в актогае 20
USD 386.91
EUR 428.81
RUB 5.79
Мобильная версия

Мектеп тарихы

Шашубай кентіндегі

“Мектеп-балабақша кешені” базасындағы «Тірек мектебі (ресурстық орталық)»(мектеп жанындағы интернатымен)

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ТАРИХЫ

 

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай кентіндегі «Мектеп  - балабақша кешені» базасындағы «Тірек мектебі (ресурстық орталық)»  (мектеп жанындағы интернатымен) коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1937 жылы бастауыш мектеп ретінде, кейін жетіжылдық мектеп болып құрылды. 50-інші жылдардың ортасында Жезқазған облысы Тоқырауын ауданы Озерный поселкесінің № 7 орта мектебі болып өзгерді. 

 1997 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай поселкесінің орта мектебі болып аталды. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

 

            Мектеп білім беру саласындағы инновациялық үдерістерге сәйкес ұдайы даму үстінде:

 

  •  1999 жыл - Бастамашыл мектептер ассоциациясының мүшесі;
  •  2001жыл – Қарағанды облысының облыстық білім беру департаментінің экспериментальді алаңы мәртебесі берілді; 
  • 2003 жыл - Қоғамдық-белсенді мектептер ассоциациясының мүшесі;
  • 2004 жыл - денсаулық сақтау технологиялары бар мектептердің Ұлттық желісіне енді; 
  • 2008жыл - білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу бойынша Қарағанды облысының пилоттық мектептер қатарына енді; 
  • 2010 жылы - білім беру кешені ресурстық орталық моделін апробациялау және енгізу бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының республикалық экспериментальді алаңы мәртебесіне ие болды;

Педагогикалық ұжым – 62 мұғалім         Оқушылар ұжымы – 437 оқушы

Біліктілік деңгейі :                                                         

  1. жоғары санатты -14 / 22 %                            Қазақ бөлімі – 328
  2. бірінші санатты – 10 / 16%                         Орыс бөлімі    – 109
  3. екінші санатты – 6 / 9 %          Мектепте 9 ұлттың өкілдері білім алады.
  4. санаты жоқ – 12 / 19 %          27 % оқушылар (120) –  әлеуметтік аз                              
  5. педагог-зерттеуші – 9 / 14 %                         қамтамасыз етілген отбасынан
  6. педагог-сарапшы – 7 / 11 %
  7. педагог-модератор – 6 / 9 %

 

Тірек мектебі білім беру саласындағы инновациялық үдерістерге сәйкес ұдайы даму үстінде:

1999 жылдан бастап Бастамашыл мектептер ассоциациясының мүшесі;

2001жылы – Қарағанды облысының облыстық білім беру департаментінің экспериментальді алаңы мәртебесі берілді; 

2003 жылдан бері Қоғамдық-белсенді мектептер ассоциациясының мүшесі болып табылады;

2004 жылдан бастап денсаулық сақтау технологиялары бар мектептердің Ұлттық желісіне енді;

2004 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мектеп Қазақстандағы Германия Елшілігінің желісі бойынша жастар мен оқушыларды алмастыру халықаралық бағдарламасының тұрақты қатысушысы болып табылады; 

2007 жылы - «Балалық шақ досы» Бірінші Ұлттық байқауының лауреаты;

2008  жылы - «Өзін-өзі тану» пәнін апробациялау және енгізу бойынша экспериментальдік алаңдардың республикалық желісіне енді; 

2004,2008 жылдар - ЮНЕСКО желісі бойынша «Балалар әлемді салуда. Қазақстан» бүкіләлемдік альбомдар сериясының номинанты;

2008жылдан бастап білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу бойынша Қарағанды облысының пилоттық мектептер қатарына енді; 

2010 жылдан бастап білім беру кешені ресурстық орталық моделін апробациялау және енгізу бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының республикалық экспериментальді алаңы мәртебесіне ие болды; 

2010 жылы - «Білім ұясы» атты ІІІ республикалық байқаудың «ҚР үздік жалпы білім беретін мектебі» номинациясы бойынша жеңімпазы;

2014 жылы – Қарағанды облысының «Үздік орта білім беру ұйымы» грантының иегері;

2015 жылы - «Үздік ресурстық орталық (тірек мектебі)» республикалық байқауының Гран-При иегері;

2016 жылы -  II Халықаралық жастар экологиялық конференциясының қатысушысы (Германия, Берлин);

2017 жылы – халықаралық стажировка.  «Тірек мекептерінің (ресурстық орталықтардың) қызметі: мәселелер және келешегі» тақырыбы бойынша Саха Республикасы (Ресей) мектептерінің басшылары мен мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныбы. Шашубай Тірек мектебінің іс-тәжірибесі.  

