - Жезқазған қаласындағы  Халықаралық «Жас қанат жастар» фестивальінде көркемсөз  номинациясы бойынша 1 оқушы 1орын, иеленіп лауреат  атанды.

    -  Астана қаласында өткен III Халықаралық  «Шашу» өнер фестивалінде мектептің вокал сыныбының оқушыларынан құрылған «Әуен» вокалды ансамблі Түркі елінің  Анталья қаласында өткен байқау Бас жүлдені жеңіп алып Италия  елінде өтетін фестивальға жолдама  алды.

     - Облыстық Жастар жылын қортындылау форумына «Әуен» вокалдық ансамбілі қатысып өз өнерлерін көрсетті.

 

        Денсаулық сақтау саласы 

Мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі - денсаулық сақтау.  

Тұрғындарға медициналық көмекті 29  төсек-орындық  аудандық орталық аурухана,  180-сырқатты 1 сменада  қарауға арналған аудандық клиникалық- диагностикалық емхана, 6 - отбасылық емхана, 1- ФАП,  16- МП,  барлығы  13 төсек  орынға арналған  күндізгі аурухана, 1-әлеуметтік дәріхана  көрсетеді.

        Аудан көлемінде 22 жоғары білімді дәрігер  маманы,  118  орта буындағы  медицина  мамандары қызмет атқарады. 10 мың тұрғынға  есептегенде  дәрігерлермен қамту көрсеткіші - 19,4% орта буындағы медицина қызметкерлерімен қамту - 104,2%.  

Ауданда ана өлімі болған жоқ. Өкінішке қарай туа пайда болған ақаулардан бір жасқа дейінгі 3 бала шетінеп кетті. (Шашубай, Жидебай, Шабанбай би а/о). Туберкулезден өлім болған жоқ. Жалпы өмір сүру жасын ұлғайту – 67,5% құрады.

        2019 жылы аудан  бойынша 132  бала  туды (2018 жылы  - 129).

Есепте тұратын халық саны – 11 479 адам, (Сарышаған кенті тұрғындары Приозерск қаласы ауруханасына бекітілген) оның ішінде; бала - 3075,  жасөспірімдер - 650, ерлер – 5549, әйелдер  – 5930,  бала  туу  жасындағы әйелдер - 2443.

*Әлеуметтік маңызы бар науқас түрлері  туберкулез ауруына жалпы науқастыққа шалдыққандар саны артқан.

(2019 жылы13 адам, 2018 жылы 8 адам).

        Денсаулық сақтау саласының материалдық базасын нығайтуға 2019 жылы 52 млн теңге қаржыға медициналық құрылғылар алынды.

        Орталық аурахана қазандығына 9 мың шаршы метрге арналған модульдік қазандық орнатылды.     

        Өткен жылы орталық ауруханада қайта оңалту (реабилитация) койкалары, физиотерепия, УЗИ кабинеттері қайта ашылып медициналық қызмет көрсетуде. Сондай-ақ Шашубай, Нарманбет, Шұбартау емханаларында күндізгі стационар іске қосылды.

        13 млн теңге қаржыға жылжымалы дәріхана пайдалануға берілді.

3 млн 765 мың теңге қаржыға стоматологиялық қондырғы алынды.

     Казахтелеком «АСТЕЛ» арқылы денсаулық сақтау 7 мекемеге интернет желісі орнатылды. (Ақтоғай ауруханасы, Жидебай емханасы, Нарманбет емханасы, Шубартау емханасы, Айыртас МП, Қызыларай ФАП, Шабанбай би с/о «Бөкейхан» дәрігерлік амбулаториясы).

Денсаулық саласындағы өзекті мәселенің бірі – кадр мәселесі болып келген. Өткен жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 11 маман кадрмен толықтырылды (реабилитолог, физиотерапевт, оташы, онколог, уролог, гинеколог-резидент, УЗИ-дәрігері, ВОП резидент және 12 медбибі). Атқарушы билік тарапынан қолдау көрсетіліп 8 маман дәрігер  тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, әлеуметтік пакет ұсынылды.

2020 жылы ауданға 3 жалпы тәжірибедегі дәрігер әкелу жоспарлануда және жас мамандар ғана емес тәжірибелі дәрігер мамандарды тарту бағытында жұмыстар ұйымдастырылуда.

Бұл жұмыстардың бәрі аудан халқының денсаулығын жақсартуға бағытталуда, биыл да ана мен бала өмірін сақтау, туберкулез, қатерлі ісік ауруларына қарсы күрес шараларын ерекше назарда ұстау жалғасын табады.

