в актогае 25
USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Мобильная версия

Мектеп тарихы

«Қарағой бастауыш мектеп» КММ-нің мектеп тарихы

 

Жалпы мектептің ашылуы Ұлы отан соғысынан бұрын ашылған деседі көнекөз қариялар. Сол кезеңдегі оқытушылар Ақпанбекқызы Күлияш мұғалім, Әсет мұғалім (Қарқаралы ауданынан), 1940-1942 жылдары  Қоңырат ауданының Пушкин атындағы бастауыш мектебі атанып, сол жылдары  Байғанин Ержан мұғалім болып, одан соң 1942 жылы жаз айында соғысқа аттанады. Сол кезеңдерде Сыздықов Төлеу деген кісі мұғалім болған деседі.1946-1972 жылдары Байғанин Ержан мұғалім осы Пушкин атындағы бастауыш мектептің мектеп меңгерушісі болып тағайындалады және осы мектептің мұғалімі болып қызмет атқарады. 1972 жылы Ақтұмсық ауылындағы Ворашилов атындағы бастауыш мектептен Аманжолов Қауымбек мұғалім ауысып келіп,  1981 жылға дейін мектеп меңгерушісі лауазымын және бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарады. 1981 жылы жаңадан мектеп салынып, қыркүйек айында пайдалануға беріледі. 1981-1987 жылдары  Разахова Нұржамал 1-3 сыныптарда  бастауыш сынып  мұғалімі болса, 1981-2008 жылдар аралығында Жабағина Күланда  мектеп меңгерушісі және бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасады.1989-1991 жылдары Қызылбаева  Бахытгүл, 1995-1997 жылдары Сүлейменова Қайыркүл деген кісілер  мұғалім болып жұмыс істеген. Мектеп атауы 01.09. 1999 жылы №38 бұйрық бойынша Қарағой бастауыш мектебі болып қайта құрылды. 2001 жылдан бастап Тилеукабылова Қуаныш  осы  мектепке еңбек және дене тәрбиесі мұғалімі болып, 2009 жылдың қаңтарынан бастап  мектеп меңгерушісі және бастауыш сынып мұғалімі лауазымы қызметін атқарып келеді. Осы аталған мектепте 2012-2013 оқу жылында Аманбаев Сейдіғазы мұғалім, 2013-2015 жылдары Карбозов Мәди мұғалім, 2015-2017 жылдары Боранбаева Толқын мұғалімдер қызмет атқарды. 13.01.2016 жылы «Қарағой бастауыш мектеп» КММ-нің лицензиясынан айырылуына байланысты мектеп жұмысы тоқтатылды. 2016 жылы 03 ақпан күні  лицензия талаптарының қайта қалыпқа келуіне байланысты «Қарағой бастауыш мектеп» КММ мектеп жұмысын жалғастырды.  2017-2018 оқу жылынан бастап Амирханова Эльмира мұғалім, Хасенова Гүлнұр мұғалімдер қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқаруда.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района