2017 жылы – Ортадересін ауылдық округінің Бектауата тау шатқалында орналасқан қала сыртындағы „Факел“  маусымдық балаларға арналған сауықтыру лагері қолданысқа енгізілді;

2018 жылы -  мектеп ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жобасына қатысты – Ақтоғай ауданының Бектауата тау шатқалы мен  Бегазы қоры     „Қазақстанның 100 мінәжат орыны“ жобасына енді;

2018 жылы –  „Менің Отаным- Қазақстан“ атты туристік-өлкетану жасақтарының облыстық слеті өткізілді.

 

Мектеп оқушылары - «Балалар  бизнесі – экология бойынша жобалар» IX Республикалық байқауының (2015), «Шеврон» компаниясының ҚР БҒМ-ң әріптестігімен ұйымдастырылған «Жастардың жетістіктері» ҚҚ-ң, ҚР Бірінші Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қорының әлеуметтік бастамалар мен жобалардың ХІ Республикалық Жәрмеңкесінің қатысушылары, «Мектеп экологияны қолдайды: ойлау, зерттеу, әрекет ету!» жобасының аясындағы халықаралық байқаулардың қатысушылары және жеңімпаздары, Германия, Берлин,  Гете-Институты (2015 жыл); 2016 жылы -  «Алтын белгі» иегерлері, «Болашак» степендияттары, Москва, М.Ломоносов атындағы ММУ, алыс және жақын шет мемлекеттерінде білім алуда және еңбек етуде.

 

Мектепте үлкен әдеби қоры бар кітапхана істейді:

13864 түрлі-оқу құралы

1500 түрлі- әдістемелік құралдар

12582 түрлі- көркем әдебиет үлгілері бар.

Мектепте 25 орынға арналған оқу залында халықаралық, республикалық, қоғамдық-саяси, педагогикалық оқу-әдістемелік басылымдары толық жинақталған.

Оқушылардың қызығушылығы бойынша жұмыс істейтін 16 шығармашылық топқа 381 оқушы (74%) қатысады.

 

 

 

2003 жылдан бері мектеп қоғамдық-белсенді мектептердің республикалық Ассоциациясына және денсаулықты сақтау технологиясын қолданатын мектептердің Ұлттық  желісіне енді. Мектеп ұжымы бірлесе отырып, көптеген әлеуметтік мәні зор жобаларды жүзеге асырды.

Балалардың спортпен, дене тәрбиесімен жаппай айналысуы үшін барлық жағдай жасалған.  Жыл сайын мектепте “Денсаулық фестивалі”,  аудандық, аймақтық спартакиадалар, ресурстық орталық оқушыларының күзгі және қысқы спорт сайыстары, түрлі тақырыптағы “Көңілді старт”, “Спорт -шоу”,  “Папам, мамам және мен- спорттық жанұя” сияқты әр деңгейлі жас өкілдерін қамтитын спорттық іс шаралар өткізіліп тұрады.

Балалардың спортпен, дене тәрбиесімен жаппай айналысуы үшін барлық жағдай жасалған.  Жыл сайын мектепте “Денсаулық фестивалі”,  аудандық, аймақтық спартакиадалар, ресурстық орталық оқушыларының күзгі және қысқы спорт сайыстары, түрлі тақырыптағы “Көңілді старт”, “Спорт -шоу”,  “Папам, мамам және мен- спорттық жанұя” сияқты әр деңгейлі жас өкілдерін қамтитын спорттық іс шаралар өткізіліп тұрады.

 

 

Мектеп  оқушылары  жыл сайынғы жас  жол инспекторлары отрядының сайыстарына үнемі қатысып отырады. Кейінгі бес жылда облыстық , республикалық  слеттерге жолдама алып келеді. 2009жылы ЖЖИ    X облыстық   слетінде   мектептің  «Бағдаршам» отряды  жүлделі 1- орынды жеңіп алып, республикалық байқауда 5- орын иеленді

 

 

 

 

Жоғарғы сынып оқушылары облыстық «Ұлан» әскери- спорттық ойындар сайысында жоғары мәреге жетіп жүр. 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына  арналған «Ерліктің ізі – тәрбиенің көзі» атты аудандық патриоттық пен ерлік фестиваліне қатысып, мектеп командасы фестивальдің жеңімпазы атанды.