 

Спорт саласы

         Халықтың денсаулығын қорғау және  салауатты өмір салты ұлттық идеяға айналуы тиіс.

Аудан бойынша жалпы 50-ге тарта спорттық нысандар жұмыс жасауда.

18 гимнастикалық спорт залдар, 6 бейімделген спорт залдар, 21 спорттық алаңдар, 3 хоккей корты, 1 спорт кешені, 1 стадион.

        Өткен жылы  тұрғындардың спортпен айналысу үшін 7 млн 477 мың теңге қаржыға аудан әкімдігі ғимаратының жанындағы спорт зал күрделі жөндеуден өткізіліп, дене шынықтыру сауықтыру орталығы ашылды. 3 млн 500 мың теңге қаржыға спорттық құрал жабдықтармен жабдықталды.  

         Сонымен қатар 2020 жылы   Ақтоғай ауылынағы орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, Ақтоғай ауылындағы спорт кешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр және  Сарышаған кентіне  спорт кешенінің жобалау сметалық құжаттары әзірленуде.

Халықтың спорттың бұқаралық түрлерімен жүйелі  шұғылданушылар  саны  5525 адам,  бұл  көрсеткіш  аудан   тұрғындарының 29,9 пайызын құрады.

Аудан көлемінде өткізілетін аудандық спорттық іс-шараларға, облыстық, республикалық жарыстарға аудан құрамасын дайындап қатыстыруға 18 млн 442 мың теңге қаржы бөлінді.

        Аудандық деңгейде әр түрлі спорт түрлері бойынша 60-тан астам жарыстар ұйымдастырылып өткізілді.

Қарлы қыс-2019 спартакиадасы, Сары арқа-2019 спартакиадасы, Қазақ күресінен Жас барыс, Ақтоғай барысы турнирлері, мемлекеттік қызметкерлер спартакиадасы, 1 мамыр бірлік күніне орай Ұлттық спорт түрлерінен ІІ-ші аудандық чемпионат, спорттың 11 түрінен оқушылар спартакиадасы, Ақтоғай марафоны, волейболдан С.Оразалин атындағы турнир, Тоқырауын газетінің жүлдесіне арналған турнирлер  және мереке күндерге арналған спорттық жарыстар жоғары деңгейде өткізілді.

        Ақтоғай ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бүгінгі таңда Қазақ күресі, Тоғызқұмалақ, Волейбол, Футбол, Үстел теннисі, Дзю-до күресімен 689 жасөспірім шұғылданады. 

        Аудан спортшылары облыстық жарыстардан 38 алтын медаль, 27 күміс медаль, 30 қола медальдарын, Республикалық жарыстардан 1 алтын, 2 күміс, 4 қола медальға ие болды.

      Облыстық Қарлы қыс-2019 спартакиадасынан шаңғы эстафетасынан ІІ-орын, президенттік көпсайыспен конькимен жүгіру жарысынан ІІІ-орынды иеленді.     

      Тоғызқұмалақтан жастар,  жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасында өткен облыс чемпионаттарында аудан командасы бірінші орынды жеңіп алды.   

      2019 жылы бірінші рет өткен облыстық ауыл жасөспірімдер ойындарынан аудан құрамасы командалық есепте екінші орын алды.

       Бұқар жырау ауданында өткен ұлттық спорт түрлерінен облыстық фестивальден командалық екінші орынды жеңіп алды. (фестиваль 2020 жылы Ақтоғай ауданында өтеді). 

       Абай қаласында өткен Сарыарқа спартакиадасында аудан құрамасы Волейболдан І орын, Асық атудан І орын, Тоғызқұмалақтан ІІ орын, Қол күресінен ІІІ орынды иеленді.

       Тоғызқұмалақтан жаттықтырушы-оқытушы Омаров Қайрат Мұратұлы Ұлттық дәрежедегі төреші атағын алса, аудан спортшылары «Қазақ күресінен» 3 спортшы, тоғызқұмалақтан 1 спортшы, кикбокстан 1 спортшы «Спорт шеберлігіне үміткер» дәрежесі атағын қорғады.

       

        Мәдениет саласы

        Ауданымыздағы мәдениет саласының мекемелерінің жұмысын жандандыру және  инфрақұрылымын оңтайландыру басты назарда.

2019 жылы ауыл клуб үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 9 млн 850 мың теңге қаржы қаралып, дыбыс күшейткіш аппаратуралар, қосымша тоқ көзі генераторлары және сахналық киімдермен түрлі жабдықтар алынды.

