в актогае -1
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
Мобильная версия

Мектеп тарихы

«Н.Әбдіров атындағы ЖББОМ» КММ тарихы

Қазақ ССР-нде қой шаруашылығын жедел өркендетуге байланысты ауылшаруашылық министрінің 1973 жылғы бұйрығымен ұйымдасқан Жамшы совхозының орталығы, Нүркен селосының, жаңа жерден бой көтеруіне байланысты он жылдық мектеп үйімен, интернат үйінің құрылысы 1974 жылдың көктемінде басталып мектеп 1974-75 оқу жылына сабақ бастауға дайын болды. Интернат үйінің құрлысы толық аяқтау 1 қарашаға белгіленген еді. 1974-75 оқу жылының басында жаңадан он жылдық мектеп ашу жұмысы интернат үйі бітпегендіктен кейінге шегінді. 1974 жылы қаңтар айында төрт жылдық бастауыш мектеп ашылып, Әлина Зейнеп басшылық жасады. Айтбаев Жайлау, Қоянбаева Мәрзия мұғалім болып еңбек етті. Мектеп ашу жөніндегі облыстық комиссия құрамын сол кездегі облыстық оқу бөлімінің инспекторы қазіргі ғалым Жұмағали Наурызбайұлы бастап келіп сегізжылдық мектеп ашуға облыстық Совет атқару комитеті мен, облыстық оқу бөлімінің алдына мәселе қойып шешкен болатын. 1974-75 жылы мектеп сегізжылдық болып құрылып, мектеп директоры болып Ошақбаев Тілеуғабыл, завуч Айтбаев Жайлау тағайындалды. Әлина Зейнеп, Нығметова, Қоянбаева  М,  Мұқанов А жұмыс жасады, мектеп жанынан интернат ашылды.

             1975-1977 жылдар аралығында мектеп сегізжылдық болды. Осы кезде бұл мектепте Исатаева Т, Қасымова П, Жұманова Г, Айтжанова Д, Молдаханова Н, Әбілқасымова К, Тойымбекова Л, Жухина, Нығметовалар еңбек етті.

             1977-1978 жылдардың наурыз айына шейін мектеп сегізжылдық болды. Онда мына төмендегі мұғалімдер жұмыс жасады. Ошақбаев Т, Айтбаев Ж, Әлина З, Жұманова Г, Әлмұқанова З, Мұқанов К, Таханов С, Тойымбекова Л,  Исатаева Т, Қасымова П, Байболатова Б, Татибекова М, Рахишева О, Сидоренко К, Бакиров С, Исина Б, Жабағытаев Қ, Нөкербекова Р, Сламбекова Г.    1978 жылы наурыз айында мектеп орта мектеп болып құрылып, жаңа типті екі этажды мектеп үйі пайдалануға берілді. Мектеп директоры болып Бәкіров Сейтқазы тағайындалды. Сол жылы жаңа типті екі этажды 120 балалық интернат пайдалануға берілді.  Айтбаев Ж.-  оқу ісінің меңгерушісі Әлина З. – тәрбие ісінің меңгерушісі, Молдаханова Н .– пионер вожатый болып жұмыс жасады.

               978-1980 жылдары мектепте төмендегі мұғалімдер қызмет жасады:  Ибрахимова К, Бейсенбина А, Байболатова, Кенежанова К, Шәкітаев Н, Ыдырысова М, Тойымбекова Л, Исатаева Т, Қасымова П, Татибекова М, Жұманова Г, Рахишева О, Құлпейісова Ж, Татиков Д, Нөкербеков М, Шәйкенова К, Исина Б, Жабағытаев Қ,  Жармағанбетов А, Алтынбекова А. 

              1980-1984 жылдар аралығында мектеп ұжымына Әбдірахманова Б. басшылық жасады. 1985 жылдан 2006 жылға дейін Шаженова А. басқарды. 1987 жылы мектептің оқу ісі меңгерушісі болып Кептербаев С . тағайындалды.

              1996-97 оқу жылынан бастап интернат үйі жабылды. 1992-2004 жылдар аралығында  мектепте еңбек пәні тереңдетіліп оқытылды. 2000-02 жылдар аралығында 10 балалық шағын интернат жұмыс жасады. Одан кейінгі жылдарда мектептің оқу тәрбие жұмысына Бедербеков Е, Рахымбекова Г, Мұқанова Г, Абдрахманова Т, Тұрғанова Ғ , Сүлейменова Ш.   басшылық  жасады.

              2007 жылдан мектепке Бакиров С. – директор болып тағайындалды. Мектептің оқу -тәрбие жұмысына Кенжина А., Сүлейменова Ш.   иелік етеді.

Жоғарғы санатты мұғалім – 3, І санатты мұғалім – 12, ІІ  санатты мұғалім – 8.

Мектеп ауласында спорт, әскери алаң, тәжірибе участогы, географиялық алаң орналасқан.

             Мектепте 14 оқу кабинеті, 2 лабораториялық бөлме жұмыс жасайды. 

             2009  жылы 1-наурыздан бастап мектеп жанынан “Балғын” шағын орталығы ашылып, 

20 бала тәрбиеленуде.   

 

  1. Ошақбаев Тілеуқабыл – 1974-1977 жылдары мектепке басшылық жасады.
  1. Бәкіров Сейтқазы – 1977-1980 жылдары  мектепке басшылық жасады.
  2. Абдрахманова Бақыт – 1980-1984 жылдары мектепте директор болып қызмет жасады.                                                                                    
  1. Шаженова Алма – 1985-2007 жылдары мектепте директор болып қызмет жасады.
  2. Бакиров Сағындық – 2007 жылы мектепке директор болып тағайындалды.

                                                             

                                                      Ошақбаев    Тлеуғабыл

                                                

                   Тәлімді ұстаз Бәкіров Сейтқазы - өзінің бар ғұмырын жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнады. 1956 жылы Қарағанды педагогикалық институтын тамамдап,  қызметке кіріскеннен қарапайым мұғалімдіктен мектеп директорына дейін көтерілген.

                  30 жыл бойына мектеп директоры қызметін атқарған ұлағатты ұстаз  қаншама білікті мамандарды тәрбиелеп, өмірдің сабағын үйретті.  Сейтқазы мұғалімнің шәкірттері мен шыңдалған мамандары басқару ісінде, аудандық  әкімшілік салаларында қызмет жасап ел басқаруда.

                  Бәкіров Сейтқазы – мамандығы математик. Мектеп басқару ісінің сан-салалы тынымсыз ағымдағы жұмыстарымен айналыса жүріп, өз пәнін жетік білетін және әдістемесін түбегейлі түсіндіре алатын әдіскер мұғалім ретінде танылған. Қиын да күрделі есеп сабағын оқушыларға оқыту мен  үйретуге ешқашан бейжай қарап көрген емес.

                 Бәкіров Сейтқазы есімі осы Н.Әбдіров орта мектебімен өте тығыз байланысты.

                1978 жылы алғаш осы мектеп ашылғанда мектептің лентасын қиып, тұңғыш директоры болған кісі. Басқару ісінде аса принципшіл, тиянақты да әділ, бір сөзді, талапшыл да іскерлік қырымен танылған басшы ретінде мектеп тарихында қалған.

