в актогае -6
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
Мобильная версия

Мектеп тарихы

Қарағанды  облысы  Ақтоғай  ауданы.  Жидебай ауылдық округі.          Жалаңаш  ауылындағы  «Т. Ақышұлы атындағы                                                                                                       негізгі орта  мектеп»КММ

         1934 жылы «Қарағаш» серіктігінде алғашқы мектеп ашылды, алғашқы құрылған Қарағаш артелі болып аталып, Шет ауданына қарады. Алғашқы мұғалім  Тұрысбеков Қабілез болды. Арнайы  мұғалімдік білімі бар. Сол кездегі мұғалімдерді   даярлаудың  Қарқаралыдағы  қысқа мерзімді курсын  бітірген мұғалім. Балалар саны 20- ға тарта болды.  1 ден 4 класқа дейін болып ашылды, арнайы мектеп үйіде болған жоқ. Біреудің бір бөлмесінде оқытылды. Сол кездегі мұғалімдерді   даярлаудың  Қарқаралыдағы  қысқа мерзімді курсын  бітірген мұғалім. Балалар саны 20- ға тарта болды.  1 ден 4 класқа дейін болып ашылды, арнайы мектеп үйіде болған жоқ. Біреудің бір бөлмесінде оқытылды.

    1936 – 1937 жылдары  арнайы   2  бөлмелі мектеп үйі Кеңсазда салынды. Колхозға орталық ұйымдастырылып  және мектепке 3 -4 үй салынып, балалар сол салынған мектепте оқытылды .

   1938 – 1939 жылдарда  Тұрысбеков    отбасы жағдайы  басқа жаққа ауысып,  оның орнына  Ибраев  Әрін   арнайы білімі бар мұғалім келді. Бұл кісі де арнайы білімді адам еді. Содан сол жылдың  жаз айында ол мұғалім  шет ауданына оқу бөліміне білім меңгерушісі болып ауысып , оның орнына Қазанқапов Аманбай арнайы білімі бар мұғалім келді.    Балалар саны 20 -30  ға тарта болды, сыныбы 1 -ден 4 -ке дейін  2 аусымда оқыды. 

  Содан 1940  -  1941  жылдары  жер   аумағының ыңғайына қарай   Қарағаш колхозын  Шет ауданынан бөліп  алып,  Ақтоғай  ауданына қосты.Қарағаш  колхозын  ірілендіріп, Буденный колхозына қосып, колхоз Буденный колхозы болып аталды, балалар саны  30 –ға жуық болды. Өйткені бұрынғы оқығандар 4-ті бітіріп, басқа мектептерге кетіп отырды. Сол кездегі мектеп төрт жылдық бастауыш мектеп болды. 8-10 сынып бітірген оқушылар мектепке мұғалім болды. Өйткені арнайы білімі бар мұғалімдер Отан қорғауға Ұлы Отан соғысына аттанды. Халықтың әлеуметтік жағдайы қиындады.

        1943-1946 жылдары бұл мектепте Жакупов Әсет, 1948-49 жылдарында  Жүнісов Ділдаш, Бояубаев Қабыштар мұғалім болып істеді. Бұл кезде оқушылар саны 35-37-ге артты. Бұл уақыттарда қазіргі бөлімше көлемінде үй бастауыш мектеп болды. Буденный, Ворошилов, Тельман бастауыш мектептері. Бұл кезеңде арнаулы білімі бар мұғалімдер сабақ беріп, мектеп үйі жабдықталған еді. Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін колхоздың шаруашылығы жыл санап қарыштап өсуде болды.

       1947-1948 жылы мұғалім болып Бояубаев Қабыш, Жакупов Әсет Болды. Класс саны 1-ден 4- ке дейін.

       1949-1950 жылы  Қарқаралының педучилищесін бітіріп, Тілеубеков Кәрібек мұғалім болды. Бұл кісімен бірге Бояубаев Қабыш бірігіп істеді. Содан бастауыш класс болып 1954 жылға  дейін оқытылды.

      1954-1955 жылдары оқу жылында қазіргі бөлімше орталығынан жеті жылдық мектеп ашылып, алтыншы класқа дейінгі оқушылар өз аулында оқыды. Оқушылар саны 50 мен 60-тың көлемінде болды. Мұғалімдер саны да көбейді.  Мектеп директоры Жакупов Әсет болды. Мұғалімдер Өтегенов, Жұмаделдин, Қ.Құрымбаев, Іңкарбаев Ә, Борпықов Ш, Лида Николаевна (орыс тілінен) Нұржанов Өзбек.