4 млн 379 мың теңге жергілікті бюджет есебінен аудандық адрагерлер үйіне талапқа сай тиісті ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп 1 млн 700 мың теңге қаржыға жиһаздары алынды.

Шашубай, Ақтас клуб үйлерінің ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттары әзірленді.

        Аудан бойынша былтырғы жылы 1832 мәдени-көпшілік, тарихи-танымдық шаралар өткізілді.

Ұлттық кәсіби мерекелер орай мәдени шаралар жоспарға саәйкес ұйымдастырылып өткізілді. Тасарал елді-мекенінің 90 жылдық мерейтойы, балалар күні сынды әр түрлі тақырыптарда   мәдени-көпшілік шаралар сонымен қатар, Ұлытау елді-мекенінде «Жезкиік» ІІ халықаралық этно-мәдени мұрасының фестиваліне «Тоқырауын толқыны» ән-би ансамблі өнер көрсетті.

 Қазан айында мәдениет үйінде батыр тұлғаларымыз Қазыбек Нұржанов пен Нүркен Әбдіровтің туғанына 100 жыл толуына орай еңбек ардагері Т.Ақпанбаеваның "Ақтоғайлық қос батыр" танымдық жинағы мен Т.Мұқанның Ақтоғай ауданы туралы танымдық деректі фильмінің тұсаукесері өткізіліп,  «Қос батыр – қос қыран» атты тарихи-танымдық концерттік бағдарламасы көрермендер назарына ұсынылды.

 

Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 572 ауқымды іс-шара өткізіліп, оған 10 757  қатысушы қамтылды 6 млн теңгеге кітапхана жүйесінің материалдық техикалық базасын  жаңартылды.

Ақтоғай археологиялық – этнографиялық  музейі қорына 316 жәдігер қабылданды.

          Былтырғы жылы барлығы 79 экскурсия, 62 көрме өткізіліп, 52 танымдық дәріс өткізілді, оған 5 152 адам қамтылды.

        

         Мәдениет саласын әрі қарай нығайту, дамыту, халыққа мәдени қызмет көрсетуді жетілдіру ауқымды жұмысы тұр.

 Ішкі саясат саласы

Жоғарыда айтылған  ауқымды  жұмыстар  мен ҚР Президентінің Жолдауынан туындайтын міндеттерді халыққа жеткізіп, оны насихаттауды дұрыс ұйымдастыра білу, ауданда жұмыс жасайтын ақпараттық насихат топтарының  тұрғындармен тиімді және жүйелі түрде қарым-қатынас орнатуы бүгінгі заман талабы. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру ішкі саясат бөлімінің және жергілікті әкімдердің басты міндеті. 

Мемлекет басшысының Жолдауын халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттау топтары 17 кент, ауылдық округтерде тұрғындармен  131 кездесу өткізіліп, оған барлығы 7864  адам қамтылды. 

Қоғамдағы қауіпсіздік шаралары  діни  ахуалға да тікелей байланысты. Аудандағы діни қарым-қатынас мәселелері үнемі назарда ұсталып келеді. Аудан бойынша діни ахуал бір қалыпты. Діни рәсімдерді 8 имам атқарады. Имамдардың барлығы 30 мың.тг. көлеміндегі айлықпен қамтамасыз етілді.

Діни рәсімдерді өтеуге арналған 11 мешіт үйі жұмыс жасауда.

Өткен жылы «Ақтоғай мал өнімдері» ЖШС-і (С.Ыбышев, Н.Иманов) демеушілігімен 500 млн теңге қаржыға аудан орталығынан 200 адамға арналған мешіт үйі бой көтерді.

Сонымен қатар Шашубай кентінен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 140 млн қаржыға 100 адамға арналған мешіт құрылысы аяқталып бүгінде құжаттары рәсімделу үстінде.

Жыл басынан қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігімен 838 адамды қамтитын 20 жалпы профилактикалық іс-шаралар өткізілді

        

        «Нұр Отан» партиясы елдегі негізгі қоғамдық күш  айналған саяси ұйым. Аудан бойынша өткен жылы партия құрамына 124 адам қабылданып, 22 семинар, 3 конференция, 2 саяси кеңес, 4 саяси бюро отырыстары өткізілді. "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы аталған барлық жұмыстарға белсене ат салысып, партиялық жіті бақылау орнатып, билік пен халықтың арасындағы дәнекер болып, елдің ынтымақ бірлігін сақтауда көп жұмыс атқаруы керек.

Қоғамдық және Діни тұрақтылықтың сақталуында қоғамдық ұйымдардың оның ішінде қоғамдық кеңес, Ардагерлер кеңесі, аналар кеңесінің өзіндік орыны, ықпалы барын айту керек.