                Секең қаншама мұғалім кадрларды еңбекке шыңдап тәрбиелей отырып, өз жанұясында да бірнеше баласына мұғалім мамандығын меңгертіп, аудан көлемінде «Ұстаздар жанұясы» деген қастерлі атақты меңгерткен өнегелі отбасы иесі.

               Бәкіров Сейтқазы – қызмет еткен жылдарында түрлі медальдар мен грамоталардың иегері, «Аға мұғалім», «Қазақ ССР-не еңбек сіңірген мұғалім»  атақтары бар.                                  Бірнеше рет селолық Кеңес депутаты болып сайланған .

                

                     Абдрахманова Бақыт Абдрахманқызы 

               7 қараша  1951 жылы қазіргі Жидебай  селолық округіне қарасты  Жалаңаш елді  мекенінде  туды.

              1957  жылдың  қыркүйек  айында № 13  сегізжылдық ( қазіргі Қ.Нұржанов атындағы  орта мектеп ) мектептің 1-ші сыныбына  оқуға барды. 1967 жылы Ақтоғай селосындағы  М.Горький атындағы  орта мектепті аяқтады. 1967  жылдың тамыз айында Сәуле село-сындағы балалар бақшасына  меңгеруші болып тағайындалып, онда  1 маусым 1968 жылға дейін қызмет атқарды.1968 жылы тамыз айында  Қарағанды педагогикалық институ-тының физика-математика факультетінің математика бөліміне  оқуға түсіп,                   1972 жылдың маусым айында  Қарағанды мемлекеттік Университетін бітіріп, жоғары білімді математик  мамандығын алып шықты.

              25 тамыз 1972 жылы Сарытерек  орта мектебінде  (№ 4 мектеп)  физик мамандығы бойынша мұғалімдік қызметке тұрды,(7-10 сыныптарға  физикадан дәріс берді).  11  қараша  1972 жылы  өзім оқыған № 13  сегізжылдық мектепке  математика  пәніне  мұғалім болып ауысты. 1975 жылдың           1 наурыз айында Ақтоғай аудандық  комсомол комитетінің мектеп  бөлімінің  секретары және бюро мүшесі, 1977 жылдың қыркүйек айында  аудандық комсомол комитетінің 2-ші  секретары болып сайланды.     Аудандық комсомол комитетінде  жүргенде  Қазақстан ЛКСМ Орталық  Комитетінің,  ВЛКСМ Орталық Комитетінің бірнеше рет мақтау қағаздарымен, ВЛКСМ Орталық Комитетінің комсомол қызметіндегі үздік қызметі үшін белгісімен марапатталды.

1981 жылы  Қазақ ССР Жоғарғы  Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.    

              1981 жылы 27 тамызда  Н.Әбдіров атындағы орта мектепке аудандық партия комитетінің бюросы тапсырысымен директор болып келді. Өзінің еңбектегі ұстазы болған С.Бәкіров ағайдан директор-лықты қабылдап алды. Н.Әбдіров  атындағы орта мектеп  жаңадан салынғанда  С.Бәкіров ағай  мектептің аяғынан  қаз тұрып қалыптасуына  көп еңбек етті.  Ұжымда еңбек тәртібі мықты, тәрбиелі, білімді ұстаздар баршылық.     «Жас келсе-іске» дегендей, директор  болысымен  мектептің сыртқы келбеті, сынып кабинетінің,  залдардың  тақырыптық  ішкі, сыртқы безендірулеріне  қатты көңіл бөлді.

Оқу тәрбие үрдісінде  де  мұғалімдерге  шығармашылықпен жұмыс жасатты. Ол уақытта  жас мұғалімдер уақытпен санаспайтын,  Ж.Құлпейісова, С.Бәкіров, К.Башаев,  А.Кенжина, Г.Рахымбекова, М.Татибекова, Б.Исатаева, Б.Хамитовалар мектеп жұмысын жандандыруда, жаңашылдықпен жұмыс жасады. Әсіресе, С.Бәкіров күні-түні демей, мектептің залдарын, акт зал, кітапхананы эстетикалық талғаммен толықтай етіп безендірді. Сонымен қатар директордың орынбасары Ж.Құлпейісованың еңбегі ерекше еді.  Ойы ұшқыр, алғыр, ізденгіш және  бастамашыл, жастарды соңынан ерте алатын білгір маман.

               Бастауыш сынып мұғалімі М.Татибекованың (марқұм) нағыз педагогқа тән бойындағы қасиеті ешуақытта ұмытылмақ емес.   Мектеп жанынан ашылған 120 орынды интернат үйі жұмыс жасады. Алғашқы интернат меңгерушілері  М.Тәтибекова, С.Бакировалар болды. 1983 жылы интернат меңгерушісі болып қызмет жасаған жас маман Хамитова Бақшагүлдің еңбегін ерекше атаған жөн.Оның айғағы сол жылы облыс көлемінде өткен интернат семинары болатын.

              Ұжымның жұмысын бір жүйеге келтіре отырып мақсатты, сауатты, ізденіспен, жаңашылдықпен басқаруда мектеп жұмысы аудан ғана емес,  Жезқазған облысы бойынша мектептер арасында алдыңғы орынға шықты. Облыстық семинардың осы  мектепте өтуі– соның айғағы. Ол семинарға аудандық партия комитетінің секретарлары, аудандық совет атқару комитеті төрағасы, орынбасарлары, аудандық оқу бөлімі меңгерушілері, облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, облыстық білім департаменті басшылары қатысты. Сөйтіп, мектептегі оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі, оқушыларды  қоғамдық пайдалы еңбекке тартудағы, мектептің эстетикалық талғаммен ұсталуы т.б  жұмыстары облыс бойынша мектептерге таратылды. 1985  жылы 12 мамырдан бастап Ақтоғай аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі болып  бекітіліп, 18  желтоқсан 1986 жылға дейін қызмет атқарды.

      Желтоқсан 1986  жылдан бастап 22 мамыр  1989 жылға дейін  аудандық білім бөлімінде методистік қызмет атқарды.

      22 мамыр 1989 жылы  Ақтоғай селосындағы  орта мектепке директор болып тағайындалып, онда  2 желтоқсан 1993 жылға дейін атқарды.

      29 қараша  1993 жылдан  Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, онда   17 қараша 1997 жылға дейін атқарды. 17 қараша 1997 жылы Ә.Бөкейхан атындағы орта мектепке директор болып тағайындалды.

 13.07.2007 жылдан бастап Өнер мектебінде  директор болып қызмет атқарып келеді.

                                                            

             

                Шаженова Алма – 10   мамыр 1956 жылы Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, Қусақ ауыл-дық кеңесінде дүниеге келген. 1963 жылы Қызыларай совхозындағы орта мектептің  1- сыныбына барып, мектепті 1973 жылы бітірген соң, Алматы қаласындағы Мемлекеттік қыздар педаго-гикалық институтының тарих-педагогика бөліміне түсті.

               Педагогика-психология пәні мұғалімі және мектеп жасына дейінгі тәрбие методисі, медбибі мамандықтарын алып шықты. Содан еңбек жолын 1977 жылы 15-тамызда Ақтоғай селосы орталығындағы «Гүлдер» балалар бақшасы методисінен бастады.

