в актогае -11
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
Мобильная версия

Мектеп тарихы

«Ақши негізгі орта мектеп» КММ тарихы

Кежек селолық округі

Ақши орта мектебінің тарихы

   1965-1966 оқу жылдарынан бастап Кежек шағын кешенді бастауыш мектебі болып мұғалімдері Аманбай, Болтайбек/Айтжан/Молданазаров дәріс берген. Мектеп шағын екі бөлмелі үйде орналасқан. Сол жылдары бастауыш мектеп Шет аудандық білім бөліміне қарады.

   1972-1973 оқу жылдарынан Рымкүл Хамзина бастауыш сынып мұғалімі болып, қазіргі уақытқа дейін қызмет істеп келеді. 1-2-3 сыныптар біріктіріліп оқытылды. Сыныпта 2-3 оқушыдан ғана болды. Бала санының аздығына байланысты сыныптар қосылып оқытылды. Материалдық база төмен болды. Сынып жабдығы тек парталар, тақта мен бор ғана еді. Көрнекіліктер шамалы болды. Қажеттілері қолдан жасалынды. Сол кезде білім алған оқушылар әр түрлі салада еңбек етіп жүр. Аудандық білім бөлімінен әдістемелік көмек беріліп отыратын. Ондағы кездескен қиыншылықтар, сабақ кестесін құру барысында сыныптардағы пәндердің бір сағатта өтуі ауыл халқы санының өсуіне байланысты артта қалып, кейіннен бала саны  30-35-ке жетті. 1977жылы Кежек орталау мектебі болып құрылды. Мектепте 40-45 оқушы білім алды.

   1977-1980 жылдар аралығында жұмыс жасаған Тезекбай Амандықов негізгі мектептің алғашқы басшысы болып тағайындалған. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне ол көптеген үлес қосты. Өзінің ақындық, жазушылық қасиетінің арқасында кітаптары жарық көрді. Қазіргі уақытта Шет аудандық білім бөлімінде қызмет етеді. Сол жылдары оқу ісінің меңгерущісі болып Мейрам Солтанбеков қызмет еткен еді.

   1979 жылы Кежек елді мекені Шет ауданынан Ақтоғай ауданына қарады. 1981 жылы облыстық атқару комитетінің шешімімен орталау мектептен орта мектепке ауыстырылды. Бала саны 270-тен асты. Ақши орта мектебінің оқу-тәрбие үрдісін дамытуда, кадр мәселесін шешуде және материалдық базаны нығайтуда мектеп директоры болған Сәлиман Алтынбекованың еңбегі елеулі. Кейіннен Сарытерек ауылдық кеңесінен төрайымы, аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, Тораңғылық әкімдігінің бас маманы қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта зейнеткер.

   1982-1985 оқу жылдарында мектеп директоры болып Тілеуқабыл Абзалбеков, оқу ісінің меңгерушісі болып Жанат Құлпейісова қызмет атқарды.
          Осы жылдары мектеп жанынан ашылған интернатты жабдықтап, материалдық-техникалық базаны нығайтуда ерекше жұмыс атқарылды.

   Т.Абзалбеков 1988 жылы Қарағанды қаласына қоныс аударды. Қазіргі уақытта Сұрыптау стансасындағы №12 орта мектепте директор болып қызмет атқарып келеді.

   Жанат Құлпейісова 1982-85 оқу жылдарында оқу ісінің меңгерушісі болған. Өзінің бастамаларымен, білімділігі мен біліктілігінің арқасында мектептің оқу тәрбие үрдісіне көптеген жаңалықтар енгізді. Сол кездегі білім алған оқушылардың білім сапасы жақсы  деңгейде болып, оқушыларымыз жоғарғы оқу орындарына көптеп түсті. Ұйымдастырушылық қабілетін әрдайым көрсете білді. Мектеп ұжымының жалпы жұмысын жоғары деңгейде көрсете алды. Сол еңбегінің арқасында Ақши селолық округінің төрайымы болды. Қазіргі уақытта Ақтоғай аудандық АХАЖ бөлімінде қызмет атқарады.

   1985-1992 жылдар аралығында мектеп басшысы болып Қамила Құлыбекова еңбек етті. Сол жылдары мектептегі бала санының көптігіне байланысты 1985-86 оқу жылында мектеп жаңа ғимаратқа ауыстырылды.
   Қамила мұғалім оқу-тәрбие үрдісіне, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше еңбек сіңірді. Қамила Құлыбекова Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің, облыстық, аудандық білім бөлімдерінің марапаттауларының иегері. Сонымен қоса Ақтоғай аудандық кеңесінің депутаты болып сайланып, ауылымыздың экономикалық,әлеуметтік жағдайларының өркендеуіне көптеген еңбек сіңірді.

   1987-1991 жылдары, оқу ісінің меңгерушісі Төкен Қабылов болды.
1992-1997 оқу жылдары аралығында мектеп басшысы болып Марат Малдыбаев қызмет атқарды. Оқу-тәрбие үрдісінде аянбай еңбек етті. Кейінде Қарағанды қаласының №41 орта мектепте жұмыс жасады. Қазіргі уақытта зейнеткерлікте. Сол 1993-1995 оқу жылында Болатбай Төкеев, 1995-1998 оқу жылдары аралығында Төкен Қабылов оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

   1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін осы оқу ордасының басшысы болып Саят Рымжанұлы Рақымов еңбек етуде.

   1998 жылдан бастап оқу ісінің меңгерушісі Роза Қазыбекқызы Дүйсекина. Ол 1987-1992 ж.ж., одан соң 1998 жылдан осы уақытқа дейін оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.

