в актогае 20
USD 386.91
EUR 428.81
RUB 5.79
Мобильная версия

Мектеп тарихы

«Абай атындағы негізгі орта мектеп (мектеп жанындағы интернатымен)» КММ мектеп тарихы

Жалпы мектептің ашылуы «Абай» совхозының жаңадан ашылуына байланысты болды.

Мектептің алғашқы іргетасы  1984 жылы салынған. Сол кезде тұрғын үйлермен қоса бастауыш мектептің орны белгіленген Мектептің алғашқы директорлық қызметі Жезқазған педагогикалық институтының түлегі Ноғайбекова Данияға тапсырылды. Сол кездегі оқушы саны – 30, мұғалім саны – 4. Жоғары сынып оқушылары Абай совхозының солтүстік-шығыс жағында 35 км қашықтықта орналасқан Шұбартау совхозындағы «Береке» селолық кеңесіне қарасты Шұбартау орта мектебіне автобус арқылы қатынап оқыды.

1984 жылы бастауыш , 1986 жылы орта мектеп  мәртебесі берілген.

2012-2013 оқу жылынан бастап негізгі орта мектеп , 2016 жылдан бастап «Абай атындағы негізгі орта мектеп (мектеп жанындағы интернатымен)» атауы берілді.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района