              1981 жылы 15 тамызда аудандық комсомол комитетінің оқушы және жастар бөлімі меңгерушісі болды.

             1985 жылы аудандық комсомол комитетінің Құрмет грамотасы, 1986 жылы 18 ақпанда ЦК ВЛКСМ-нің 60 жылдық, 1988 жылы ЦК ВЛКСМ-нің 70 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталды.

            1985 жылы 14 мамырда Н. Әбдіров атындағы орта мектептің директорлығына ауысып, жас ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие білім нәрін егуде елеулі жұмыстар атқаруда.

            1987 жылы сәуір айында Жезқазған облыстық мұғалімдердің II съезіне делегат болып қатысты. Нүркен селолық округінде тамыз 1987-94 жылдары депутат болып сайланып, елдің құрметіне сай еңбек етті. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, аудандық әйелдер кеңесінің мүшесі, облыстық сот заседателі, аудандық халықтық бақылау комитеті мүшесі болды. 1998 жылы 17-тамызда «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. 2000 жылы Ақтоғай аудандық білім бөлімінің «Аудандық білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақтың оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды. Сол жылы Жезқазған облыстық аймақтық мұғалімдер кәсіподағы Х- конференциясына делегат болып қатысты.

               Мектеп басшысы ретінде қай кезеңде де өзінің білімін жетілдіріп отырды. 2001 жылы Астанада өткен педагогикалық технологияларды жетілдіру Ж. Қараевтың курсына қатысты. 2004 жылы Қарағанды қаласындағы РО-директорларының бір жетілік курсына қатысып, К.Байсейітова атындағы орта мектепте өткен РО-орталық модульдік, сын тұрғысынан ойлау жөнінде өткізген    Ғ. Смағұлованың курстарын тыңдады.                         

                         

 

               Бакиров Сағындық Сейтқазымұлы – 1960 жылы 8 қаңтарда Ақтоғай ауданы Қызыларай жерінде дүниеге келді.  Қоңырат ауылындағы Сәуле с/ж мектебінен негізгі мектепті бітірген соң, 1974 жылы Саран педагогикалық училищесіне түсіп, еңбек-сызу бөлімін  1978 жылы бітірді.   1992 жылы Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік Университетінің көркем-сурет - өнер бөлімін мадақтаулы дипломмен бітірді.    Еңбек жолын 1978 жылы осы Н. Әбдіров орта мектебінен бастап, осы уақытқа шейін ұлағатты ұстаздық жолды қалыптастырған тәжірибелі, жоғарғы  санатты мұғалім.

            «Еңбек сабағында жергілікті жер материалдарын ұлттық қолданбалы қолөнерге пайдалану» атты шығармашылық тақырыппен шұғылдана отырып, 2002 жылы «Қолданбалы ұлттық қолөнер» атты авторлық бағдарламасы бекітілді.

            Осы негізде жүргізілген үйірме жұмыстарында оқушылары түрлі қолөнер бұйым-дарын, мүйіз бен сүйекті өңдеп сувенирлік заттар жасады, ши тоқудың қарапайым түрлерінен күрделі портреттер тоқуға шейін машықтанып, жылма-жыл облыстық байқаулардан жүлдемен оралып жүр.

           2005 жылы Алматыда өткен «Қанатты әйел – 2» республикалық форумында оқушылар жасаған қолөнер бұйымдары «Атакент» көрмесіне қойылды.

          Шиден тоқылған «Абай», «Мұхтар», «Ә. Бөкейханов» портреттері республика-лық музейлерге қойылды.

         Жылма-жыл өзі де, оқушылары да «Сиқырлы саусақ», «Жастар шығармашылығы»  атты көрмелерде жүлделі орын алып, облыстық деңгейдегі марапаттау қағаздарын алды. 

       

            2004 жылы К. Байсейітова атындағы орта мектебіндегі Ресурстық орталық кеңістігінде «Қолөнер және мен» атты жоба қорғады.

            2004 жылы облыстық «Индустриальная Караганда» (№ 1165 октябрь) газетіне, аудандық «Тоқырауын тынысы» газеттеріне мадақталып шықты. 2005 жылы Н. Нұрмақов атындағы  №2  облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп интернатында өткен ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, «Алғыс хат» иеленді.

           2006 жылы «Қазақстан», «Қазақстан-Қарағанды» ұлттық телеарналарынан іс-тәжірибесі үлгі етіліп көрсетілді.

          Нәтижелі жұмыстарға қол жеткізе отырып, 1984 жылы Қазақ ССР Оқу Министрлігінің Құрмет грамотасымен, 1985 жылы ЦК ВЛКСМ Құрмет грамотасымен, 2003 жылы облыстық білім департаментінің «Алғыс хатымен», 2004 жылы облыстық білім департаментінің Мақтау грамотасымен марапатталды.

          Сабақ беретін және үйірмеге қатысатын оқушылары жергілікті жердің табиғи материалдарын тиімді пайдалана отырып, топпен және жекелей жұмыс түрлерінде нәтижелі жұмыстарға қол жеткізуге машықтанған.

            1993 жылы 28 шілдеде  Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін  «Қазақстан Республикасы  Білім беру ісінің  үздігі» белгісімен наградталды.

           2007-2008 оқу жылында Н.Әбдіров атындағы орта мектептің директоры болып тағайындалды.

                                             

 

Мектеп тарихында жұмыс жасаған  мұғалімдер

Айтбаев Жайлау.                         Татибекова Майқоңыр.

Қоянбаева Мәрзия.                     Жабағытаев Қалиасқар.

Бакирова  Светлана.                   Жабағытаев Қалиақпар

Қасымова Пальмира.                 Нөкербекова Раушан.

Әлина Зейнеп.                               Әбілқасымова Кенжетай

Айтжанова Дариға.                     Асылханова Күлғайша.

Жұманова Гүлсара                       Мұқанов Асан.

Рахишева Орынбасар.               Сейсекеев Иван.

Түсіпбеков Абылай.                    Ибрахимова Күміс.

Ткаченко Татьяна.                      Жухина  Алтын.

Сидоренко Валентина.              Құлпейсова Жанат

Әбдірбаева Сәукен.                      Әлмұханова Заида.

Нөкербеков Мұратхан.               Шайкенова  Күлаш.

Әшкербекова Гүлнар.                 Кенжина  Гүлнар.

Қазақбаев  Ахат.                            Қазақбаева  Қымбат.

Әбенов  Манат.                              Тілеуқұлов Қажытай

Аппазова Сәуле.                            Бедербеков Алтынбек.

Алшағырова Сәния.                    Түсіпбеков Бекзат.

Ыдырысова Мәкетай.                Мұқажанова Жанар.

Қақабаева Бақытгүл.                   Қорабаева Айгүл.  

Байболатова Бақыт.                     Күлшікенова Сандуғаш.

Сағындықова Ардақ.                    Таханова Света.

Ибраева Баян.                                 Рахманова Рауаш.

Сәкенов Карл.                                  Жақыпбаева Маржан.

Байболатова  Гүлбақша.             Мұқанова Гүлден.          

Күзембаев Ғали.                              Жалбаева   Ұлжан.

Абақова  Перизат.                          Рахымбеков  Ержан.