Еліміздің болашағын ойлағанда ең алдымен есімізге жастар мәселесі, олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайы еске түседі. Олай болатыны, жастар – жас қуаттың, еңбек көзінің, идеялар мен тың ұсыныстардың бастамашысы, қоғамдағы қозғаушы күш, халықтың ең белсенді тобы. Сондықтан да жастар мәселесін айтқанда – елдің болашағы туралы ойланамыз. 

Жалпы Ақтоғай ауданының жастар саны - 3456. Бұл  ауданның әрбір бесінші тұрғыны жас азамат немесе аудан халқының 19,6%-ы.

Оның ішінде: Мемлекеттік қызметтегі жастар саны-32, әскер қатарындағы жастар саны-125, тұрақты жұмыс істейтіндер саны-812 қоғамдық жұмыстағы жастар саны-39, жұмыссыз жастар саны-70, оқушылар-948, студенттер-829, мүгедек жастар саны-40, кәсіпкер жастар саны-37, мұғалімдер саны-107, дәрігерлер саны-27.

 

        Өздеріңіз білесіздер 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланып бірқатар ауқымды шаралар жүргізілген болатын.       

        Таяуда Мемлекет басшысы өткізген кеңесте белсенді жастарды жұмысқа тартып, оларды өзгелерге үлгі ету керектігін айтқан болатын. Бізде де белсенді жастарымыз жетерлік. Көзінде оты бар, идеялары бар жастарды жанымызға тартып, жақын ұстауымыз керек. Жастармен жұмыс жасау біздің басты міндетіміз. Әрбір әкімнің жастармен жасалатын нақты жұмыс жоспарлары болуы керек.

  Былтырғы жылы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған аудан әкімінің 4 млн теңге көлеміндегі грантын 13 жас кәсіпкер алып өз кәсіптерін ашты. Биыл да жас кәсіпкерлерімізге 5 млн теңге көлемінде грант беретін боламыз.

        Жастар кәсіпкерлік ортадағы ең маңызды буын болып табылады. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға бізде көптеген мүмкіндіктер мен резервтер бар. Мысалы, ауылдарда бос қалған нысандар, ғимараттар да кездеседі. Міне осы бос кабинеттерде, ғимараттарда ұлттық қол өнер бұйымдарын жасайтын шағын цехтар ашуды жолға қоюға болады деп ойлаймын. Сырмақ, арқан есу, тері илеу жұмыстарын ауылдарда да неге ұйымдастырмасқа?  Шикізат өнімдері тері, жүн өзімізден шығады, ағаш бұйымдарына тал-терегіміз бар. Өз кәсібін ашамын деген адамға кедергі жоқ.

        Құқық қорғау саласы

        Аудан әкімі ретінде үлкен бір міндетім, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл салада аудандық полиция бөлімінің тарапынан біраз жұмыстар атқарылуда.
Бірақ, заман талабы, күнделікті тіршілік қауіпсіздік мәселесіне жіті қадағалауды, талапты күшейтуді қажет ететініне көзіміз жетіп отыр.      Аудан бойынша жалпы қылмыс саны сәйкес кезеңмен салыстырғанда 121-ден, 97-ге яғни; - 19,8 % төмендеген.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар - 7, ашылуы деңгейі 93%.

Полиция қызметкерлерімен 2019 жылы 1102 құқық бұзушылық анықтаған. Салынған айыппұл 7 млн 903 мың теңгені құраса, оның ішінде өндірілгені 6 млн 312 мың теңге,  яғни 77,2 құрайды  (2018 жылы 74%).

Ауданда мал ұрлығы 34 тен 16-ға азайғанымен, оның 5-і ашылмауы әлі де мал ұрлығының үлкен проблемалардың бірі екенін көрсетеді. Сондықтан мал бағынын дұрыс ұйымдастыру керектігін баса айтамын.  

Кәмелетке толмағандар тарапынан қылмыстылық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2019 жылы кәмелетке толмағандар істер жөніндегі  учаскелік полиция инспекторларымен  басқа да қызмет салаларымен бірлесе отырып жоспарлы түрде  «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Кальян» атты жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді. Жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралар барысында 15 құқық бұзушылық фактісі анықталды.              

Десе де жасөсіпірімдер арасындағы құқықбұзушылық оқиғалары да жылда көрініс табуда. Жыл басынан барлығы 4 жасөспірім,  оның ішінде  «жайсыз отбасы» санатымен 3 тұлға жасөспірім есепке қойылды.  Есептегілермен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстарды құқық қорғау органдары ғана емес қоғам, жұртшылық болып атқару басты міндет.

