в актогае 23
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Мектеп тарихы

«С.Ибраев атындағы НОМ» КММ

Мектеп тарихы

            1925 жылы Қараменде селолық округінің территориясындағы Күшкөлік деген жерде алғаш мектеп ашылған.  Екі ескі үй болған соның оң жағындағы кірпіштен қаланған үйде мұғалім тұрған.  Ал сол жағындағы тастан қаланған екі бөлмелі кірпіштен қаланған үйдің ауызғы бөлмесінде мектеп жылытатын қараған отындар тұрған, төргі кішкене бөлмеде оншақты бала жетісіне бір рет сабақ оқыған. 1928 жылдан 1931 оқу жылына дейін бастауыш мектеп болып Екпін және Жаңатұрмыс колхоздарының орталығында болды. Мектептің арнаулы үйі болмады. №11 сегізжылдық мектеп бұрынғы «Екпін»,  «Жаңатұрмыс», «Өндіріс» бастауыш мектептерінен колхоздың іріленуіне байланысты,  1953-54 оқу жылында №11 «Қуаныш» жеті жылдық мектебі болып ашылғанға дейін оқудың материалдық базасы төмен болды. Оқушыларға керекті оқу құралды, сынып тақтасы, парталар жеткіліксіз болды. Мектепте түрлі кружоктар жұмыс жасады.  Жалпыға бірдей міндетті оқу заңын ойдағыдай орындауда ереулі жұмыс жасап мектептің материалдық базасы нығая бастады. 1963-64 оқу жылында мектеп сегізжылдыққа көшті. 1974 жылы Қуаныш ауылында жаңа мектеп бой көтерді. 1974 жылдан бастап мектептің материалдық –техникалық базасы біртіндеп нығайып осы күнге дейін жұмыс жасап келеді. Мектепке осы ауылдан шыққан социалистік еңбек ері  Сәтибек Ыбыраевтың атымен аталды.  2009 жылы мектеп жанындағы бұрынғы интернатта «Бала би» шағын орталығы ашылып жұмыс жасап келеді. Сәтибек Ыбыраев (1888-1964), озат шопан, Социалистік Еңбек Ері (1949). Ақтоғайдың түлегі.  1942-1952 жылдарында Ақтоғай ауданы «Еңбек» кеңшарының Қуаныш белімшесінде еңбек етті.  1948 жылында 430 қазақы саулық қойдан 569 қозы өстріп,  қозылардың салмағын орташа есеппен 42,2 кг-ға жеткізді. Кезінде аудан малшылары арасыңда  Сәтибек Ыбыраев  атындағы жүлде тағайындалды. Ол еңбек еткен Қуаныш бөлімшесіндегі мектепке есімі берілді.Ленин орденімен марапатталған.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района