Рахымбекова Клара.                     Шегирова  Жангул

Смағұлов Боранбай.                       Айтбаева  Нұргүл.                                                                                                         Түсіпханов  Кенжехан.                 Хасенова Ашан.

Хасенов  Қозыбек.                          Мағрұпбекова  Назигүл.

Әйнекова  Мағираш.                      Кептербаев Сағынтай.

Әбдіракишева Күлзия.                  Шортанбаева Рымкүл

Әбдіров  Жұман.                               Өрісбаева Қанат.

Омарбекова  Бақытжан.               Омарбеков Аманғалы.

Мәдешов Дәнибек.                           Алдабергенова Панар.

Нығметова Жаңыл.                         Жаңабергенов Маралбек

Рахымбеков Саржан.                     Күзембаева Маржан.

Сламбекова  Гүлнар.                       Азамбаева Салтанат.

Жақыпбеков Құсанай.                    Жармағанбетов Алтай.

Күземханова Мейрамкүл.             Әлбергенов  Дәурен.

Айбосынова Сәуле.                          Шөкенов Абзал.

Исина Бақыт.                                     Қуатбеков  Есентай.

Нұржанова Алма.                             Аяғанова Айнагүл.

Әлин Сәкен.                                         Ибраева Нәсіп.

Рахымбекова Мейрман                 Әзімбаева Жанат.

Смағұлова Света.                               Шарипова  Гүлнұр

  

Қасымова Пальмира – 1942 жылы Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы Жамшы ауылында дүниеге келген. 1960 жылы М.Горький атындағы орта мектепті бітірді. Жолдамамен 2 жыл ауылда жұмыс істеді. 1962 жылы Қарағанды Мемлекеттік педагогикалық институттың физика-математика факультетінің химия-физика бөліміне түсіп, 1967 жылы бітіріп шықты. 1967-68 оқу жылында №9 сегіз жылдық мектепте математика мұғалімі болып орналасты. Мектеп директоры Б.Шортанбаев болатын. Аға пионер вожатыйлықты  қосымша   атқарды. Сол жұмысты атқарған кезде Қарағанды облыстық комсомол комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

           1969-70 жылдары мектеп директоры болып Аманбаев Зияда келді.

           1973 жылы 13 қарашада Жамшы совхозы құрылды. Осы кезде мектептегі нагрузкамен қоса интернат меңгерушілігін атқарды. Интернатта 105 бала тәрбиеленді.                Тәрбиешілер З.Әлина, Р.Әлкеева, Ү.Сүйгенбаева, Т.Оңғарқұловалар болды.

          Совхоз орталығы болған жылда жұмыс өте ауыр, уақытпен санаспадық.                              Совхоз директоры Қ.Мұқажанов, картком К.Калиакпаров, жұмысшылар комитеті председателі Қ.Әбдіразақов, селолық советтің председателі З.Аманбаев, инженер  С.Изатов болып  тағайындалды.    

          1974  жылы бізден Жамшыға  бастауыш мектеп бөлініп шықты. Интернаттың біраз баласы кетті. Әлина Зейнеп бастауыш мектептің басқарушысы болып жұмыс істеді. 1975 жылы мектепке жаңа мұғалімдер Қоянбаев М, Мұқанов А, Бейсенбина, Тойымбекова, Исатаевалар қосылды. Осы оқу жылында мал фермасының партком   секретары етіп қосымша тағайындады. Кісі аз, жұмыс көп. Ферманың барлық жұмысын мұғалімдер қоса жүріп жасады. Ферма жақсы көрсеткішке жетіп, аудандық советтің Құрмет грамота-сымен марапатталды. 1975 жылы Жамшыда орта мектептің ірге тасы қаланды. Мектеп директоры Т.Моншақбаев болды. Оқу ісінің меңгерушісі З. Әлина болды.

   1975-76 оқу жылында ол кісіге  Жамшыда жаңа балалар бақшасын ашу тапсырылды. Осы жылы ҚазССР оқу ісінің үздігі деген значокпен марапатталды. Жаңа балалар бақшасы жұмыс жасады. 1977-78 оқу жылында Жамшыдағы мектепке орналасты. 10 сынып жетекшісі, матема-тикадан сабақ берді. Мұғалім болып жүргенде мектеп кәсіподақ комитеті председателі, мектеп партия ұйымының секретары болып қызмет атқарды.   Еңбегі жеміссіз болған емес. Аурулығына байланысты 1990 жылы жұмыстан

босатылды.

         Алтынбекова Амандық – 1949 жылы 16 тамызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Калинин жерінде дүниеге келген. Балалық шағын осы жерде өткізген. 1972 жылы Қарағанды педагогикалық институтының химия-биология факультетін мектепте жұмыс істей жүріп бітірген. Еңбек жолын 1968 жылдан бастап Калинин сегіз жылдық мектебінде бастауыш сыныптарға дәріс беруден бастады.

   1978 жылдан Жамшы совхозының орталығында Н.Әбдіров атындағы орта мектепте биология пәнінің мұғалімі болып келді. Осы жылдар арасында жақсы жұмыс атқарып, озат мұғалімдер қатарында  болды, биология методикасын жете меңгерген, оның қыры мен сырына қанық үлкен тәжірибе жинаған мұғалім. Бірнеше рет аудандық облыстық грамоталармен марапатталған.

          1995 жылы Қазақстан Республикасы білім министрлігінің «Құрмет грамотасын» алған. Сонымен қатар осы  жылы  «Ұстаздар тәжірибесінен» атты Ақтоғай аудандық білім бөлімінің арнайы буклетіне шыққан. 1997 жылдан бастап зейнеткерлікте.                                   

Үш бала тәрбиелеп өсірген бақытты ана.

Жармағанбетов Алпысбай Айтмағанбетұлы – 1950 жылы 21 қаңтарда шаруа отбасында дүниеге келді.  1958 жылы 1 сыныпқа барып, 1966 жылы Калинин сегізжылдық мектебін бітіріп, 1968 жылы аудан орталығындағы М.Горький атындағы мектептің 10 сыныбын тәмамдады. Сол жылы үш айлық шоферлық курсты бітіріп, бұрынғы  Қоңырат совхозында 1969 жылға дейін жүргізуші болып еңбек етті.

   1969 жылдан 1971 жылдар аралығында Совет армиясының қатарында болды.

   1971 – 1973 жылға дейін Қоңырат совхозында К – 700 тракторының жүргізушісі болып еңбек етті.

   1973 жылы Жамшы кеңшарының ашылуына байланысты 1977 жылдың 2 қыркүйе-гіне дейін жүргізуші болып, 1977 жылдан бастап Н.Әбдіров атындағы орта мектеп-ке әскери  жетекші болып, одан кейін тарих, қоғамтану сабақтарынан 2000 жылға дейін мұғалім болып қызмет атқарды.

   1994-1999 жылдарға дейін егеменді  еліміздің алғашқы аудандық  маслихатқа депу-тат   етіп,   халық  сенім  білдірді.

   2000 жылдан  күні  бүгінге  дейін  Нүркен  селолық  округінің  әкімі  болып  жұмыс  жасайды.      Білімі – жоғары.  Отбасылы, 4 баласы бар.

