в актогае -7
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
Мобильная версия

Мектеп тарихы

Біздің мектебіміздің шежірелі тарихы ауылымыз 1928 жылы «Оян» колхозы болып құрылған кезеңнен басталды. Ең алғаш мектепте «Қызыл мұғалім» деген атпен Иса Сұраубайұлы сабақ берген. Осы ұзақта тарихи кезеңдерде мектебімізде көптеген ұлағатты ұстаздар еңбек етті. Олар: Кеңесбаев Ж, Керімбаев Ә, Қазбек Н, Изақов Қ, Нұржігітов М, Хамзин Д, Нұржанов Ө, Әжімеков Қ,    Мұқатаев А, Қалижанов Р, Ахметова Р, Жұманбекова З, Мұқсинов А, Садуақасов И, Рысбекова А, Исин С,

Даулетов Б.

      Бұл мектепте Кеңес Одағының батыры Қ.Нұржанов, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген артист   Ағдарбек И, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Дәуітәлі С, Ақтоғай ауданының азаматы белгілі ақын Қашқынов Ж, ауданымыздағы өркендеуге, көркейтуге үлес қосқан қайраткер      Рымбек Жүнісов, домбыра жасау шебері, «Үкілі домбыра» сайысының үш дүркін жүлдегері Садуақасов А, еңбек майталмандары төрт түліктің бірі шопан атаны өрбіткен атақты шопандар Мұқанов М, Сейілханов С, жезтаңдай әнші Ш.Төлеубаева түлеп ұшты.

       1976 жылға дейін Қ.Нұржанов атындағы орта мектеп, 2001 жылға дейін «Сәуле» сегіз жылдық мектебі деп аталды.

      2001 жылдан бастап Мемлекеттік сыйлықтың иегері, филилогия ғылымының докторы, профессор Әсет Болғанбайұлының есімі берілді.

      2008-2009 оқу жылында мемлекеттік стандартқа сай екі қабатты зәулім мектеп пайдалануға берілді.                                                                                                                                               

      2018-2019 оқу жылында мектепте 23 мұғалім жұмыс жасайды.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района