 

  Кадр мәселесі.  Біздің басты мақсатымыз білімді де білікті жастарды қызметке кеңінен тарту. Ауданның келешегі үшін, білімді жастардан кадр резервін дайындау басты міндеттердің бірі.

 Ақтоғай ауданы әкіміне қарасты 155 мемлекеттік қызмет штат бірлігінің 141 нақты жұмыс жасауда. Жыл басынан өткізілген конкурстар негізінде 36 бос орын толықтырылды. Бос орындар саны 14-орын.

 Кейінгі үш жылда 78 жас маман жұмысқа қабылданса, 21 жас маман басшылық лауазымға тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру бойынша да ауданда тиісті жұмыстар іске асырылып отыр. Аудан бойынша «Парасыз  болашаққа бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған мобильдік топ аудан елді-мекендерінде кездесу ұйымдастырылып оған 1240 адам қамтылды. Аудандық «Тоқырауын тынысы» газетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты жыл басынан 23 мақала жарияланды. Жыл ішінде «Сарыарқа-адалдық алаңы» атты акциясы аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық дүкендері» ашылды. Әр салаға қатысты әзірленген жадынамалар барлық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда және аудан әкімінің ресми интернет ресурсына орналастырылды.

Білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының «адамгершілік пен парасаттылық» және «Отансүйгіштік пен патриотизм» тақырыптарында іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»» атты дебаттық сайыс, апталықтар, дөңгелек үстелдер, білім беру ұйымдарында , CALL center номері (1424) көрсетілген билбордтар және баннерлер орнатылды (23 дана). Осы бағыттағы жұмыстар, тақарыптық іс-шаралар биыл да ұйымдастырылып, өткізілетін болады.

Осы жоғарыда аталып кеткен барлық жұмыстар, іс-шаралар аудан тұрғындары үшін, халықтың игілігі үшін жасалуда. Бұдан басқа да жұмыстар әкімдік мүшелерімен бірге әкімдік отырыстарында қаралып, кеңесіп шешіліп отырылады. Ағымдағы мәселелер аппараттық жиындарда қаралады.

        Былтыр 2019 жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесуде 92 мәселе көтерілген болса, оның 74-і орындалды, қалған 18 мәселе ұзақ мерзімді орындалуды қажет ететін мәселелер.

Жыл басынан аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан түскен 470 өтініштің 418-не түсіндірмелер берілсе, 52 өтініш қанағаттандырылды.

         Ал аудан әкімінің жеке қабылдауында болған 58 адамның 41-не түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, 17 адамның өтініші шешімін тапты.                             

         Жыл ішінде 18 973 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.  (жеке тұлға -18420; заңды тұлға-553).

        Міне, есепті жылы ауданда жүзеге асқан жұмыстар реті осы!!!

        Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табады, осы жоспарланған жобаларға тиісті қаржы көздері қарастырылып отыр. Бұл жөнінде әр сала бойынша баяндамамның барысында айтылып кетті.

        Жыл бойы осы атқарылған жұмыстардың бәрі аудан тұрғындарының, ел ағаларының қолдауымен, жергілікті және атқарушы биліктің бірлесе атқарған жұмыстарының арқасында жүзеге асты деп айта аламын. Әрине, шешімін табуы тиіс күрделі мәселелер де әлі де жеткілікті.

        Аудан әкімдігі атынан былтырғы жылғы атқарылған игі істер үшін барлық тұрғындарға ауданымыздың өркендеуіне қосқан үлестері үшін ризашылығымды білдіремін.

       

Қадірменді ағайын!

 Жыл ішінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Барлығы да өздеріңіздің қолдауларыңыздың, бірлесе атқарған әрекеттің арқасы. Алайда алдымызда одан да көп атқаратын істер тұр, шешімін күтіп тұрған мәселелер де бар. Алдағы уақытта бірінші кезекте Елбасымыздың Ұлт жоспарындағы міндеттерді, ҚР Президентінің Жолдаулары, сондай-ақ Үкіметтің, облыс әкімдігінің тапсырмаларын, ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасындағы көрсеткіштерді орындауда барлық күш-жігерімізді жұмсай отырып, Сіздермен бірлесе әрі қарай жұмыс жүргізе беретін боламыз.

         Олай болса, осы бірлігіміз бұрынғыдан бетер жарасып, еліміздің игілігі үшін ерінбей тер төге берейік.

        Аспанамыз ашық, еліміз аман болсын!

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района