     2002-2003 жылы    істеген  еңбегі  бағаланып облыс әкімінің   «Құрмет грамотасымен»  марапатталды.

Қалпебаева Айнагүл Қасымқызы – 1954 жылы 2-наурызда Қаратал

ауылында (бұрынғы Калинин) туған. 1971 жылы Қоңырат  руднигіндегі

Ы. Алтынсарин атындағы № 25 орта мектепте он жылдықты бітірді.

     Сол жылы Қарағанды Мемлекетті педагогикалық институтына түсіп, 1977 жылы бітірді. Еңбек жолын 1977 жылы Жамшы кеңшарындағы Н.Әбдіров атындағы орта мектепте бастады. 1980-86 жылдары Бірлестік бөлімшесі орталау мектебінде физика пәнінен сабақ берді.

     1986 жылдан бастап Н.Әбдіров атындағы орта мектепте физика пәнінен сабақ беріп, еңбек етіп келеді. Осы еңбек еткен жылдары мектепішілік Құрмет грамотасымен, 1999-2000 оқу жылында оқу-тәрбие саласындағы ерекше жетістігі үшін Дипломмен марапатталды.

     Жанұялы, жолдасы, төрт баласы бар. 

Қабышева Бағаш – 1953 жылы 15 қарашада туған. 1974 жылы Қарағанды облысының Саран қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищесінің бастауыш сыныптар бөлімін бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы Жамшы сегізжылдық мектебінде бастауыш сыныптар мұғалімі болып бастаған. Бұдан кейінгі жылдары отбасы жағдайына байланысты Ә. Бөкейханов атындағы орта мектеп, Калинин атындағы орталау мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасаған.

     1998 жылдан бастап Н. Әбдіров атындағы орта мектепте еңбек етеді. Жалпы еңбек стажы – 31 жыл. Осы еңбек еткен жылдары жемісті еңбегі аудандық білім бөлімі тарапынан екі рет Мақтау қағазы, алғыстарға ие болған. Бағаш, әсіресе, жас ұрпақты өнерге баулуда көп еңбек сіңірді. Өзі де жақсы әнші, аудандық «Тоқырауын толқындары» ансамблінің мүшесі болған, өзі тәрбиелеген бірнеше шәкірті осы ансамбльдің белді мүшелері болып табылады.

     Көп балалы ана, бес бала тәрбиелеп өсірген.

Исатаева Бақытжамал – 1955 жылы 25-наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қаратал (бұрынғы Калинин) ауылында туған.

     1974 жылы Қарағанды қаласындағы Саран педагогикалық училищесінің бастауыш сыныптар мұғалімі бөлімін бітірген.

     1980 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарих факультетінің сырттай бөлімін бітірген.

     1974 жылдан 1978 жылға дейін Калинин орталау мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді.

     1978 жылдан бастап Н. Әбдіров атындағы орта мектепте бастауыш сынып-тар мұғалімі болып жұмыс істейді.

     2001 жылы облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып,

      Алғыс хатпен марапатталды.

     2002 жылы аудандық панорамалық сабақтар конкурсына қатысып,

      I орынды иеленді.

     Жұмыс істеген жылдарында жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жетістіктері үшін аудандық білім бөлімінің Мақтау грамоталарымен, мектеп дирекциясының алғыстарымен марапатталған.

     2003 жылы СТО бағдарламасы бойынша арнайы курстан өтіп, осы бағыт бойынша жұмыстар жүргізуде.

Уразбаева Алтынкүл -  1955 жылы  12  наурызда  Жамбыл  ауданы  Аманкелді  колхозында  дүниеге келді.

   1962  жылы  1  қыркүйекте  Аманкелді  колхозының  Аманкелді  орта  мекте-бінде  I  сыныпқа  қабылдандым. 1972  жылы  орта  мектепті  бітірген  соң  «Қарлығаш»  балалар  бақшасында  жұмыс  жасады.

   1973  жылы  Қазақтың  Абай  атындағы  педагогикалық  институтының  қазақ  тілі  мен  әдебиет  факультетін  1977  жылы  бітірді.  Осы  жылдан  бастап  1987  жылға  дейін  «Қоңырат»  совхозындағы  Қ.Нұржанов  атын-дағы  орта  мектебінде  мұғалім  болып  қызмет  жасады.  Осы  аталған  мектепте  1981-87  жылдар  аралығында  тәрбие  ісінің  меңгерушісі  қызметін  атқарды.

   1987  жылдан  Н.Әбдіров  атындағы  орта  мектепте  қазақ  тілі  мен  әдеби-ет  пәнінен  сабақ  беріп  келеді.

   Отбасылы,  жолдасы және төрт баласы  бар.    

Мұстафина Назгүл Қасымқызы – 1956 жылы Шет ауданы

 Ақсу-Аюлы ауылында туған. 1979 жылы  Жезқазған педагогикалық институтының математика факультетін бітірген.

     1978 жылдан бастап Н. Әбдіров атындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Осы мектепте еңбек еткен жылдары мектепішілік   Құрмет грамотасымен және Дипломмен

марапатталған. Сынып жетекшісі ретінде бірнеше сыныптарды шығарып салды.

    СТО  бағдарламасының курсын бітіріп, сол бағытта жұмыс істеуде.

    Үш баланың анасы..

Рахымбекова Гүлнар Оралқызы – 1961 жылы 19 мамырда Жамшы өңірінде дүниеге келді. 1976 жылы негізгі мектепті бітірген соң, Жезқазған қаласындағы педагогикалық училищесінің бастауыш сыныптар бөлімін бітірді. 1993 жылы Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік Университетінің қазақ тілі, әдебиеті бөлімін бітірді.

 1980 жылы еңбек жолын өзі оқыған мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып, қазір жоғары категориялы үлгілі ұстаз, қазақ тілі әдебиеті пәніні мұғалімі.

   Бастауыш сыныпта 12 жылдай еңбек етті. Бастауыштың үлгілі мұғалімі ретінде аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатын» бірнеще мақтау қағаздарын иеленді.Гүлнар осы  мектептің  бүкіл тыныс тіршілігімен біте қайнасып өмір сүруде.  Мектеп кәсіподақ комитетін басқарды, «Жас мұғалімдер» кеңесіне жетекшілік етті. «Шығармашылық топ» жұмысын ұйымдастырды, «Қазақ тілі» қоғамына жетекші болды, 1990-2000 жылдар аралығында мектептің тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

   Облыс, аудан көлеміндегі білім жарыстарының, «Жыл мұғалімі» байқау-ларының жүлдегері, аудандық мұғалімдерді аттестациялау комиссиясының мүшесі, аудандық «Абай оқуларының» төрайымы, олимпиада өткізу комис-сиясының қазылар алқасы мүшесі, аудандық қазақ тілі пән секциясын басқарған.  Жылма-жыл облыстық ғылыми—теориялық конференцияға қатысып, жаңашыл технологияларды насихаттауға үн қосады.

1.  «Нәтижеге бағдарланған білім беруде оқушыларды әлеуметтендіру, тәрбие     

     жүйесінің даму болашағы» атты баяндамасы (2005 ж);

2.  «Оқу-тәрбие үрдісінде құзыреттіліктің жүзеге асырылуы» (2007 ж);

3.  «Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологиялары» (2008 ж);

4.  12 жылдық білімге көшу жағдайында оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің  

      өзекті мәселелері (2008 ж).