       1955-1956 жылдары  Нұржанов басқа жаққа ауысып, Бөртебаев С, Байғанин Е мұғалім болды. Мектеп директоры Әубәкіров Әли,  қазақ тілінен жоғары дәрежелі маман Баханов Болат, Божақов Ә, келді. Мұғалімдер Аманжолов Қ, Байғанин Е, Бөртебаев С, Балпақов Ш, Әбішева З, Өтегенов Н. Балалар саны 80-ге жуық болды.

        1957-1958 оқу жылында  мектеп директоры Төлеубаев Әубәкір, сол сияқты мектепте Балпықов Ш, Бөртебаев Сайдолла сияқты мұғалімдер сабақ берді. Бұл кезде  мектептегі оқушылар саны өсіп, оқу-тәрбие жұмыстары жақсарып, мектептің материалдық базасы өскен еді.

        1959 жылы  декабрь айында Буденный атындағы колхоз Киров атындағы колхозға қосылып ірілендірілді. Сөйтіп «Коммунизм» колхозы болып аталды. «Коммунизм» колхозының «Қызылтас» бөлімшесі болып қалыптасты.

         1960-1961 жылы мектеп директоры Балпықов Ш  болды. Мұғалімдер Байғанин Е, Бөртебаев С, Түсіпов М, Тоқбергенова Р, Тәжібаев Нақыпбек, Смағұлов Ақан, Әбеуов Н. Оқушылар саны 70 пен 80-нің аралығында болды. 1960-61 оқу жылы. Сол жылғы түлектер.

Мектеп директоры Ш.Балпықов,     мұғалімі Қ.Құлыбекова

        1960-1961 оқу жылында  жеті жылдық мектептен сегіз жылдық мектеп болып қайта құрылып, мектептегі сабақ жүйесі бір сменаға көшірілді. Бұл кезде мектепте арнайы тәжірибе участогы жұмыс жасап, мектеп көрнекі және техникалық құралдармен қамтамасыз етіле бастады.  Осы оқу жылынан бастап бөлімше балалары өз аулынан сегіз жылдық  білім алып, өздері таңдаған мамандықтар бойынша оқу орындарына түсті. Осы мектептен сегіз жылдық білім алып шыққан бөлімше жастарының қазіргі уақыттағы еңбек жемістерін мақтап атап айтуға болады. Мысалы Ыбышев Қуанышбек, Сәткеев Ж, Салтановтар қоғам игілігі үшін үлгілі еңбек етіп жүрсе, көптеген түлектеріміз жоғарғы оқу орнын бітіріп, кейбіреулері институттарда оқып жүр.

       1962-1963 жылы  мектеп директоры Садықбеков Үмітбек болды. Мұғалімдер Бөртебаев С, Құлыбекова Қ, Тоқбергенова Т, Тоқбергенова Р,  Түсіпов М, Сатыбалдин Р, Тұрғынбекова Ш жұмыс істеді.

        1963 жылдың бірінші қаңтарынан бастап шаруашылықтар тегістей совхоз болып ұйымдасты, қайта құрылды. Тұрған жеріміз совхоздың №3 бөлімшесі  «Қызылтас» болып аталды.

         1964-1965 жылдары мектеп директоры болып Құлыбекова Қамила қызмет атқарды. Балалар саны 102 жетті.

       1968-1969 оқу жылыннан  бастап бұл мектеп директоры Құлыбекова Қамила болды. Қазірде мектебіміз бір сменада оқиды. Мектептің оқу материалдық базасы толық нығайып көрнекі құралдармен  қамтамасыз етілген.        Мектепте арнайы тәжірибе участогы , мастерской бар. Биылғы жылдың өзінде мектеп пен интернат маңына 60 түп ағаш отырғызылды. Оны оқушылар үнемі қамқорлыққа алып отырады. Мектеп кітапханасы қажетті кітаптармен қамтамасыз етілген. Оқушылар арасында үнемі кітап оқушылар конференциясы өтіп отырады. Мектеп пионерлері мен мұғалімдерінің күшімен бөлімше қыстақтарына концерттер ұйымдастырылып, сол қыстақтардың жұмыстарына үнемі көмектесіп отырады. Фермамызда жаңадан отау тіккен «Сарыарқа»  бригадасы бар. Бригада мүшелері өзіміздің мектептен түлеп ұшқан жастар. Олар қазір еңбектен бақыт тауып, еңбек теңізінде тоқтаусыз табыс тасқынын молайта түсуде. Қарамағына берілген қойдың жүзінен 120 қозы алып төл алу науқанын зор қуанышпен аяқтап отырды.

