в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

Мектеп тарихы

Ә.Ермеков атындағы жалпы орта

білім беретін мектептің тарихы            

               

Шабанбай би ауылы

Ә. Ермеков атындағы жалпы орта

білім беретін мектептің тарихы

    Мектеп тарихы өткен ғасырдың басында яғни, Қазан төңкерісінен кейін 20-шы жылдары төре Қасым қорасында алғашқы мектеп ашудан басталады. Кейіннен жаппай сауаттандыру кезінде (ликбез) «Ұлы Октябрь» колхозында ашылған мектепке Омарғали Асылхан ұстаздық жолын жалғастырған.

   30-жылдардың ортасына қарай, қазіргі Шабанбай би селолық округінде бұрынғы «Ұлы Октябрь» колхозында 1934 жылы Жіңішке деген жерде алғашқы «Ақшкол» деп аталатын 4 кластық мектеп ашылған.

Аталған мектепте соғысқа дейін Баймағамбетов Қабыкей ұстаздық еткен.

      Соғыстан кейін Әдепбеков Бақытбек, Бақышев Қабыл, Алтынбеков Халихан, Ермеков Халел ұстаздар осы мектепте қызмет жасаған.

   Ал 1934 жылы «Өндіріс» колхозында 4-кластық мектеп ашылды. Алғашқы ұстаз болып Сұраубаев Иса деген кісі барады.

  Кейіннен  бұл мектепте Қожамбаев Сейітжан, Мұқанов Серік, Жүнісов Амантай өздерінің ұстаздық қызметтерін жасаған.

1932 жылы қазіргі «Бегазы» елді мекені, бұрынғы «5 Декабрь» колхозында «Ақшкол» деген алғашқы мектептің бірі ашылған.  Бұл мектепте бірінші болып Әлжанов Сәрсенбек ұстаздық жолын жалғастырған.

   Ал 1933  жылы Есекеев Құлмағамбет, Смағұлов Күлмағамбет сияқты ұстаздармен толыққан.

1934 жылдан соғыс басталғанға дейін Жаппарғалиев Мұрас еңбек еткен. 1936 жылы Өтегенов Нұрмағамбет те осы мектепте ұстаздық еткен.

           1936 жылдан бастап бұрынғы «5 Декабрь» колхозындағы «Ақшкол» мектебі жабылып қалған.

1941жылы соғыс басталғанда қазіргі Сона елді мекеніне Ақтұмсық колхозы көшіп келіп, Сүттібай деген жерде мектеп ашылады. Аталған мектепте алғашқы мұғалім болып Таханов Шешенбай, кейіннен Бабашев Ахмет, Смағұлов Қожахмет деген кісілер ұстаздық еңбек еткен.

Кейіннен Cүттібайдағы мектеп Сона елді мекеніне көшіріліп, бұл мектепте Мақсұтов Төлтай,Төребеков Рамазан, Долбаева Раушан, Молдағұлов Төлепбек, Төребекова Айнагүл, Бегетаева Әнишалар дәріс берді. Қазіргі уақытта шағын кешенді Сона бастауыш мектебі деп аталып жұмыс жасайды

  1932-1933 жылдары Шылым ауылында бастауыш мектеп ашылып, алғашқы мұғалімдері  Іңкәрбаев Әшім, Қожамбаев Сейітжан болған.

 Кейіннен Шылым елді мекені, Исаев колхозының жеріне енген. Шылым елді мекеніндегі мектепте 1937 жылдары Сұраубаев Иса, Қожамбаев Сейітжан, Іңкәрбаев Әшім, Жүнісов Амантай ұстаздық еткен.

 

Бұрынғы Шылым елді мекеніндегі соғыстан кейінгі мектеп болған үй        

1935 жылдары сол кездегі Қоңырат ауданында ұлты молдаван Карева деген ер кісі жаңадан 7 мектеп салдырған. Ол кісіні жергілікті тұрғындар Қара Иван дейді екен.

Олар: Бегазыда 1 мектеп, Жіңішкеде бір мектеп, қазіргі Нарманбет ауылында Қарабұлақ мектебін6 Шұбартауда «Таң» мектебін, Бірлестікте, Кеңасуда, Қарақойда мектептер салдырған.       

 Ақтоғай аудандық  білім бөлімінің әр жылғы статистикалық есебі бойынша халыққа білім беру ісінің дамуы деңгейінің көрсеткіші:

Жылдар

Бастауыш мектеп

7-8 жылдық

Орта мектеп

Оқушылар саны

Мұғалімдер саны

Жоғары білімді

Ортадан жоғары

Орта  білімді

Төмен

Интернатта тәрбиеленгені

Ұзартылған күн группа

Бала бақшада  тәрбиеленгені

Орта мектеп бітіргендер

1921ж

1

-

-

14

1

-

-

-

1

 

 

 

 

1927ж

3

-

-

58

3

-

-

-

3

 

 

 

 

1933ж

35

-

-

176

38

-

-

2

36

15

 

 

 

1937ж

33

5

1

920

73

-

3

10

60

25

 

 

 

1946ж

33

5

1

1018

77

-

3

13

61

25

-

30

 

1950ж

30

8

1

2203

96

1

13

61

21

60

-

45

45

1960ж

21

2

2

2387

223

57

43

117

3

40

-

70

76

1970ж

13

9

6

4430

333

162

65

102

2

595

-

190

208

1980ж

4

7

8

5110

431

250

119

62

0

810

1600

420

280

1990ж

10

6

9

4341

596

379

28

189

0

584

2320

429

418

                  

    1950-1951  оқу жылында жеті жылдық мектеп ашылып, алғашқы директоры болып Ленин орденді, Қазақ ССР-не сіңген мұғалім Жаббас Кеңесбаев жұмыс жасады. Сол жылдары мектепте Смағұлова Мариға, Құсыманов Сейітмұрат, Смағұлов Қожахмет, Исатаев Серік, Дүйсебеков Біләл,  Оразалин Махмет, Аяпбергенова Мәмен, Әлімханова Рухия, Смағұлов  Қуанышбек, Александра Драгунова, Әлжанов Мұқсиын, Смағұлова Галя, Нығметова Жаңыл, Өмірбеков Қазыбек, Нұржігітов Мұқсиын, Жүнісов Амантай, Молдыбаев Кәрібай, Ағаділов Қасжан, Ағаділов Қалқаман, Халиолин Масқұт, Елеубеков Зия, Мұсаханова Мақпуза ұстаздық        еткен.  

