в актогае 8
USD 379.86
EUR 422.97
RUB 5.85
Мобильная версия

Мектеп тарихы

«Ортадересін ЖББОМ» КММ

Мектептің тарихы

 «Ортадересін жалпы орта білім беретін мектеп»  КММ-сі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының Ортадересін селолық округінің Ортадересін ауылында орналасқан. Ол аудан орталығы Ақтоғай селосынан 270 км, Балқаш қаласынан – 45 км жерде, Балқаш көлінің солтүстік жағында 2 шақырымдай қашықтықта орналасқан.

Ортадересін жалпы орта білім беру мектебі 1933 жылы алғаш рет киіз үйде ашылып, 3 сыныптық мектеп болған.

1935жылы - №15 бастауыш мектеп болып аталған.

1957жылы - Жетіжылдық мектепке ауысқан.

1958-1972 жылдар  аралығында аралас мектеп болған.

1972 жылы ескі мектеп қазіргі  екі қабатты жаңа типті ғимаратқа көшті.

Мемлекеттік мекеменің  заңдық мәртебесі:

    -   үлгісі: бастауыш, негізгі орта жалпы орта білім беруді ұйымдастыру

         - орта  білім беретін мектеп

Мемлекеттік мекеменің мекен- жайы:

 Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылы,

Жәутіков көшесі № 22 үй

 Телефоны /Факс:   8 (710) 38-70-2-01

Ortaderesin school_72@mail.ru

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района