в актогае -1
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
Мобильная версия

Мектеп тарихы

«Қошқар ЖББОМ ТМ (РО)» КММ

Мектеп тарихы

Мектептің қысқаша  тарихы

Қазіргі Қусақ селолық округі кешегі Қусақ өзені бойына 1933 жылдан бастап, 20 -30    үй бірігіп, серіктестіктен артель, одан колхоз болды. №3 Қусақ ауыл советі «Қопа», «Таң», «Молотов», «Береке» деп аталатын төрт колхоз еді. Бұлардан  ашылған мектепте 15 – 20   оқушыдан  оқыды. Ол кезде мектеп шаңыраған көтерген ұстаздар арнаулы мектеп үйі  болмағандықтан   шаруа қыстаған үйдің бір бөлмесінде оқытатын.  Ал күзде, көктемде егіс басында киіз үйде сабақ  беретін. Ал «Береке» колхозында  кластарда Төлегенов Үкібай, Төлегенов Қалқаман, Несібелдин Құлбатыр қызмет жасады. Өкінішке орай сұм соғыс осындай талапты жандардан ерте айырды. Дегенмен де соғыс жылдары да оқу процесі тоқтамады. «Қопада» Шалхарбаев Кәукербек   кейінірек 1942-1943  жылдары Әділбеков Балтабай Алшынбеков Қасенхан мұғалім болды. «Молотов» колхозында мектепте 1942  жылы Үрімжанов Әбдіуәш, бірер жылдан кейін Садыханов Әділхан мен Сәтбеков Исағалым ұстаздық етті. «Таңда» Молдабеков, Болғанбаев секілді мұғалімдер болды.1950-1951  жылдары бұрынғы  үйден тұратын колхозды ірілендірілген бір колхозға біріктірді. Колхоз орталығы «Таң» мектебі ұйымдастырылған «Ақшкөлде» болды. Ірілендірілген колхоздың ұйымдастырылуына байланысты жетіжылдық мектеп салынды. Мектепте 56  оқушы болды.  Мектеп жанына үйлері алыс шопандар балаларына арналған интернат ашылды. Интернатта  бала жатып оқуға мүмкіндік алды.Жетіжылдық мектепті Байдәулетов Балым  басқарды. Ал енді ұстаздық еткен азаматтарға келер болсақ, Ырғайбеков Баймырза, Кенжебеков  Алшынбек оқушыларға тағылымды тәрбие, сапалы білім берді.Қиыншылыққа толы сол бір кезеңге  халық   төзе білді.Жұмыс түрлерінің барлығы қолмен атқарылды.1950-1951  жылдары колхоз орталығы «Берекеге» ауыстырылып, сегізжылдық мектеп салынды.Мектепте 72  оқушы оқыды. Ал  1956-1970 жылдарға дейін «Таң» яғни, Ақшкөлде  бастауыш мектеп  жұмыс жасады. 1967-1968 жылдары совхоз орталығынан батереямен жылытылатын мектеп пайдалануға берілді.Мектеп үйі совхоз орталығынан шеткері орналасты. Сынып бөлмелері тар болғанымен, жарық әрі жылы болған екен. Мектеп директоры Әділбеков Балтабек болса, оқу ісі жөніндегі орынбасары Әбенова Манат болды. Мектепте жоғары және орта білімді он төрт мұғалім қызмет жасады. 1975 жылы жаңа типовой мектеп пайдалануға берілді. Екі қабатты бұл білім ордасында 160 орындық акт залы, спорт зал, асхана болды. Сабақ біржола кабинеттік жүйеге көшірілді. Мектеп директоры болып тарих пәні мұғалімі Оразалин Махмет (1975-1986 жж) тағайындалды. Оқушы санының көптігінен сабақ екі ауысыммен жүргізілді.Жортаров Қайдар мектепті 1986-1997 жылдары  басқарса, Балапанов Есімбек 1997-2012 жылдары   директорлық қызмет жасады. 2012-2017жж аралығында Мұқаш Базария  басқарды Қазіргі таңда мектепті Жумагулов Еркін басқарады. Білім нәрін себетін алтын мектебімізден талай талапты жандар түлеп ұшты.  

Жетіжылдық (1950-1956 жж) Таң (Ақшкөл) - Береке колхозы -  Шұбартау совхозы – Қошқар орта мектебі атанған білім ошағын  әр жылдары басқарған адамдар

1950-1954 жж – Байдәулетов Ғалым

1954-1956 жж – Садыханов Әділхан

1956-1959 жж – Жүнісов Мінтай

1959-1962 жж – Дәуренбеков Әлтай

1962-1963 жж – Әбенов Әбет

Сегізжылдық (1963-1974 жж)

1963-1975 жж – Әділбеков Балтабай

Онжылдық- он бір жылдық (1975 жылдан бастап)

1975 – 1986 жж – Оразалин Махмет

1986- 1997жж – Жортаров Қайдар

1997-2012жж – Балапанов Есімбек

2012 – 2017 жж – Мұқаш Базария

 

2017 жылдан бастап – Жумагулов Еркін

1

Ғимарат типі

Типтік екі қабат

2

Жалпы ауданы

2583,5

3

Мектептің толық атауы

Ақтоғай ауданының білім бөлімі «Қошқар жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі

4

Мектептің қысқартылған атауы

«Қошқар ЖОББМ»КММ

 

5

Лицензия нөмірі

KZ47LAA00005175

2015ж 30.06

6

БСН/ЖСН

970340001752  14.05.2015ж

7

Оқушы саны

90/101

8

Оқыту тілі

қазақ

9

Сынып  комплектілері

11

10

Педагогикалық қызметкерлер саны

28

 

Жоғары санатты

16

 

Бірінші санатты

6

 

Екінші санатты

2

 

Санатсыз

4

11

Деңгейлік курстан өткендер саны

6

12

Деңгейлік курстан өтетіндер саны

3

13

2 апталық курсқа баратында

1

 

   СЧЕТ

 

1

 125

34 000

2

142

40 000

3

163

2 751 600

4

149

145 000

5

149

72 000

6

149

46 000

7

149

379 100

8

149

212 000

9

151

864 000

10

152

160 000

11

159

102 000

12

144

3 510 000

13

169

98 500

14

161

2 650 800

15

414

31 992 106

16

419

1 487 600

17

419

567 000

18

416

166 460


4.      Жастар мен жасөспірімдер және ата-аналарға арналған сенім телефоны:  871059 5 22 74

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района