 

1964-1980 жылдардағы Қаратал орта мектебінің ғимараты мен мектеп жанындағы интернаты

            1951-61 оқу жылынан  №7 жеті жылдық мектеп сегіз жылдық болды. Мектеп директоры Смағұлова Мариға.   Қазақ ССР министрлер кеңесінің 19 маусым 1963 жылғы №438 Қаулысына байланысты халық депутаттары Ақтоғай  аудандық атқару комитетінің 28.02.1967 жылғы №33 шешіміне сәйкес 1967-68 оқу жылынан бастап №7 сегіз жылдық мектеп Қаратал орта мектебіне айналды.

Осы уақытта мектеп ұжымы жаңа ұстаздармен толықты. Қасымов Әуезхан, Төребеков Рамазан, Түсіпбекова Тиышжан, Игенқұлова Сағынтай, Түскеева Күлхайыр, Түсіпбеков Жұмабай, Смағұлова Нұрзада, Қаленова Гүлнар, Тохметова Райхан, Нығметова Рымкеш, Әбенова Тілеукеш, Шаймағамбетова Амантай, Сәрсенбеков Мұғиын, Аманқұлов Шәмел, Жүрсін, Нәсіп Ахметбекова, Мұқажанова Зағия, Қабдрашова Гүлмайра, Әліпбергенова Кәден, Сейдіғазымова Күлмайра, Сейдіғазымова Ғапура,  Қалижанова Төлеутай, Сарсенбекова Мағираш, Амантаев Өмірзақ, Рымтай, Комарова Әлия, Жаңбырбаева Жұмагүл, Мұхтарова Роза, Төлеубаева Қамаш, Баймұқатов Қажымұрат, Гүлжаһан, Аждарова Риза,  Айтбаев Бекен,

Мұқашев Рымбай, Әлімжанова Несіпжан, Қасымов Мұрат, Жұмажанова Айгүл, Таханов Қуат, Мұсанова Гүлнаш, Қасымова Мағира, Аманова Райса, Төребекова Айнагүл, Адамбаева Жанат, Әбдібаева Күлмаш, Жақыпбекова Кінар, Әлина Зейнеш, Әбдіғұлова Қарлығаш, Елеубекова Мәкен, Тілеуберлина Манура, Жарова Лия, Бегетаева Әниша.

         1980 жылы үш қабатты жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Осы кезде мектепке ұстаздардың жаңа легі қосылды: Пшенбаева Шолпан, Абылханов Жұмағалы, Жакупова Ақмарал, Әбдина Торғай, Құдабаева Әнипа, Қасымова Гүлназ, Иманғалина Шәрбану, Ынтықбаев Мұхитбек, Мұқашев Исайн, Каримова Зәуреш, Сарсенбекова Жания, Пшенбаев Бағдат, Төребеков Азамат, Ақыбаева Бегайым, Сарсенбекова Әлия, Мұқашева Гүлхабира, Рымқұлова Зейнегүл, Өмекешова Бақытгүл, Асылбекова Нұрсұлу, Орынбаева Мәкен, Әбенова Бикен, Түсіпбекова Бақытжан, Салықова Кенжегүл, Сарсенбеков Манарбек, Құдашбаев Қайролла, Нұржі-гітова Айман, Сейтқазина Мая, Қарашолақов Теңдік, Рахметова Жанат, Сарсенбеков Өнербек, Берлібаева Жанар, Қонысбекова Гүлзейнеп, Түсіпбеков Нұрлан, Несипбаев Саят, Нүркеев Марат, Түсіпбеков Бекзат, Аппазова Сәуле, Таханов Қанат, Каримов Өміртай, Мұрасова Гуля, Тұрықбаев Саят, Төкеев Қайырден, Алтынбекова Бақыт, Пшенбаева Раушан, Жаңыл, Бақыт мұғалімдер, Құдабаев Хамза, Нұржігітова Алмагүл, Омарбаева Салтанат, Божбанова Баян.

 

1980 жылы салынған үш қабатты мектеп

         90-шы жылдары басқа жақтан қоныс аударуы себепті тәжірибелі ұстаз Жұманова Гүлсара мұғалім келіп зейнетке шыққанша жұмыс жасады.

Төмендегі құжатқа сәйкес 1991 жылы қазақ халқынан шыққан қоғам қайраткері, тұңғыш математика ғылымының профессоры, алаштың ардақтысы Әлімхан Ермековтың 100 жылдығына орай мектепке осы кісінің аты берілді.

        Қазіргі таңда Әлімхан Ермеков атындағы жалпы орта білім беретін мектепте қызмет жасап жүрген ұстаздар саны жиырма тоғыз.

 2008-2009 - оқу жылында мектеп жанынан «Гүлдер» атты жас бүлдіршіндерге арналған шағын орталық ашылып, қазіргі таңда жиырма бала тәрбиеленуде.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района