   1999 жылғы оңтайландыру саясатына байланысты мектепте штат саны, класс комплектілері, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары қызметінің қысқаруына байланысты оқу-тәрбие үрдісін жүргізу қиындыққа түсті. Сол кездері Р.Дүйсекина оқу ісінің меңгерушісі қызметін ақысыз атқарып, өзінің біліктілігі мен білімділігінің, іс тәжірибесінің молдығының арқасында мектеп директоры С Рақымовпен бірлесе отырып, оқу-тәрбие жұмысын бәсеңдетпей, талап дәрежесінде еңбек етті. Өзінің лауазымдық міндетін жауапкершілікпен атқарып, мектептің оқу-тәрбие саласының дамуына зор үлес қосып келе жатқан басшы-ұстаз.

   2000-2007 оқу жылдары аралығында тәрбие ісінің меңгерушісі болып Дулат Ізбасаров қызмет атқарды.

2007-2008 оқу жылынан бастап Бибігүл Мақсұтова қызмет жасап келеді.
1997 жылы Ақши орта мектеп директоры болып келген Саят Рақымовтың және бұрыңғы директор Марат Малдыбаевтың бастамасымен ауылдық мектепте электр қуатының болмауына байланысты қазандықтар тоқтатылып, екі кабинетке отын жағатын бір пештен қаланды. Штаттың қысқаруына байланысты 9 пешке 3 адам от жағып жұмыс жасады.

   Мектепте от жағу қиындығы, мектептің суықтығы оқу-тәрбие үрдісіне кері әсерін тигізсе, мұғалімдерге де үлкен ауыртпашылық болды. Электр қуатының жоқтығына байланысты ауыл екі жылдай жарықсыз отырады. Халық үдере қалаға көше бастайды. Сол уақыттардағы қиындықтарды жеңе отырып, 2002 жылы С.Рақымовтың ұйымдастыруымен мектеп ұжымы бірлесе отырып, жылу жүйесін тартып, қазандық орнатады. Мектептің жағдайы әжептәуір жақсара түседі. Қазандық салуға көптеген еңбек сіңірген азаматтар Е.Мыңбаев, А. Сүйіндіковтердің еңбегін атау орынды.

   1999-2000 оқу жылында мектепте спортзалы болмауына байланысты мектеп директоры С Рақымовтың, дене тәрбиесі сабағының мұғалімі Д.Ізбасаровтың ұйымдастыруымен шағын спорт залын салу қолға алынып, шамалы уақытта оны аяқтап, оқушылардың спортпен шұғылдануына көп жағдай жасалды. Мектепте спорттың дамуына дене тәрбиесі сабағының мұғалімі Д.Ізбасаровтың еңбегінің мол екенін ерекше айтуға болады. Тәрбиеленушілерді аудандық, облыстық жарыстарда жүлделі орын алып келеді. Бұл жұмыста еңбек сіңірген Азамат Ниханбеков, Самат Тойымбеков, Қадыр Жүнісов, Серікбол Дүйсенбеков сияқты ауыл жастарының еңбектерін елге үлгі етуге тұрарлық.

   2006 жылы мектеп директоры С.Рақымовтың ұсынысымен аудандық мәслихат хатшысы М.Оңғарқұловтың, сол кездегі аудандық білім бөлімінің меңгерушісі А.Түсіпбековтің ықпал етуімен,бюджет есебінен 6 млн.теңге қаржы бөлініп, мектептің шатыры, жылу жүйесі жаңартылып, пән кабинеттерінің, дәліздердің құлайын деп тұрған төбелері қайта жабылды. Қабырғасына сылақ жұмыстары жасалып, күрделі жөндеуден өтті. Мектептің реңі кіріп, кеңестік уақыт кезінде жылымаған мектебіміз жылынып, мектептің оқу-тәрбие жұмысына және мұғалімдерге жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалынды.

   2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 928 000 теңге қаражат бөлініп, еңбекпен қамту ұйымында тіркеуде тұрған жұмыссыз 6 адам мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізсе, бұл жерде мердігер ұйым «Қызылтас құрылыс» ЖШС басшысы С.Төлеуқұловтың еңбегін атап  өтуге тұрарлық. Мұнда мектепте жасалған жұмыстар-барлық кабинеттердің есігі жаңартылды, ішкі қабырғалары түзетілді, дәліздегі еденге жаңа үлгідегі ленолиумдер төселді. Есіктің алды жарықтандырылды. Мектеп ауласына жылма-жыл ағаш отырғызылып, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы мектеп директоры Избасаров Дулат Избасарулы болып таайындалды. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Ногаева Төлеубала Амандыққызы.

Қазақстандық білім беру – жаңару кезеңінде, жаңару кезеңінде әрбір қазақстандық білім алушылардан көшбасшылық қасиет, азаматтық сауаттылық, құзіреттілік, отаншылдық дағдылар қажет етіледі. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту - білім берудің басым мақсаттарының бірі.

          Мектебіміз жас мамандармен толықтырылды. Ағылшын тілі пәнінен Нығыжан Нұржаусын, тарих пәні мұғалімі Күлтебай Ағыбай.

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріне 10 бала, қала сыртындағы жазғы сауықтыру «Факел» лагеріне 16 бала қатысып, демалды.

«Экспо-2017» халықаралық көрмесіне 3 оқушы қатысты.

          2016-2017 оқу жылында ауылымыздың бес шаруа қожалығының  жанашыр азаматтары 350 мың теңге көлемінде демеушілік көрсетіп пән кабинеттерін ақпараттық стенділермен жабдықтауға, мектеп дәлізін көркейтуге өз үлестерін қосты.

Мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған ауыл түлектері мектебімізге ескерткіш сыйлықтарын тарту етті.

  1. Жастар мен жасөспірімдер және ата-аналарға арналған

сенім телефоны  87105953420

Мектеп өмірінен

        

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района