 

 

 

 

Жалпы мектепте алғашқы әскери дайындық сабағының практикалық бөлігі  жақсы жолға қойылған.  Жыл сайын ресурс орталықтың мектеп бітірушілерінің әскери-далалық  жиыны  Тоқырауын  аймағында орналасқан әскер бөлімшелерде  ұйымдастырылады

 

 

 

 

Қоғамдық - белсенді мектеп мәртебесі ауқымында орындалған жұмыстар:

1993 жыл – «Ән саламыз, би билейміз» акциясы шеңберінде мектептің бірінші қабытында қосымша кітапхана, музыка, технология кабинеттері мен хореографиялық зал жабдықталды.

1998 жыл – «Бізді қоршаған көркем әлем» акциясы ауқымында балалар музыка мектебінің оқу кабинеттері жөнделіп, қалпына келтірілді.

2000 жыл – «Мәдениет жылы» аумағында «Ата- баба мұрасы» акциясы өткізіліп, мектепте этномәдени мұражай ашылды.

2000 жыл – «Жылу мен үміт шырағы» акциясы нәтижесінде автономдық жылу беру қазандығы іске қосылды.

2001 жыл – «Ерік–жігер серпіні» акциясы шеңберінде оқушыларға арналған киім шешетін орын және тренажерлық зал салынды.

Оқушылар және жоғарғы сынып оқушылары кеңесінің бастамасы бойынша қоғамдық- белсенді мектепте  қоныс пен тұрғындардың өзекті проблемаларын шешуге бағытталған түрлі акциялар өткізіледі.

2002 жыл – «Ресурстық Орталықты  дамыту және күшейту» жобасы.

 «Каунтерпарт консорциум» қоры.

Мектеп материалдық-техникалық базасын компьютер, модем, ксерокс, принтер, сканер алу арқылы нығайтты және шағын кешенді мектептер үшін семинарлар мен тренингтер өткізді.

2003 жыл – «Мектеп жергіліті қауымдастықтың орталығы ретінде» жобасы.  «Сорос - Қазақстан» қоры. Тренажерлық зал, тігін машинкалары, араластыратын машиналар алу арқылы мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылды.

2003 жыл – «Балалық шақ мекені» акциясы өткізіліп,  жергілікті бала-бақша нысанын қалпына келтіруге үндеу тастады.

2004 жыл «Қоғамдық келісім арқылы-аймақты дамыту». Қарағанды Экоцентр филиалы.

Мектептің материалдық базасы  сандық фотоаппарат және кеңселік тауарлармен толықтырылды.Тасарал,Торанғылык,Ортадересін ауылдары қауымдастығының бастамашыл топтары үшін тренингтер өткізілді.

2004 жыл – «Мектеп жергілікті қауымдастықтың ұйтқысы ретінде»

«Сорос- Қазақстан» қоры.

Мектептің материалдық-техникалық базасы  ксерокс, ноутбук, лазерлық принтер, музыка және дыбыс күшейту аппаратурасы, магниттік-маркерлік және флипчартты тақталармен толықтырылды

Жергілікті қауымдастықта «Демалыс–Еңбек-Денсаулық» проблемаларын шешу үшін шығармашыл жастар бірлестігін құру акциясы.

2005 жыл – «Оян, жастар!» - жастар бағдарламасы. «Сорос-Қазақстан» қоры.

1-жоба -  «Бірлесе еңбек етейік» жобасы бойынша мектепте жастар баспасөз орталығы құрылды. Жоба нәтижесінде компьютер, модем, лазерлық принтер, мультимедиалық проектор, экран, сандық  бейнекамера және  фотокамера,  диктофон алынды.

2-жоба – Техникалық шығармашылық судо-авиа-автомоделдеу зертханасын  құру үшін «Өз мақсатыңды жүзеге асыр!» жобасы жүргізілді.

Зертхананың материалдық-техникалық базасы ноутбук, телевизор, графопроектор, моделдерді радиомен басқару жүйесі,  компрессиондық қозғалтқыштар, жабдықтаушы құралдармен нығайтылды.

2006-2007 жыл – Экоорталық мүшелері Қарағанды Эко-мұражайы ұсынысымен «Таза Балқаш» акциясына қатысты. Өз аймағымыздағы мәселелерді шешу үшін  құрамында  балалармен бірге туған өлкенің ересек патриоттары бар «Шашубай кентінің көркеюі» қоғамдық бірлестігі құрылып, ресми тіркелінді.

2008-2009 жыл - «Жасыл желек» қорының  дамуына бастама жасаған оқушылар-экологиялық қозғалыстың белсенділері осы тақырыптағы түрлі жобаларға қатысты. Балалардың жасаған жобасы қолдау тауып, бүгінгі күні іске асырылуда. Жоспар бойынша отырғызылуға тиісті 2000 түп ағаштың бүгінде 300 түбі мектеп жанының топырағын тыңайтып отырғызылса, 300 түп ағаш  балабақша маңына отырғызылған.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района