   Рахымбекова Г – шығармашыл ұстаз. Шәкірттері де мектеп мақтаныш-тары. Қаламын ұштап, тілдерін ұстартқан оқушылары Зияда Айгерім, Сағындық Ботакөз, Әліхан Сымбат республикалық «Жас қаламгер» форумына қатысып, «Ұланның жас тілшісі» куәлігін иеленген, облыстық  республикалық  баспасөз беттерінде мақалалары жарық көріп жүр.

   Оқушысы Совет Абылай аудандық «Абай оқуының» бас жүлдегері болса, Сәкенова Айжан облыстық ғылыми жоба қорғау байқауында II орын алған. Шығармашылық жұмыстармен оқыған баяндамалары түгел жинаққа енген, сертификат алған.

   Облыстық, аудандық, мектепішілік марапаттауларға ие, облыстық білім жетілдіру институтынан бірнеше «Алғыс хат» иеленген. Облыстық ғылыми жоба орталығынан «Алғыс хат» және ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша оқушы дайындағаны үшін куәлік алған.

Сейтжаппарова Айған Берікбайқызы – 1959 жылы 3 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Бірлестік ауылында туған.

   1966 жылы «Бірлестік» сегізжылдық мектебіне бірінші сыныпқа барды.

   1976 жылы Жезқазған қаласының № 8 орта мектебін бітірді.

   1981 жылы Жезқазған педагогикалық институтының география-биология факультетін бітірді.

   1981 жылдан 1985 жылға дейін Қ. Нұржанов атындағы орта мектепте мұғалім болған.

   1985 жылдың қыркүйек айынан бастап Н.Әбдіров атындағы орта мектепте география-биология пәндерінен жоғарғы сыныптарға сабақ беріп келеді.

   Жұмыс істеген жылдарында жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жетістіктері үшін аудандық білім бөлімінің Мақтау грамоталарымен, мектеп дирекциясының алғыстарымен марапатталған.

   Жанұялы, төрт баланың анасы. Жолдасы шаруа қожалығының жетекшісі.

       

 Әбдірахманова Тұрсынай Қалыбекқызы – 1961 жылы Ақтоғай ауданы, Сарытерек совхозының Бірлестік бөлімшесінде туған.

     1969 жылы Бірлестік сегіз жылдық мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1977 жылы аталған мектепті бітірді. Сол жылы Саран қаласы Абай атындағы педагогикалық училищесінің бастауыш сыныптар бөліміне оқуға түсіп, 1981 жылы осы училищені «Бастауыш сынып мұғалімі және аға вожатый» мамандығы бойынша бітірді.

     1981 жылы алғашқы еңбек жолын өзі бітіріп шыққан Бірлестік сегіз жылдық мектебінен бастады.

     1983 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының ПМНО факультетіне түсіп, 1988 жылы бітірген.

     1984-85 оқу жылынан 1988-89 оқу жылдарында Бірлестік сегіз жылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды.

     1988 жылы желтоқсан айында отбас жағдайымен Н. Әбдіров атындағы орта мектепке ауысты. Мектепте бастауыш сынып мұғалімі, тәлімгер болып 2001 жылға дейін жұмыс жасады.

     2001-02 оқу жылында  оқу ісінің меңгерушісі болып еңбек етті.

     2000 жылы мамыр айында өткен облыстық педагогикалық оқуға қатысып, «Алғыс хат» иеленді, жұмысы жинаққа енгізілді. Қазіргі күнде бастауыш сынып  мұғалімі.

     Әбдірахманова Тұрсынай отбасылы, жолдасы, үш баласы бар.

Ноғаева Гүлзада Әбілқызы – 1961 жылы 23 қыркүйекте Ақтоғай селосында туды. 1968 жылы М.Горький атындағы орта мектептің бірінші сыныбына барып, 1978 жылы онжылдықты бітірді. Сол жылы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің математика факультетіне түсіп, 1984 жылы бітірді.

   1984 жылдың 1-қыркүйегінен бастап 1988 жылға дейін Ақтоғай аудандық №14 кәсіптік-техникалық училищесінде математика пәнінен сабақ берді.

   1988 жылдың қыркүйегінен бастап Н.Әбдіров атындағы орта мектепте математика және информатика пәндерінен сабақ беріп келеді.

   Жанұялы, жолдасы, төрт баласы бар.

Башаев Кәмел – 1959 жылы 25 қазанда Қарағанды облысы, Калинин с/округінде дүниеге келді. 1967 жылы Калинин сегізжылдық мектебіне бірінші сыныпқа барды. 1977 жылы Ақтоғай селосындағы М.Горький мектебін бітірді. Сол жылы Қарақаралы қаласындағы Зоовет техникумға оқуға түсті. Сол күзде Армия қатарына шақырылып, 1977-79 жылдар арасында Отандық борышын атқарып келді. Келе сала техникумнан Сарань педучилищесіне ауысты.

   1981 жылдың күзінен осы мектепте жұмыс істейді. 1986 жылдар мен 1991 жылдар арасында КазГПУ-дің тарих және қоғамтану факультетін бітірді. 2003-2005 жылдар арасында КарГУ-дің НВП және дене тәрбиесі факультетін бітірді.

 

 Кенжина Ардақ Мәжитқызы – 1961 жылы 20 қыркүйекте Сартерек с/округінде дүниеге келді. 1968 жылы Бірлестік орталау мектебіне бірінші сыныпқа қабылданды. Аталған мектептің 8 сыныбын 1967 жылы бітіріп, 9-10 сыныпты Ақшатау кентінен 1978 жылы бітірді. Осы жылы Балқаш педагогикалық училищесіне түсіп, 1980 жылы сызу және еңбек пәні бойынша бітіріп шықты. Сол жылы Бірлестік мектебіне орналасты.

   1981 жылдан бастап Н.Әбдіров мектебінде жұмыс істейді. 1983 жылы Абай атындағы педагогикалық институтқа түсіп, 1988 жылы бітіріп шықты.

   Отбасылы, үш баласы бар.                                                            

   Бүгінгі күнде мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.                                       

Хамитова Бақшагүл Сайлауханқызы – 1961 жылы 4 желтоқсан айында Ақтоғай ауданы, Қоңырат совхозы Калинин  бөлімшесінде туған. 1969 жылы  Калинин сегіз жылдық мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1977 жылы Жезқазған  қаласы № 8 мектептің 8 сыныбын бітірді.  Сол жылы Саран қаласы Абай атындағы педагогикалық училищесінің еңбек және сызу бөліміне оқуға түсіп, 1981 жылы осы училищені «Еңбек және сызу» мамандығы бойынша бітірді.

   1981 жылы алғашқы еңбек жолын Балқаш қаласы Озерный поселкесі «Балдырған» бала – бақшасында тәрбиешілікпен бастады.

  1982 жылдың қаңтар айынан бастап Жамшы совхозы Н.Әбдіров атындағы орта мектеп жанындағы интернатта тәрбиеші болды.