        1977-1978 жылдары  мектебімізде 110 оқушы болды. Мектеп директоры Құлыбекова Қамила, оқу ісінің меңгерушісі Түсіпов Медетбек болды.  Мектептің оқу материалдық базасы нығайып, көрнекі құралдармен қамтамасыз етілді. Мектеп маңы көгалдандырылып, жаңа мектеп-интернат маңына мектепке 70 түп ағаш  отырғызылды. Мектеп оқушылары өз қамқорлықтарына алып, баптап отырды. Фермада  «Сарыарқа»  комсомол жастар бригадасына мектеп мұғалімдері үнемі қамқорлық көрсетіп отырады. Мектеп оқушылары қажетті оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілді. Мектеп жанындағы интернатта 35 малшы шопан балалары тәрбиеленді. Интернат оқушыларына жаңа типті интернат үйі салынып берілді. Мектеп оқушылары малшы-шопан қыстақтарына мәдени жорықтар ұйымдастырылып тұрды.

1968-69 оқу жылында мектеп директоры Құлыбекова Камила.

     Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Түсіпов М. Кезекті отырыс өткізуде. (1969-70 оқу жылы)

        1979-1981 оқу жылында  мектепте 100 оқушы болды. Мектеп директоры осы мектептің өз түлегі Кептербаев Сағынтай, оқу ісінің меңгерушісі Түсіпов Медетбек. Мектеп жанындағы интернатта 10 оқушы тәрбиеленді. Мектеп оқушылары жыл бойы В.И.Лениннің 110 жылдығы мен ҚазСССР-інің 60 жылдығына байланысты көптеген жұмыстар атқарды. 19 апрель Лениндік сенбілікке барлық оқушылар мен мұғалімдер қатысып, мектеп маңына 80 түп ағаш отырғызды. Оқушылар март айында аудан орталығында өткен «Жас таланттарды іздейміз!» атты байқауға ұйымшылдықпен қатысып, жақсы нәтижеге жетті. Мектепте Н.Әбдіров атындағы пионер вожатый Раушан Ахметова басшылық жасады. Мектеп жанында оқу шеберханасы жақсы жұмыс жасап,  оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде жақсы нәтижеге жетті. Мектеп оқушылары арасында оқу мен тәрбие негіздерін толық меңгерген қоғамдық жұмыстарға жақсы қатысатын үлгілі оқушылар көптеп саналды. Мысалы, Садуова, Иманбекова, Омашева, Маханова мұғалімдері бөлімшедегі мәдени көпшілік жұмыстарға жақсы қатысып, бөлімше мәдениетін көтеруде игі істер ұйтқысы бола білді. Мұғалімдер арасында саяси хабарламашылар, лекторлар жұмыс жасады. Олар үкіметіміз бен партиямыздың саясатын халыққа ұғындырып,  насихаттауда жақсы еңбек етті. Мектеп алдағы уақытта өз коллективін жас ұрпақты коммунистік рухта тәрбиелеудің шебері болуға тәрбиеледі. Коллектив Отанымыздың даңқы мен дәулетін тасытар еңбек адамдарын тәрбиелеуде қажымай,  талмай еңбек ете берді.

       1981 оқу жылында  мектебімізде Әбдірахманова, Үшбаева, Әстаева, Түсенова, Сейтқалиева сияқты ұстазда саналы тәрбие алды. Мектеп жанындағы интернатта 15 малшы-шопан балалары тәрбиеленді. Апрель айында болған Лениндік сенбілікке мектеп оқушылары мен мұғалімдері түгелдей қатысып, мектеп пен интернат маңына 50 түп ағаш отырғызып, 2,5 тонна метал сынығын өткізді. Март айында болған аудан орталығындағы «Жас таланттарды іздейміз!» атты байқауға қатысып, жүлделі орынға ие болды.

