в актогае 5
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
Мобильная версия

Мектеп тарихы

Ә.Бөкейхан атындағы ЖББОМ базасындағы Тірек мектебі

Мектеп тарихы

       Ең алғаш мектеп Қарамойын деген жерде 1924 жылдың күзінде ашылған. Оған кедей шаруаларының балалары қабылданды. Бұл мектепті тұрғындар «Шекеме» (ШКМ) деп атаған. Бұл қазіргі Дуаншиден 5-6 шақырымдағы  Ақ үй, Қызыл үй деп аталатын жер. Ауданның орталығы Дуаншиден қазіргі Ақтоғай селосына 1928 жылдың күзіне қарай көшіріледі.

       1928 жылы аудан аумағында үш болыс ел біріктіріліп, басқару органдары қайта құрылды. Ауданның бастауыш мектептері 1929 жылдың қарсаңында Ақтоғай селосына шоғырлана бастайды. Онда 1920-30 жылдары 40 – қа шамалы бала оқитын шағын мектеп болатын. Сол жылы бұл бастауыш мектеп шаруа жастар мектебі (ШКМ –школа крестьянской молодежи) болып қайта құрылады.

       -  1934 жылы мектепке орыс  жазушысы Максим Горькийдің аты берілді.

        - 1937-1938 оқу жылында орта мектепке айналды.

         -1959-1960 оқу жылында екі қабатты жаңа  мектеп салынды.    .

        1968 – 1969 оқу жылында 640 балаға арналған сегіз жылдық мектеп және  120 балаға арналған интернат үйі салынып пайдалануға берілді.

       -1992 жылдың тамыз айында мектепке қазақтың аса көрнекті қайраткері, Алаш көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың аты берілді.

      Мектеп әлемдік білім деңгейлерін басшылыққа ала отырып, ұлттық мектеп жүйесін құруды мақсат тұтады. Барлық халықтың тәлімдік педагогикасының озық әдістерін қоса дамыта отырып, ұлттық тәрбие, инабаттылық, этикалық адамгершілік, отандық патриоттық тәрбие беру негізгі бағыттарымыз болмақ. Білім беру саласының жұмыстарын жүзеге асыруда: Байғожа Жарқынбаев, Лиза Адамбекова, Бикен Аманбекова, Қабыкен Нығметоллин, Шәйза Садықанова, Дәкен Спанбекова, Жақан Жанкин, Зекен Тәтімова, Мәкила Аманжолова, Несіпжан Әлімжанова, Рым Нығметова, Совет Нығметуллин, Бәтжан Рахымжанова, Бағдат Кенжебеков,  Жұмабике Шайбекова, Лиза Төлеубаева сияқты және басқада  мұғалімдер уақыт қиындығын жеңе отырып, белсенді еңбек етті.

       Мектептен  әр жылдары: Ұлы Отан соғысындағы  Кеңес Одағының Батыры Қазыбек Нұржанов, Социалистік Еңбек Ері атанған Сәтибек Ыбыраев Қазақстанның ғұлама ғалымдары Гүлбаһрам Тарабаева, Әсет Болғанбаев, Төкіжан Ағдарбеков, Ортай Әбдірахманов, Сағатбек Дәрібеков,Әуезхан Омарханов, Төкіш Ақышев,Алтай Зейнелғабдин,Күлжан Жүнісова, Дәуренбек Әбдірахмановтар, әр түрлі мамандық иелері Қайырбек Садуақасов, Қабдуахит Ежебаев, Серғазы Күнәділов, талантты қаламгер және ақын-жазушылар – Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Дәуітәлі Стамбеков сынды ауданымыздың облыс, республика көлеміндегі аса танымал азаматтар білім алды.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района