 1983 – 1993 жылдарда интернат меңгерушісі болып еңбек жасады. 1993 жылдан бастап өз мамандығы  бойынша еңбек пәнінен  сабақ  беріп  келеді.  2004 жылы «Модульдік технология» бойынша білім жетілдіру  курснан өткен.    

       2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің еңбек технологиясы және кәсіпкерлік  мамандығы факультетінің сырттай бөліміне түсіп, 2006 жылы  бітірген.    

     Жұмыс істеген жылдарында жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жетістіктері үшін1985 жылы Қазақстан ЛКСМ Орталық комитетінің

« Құрмет грамотасы», 1998ж, 2000  жылдары  Аудандық білім беру бөлімінің

 «Құрмет грамотасы»,2003ж, 2006ж   мектепішілік «Құрмет грамотасы» 2003ж,2009жылы «Тоқырауын тынысы» газетінде  мадақталған. 2008 жыл  мектеп-ішілік «Алғыс хат» осы жылы Ақтоғай аудандық әкімшілігінен  «Алғыс хат».

2009 жылы      мектепішілік    «Мадақтамалармен  марапатталған. 

Отбасылы, төрт баласы бар.

Исатаев Ералы – 1962 жылы 1 наурызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қоңырат кеңшары Калинин бөлімшесінде туған.

   1969 жылы осы бөлімшедегі сегізжылдық мектептің 1 сыныбына барды. Бұдан  соң Жамшы совхозындағы Н.Әбдіров атындағы орта мектепті аяқтап, Жезқазған педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті факультетін 1981 жылы бітірді.

   1982 жылдан бастап Калинин сегізжылдық мектебіне  мұғалім болып еңбек жолын бастаған. 1983 жылдан бастап Н.Әбдіров атындағы орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәнінен сабақ береді.

   1987 жылы Жезқазған қаласында  өткен облыстық педагогикалық оқуларға, 2002 жылы аудандық «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып, көтермелеу сыйлығына ие болды.

   2004 жылы «Модульдік технология» бойынша, осы жылы Қарағанды қаласында облыстық мұғалімдер жетілдіру институтында біліктілікті көтеру курсын бітіріп, артификаттарына ие болды.

   1983, 2004  жылдары мектеп әкімшіліктерінің , 2005  жылы  аудандық  шағын  жинақталған мектептердегі білім сапасын арттыру мәселелері тақырыбында өткен педагогикалық оқуға қатысып, аудандық білім беру және спорт бөлімінің  құрмет грамотасымен марапатталды.

Тұрғанова Ғалия Бақышқызы – 1961 жылы 6 сәуірде Ақтоғай ауданы Қаратал ауылында (бұрынғы Калинин) дүниеге келген.

   1968-1969 оқу жылында Калинин сегізжылдық мектебіне 1-ші сыныпқа қабылданып, 1967-1977 оқу жылында 8-сыныпты аяқтады. Сол жылы Сарань қаласындағы педагогикалық училищесінің мектеп бөліміне оқуға түсіп оны 1980 жылы бітіріп шықты.

   Ұстаздық жолын өзі бітіріп кеткен Калинин сегізжылдық мектебінен бастады. Келген жылы 1-ші сыныпқа 1973 жылғы оқушыларды қабылдап, оларды жоғарғы сыныпқа дейін шығарып салды. Сол оқушыларының біреуі қазіргі филология ғылымының кандидаты Ошанова Орынтай еді.

   Калинин мектебінде бастауыш сыныптарға 1989 жылға дейін беріп, 1989 жылдың қыркүйегінен жанұя жағдайымен Н.Әбдіров мектебіне ауысты.

   1982 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың Қыздар педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1987 жылы бітіріп шықты. 1989-92  жылдар аралығында мектеп жанындағы интернатта меңгеруші болып, 1992-97 оқу жылында даярлық сынып мұғалімі, 1997-2000 жылдар аралығында мектеп директорының қаржы жөніндегі орынбасары, 2001-03 тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып жұмыс жасады. 2003-04 оқу жылынан бастап бастауыш сыныпқа сабақ беріп келеді.

   Жанұялы, екі баласы бар.

Сакенова Мәрзия Мырзағалықызы – 1960 жылы Ақтоғай ауданы Қоңырат кеңшары Калинин бөлімшесінде дүниеге келген.   1967-68 оқу жылында Калинин сегізжылдық мектебіне 1-ші сыныпқа қабылданып, 1974-75 оқу жылында 8-сыныпты аяқтады. Сол жылы Саран қаласындағы Абай педагогикалық училищесінің еңбек және сызу бөліміне түсіп, оны 1979 жылы бітіріп шықты.    Ұстаздық жолын өзі бітіріп кеткен Калинин сегіз жылдық мектебінен бастады. 1982 жылы Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтына түсіп, 1987 жылы бітірген.  1989 жылы мектеп жанындағы интернатта тәрбиеші, 1992-1994 интернат меңгерушісі болып жұмыс жасады. 1995-1996 жылдары еңбек пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.  2000-2002 оқу жылдары интернат меңгерушісі және тәрбиешісі болып жұмыс жасады  2003 оқу жылынан бастап кітапханашы болып жұмыс жасап келеді

Құдайбергенов Жантемір Есбергенұлы – 1976 жылы 15 ақпанда бұрынғы Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы Нұркен селосында дүниеге келді.

   1983 жылы Н.Әбдіров атындағы орта мектептің бірінші сыныбына қабылданды.

   1993 жылы осы мектептің он бірінші сыныбын аяқтады.

   1993 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің көркемсурет факультетіне оқуға түсті.

   1997 жылы осы университетті бейнелеу және сызу мамандығы бойынша бітіріп   шықты.

   1997 жылы Н.Әбдіров атындағы орта мектебіне жұмысқа тұрды. Содан бері осы мектепте бейнелеу өнері және сызу пәндері мамандығы бойынша жұмыс істеп келеді.

   Отбасылы, үш баласы бар.

Тілеубеков Әзілхан Әліханұлы – 1962 жылы 7 қазанда Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, Сарытерек ауылында туған. 1969 жылы Сарытерек орта мектебінің 1-сыныбына барып, 1979 жылы он жылдықты бітірді. Сол жылы Жезқазған педагогикалық институтының география-биология факультетіне түсіп, 1986 жылы бітірді. Еңбек жолын Қостанай облысы, Амангелді ауданы «Коммунизм жолы» совхозының Жасбуын орта мектебінде бастады.

    1989-90 жылдары «Бірлестік» бөлімшесінің орталау мектебінің география-биология пәндерінен сабақ берді. 1990-91 жылдан бастап Н.Әбдіров атындағы орта мектепте биология пәнінен сабақ беріп келеді. Осы еңбек еткен жылдары мектепішілік Құрмет грамотасымен марапатталды.

   2009 жылы 24 тамызда облыстық білім беру департаментінің «Білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін» номинациясы бойынша «Алғыс хат» иеленді.

   Жанұялы, жолдасы, бір баласы бар

Әлин Мәдениет – 1966 жылы 8-желтоқсанда туған. 1973 жылы Бірлестік бөлімшесінің мектебінің бірінші сыныбына барып, 1983 жылы Н.Әбдіров атындағы орта мектептің онжылдығын бітірді. Сол жылы Қарағанды қаласындағы спорт техникумына түсіп, 1988 жылы бітірді.