         Мектеп жанындағы интернатта 10 оқушы жатып тәрбиеленді. Олар малшы-шопан балалары. Лениндік мектеп пен интернат маңын көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. 2 тоннандан асиам метан сынықтарын жинап өткізді. Мектепте Н.Әбдіров атындағы пионер дружинасы жұмыс жасады. Пионер ұйымына аға пионер вожатый болып мұғалім басшылық етті. Мектеп оқушылары арасында оқу мен тәрбие негіздерін толық меңгеру қоғамдық жұмыстарға жақсы қатысатын үлгілі оқушылар көптеп саналады. Мысалы, Иманбеков, Есентаев, Алтынғожин, т.б. Бұл оқушылардың ішіндегі Есентаев Е Шет ауданындағы СПТУ-да оқыды. 1981-1982 оқу  жылында  Тойшыкенова Жанат  мұғалім  болып  келді.

        1982-1983 оқу жылында  мектебімізде 45 оқушы болды. Пән бойынша мұғалімдер толық болды. Ермекова Гүлшара мұғалім болып келді. Мектеп пен интернат жылу жүйесімен жылытылды.

        1983-1984 оқу жылында   мектепте 56 оқушы болды. Мектеп директоры Түсіпов Медетбек, оқу ісінің меңгерушісі Шайхынбаев Думан басшылық етті,  Манатай  математика  пәні мұғалімі болып  жұмыс жасады.. Мектеп пен интернат жылу жүйесі арқылы жылытылды. Отынмен толық қамтамасыз етілді. Интернатта 9 малшы-шопан балалары жатты. Олар тамақпен толық қамтамасыз етілді. Консервіленген овощтар, учаскеден алынған картоп және қосымша сатып алынған картоп берілді.

    Пионерлерден Тимуршылар командасы құрылды. Олар көмекші қарттардың үйін аяқтап, үй маңын тазартып, т.б. шамалары келмейтін жұмыстарды істеп беріп отырды. Пионер ұйымына аға пионер вожатый болып Ермекова Гүлшара мұғалім басшылық етті.

        1984-1985 оқу жылында  Қызылтас сегіз жылдық мектебі  жері шалғай жатқандықтан, жол қатынасының қиын болуына байланысты, халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты Қызылтас елді мекеніндегі сегіз жылдық мектепті «Жалаңаш»  елді мекеніне ауыстырылды. Жоғары білімі бар 5 мұғалім, арнаулы орта білімі бар 8 мұғалім жұмыс жасады.  Мектеп басшысы Түсіпов Медетбек болды. Мектеп мұғалімдері тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, халықты топтастыру мақсатында кітапхана, медпункт, клуб ашылды. 20-25 балалық интернат ашылды.

Жалаңаш бөлімшесіне көшірілген мектептің алғашқы ашылу сәті.

        1986-1987 жылдар  арасында Хасенов Қанат мектеп директоры болды. Мұғалімдер Садуова Гүлмира, Ботқабаев Өмірзақ жұмысқа келді. Бала саны 60-70 болды. 12-13 мұғалім қызмет жасады.Орыс тілі  пәні  мұғалімі  Сағындықова  Назира, география  пәні мұғалімі     Хасенова  Раушан  болды.

1986-87 оқу жылындағы мектеп ұжымы. Директор Хасенов Қанат.

        1987-1988 жылдары   Қызылтас сегізжылдық мектебіне дейін Жүнісов Сейіл  мектеп басшысы болды. Оқу ісінің меңгерушісі Шайхынбаев Думан. Мектепте үйірме жұмыстары жүргізілді. 60-70 оқушы болды. 12-13 мұғалім қызмет етті.

        1989-1990 оқу жылында  Қалиева Жаңагүл мектеп басшысы болды. 50-60 оқушы болды. Мұғалім 11-12 қызмет етті. Бұл оқу жылында мектепте үлкен өзгеріс мектеп  сегіз жылдығы тоғызжылдық болып өзгертілді. Аудан бойынша олимпиада жұмыстары мектеп өмірінде үлкен толқын әкелді. Тоғызжылдық мектебі қазақ тілі пәні бойынша 2 орынды иеленді. Пән мұғалімі К.Үшбаева, 9 сынып оқушысы Сейтқалиева Света таланттылық көрсетті. Мұнда интернат өз дәрежесінде жұмыс істеді. Мектеп жанында қосалқы шаруашылық «шағын кәсіпорын» жұмыс атқарды

        1996-1998 оқу жылында    мектеп директорының отбасылық жағдайымен ауысуына сәйкес орнына Үшбаева Күлғайша мектеп директоры болды.  Бала саны 49 болды. 6 мұғалім қызмет жасады. Тойшыкенова Ж, Ғабдулина, Сейтқалиева, Түсіпова К жұмыс атқарды. Сыныптар топтастырылып оқытылды..  Бастауыш сыныптың  мұғалімі  Айтжанова Г ,  денетәрбиесі  мұғалімі  Садуов  Б.

         1998-2000 жылдары   Қызылтас сегізжылдық мектебінде  Кенжебекова Күлпат  мектеп директоры болды. 50-51 оқушыны қамтыды. Топтастырылған сыныптар жекеленіп оқытылып, жеке пәндерден мұғалімдер мен қамтамасыз етілді. Кептербаева А, Түскеев Е, Қабыжанов , Омаров , Сүйіндікова,  Райымбекова сынды жастар құлшына іске араласты.

Қызылтас сегізжылдық мектебі 2001-2002 оқу жылдарында мектеп атын Қазақстандағы гео-физикалық қызметтің кемеңгер ұйымдастырушысы және ғалым СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик Ақышев Төкіш (Төлепберлі) Шойынбайұлы есімі беріліп, қазір Т. Ақышұлы атындағы негізгі мектеп болып аталды. Ұрпақтары 4 компьютер әкелді.2003 ж.Сәбит Ә. аудандық 4  Абай оқуына қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Төлепберлі Ақышұлы есімі берілді.

          2001-2004 жылдар  арасында Т.Ақышұлы атындағы негізгі мектебіне Әмірханов Нұрахмет мектеп басшысы болып тағайындалды. Оқу ісінің меңгерушісі Үшбаева Күлғайша болды. Жамшы  негізгі мектебінде  директор болып жұмыс жасаған  Интықбаева Несіп тәрбие ісінің  орынбасары болып ауысып, орыс тілі, биология пәнінің   мұғалім болып тағайындалды. Жас маман география пәнінің мұғалімі Үйсінбаева Әселмен, Мұқсинова Гүлнұрмен   Жұмаханова Г  ,  Майқыбекова  А,  Нұржаппарова  Ж,  медбибі  Күземханова  А ,  шаруашылық  меңгерушісі  Иманбекова Н   толықтырылды. Оқушы саны 60 болды. Мұғалім саны 12-13 болды.

         2004-2008 жылдар   арасында Сейтқалиев Серік мектеп басшысы болып қызмет атқарды.  Мектеп 54-55 оқушыны қамтыды. Еңбек еткен мұғалімдер саны 13 болды. 11 мұғалім жоғарғы білімді. Маман кадрлармен толық қамтамасыз етілді. Сыздықова Гүлшат бастауыш сынып мұғалімі, география  пәнінің мұғалімі  Түсенов Е, Қаржасбекова Ә,  дене тәрбиесі пәні мұғалімі  Рахымберлин  Д. Мектеп бітірген оқушылар жылма-жыл ақысыз мемлекеттік грантқа оқуға түсіп отырды. Мұғалімдер білім жетілдіру курстарында болып, білімдерін көтерді. Мектеп оқушылары пәнаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болып отырды. Әлеуметтік қамтамсыз етілген отбасы балалары аудандық әкім жасыл шыршасы және ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Мұғалімдеріміз аудан әкімінің және аудан білім бөлімінің марапаттауына ие болды. Орыс тілі  пәнінен  олимпиададан  Иманбекова Жібек І орын алды, пән мұғалімі  Н Интықбаева.  Кітапханашы болып  Сқақова Р  тағайындалды.2008 ж « Алаш» қозғалысының  -90 жылдығына арналған  «Алаш қозғалысының – тәуелсіздік  жолындағы алғашқы қадамдардың бірі» атты  ғылыми практикалық конференцияға ғылыми жұмысы үшін Қаппар Н І-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.Мақалалар жинағына жұмысы енді.2007 ж Стамбеков Д 60 ,Қашқынов Ж  65 жас ақындардың аудандық байқаудан Қаппар Н жүлделі 3 – орынға ие болды. 