   1988 жылдан бастап Н.Әбдіров атындағы орта мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді.

   2002 жылы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің дене тәрбиесі және әскери даярлық факультетіне түсті.

   Мұғалімнің шәкірттері үнемі аудандық  жарыстарға қатысып, жүлделі орынға ие болып келеді.

   Жанұялы, үш баласы бар.

 

Көпбаева Нұрбала – 1962 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Нүркен селосында туған. 1980 жылы Н.Әбдіров орта мектебін бітіріп, сол жылы Балхаш қаласындағы педагогикалық училищенің музыка факультетіне түсті. 1983 жылдың шілде айынан бастап Жамшы кеңшарының кәсіподақ ұйымына қарасты мәдениет үйінде көркемдік жетекші болып  жұмыс  жасады.  1985 жылдан  «Қарлығаш» балалар бақшасында ән музыка тәрбиешісі болып жұмыс істеді. Осы жұмыс істеген жылдарында үш рет облыстық газетке мақталып шықты. Комсомол ұйымының «Мастер умелец» атты белгімен марапатталды.2000  жылдан Н. Әбдіров атындағы орта  мектепте ән-музыка мұғалімі  болып жұмыс  жасады.

   2004-2005 оқу жылында Калинин негізгі мектебінде жұмыс жасағанда   мектеп дирекциясының алғыс хатымен 2007-2008-2009  оқу  жылдарында облыстық  білім  департаментінің «Алғыс  хаттарымен»   марапатталды.

   2004-2007  жылдары  сырттай жоғарғы оқу орны  Қазақстан-Ресей университетінің қазақ тілі,әдебиет мамандығын сырттай бітірді. Отбасылы, төрт баласы бар

Әлина Әзигүл Ғазизқызы – 1968 жылы 1 мамыр Ақтоғай ауданы Сарытерек селосында дүниеге келген.

   1975 жылы 1 сыныпқа қабылданып 1985 жылы Нүркен Әбдіров атындағы орта мектептің 10 жылдығын бітірді. 1986 жылы Қарағанды педагогикалық институттың көркем сурет бөліміне түсіп, бейнелеу өнері, сызу мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1993 жылдан осы мезгілге дейін Нүркен Әбдіров атындағы орта мектепте бейнелеу өнері пәнінен сабақ береді.

   Отбасылы, жолдасы, үш баласы бар.

  Исина Кәмеш  тарих пәні  мұғалімі

 

Күзембаева Саягүл Сұлтанқызы – 1977 жылы 24 қаңтарда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Жамшы ауылында дүниеге келді.

1993 жылы Н.Әбдіров мектебін тәмамдады.

   1996 жылы Балқаш педагогикалық колледжіне түсіп, 1999 жылы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжін «Үй (отбасы) білімі» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

   2000 жылы ҚарМУ-ге түсіп, 2005 жылы осы аталған университетті шетел тілі мамандығы бойынша бітірді.

   2006 жылдан бері Н.Әбдіров атындағы орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істейді.

   2005 жылы Ақтоғай аудандық білім бөлімінен «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Қаршығина Гүлжанат Дүйсембекқызы – Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Жамшы кеңшарында 1985 жылы 21 маусымда дүниеге келді. 1991 жылы 1 қыркүйекте алғаш мектеп табалдырығын аттады.  2002 жылы Н.Әбдіров атындағы орта мектепті аяқтады. 2002-2006 оқу жылында ҚарМУ-нің педагогика факультетінің «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша білім алды. 2006 жылдан бастап Н.Әбдіров атындағы орта мектепте еңбек етуде.

Сакенова Гүлнара Хамиденқызы – 1971 жылы 3 тамызда Приозерный ауданы Сары-Шаған станциясында дүниеге келген.

   1978 жылы Сары-Шаған №43 орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданып, 1988 жылы аталған мектепті бітірді.

   Сол жылы Саран қаласы Абай атындағы педагогикалық училищесінің бастауыш сыныптар бөліміне оқуға түсіп, 1991 жылы осы училищені «Бастауыш сынып және неміс тілі пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.

   Осы жылдың қыркүйегінен жанұя жағдайымен Нүркен селосында «Қарлығаш» бала-бақшасына жұмысқа орналасты.  2000-2001 оқу жылынан бастап Н.Әбдіров атындағы орта мектебінде даярлық сынып мұғалімі болды.

   2003 жылы Қарағандыға Бөкетов атындағы университетке психология және педагогика факультетіне жоғарғы оқуға түсті. Сол жылдан бастап мектепте психолог қызметін атқаруда.

   Гүлнара жанұялы, жолдасы, үш баласы бар.   

     

«Балғын» шағын орталығы 2009 жылы 21 наурызда ашылды.Тізім бойынша  20 бала қабылданды.Қазіргі уақытта 20 бала тәрбиеленуде.Топта қажетті жиһаз-бен, спорттық құрал-жабдықтармен, аудио-видео аппаратурамен,оқу-құралдары-мен,ойыншықтармен қамтамасыз етілген.

    Ашылу салтанатына аудан әкімшілігінен,оқу бөлімінен қонақтар қатысты.    

   Ашылу салтанатының   лентасын   Батыр аналар Атабаева Қанағат пен Әбілхасова Рая  қиды.  Ата-аналар арасында құттықтау сөзді Нұрахметов Тілеуберген  сөйледі.  Ашылу салтанатымыз кішкене бөбектердің күшімен дайындаған концерттік бағдарламасына  ұласты. Қазіргі уақытта оқыту мен ойын процесі қатар жүргізілуде.  “Балғын” шағын орталығында  4 маман кадр  жұмыс жасайды.  Құдайбергенова Айткүл  аға тәрбиеші, Ибраева Бақытгүл көмеші тәрбиеші, Шоланова Мөлдір музыка, психолог маманы,Кәукербекова Гүлшара  медбибі.

Мектепке жаңадан қосылған жаңашылдық.

Шокенов Абзал  әлеуметтңк педагог, технология пәні мұғалімі.

  1. Кошкинбаева Гулназ  директордың оқу ісінің меңгерушісі, қазақ тілі пәні мұғалімі.
  2.  Ибраева Сауле  орыс тілі пәні мұғалімі.
  3. Бакирова  Әсел  бастауыш сынып  мұғалімі.
  4. Ибраева  Бақыткүл  даярлық  сыныбы мұғалімі.
  5. Шоланова Мөлдір аға тәлімгер
  6. Жубикенова Жадыра  информатика пәні  мұғалімі.
  7. Нығымет Айсая ағылшын тілі мұғалімі

«Балғын» шағын орталығының толық күнге ауысуы

 

  Балғын шағыны  орталығының  тәрбиешілері: 

  1. Жаңабергенова  Торғын.
  2. Атабаева  Гүлден.

                Мектеп кітапханашысы:  Иргебаева  Айжан.

2018-2019  жаңа оқу жылында  келген  мектебіміздің 

түлегі жас маман,  география пәнінің мұғалімі 

Шоқан Аманкул Мухтарбекқызы.

ҚР Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналып  ашылған  зал

 Мектебіміздің ұстаздар ұжымы.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района