                                          2004 – 2008 оқу  жылындағы  мұғалімдер  ұжымы

         2008-2010 оқу жылынан  бастап Т.Ақышұлы атындағы негізгі мектебіне мектеп басшысы Мұңайтпасов Ерланбай  басшылық жасады. Бала саны 63, мұғалім 15. Барлық мамандармен қамтамасыз етілген. Кабинеттер бүгінгі заман талабына сай жабдықталған. Тарих пәнінің мұғалімі  Б.Төлеубаев .» Ұлы  Отан соғысы тарихы бағалаулармен  көзқарастар атты ғылыми конференцияға  қатысып  2-орын  дипломымен  марапатталды.». «Тұрақты даму үшін тиімді экологиялық білім» семинарында, «Табиғатым тағдырым» тақырыбына  ауыл проблемасын көтерді ,Орталық Қазақстан газетіне шықты.2009ж аудандық Абай оқуларынан Қаппар Н  3 орын алды.  

       2009-2010 оқу жылында   1 сыныпқа 6 оқушы қабылданып, 8 оқушы  мектепті бітіріп шықты. Оның екеуі ерекше куәлікпен бітіріп,  жетеуі грантқа түсіп, біреуі Ақтоғай ауданындағы кәсіптік лицейде оқиды. Жылма-жыл өтетін аудандық олимпиадаларға мектеп оқушылары қатысты. Оған 3 оқушы Құсайнова Алтынгүл физика пәнінен ІІ орын, пән мұғалімі Мұстафина Гүлшара,  Назымбек Азамат  биологиядан ІІ орын пән мұғалімі Интықбаева Несіп, Қаппар Наркес орыс тілі пәнінен ІІІ орын пән мұғалімі Интықбаева Несіп қатысты. Осы оқу жылы мектеп толық үлгерімге жетті, білімі сапасы 62 пайыз.

       2010-2011 оқу жылында  мектепте 46 оқушы болды.

  Мектеп жас мамандармен толықтырылды. Мұғалімдер саны 16. Мейрманова Г іс-қағаздар жүргізуші, география пәнінің мұғалімі Нұрлыбаева М. Мектеп түлектері:Қажымұратұлы Ерасыл,Әйкен Ержан,Назымбеков Азамат,Болат Нұрзат,Қаппар Наркез,Құсайын Алтынгүл,Жазымхан Мөлдір бітірді.Осы аталған оқушылардың бәрі грантқа оқуға түсті.

     2011-2012 оқу жылында мектепте 44 оқушы болды.Мектеп директоры Мунайтпасов Ерланбай Екпинбайулы,оқу ісінің меңгерушісі және қазақ тілі және әдибеті Үшбаева Гүлғайша,тәрбие ісінің  меңгерушісі және биология орыс тілі пәні мұғалімі   Интыкбаева Несипбек Буркитбайкызы,мектептің тәлімгері және қазақ тілі пәні мұғалімі  Мухсинова Гульнур Айкенкызы. Бастауыш пән мұғалімдері Тусупова Гульпаран Медетбеккызы,Айтжанова Гүлім Сериковна,Сыздыкова Гульшат Асхаткызы,Нуржаппарова Жазира Жаманкуловна, технология пәнінен Ермекова Гульшара, физика-матиматика Мустафина Гульшара, география пәні мұғалімі Нурлыбаева Мариям дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Рахымберлин Дархан, бейнелеу өнері мұғалімі Тойшыкенова Жанат.

Мектеп бітірген 4 оқушы,колледжге грантқа түсті.Мектепке келген жас маман Хасенова Қарлығаш.

     2012-2013 оқу жылында мектепте 46 оқушы болды.мектептен 4 түлек бітірді,төрт түлек колледждерге грантқа түсті.Мектеп басшылары өзгеріссіз.

     2013-2014 оқу жылында мектепте 42 оқушы болды Мектеп директоры Интыкбаева Несипбек Буркитбайкызы,оқу ісі жөніндегі орынбасар Үшбаева Гүлғайша,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухсинова Гульнур Айкенкызы,тәлімгер Хасенова Қарлығаш. Мектепке жас маман дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оспан Бауыржан Нұрлытайұлы.Мектепті бітірген түлектер саны 3 оқушы.

     2014-2015 оқу жылында мектепте 49 оқушы болды. Мектеп директоры Интыкбаева Несипбек Буркитбайкызы,оқу ісі жөніндегі орынбасар Мухсинова Гульнур Айкенкызы ,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ермекова Гульшара ,тәлімгер Хасенова Қарлығаш мектепке келген жас маман Әйкен Ержан,Қажымұратұлы Ерасыл,Серік Ақерке .Аудандық , Абай оқуынан Қалкеева Айжан III орын алды. Аудандық шахмат ойындары жарысынан Нұрлытай Нұрсұлтан 1 орын, Өмірбек Димаш 1 орын алды, Тілеу Аманғазы І орын жетекшісі Оспан Бауыржан .Мектеп бітірген түлектер саны-3. Үш оқушы колледждерге оқуға түсті.

    2015-2016 оқу жылында мектепте 46 оқушы болды.Жас мамандар. Иса Айгерим,Ашимбеков Бекзат. Мектеп директоры Интыкбаева Несипбек Буркитбайкызы,оқу ісі жөніндегі орынбасар Мухсинова Гульнур Айкенкызы ,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейірманова Гүлнур Серіккызы,тәлімгер Хасенова Қарлығаш. Мектеп бітірген түлектер саны- 4. Төрт оқушы колледждерге оқуға түсті. Медетбек Айдос қазақ тілі пәнінен аудандық олимпиададан 1 орын алды. Абай оқуларының аудандық кезеңінен Әбдіқадыр Бақытгүл 2 орын алды, Махамбет оқуларынан Өмірбек Димаш 2 орын алды, жетекшісі Мухсинова Г. 4 сынып оқушысы Мадеев Диас Қарағанды қаласындағы Нұрмақов мектебінен «Бастауыш пәндер олимпиадасынын» математика пәнінен 3 орын, Шакман Ақнұр 1 орынға ие болды, жетекшісі Тусупова Г.

2016-2017 оқу жылында мектепте 46 оқушы болды.Жас мамандар Әйкен Гүлжанат,Рымқанова Ардақ.  Мектеп директоры Интыкбаева Несипбек Буркитбайкызы,оқу ісі жөніндегі орынбасар Мухсинова Гульнур Айкенкызы ,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нуржаппарова Жазира Жаманкуловна. Аудандық Абай оқуларынан Әбдіқадыр Бақытгүл 1 орын, Сейдіғали Ботакөз 3 орын алды. Бітірген түлектер саны-6. Медетбек Айдос Мұхитұлы мектепті үздік аттестатқа бітірді. Бес оқушы колледжге түсті,1 оқушы 11 сыныпқа көшірілді.

2017-2018 оқу жылында мектепте 41 оқушы болды. Жас мамандар.Нұрғазы Алтынай,Қалиясқаров Сағат, Батей Гүлнар. Мектеп директоры міндетін атқарушы,оқу ісі жөніндегі орынбасары Мухсинова Гульнур Айкенкызы тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нуржаппарова Жазира Жаманкуловна,тәлімгер Батей Гүлнар Амзебекқызы.Осы жылдың қараша айынан бастап мектеп директоры болып  Мунайтпасов Ерланбай Екпінбайұлы сайланды. Аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасында Қабдуахит Әнел 1 орын, Шакман Таңнұр 2 орын, Сәбит Нұрхан 2 орын, Болатбек Әлихан 2 орын алды. Аудандық Абай оқуларынан Сәбит Нұрхан 3 орын, Қабдуахит Әнел 2 орын алды. Мектеп бітіруші түлектер саны- 4.

Дәулетқызы Балнұр   мектепті үздік аттестатқа бітірді.Төрт оқушыда ақысыз бөлімге  колледжге түсті.

2018-2019 оқу жылында мектепте 32 оқушы болды. Жас мамандар Иманбекова Жібек,Манарбек Жұлдыз. Мектеп директоры Мунайтпасов Ерланбай Екпінбайұлы,оқу ісі жөніндегі орынбасары Мухсинова Гульнур Айкенкызы,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нуржаппарова Жазира Жаманкуловна,тәлімгер Батей Гүлнар Амзебекқызы, әлеуметтік педагог Иманбекова Жібек. Аудандық пән олимпиадасынан математика пәні бойынша Сәбит Нұрхан 2 орынға, физика пәні бойынша Шакман Таңнұр ІІ орынға ие болды жетекшісі Мустафина Г.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района